АҚ Банк Центр Кредиттің маркетингтік саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 09:29, курсовая работа

Описание работы

Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.

Содержание

Кіріспе
1 Коммерциялық банктердегі маркетингтік қызметті ұйымдастырудың негізгі теориялары
1.1 Коммерциялық банктердегі маркетинг қызметінің мәні мен міндеті
1.2 Банктік маркетинг қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері
1.3 Банктік өнімдер нарығы

2 «Банк Центр Кредит» Акционерлік қоғамының маркетингтік қызметін талдау
2.1 «Банк Центр Кредит» Акционерлік қоғамының маркетинг қызметінің саясатын бағалау
2.2 «Банк Центр Кредит» Акционерлік қоғамының маркетинг механизмін талдау
2.3 «Банк Центр Кредит» Акционерлік қоғамындағы клиенттерге қызмет көрсету саласында маркетингтік зерттеулердің ерекшеліктері

3 Банктік маркетингтің дамуының негізгі жолдары
3.1 Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары
3.2 Банктік маркетингінің дамуындағы жаңа тендециялар
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 64.44 Кб (Скачать)

«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және Қазақстанның алғашқы коммерциялық банктерінің  бірі болып табылады.

Банктің республикамыз бойынша  кеңінен тараған ауқымды филиалдық  желісі бар, 100-ден астам филиалдары мен бөлімшелері арқылы заңды  тұлғаларға және жеке адамдарға қызмет көрсетеді.

Банк ішінде бизнес-клиенттерге  теңгемен және валютамен ақша аудару тегін. Банктің бірегей қызметі  – «Жедел түсім» жүйесі компанияларға  Қазақстанның әр алуан аймақтарындағы жеке тұлғалардан төлемдер мен түсімдерді жеңіл әрі тез жинауға мүмкіндік  береді.

Банктің корреспонденттік желісіне 40 шақты шетелдік банк кіреді, бұл  Сізге өз әріптестеріңізбен дүние  жүзі бойынша есеп айырысуға жағдай жасайды.

Сондай-ақ сенбі күндері де жеке адамдарға қызмет көрсетіліп, заңды  тұлғалардың түсімдері қабылданады.

Банктің жоғары технологияларды қолдануының  арқасында біздің клиенттеріміз  Интернет банкинг жүйесі бойынша  әлемнің кез келген елінен нақты  уақыт режимінде өз есепшоттарын басқаруға, яғни өз офисінен немесе Интернет желісіне қосылған басқа кез келген ыңғайлы жерден банктік операциялар  жүргізуге мүмкіндік алады. Мұның  нәтижесінде өз есепшоттарының жай-күйі туралы қажетті ақпаратты алудың шапшаңдығы артады, жоғары сапамен  және тұрақтылықпен қаржы ағымдарын  қашықтан басқаруға қол жетеді, ал бұл банкке баруға уақыт пен шығыс  жұмсамай, бизнесті дамытуға бағытталған  тиімді жұмыс болып табылады. Интернет банкинг жүйесінің тағы бір ерекшелігі бар: аймақтық шектеулерді жояды. Клиент өзіне жақын орналасқан банкті іздемейді, банкті таңдаған кезде ол іс жүзінде  ұсынатын сервиске: тарифтеріне, көрсететін қызмет түрлеріне және өз клиентіне  деген жалпы көзқарасына жүгінеді.

 

 

 

 

 

Қазақстандық банктердің бірінен-бірін  ажырата алмайтын кез өтті. Әрқайсының өз стратегиясы, философиясы мен  мақсаты бар.

 «Банк ЦентрКредит» Акционерлік  қоғамы  қашанда қызмет сапасы  мен бірқалыпты жүйелі түрде  дамуға ден қойып, өзінің консерваторлығымен  ерекшеленетін. kaspi bank-тің командасы  көрші нарықтарды  бағындырмаса  да ел ішінде қазақстандықтар  мен қазақстандық бизнеске ерекше  мән береді. Мұндай шешімнің себебі  де қарапайым. Тұрғындардың жақсы  банк қызметі мен сенімді қаржы  серіктесіне мұқтаж екенін көріп  отырмыз. Сондайлардың 1 миллионнан  астамы бүгінде «Банк ЦентрКредит»  Акционерлік қоғамының клиенті,  соның ішінде 8 мыңнан астамы орта  және шағын компаниялар. Банк  ең ірі филиалдар желісінің  бірін құрды және  адамдар көптеп  сауда жасайтын үлкен дүкендердің  кез келгенінен біздің қызметкерлерді  кездестіре аласыз.

