АҚ Банк Центр Кредиттің маркетингтік саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 09:29, курсовая работа

Описание работы

Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.

Содержание

Кіріспе
1 Коммерциялық банктердегі маркетингтік қызметті ұйымдастырудың негізгі теориялары
1.1 Коммерциялық банктердегі маркетинг қызметінің мәні мен міндеті
1.2 Банктік маркетинг қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері
1.3 Банктік өнімдер нарығы

2 «Банк Центр Кредит» Акционерлік қоғамының маркетингтік қызметін талдау
2.1 «Банк Центр Кредит» Акционерлік қоғамының маркетинг қызметінің саясатын бағалау
2.2 «Банк Центр Кредит» Акционерлік қоғамының маркетинг механизмін талдау
2.3 «Банк Центр Кредит» Акционерлік қоғамындағы клиенттерге қызмет көрсету саласында маркетингтік зерттеулердің ерекшеліктері

3 Банктік маркетингтің дамуының негізгі жолдары
3.1 Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары
3.2 Банктік маркетингінің дамуындағы жаңа тендециялар
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 64.44 Кб (Скачать)

Банк клиентері:

1) Үкіметтік мекемелер.

2) Корпорациялар.

3) Банк-кореспонденттер.

4) Депозиттер мен несие бойынша беру бағыттары тұлғалардың санаттары, ірі немесе ұсақ кәсіпорындар.

5) Тарст-қызмет бағыттары бойынша банк клиенттері болып саналатын заңды және жеке тұлға.

6) Заңды және жеке тұлғалар, меншік иелері немесе қозғалмайтын мүлікпен операция жасаушылар.

Банк оларды меншікті бағаны анықтау  негізі ретінде пайдалану үшін бәсекелестердің  бағаларын зерттейді. Осыған орай банк тәуекелі дәрежесі, оны сақтандыру және банк үшін міндетті нормативтер  мен көрсеткіштер анықталады және салыстырылады.

Банктер өз қызметтерінде активті, сол сияқты пассивті маркетингті  пайдаланулары тиіс. Сонымен бірге, тәжірибе көрсетіп отырғанындай, негізінен, активті маркетингке басымдық беріледі.

Банктік маркетинг функциялары. Банк маркетингі арнайы функцияларға ие. Ол – банк өнімдерін өткізу бағытындағы  банктің маркетингтік әрекеті түрлерінің қосындысы.

Банктік маркетингтың негізгі функциялары:

¾ ақпарат жинау;

¾ маркетингтік зертеулер;

¾ банктік өнімді шығару мен айналысқа түсіруді жоспарлау;

¾ жарнама;

¾ банк өнімдерін айналымға енгізу;

Маркетингтік зерттеулер банк өнімдерінің  жаңа идеялары мен түрлерін іздеуден бастап оны тұтынушыға жеткізетін аралықты түгел қамтиды. Маркетингтік зерттеулер әрекеттерінің кешенді түрін  қамтиды:

¾ қаржы нарығындағы бәсекелес-банктер мен сатып алу әрекетін зерттеу;

¾ қаржы нарығы мен оның секторлары мүмкіндіктерін талдау;

¾ банк өнімдерін сапасы мен көнектілігіне қарай зерттеу;

¾ банк өнімдерін айналымға ендіру мәліметтерін талдау;

¾ бәсекелестерді зертеу;

¾ қаржы нарығының ең қолайлы сегментін таңдау;

Банк өнімдерінің болуы ол қаржы  нарығындағы бәсекелестіктің тұрақтылығымен сипатталады. Банктің бар әрекеті  жаңа банк өнімін шығаруға бағытталған. Бұдан банктің әрекет көлемі, рентабельділік денгейі, салынған капиталдағы пайда  нормасы және өзге де көрсеткіштер көрінеді.[11]

 

 

 

1.2 Банктік маркетинг қызметін  ұйымдастыру ерекшеліктері

Банктік сферасындағы маркетинг ерекшелігі ең алдымен банк өнімі спецификасына  шартталады. Біздің әдебиеттер мен  тәжірибеде «банк өнімі» деген термин нарықтың экономикаға көшкеннен  кейін пайда болды.  Банк өнімі  бұл банк іске асырған кез келген қызмет пен операция.

Банк сферасындағы маркетинг ерекшелігі ең алдымен банк өніміне байланысты. Ол банк жасаған кез-келген қызмет не операция банк әкімшілігі мен оның барлық қызметтерінің саясатының мақсаты  – клиенттерді тарту, өз қызметтерін  тарату сферасын кеңейту, нарықты жаулап алу, алынатын түсімді көбейту болып  табылады. Осыдан келіп мәні мен  мақсаты қаржы нарықтарында бәсекелестігі  күшейіп бара жатқан банк маркетинг  жұмысының тиімділігі келіп шығады. Маркетинг – үлкен дайындықты, терең және жан-жақты талдауды қажет  ететін, банк бөлімшелерінің басшысынан төменгі бөліміне дейін белсенді жұмыс істеуді қажет ететін банк философиясы мен стратегиясы. Маркетингтік бағыт банктің өз өніміне емес, алдымен клиент сұранысына икемделуін талап етеді. Сондықтан нарықты  жете зерттеп, өзгеретін талғамдарды  талдау, банк қызметтерін тұтынушылар  сұранысын білу аса қажет.

Маркетингтік әрекет аясында жаңа өнімдерді қолданысқа енгізу барысында  банк жоғалтатын шығын көлемін білу де маңызды. Банк бағалы ресурстарды  қолданатындықтан, оларды нарықтың  ең түсімді сегменттерінде қолданған  жөн.

Банктік маркетинг банк клиенттерінің  шаруашылық жағдайын максималды түрде  есепке алатын, оларға одақтастар табу ерекшелігі бар есептеудің жаңа түрімен  байланыстырылады.

Сөйтіп банктік маркетинг бір  мақсатты орындауға, бағытталады:

¾ шаруашылықтағы уақытша босаған ақша құралдары мен кірісті дұрыс пайдалану.

¾ Банктерде маркетинг аясында келесі принципті жүзеге асыруы керек:

¾ Нақты нарықтың мақсатқа жету үшін барлық қызметкерлердің қосыла жұмыс істеу.

¾ Маркетинг әрекетінің кешенділігі (жоспарлау, талдау, жүйелеу, бақылау).

¾ Маркетингтің преспективті және ағымдағы жоспарлауының біртұтастығы.

¾ Қабылданып жатқан маркетингтік шешімдерді бақылауға алу.

¾ Банктегі әр қызметкер жұмысының жан-жақты әрі белсенді болуына қолдау көрсету.

¾ Қызметкерлердің үнемі өз санатын көтеруге қызығушылық танытуын қамтамасыз ету.

¾ Банк коллективінде жайлы психологиялық климат құру.

Маркетинг – банк әрекетін басқарудың нарықтық концепциясы, ол экономикалық коньюнктура нарығы, клиенттер сұранысын  зерттеу мен банк қызметтерін  соған сәйкес икемдеуге бағытталған. Маркетинг мақсаты – сұранысты  құрылымдау мен дамыту. Банк жұмысы жоспары мен қабылданатын шешімдердің  нақтылығын қамтамасыз ету, банк қызметтері, нарықтық үлес пен пайданың өсуін  қадағалау.

Банктегі маркетингтің негізгі  міндеттері:

¾ Үнемі өзгеріп тұратын қаржы нарығы шарттарында банк жұмыс рентабельділігін қамтамасыз ету.

¾ Банктің қоғамдық имиджін сақтау.

¾ Клиенттер ұсынысын максималды қанағаттандыру. Бұл іскерлік қатынастардың тұрақтануының кепілі.

¾ Банк коллективінің коммерциялық ұйымдастырушылық және әлеуметтік мәселелерін кешенді шешу.

Банктік маркетингтің негізгі тәсілдері- клиентпен сөйлесу, акционерлік  дивиденттер келуін қадағалау, өзге несиелік және банктік емес мекемелермен салыстырғанда осы банк қызметтер  ерекшелігін клиентке ұғынықты жеткізу, қызметтерді сатуға қызметкерлердің  материалды қызығушылығын туғызу.

Пассивті маркетинг- БАҚ-қа клиентке тиімді болатын банк қызметтері туралы жариялау.

Банк сферасындағы маркетинг мәні банк қызмет сферасында әрекет ететіндігімен  анықталады. Шын мәнінде, банк өнімі-банк қызметтерінің актив және пассив операциялар бойынша кешенді  жиынтығы.

Маркетинг стратегиясын құрлымдау  кезіде банк қызметтерінің де бір  қатар ерекшеліктерін есепке алу  керек:

¾ қызметтердің абстрактілі мінездемесі;

¾ қызметтер сапасының тұрақсыздығы;

¾ қызметтерді сақтамау;

Банк қызметтері ассортиментінің  құрылымы туралы шешім оны алғаш  құрып, банк әмбебап әлде арнайы бола ма деген шақта қабылданады. Банктің  негізгі қызметтері екеуінде де бірдей, сондықтан тұтынушылар назарын  аудару үшін ағымдағы ассортименттің аса үлкен маңызы болады.