Қазақстандықтардың өмір сапасын  жақсарта отырып, «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамы ең жақсы бөлшекті банк болуға ұмтылуда. Бұл талпыныстың  астарында шын мәнінде сапалы өзгерістерге деген ниет бар.

«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының  халық аралық рейтингілердегі орны:

 

 

 

Fitch

Рейтингтің атауы  Рейтинг  Қайта қаралған күн

Эмитент дефолтының шетел валютасындағы  ұзақ мерзімді рейтингі («ЭДР»)  B+  19.04.2012 (беру)

Шетел валютасындағы қысқа мерзімді ЭДР  B  19.04.2012 (растау)

Жеке рейтингі  D/Е  19.04.2012 (растау)

Қолдау рейтингі  5  19.04.2012 (растау)

Қамсыздандырылмаған басым борыш  бойынша рейтингі  B+  19.04.2012 (беру)

Қамсыздандырылмаған басым борыш  бойынша активтердің қайтарым рейтингі  RR4  19.04.2012 (растау)

Болжам Тұрақты  19.04.2012 (растау)

2.1 Fitch халық аралық рейтингі  бойынша көрсеткіштері

 

Moody’s

Рейтингтің атауы  Рейтинг  Берілген (қайта қаралған) күні

Банктің шетел валютасындағы депозиттері  бойынша ұзақ мерзімді рейтингі  B1  18.04.2011 (төмендету)

Банктің ұлттық валютадағы депозиттері  бойынша ұзақ мерзімді рейтингі  В1 (Тұрақты) 18.04.2011 (беру)

Ұлттық шәкіл бойынша ұзақ мерзімді рейтинг  Вa3.kz 28.06.2011 (беру)

Банктің шетел валютасындағы депозиттері  бойынша қысқа мерзімді рейтингі  NP  18.04.2011 (растау)

Банктің ұлттық валютадағы депозиттері  бойынша қысқа мерзімді рейтингі  NP  18.04.2011 (беру)

Қаржылық тұрақтылық рейтингі  E+  18.04.2011 (растау)

Шетел валютасындағы қамсыздандырылмаған  басым борыш бойынша рейтингі  B2  18.04.2011 (төмендету)

Ұлттық валютадағы қамсыздандырылмаған  басым борыш бойынша рейтингі  B2  18.04.2011 (төмендету)

Шетел валютасындағы реттелген  борыш бойынша рейтингі   Caa1 18.04.2011 (төмендету)

Болжам  Жағымсыз  

2.2 Moody’s халық аралық рейтингі  бойынша көрсеткіштері

 

ЦентрКредит Банкінің корпоративтік  құндылықтары – жұмысымыздың маңызды  ұстанымдары.

Өздерінің күнделікті қызметінде банк қызметкерлері іскери және кәсіби этиканы  сақтай отырып, әріптестерге, клиенттерге, сондай-ақ серіктестерге қатысты  адалдық, кәсібилік, шапшаңдық, қайырымдылық сияқты банктің корпоративтік құндылықтарын  ту етіп ұстайды.

 

 

 

 

 

 

 

2.2  «Банк Центр Кредит» Акционерлік  қоғамының маркетинг механизмін  талдау

 

АҚ «Банк Центр Кредит»  Қазақстанның ең ірі жеке банктерінің бестігіне  кіретін ұйым. Банктің Қазақстан  нарығынан алатын үлесі кемінде 9% құрайды.  Ал ТМД елдерінің ең ірі 15 коммерциялық банкінің қатарына кіретін және еншілес банктерінің  желісі бар ұйым.

 

  Название Активы

млрд. тенге (04/2011)

1 КАЗКОММЕРЦБАНК 2 413

2 Народный Банк Казахстана 2 163

3 БТА Банк 1 990

4 Банк ЦентрКредит 1 172

5 АТФБанк 1 007

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 ҚР коммерциялық банктер рейтингі

 

 

 

 

АҚ «Банк Центр Кредит»  өз клиенттеріне жалпы банктік қызметтерді  ұсынады, заңды және жеке тұлғалардан  салымдарды қабылдайды, несиелендірумен  айналысады, кастодиалдық, брокерлік  және дилерлік қызметтерді ұсынады. Қазақстан және шетелдер бойынша  ақша аударымдарын жасайды. Валюта айырбасын, бағалы металлдармен операциялар жүргізеді  және өзінің коммерциялық клиенттеріне, жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға басқа қызметтерді ұсынады. Яғни, «Қазақстан Республикасындағы банктер  және банктік қызметтер туралы»  Заңға сәйкес банк мынадай операцияларды  орындайды:

¾ несиелеу опрациялары жүзеге асыру;

¾ ақылы негізде депозиттерді тарату;

¾ клиенттер мен банк-корреспонденттеріне шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;

¾ қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімді несиелер беру;

¾ инвестицияланатын қаражат иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;

¾ заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредетивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және т.б. қаржылық міндеттемелерді);

¾ төлем құжаттарын сатып алу-сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;

¾ ақшалай нысанда орындауды қарастыратын 3-ші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндеттемелерді беру;

¾ тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инвестициялық тәуекелін өз мойнына алу;

¾ банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;

¾ клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер;

¾ коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);

¾ клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);

¾ банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;

¾ -лизингтік операцияларды жүзеге асыру [23].

 

Банк стратегиясы өсу және ұлғайтылған  операциялық тиімділік арқылы табыстылықты арттыра отырып, көшбасшы банк және қаржылық қызметтер жеткізушісі  позициясын ұстап тұру болып табылады. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2010-2014 жылдарға арналған даму стратегиясы:

 

Міндеті: табысы жоғары, сенімді және бизнесті дамытуға бағытталған кешенді  іс-шаралар есебінен клиенттер үшін ең жақсы қызмет ұсынатын ТМД-дағы ең үздік Банк болу.

Корпоративтік құндылықтары: Адалдық. Кәсібилік. Шапшаңдық. Қайырымдылық

Стратегияның негізгі бағыттары. ВСС көздегені.

ВСС стратегиялық көздегені:

¾ Нарықтың әр түрлі сегменттері үшін қаржы қызметтерінің барлық жиынтығын ұсынатын әмбебап банк.

¾ Нарықтық инновация бойынша көшбасшы.

¾ Клиенттер үшін қызмет көрсетудің тиімді және сараланған арналарын қолданатын банк.

¾ Бизнестің тиімділігін арттыруға және тәуекелділікті басқару сапасына ерекше назар аударатын әлемдік деңгейдегі банк.

Даму стратегиясы:

Ұзақ мерзімді бесжылдық мақсаттарға  жету аралық кезеңдерден өтуге негізделеді:

1) 2010 жыл – клиенттік базаны кеңейту, жаңа өнімдерді әзірлеу және несие портфелінің көлемін ұлғайту есебінен ағымдағы позицияны сақтау және нығайту;

2) 2011 - 2012 жылдар – өнімдер бойынша бизнес процестер саласына жаңа технологияларды енгізу, барлық өнімдер бойынша нарықтық үлесін арттыру, сондай-ақ несие портфелінің сапасын жақсарту арқылы жаңа өнімдерді дамыту және нарықтық үлесін арттыру;

3) 2013 - 2014 жылдар – сапалы қаржылық көрсеткіштерді жақсарту арқылы банктің табыстылығын арттыру.

Дамудың стратегиялық бағыттары:

«Банк ЦентрКредит» АҚ – заңды  және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін әмбебап банк. Жеке тұлғалар бойынша  орта топтағы клиенттер мен VIP клиенттерге  және заңды тұлғаларға қызмет көрсету  кезінде ШОБ сегментіне шоғырланудың ең жоғары деңгейі. Бұл кезде ЖІӨ  бойынша жоғары үлес алатын кәсіпорындарға банк барынша мүмкін болатын қызмет спектрін ұсынады.

Әр түрлі сегменттерге қызмет көрсету  кезіндегі табыстың негізгі факторлары:

жеке тұлғалар бойынша:

1) VIP-клиенттер үшін: тұрақты брендтік  имидж, қаржылық кеңес беру, ең  үздік мамандардың болуы.

2) орта топтағы клиенттер үшін: қолайлы филиалдық желі, өнімдердің/қызметтердің  алуан түрлері, бәсекеге қабілетті  бөлшекті өнімдер.

3) тұрғындардың барлық топтары  үшін: сатылымның ауқымды көлемдері,  бәсекеге жарамды бағалар, процестердің  автоматтандырылуы, сатылым арналарының  кең спектрін пайдалану (банкоматтар,  «Үйдегі банкинг», «Мобильді банкинг», төлем терминалдары, интернет-киоскілер,  Сall center қызметі).