Дамыған елдерде банктер өз тұтынушыларына үш жүзден астам қызмет түрін ұсынады. Қызметтер ассортименті толығымен  қалыптасқан деп есптелінеді  сандықтан нарықа жаңа өнім шығару көп  шығын қажет етеді және ол нарықтағы әсерін бәсекелестердің  жылдам қарекеті себебінен төмендейді.

Банктік маркетингтің жалпы қағидалары келесідей түрде берілген:

¾ нақты мақсаттарға жетудегі барлық банк қызметкерлері әрекеттерінің бағдарланушылығы;

¾ жоспарлауды, талдауды, реттеуді, бақылауды қамтитын банк қызметі процесінің кешенділігі;

¾ маркетингті болашақ және ағымдағы жоспарлаудың біртұтастығы;

¾ қабылданатын шешімдерге бақылау жасау;

¾ жұмыскерлердің шығармашылық белседілігін ынталандыру, олардың біліктілігін арттыру;

¾ ұжымда табысқа жету үшін қызығушылықты арттыру.

Әрбір банк үшін бәсекелестік жағдайында төмендегідей маркетинг мақсаттарына қол жеткізу маңызды болып  саналады:     

1) нарықты зерттеу және сұранысты қалыптастыру;

2) банк қызметтеріне сұранысты ынталандыру;

3) қабылданатын шешімдер жоспарларының негізділігі;

4) клиенттерді тарту және клиенттерді ұстап тұра білу;

5) банк кірісін көбейту және нарықтағы үлесін ұлғайту.

Маркетингтегі келесідей нақты  міндеттерді шешу кезінде мақсаттарға  жету мүмкін болады:

¾ банктің тұрақты тиімді жұмысын қамтамасыз ету;

¾ табысқа жетудегі  кепілдік ретінде банк өнімділігін қамтамасыз ету және клиенттер арасындағы беделін көрсету;

¾ көрсетілетін қызметтерді көлемі, құрлымы мен сапасы бойынша клиенттердің талап-тілектерін жоғары дәрежеде қанағаттандыру;

¾ ұйымның міндеттері мен оның әлеуметтік проблемаларын шешу. [7]

1.3 Банктік өнімдер нарығы.

 

«4-р» маркетинг үлгісі элементтерінің бірі нарық болып табылады. Нарық-әлдебір  өнім не қызметті тұтынушы шынайы не потенциалды  тұтынушылардың қосындысы. Тауар-ақшалы айналым элементі ретінде ол өндіруші мен сатушы арасын байланыстырады. Басқаша айтқанда банк өз тауарларын айналымға түсіру үшін ғана жасайды. Егер ол өнім сата алмаса, өндіруге кеткен шығынды өтеп, пайда ала алмайды  да банкроттыққа ұшырайды. Күнделікті әрекет процесіде банк, делдалдар  мен тұтынушылар қызығушылықтары  бір-бірімен астасып жатады. Басқаша  айтқанда, өнімдер мен қызметтер  нарығы – тауарлы-ақшалы айналымның әлеуметтік-экономикалық көрінісі. Ол айналымға енгізіліп, көрсетуге  арналған банк өнімдері жиынтығы ретінде  берілген. Нарықтың қатынастар әрдайым  нақты болады, олар белгілі бір  банк өнімдері мен қызменттерін сату-сатып  алу жиынтығына бағытталған. Нарықтың болуы үшін келесідей шарттар  қажет:

¾ нарық субъектілері ретінде көрінетін екі жақтың болуы;

¾ -бұл жақтың әрқайсысы екіншісіне тұтынуға қажетті затты не қызметті ұсынуға құқығы бар;

¾ жақтардың әрқайсысы тауар туралы мәлімет алып, оны қабылдауға не бос тартуға құқығы бар;

¾ серігіңе деген сенім мен өзің ұсынып отырған құнға эквивалентті зат не құзметті алу;

Нарықтың әрекет ету шарттамаларын  оның негізгі принциптері де айқындай түседі:

¾ Сәйкес келісім-шарт арқылы сатушының сатып алушыны және керісінше сатып алушының сатушыны ерікті түрде таңдауы: Бірақ бұл нарықтың

¾ экономикалық заңдарын сақтамау, мемлекеттік салық оргаты, Қаржы Министрлігі, Ұлттық Банк тарапынан аталған процесс бақылауға алынбайды деген сөз емес;