Заңды тұлғалар бойынша:

1) ЖІӨ бойынша үлесі жоғары  деңгейдегі кәсіпорындар үшін: ірі  компаниялар мен олардың қызметкерлеріне  белсенді қызмет көрсету, холдингтік  құрылымдардың сыртқы және ішкі  қаржылық ағындарын бақылауға  мүмкіндік беретін есеп айырысуларды  тиімді жүзеге асыруға және  банктік есепшоттардағы қалдықтарды  басқаруға арналған электрондық  төлемдер мен қызмет кешенін  қолдану.

2) Дамыған бизнес үшін: несиелерді  жылдам ресімдеу, банкпен өзара  қарым-қатынасын жақсарту, шетел  валютасымен жасалатын операциялар  және сауданы қаржыландыру бойынша  қызметтердің кеңейтілген спектрі,  консалтинг қызметі.

3) Дамып келе жатқан клиенттер  үшін: жоғары деңгейде қызмет  көрсету және өнімдердің/қызметтердің  тиімді пакеттері, клиенттің Банктің  құрылымдық бөлімшелеріне келу  уақытын және барлық ұсынылатын  өнімдер мен қызметтер бойынша  бір менеджердің қызмет көрсетуінің  қолайлылығын оңтайландыру, «Даму»  қорының «Бизнестің жол картасы», «Үдемелі индустриялық-инновациялық  даму» мемлекеттік бағдарламалары, салалық бағдарламалары бойынша  қаржыландыру.

 

  2.3 «Банк Центр Кредит» Акционерлік  қоғамындағы клиенттерге қызмет  көрсету саласында маркетингтік  зерттеулердің ерекшеліктері

 

Қашықтан қызмет көрсету сервистері

Банк клиенттерге барынша қолайлы  қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге  тырысамыз. Сондықтан біздің банк тәуліктің  кез келген уақытында және Интернетке қосылған кез келген компьютерден өз клиенттеріне олардың есепшоттарына  қол жеткізуге мүмкіндік беретін  қашықтан банк қызметін көрсететін бағдарламаларды  ендірді. Атап айтқанда:

¾ «Интернет банкинг» жүйесі

¾ «Үйдегі банкинг» жүйесі

¾ «Телефондық банкинг» жүйесі

¾ «SMS-Банкинг» жүйесі

  Интернет-банкинг жүйесінде тіркелудің қарапайым рәсімінен өтіп, клиент Банк бөлімшесіне бармай-ақ, тәулік уақытына және өзіңіздің орналасқан жеріне байланыссыз банктік қызметтердің бірқатар түрлеріне қол жеткізе алады.

Интернет-банкингке қосылу үшін  «Банк Центр Кредит» Акционерлік  қоғамының қолданыстағы төлем карточкасы  және «Банк Центр Кредит» Акционерлік  қоғамының банкоматынан алынған  соңғы чек-үзінді болуы керек.  Интернет-банкинг жүйесінің артықшылықтары:

¾ қауіпсіздік – банкпен қорғалған байланыс арнасы

¾ пайдаланудағы қарапайымдылық – тартымды әрі түсінікті интерфейс

¾ жылдамдық – банктік операцияларды лезде орындау

¾ қол жетімділік – өз банктік шоттарыңызды жеке басқару мүмкіндігі

¾ уақытыңызды үнемдеу – сізге қажетті банктік операцияларды орындау немесе банктік қызметтерді алу үшін Банкке барып, кезекте тұрудың қажеттілігі жоқ, жұмыс істеу уақыты – 24/7

¾ қосылу және қызмет көрсету ақысының болмауы – жүйеде тіркелу тегін, абоненттік төлем де талап етілмейді.

 

 

 

   Банк клиенттер назарына  "Телефондық Банкинг" жүйесінің жаңа жұмыс тәртібін ұсынады, яғни:

¾ авторизацияланған Клиенттер үшін олардың есепшоттары бойынша ТБЖ-ның автоматтандырылған анықтамалық сервисі – үздіксіз.

¾ «Телефондық Банкинг» жүйесі арқылы әр түрлі валютадағы есепшоттар арасында ақша аудару жұмыс күндері Алматы уақытымен сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін мүмкін болады.

Информация о работе АҚ Банк Центр Кредиттің маркетингтік саясаты