¾ өнімді ақшаға оңай ауыстыру;

¾ несиелерді жоспарлап таратудың мүлдем болмауы;

¾ сұраныс пен ұсыныс қатынасынан көрінетін құн заңының ерікті түрде өз күшіне енуі, кей жағдайларда аталған процеске мемлекеттің жетекшілік етуіне рұқсат беріледі;

¾ банк сферасы күшінің талдануы, заңды және жеке тұлғалардың негізгі талаптарын қанағаттандыруға қажеті өнім көлемі, құрлымы мен түрлерін жасамдау қабілеті;

¾ банк қызметтерін көрсетудің дамыған инфрақұрлымының болуы;

¾ ақша құралдары, балансты тауарлық ресурстары бар тұтынушылар ұйымының болуы;

Осыдан өнім нарығының негізгі  функциялары шығады:

¾ сұранысты анықтап, ұсыныс жасау, ұсынысқа сандың және сапалық сәйкестік болуын қамтамасыз ету;

¾ тауарлық ұсынысты құрлымдау, яғни банк өнімдерінің белгілі бір жиынтығын қалыптастырып, тұтынушылардың оларды алуына жағдай жасау;

¾ жасамдау нарығын іздестіріп, қарым-қатынастарды ұйымдастыру банк өнімдерін табу;

¾ шығындар өтелгеннен кейін пайда табуға бағытталған экономикалық әсерді жасамдау;

Банк қызметтін – банктің  клиент мүддесін үшін белгілі бір  іс-әрекеттерді орындауын сипатауға  болады. Кез келген банк өнімінің негізінде  қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.

«Қазақстан республикасы банктер  және банктік қызметтер туралы»  Заңға сәйкес банктер мынадай  операцияларды орындай алады:

¾ ақылы негізде депозиттерді тарату;

¾ клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;

¾ қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;

¾ инвестицияланатын қаражаттар иелерінің несие иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;

¾ заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, векселдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификатарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);

¾ төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;

¾ ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;

¾ тауар тасмалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;

¾ банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиеттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;

¾ клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);

¾ коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, содай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);

¾ клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалау қағаздарды басқару);

¾ банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;  [13]

2 «Банк Центр Кредит» Акционерлік  қоғамының маркетингтік қызметін  талдау 

 

  2.1 «Банк Центр Кредит» Акционерлік  қоғамының маркетинг қызметінің    саясатын бағалау

 

Банк қызметтерін көбейту және оны дамыта түсу банктің стратегиясының бірқатар негізгі мынадай алғышарттарына негізделеді: тиімділікті анықтау, тұжырымдама, қызметтерді сату, нарықты  зерттеу, кадр саясаты және т.б.

Банк саласындағы маркетингтің ерекшеліктері банк өнімдерінің  ерекшеліктеріне байланысты туындайды. Біздің экономикалық әдебиетте «банк  өнімі» термині нарықтық экономикаға  көшу барысында ғана пайда болды. Банк өнімі дегеніміз банк жасайтын кез келген қызмет немесе операция болып табылады.

Нарық жағдайында жұмыс істейтін қандай да болмасын кәсіпорын, банк үшін - тауарлар мен қызметтерді сату маңызды  міндет. Банк басшылығы саясатының мақсаты тұтынушыларды Тарту, өз қызметтерінің аясын кеңейту  және нарықты жаулап алу, түсіретін  пайданы өсіру. Әрбір банк қызметкері маркетингтің негізгі қағидаларын  өз жұмысында қолдана алуы үшін білгені  жөн. Бәсекелестікке төтеп беру үшін банктер банк қызметтерінің сан  алуан түрлерін қолдануы тиіс. Мысалы батыс елдердегі банктер 200-ден  астам қызмет ұсынатын болса, біздің қазақстандық банктер небары 80 қызмет түрін ұсынып отыр.

Қазір банктердің көпшілігі тұтынушыларды  тартудың жаңа жолдарын қарастыруда. Бұл  мақсатқа олар маркетингті табысты  түрде қолдана алады. 

 Банктегі маркетинг – бұл  банктің стратегиясы мен философиясы.  Ұйымдағы маркетингтік ыңғай  таныту банкті өз өнімдерінен  тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыруға  бағыттайды. Сондықтан банк қызметін  тұтынушылардың өзгеріп отырған  қажеттіліктерін талдап отыру  қажет.

Информация о работе АҚ Банк Центр Кредиттің маркетингтік саясаты