Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 16:51, курсовая работа
Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
еңбек ақыны экономикалық категория ретінде қарау;
қазіргі таңда қолданылып келе жатқан еңбек ақының төлеу үлгілері мен түрлерімен танысу;
еңбек ақы төлеудің ұйымдастыруында негізгі талаптарды қарастыру;
«МКО»КаzMicrofinance» АҚ шаруашылық қызметіне мінездеме беру;
еңбек ақы шығыстарына ықпал ететін динамика мен факторларды, еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау;
еңбек ақы қаржысын тиімді пайдалану жөнінде негізгі бағыттарды әзірлеу және ұйымның шығындарын басқару.
КІРІСПЕ………………………………………………………………….....3
1. Еңбекақы мен сыйақының теориялық негіздері...................................4
1.1 Еңбекақы мен сыйақының экономикалық мазмұны...........................6
1.2 Еңбекақының түрлері, жүйелері мен нысандары................................7
1.3. Еңбек ақының нормативтік реттелуі14
2. АҚ– тің қаржы – шаруашылык жағдайын талдау.
2.1 Кәсіпорынның қысқаша экономикалық мінездемесі........................16
2.2 Кәсіпорынның каржылық жағдайын талдау......................................19
2.3 Істелінген жұмыс уақытының тиімділігін талдау…………...……...26
3. АҚ – ның еңбекақы мен сыйақыны жетілдіру
3.1 Кәсіпорындағы еңбек ақысын ұйымдастырылуы..............................30
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........
Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінің
жылжымайтын мүлікті және заңды
тұлғаларды тіркеу агенттігінің жылжымайтын
мүлікті бағалау жөніндегі
Бұдан әрі стратегиялық дамыту мақсатында Компания 2008 жылы Акционерлердің жалпы жиналысында Компанияның жарғылық капиталының және қосымша эмиссияның 1,5 млн.дана акцияларының ұлғайғанын жариялау туралы шешім қабылданды. Акцияларды шығару проспектісі 2009 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінде тіркелді, есептік жылдың соңында жалпы сомасы 1,4 млрд.теңге 932 мыңнан астам дана акция орналастырылды.
Акциялар эмиссиясының жалпы көлемі 2009 жылғы 31 желтоқсанға 3,7 млн.дана акцияны құрады, оның ішінде орналастырылған акциялары саны - 2,9 млн. дана қарапайым акциялар, акцияларды ұстаушылардың саны – 490, оның ішінде заңды тұлғалар - 23, жеке тұлғалар – 467.
1-сурет. 2010 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша Компанияның акцияларды ұстаушылар құрылымы
2009 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептіліктің деректері бойынша акционерлік капиталдың көлемі 3,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды және 2008 жылғы көрсеткіш 96 %-ға артты.
Дивиденттерді
төлеу туралы шешімдер Акционерлердің
жалпы жиналысында таза табысты
үйлесімді бөлу және Компания акционерлерінің
дивиденттеріне тұрақты төлеу болып
табылатын Компанияның
2.2 Кәсіпорынның каржылық жағдайын талдау
Компания негізгі қаржылық көрсеткіштердің жоғары қарқынды өсуін көрсете отырып, 2009 жылды табысты аяқтады. Активтердің ұлғаюы 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 39 %-ға жетті , жеке капитал 114 %-ға ұлғайтылды, таза табыстың мөлшері 2008 жылдың көрсеткішінен 3,3 есе артты.
3-кесте. Компанияның негізгі қаржылық көрсеткіші
Мың.теңге
Қаржылық көрсеткіштері | 01.01.2008 | 01.01.2009 | 01.01.2010 |
Активтері | 21 388 463 | 31 404 227 | 43 538 095 |
Оның ішінде несие қоржыны портфель | 6 105 034 | 10 687 650 | 25 945 399 |
Жеке капитал | 2 447 162 | 2 633 586 | 5 646 463 |
Оның ішінде жарғылық капитал | 1 876 343 | 2 200 000 | 3 598 267 |
міндеттемелері | 18 516 178 | 28 247 825 | 37 630 713 |
Аздығының үлесі | 425 123 | 522 816 | 260 919 |
Таза пайда | 249 907 | 324 110 | 1 078 077 |
Активтердің табыстылығы (ROA) | 1,36 | 1,23 | 2,88 |
Капиталдың табыстылығы (ROE) | 10,76 | 12,76 | 26,04 |
Активке табыс, теңге | 133 | 173 | 478 |
Компания тобы жұмысының тиімділігі активтердің кірістілігі мен капиталдың кірістілігінің көрсеткішінен де байқалады. Активтердің кірістілігі 2008 жылғы 1,23% -бен салыстырғанда 2009 жылы 2,88% құрады. Капиталдың кірістілігі 2008 жылы 12,76%-дан 2009 жылы 26,04%-ға дейін ұлғайды.
2009 жылдың қорытындысы бойынша акцияға пайда 478 теңгені құрады және 2,7 есе артты.
2009 жылы Компания топтары активтерінің құрылымында елеулі өзгерістер болды – кірісті активтердің үлесі 2008 жылы 34%-дан 2009 жылы 75%-ға дейін ұлғайды, оның ішінде саудаға арналған несие қоржыны мен активтердің өсуі есебінен, кірісті емес активтердің үлесі тиісінше 66%-дан 25%-ға дейін төмендетілді.
4-кесте. «KazMicroFinance» АҚ Компания Топтарының активтері
Мың.теңге
Қаржылық көрсеткіштері | 01.01.2008 | 01.01.2009 | 01.01.2010 |
Активтері | 21 388 463 | 31 404 227 | 43 538 095 |
Ақша қаражаттары | 717 711 | 887 011 | 1 038 791 |
Берілген несиелері, барлығы | 6 105 034 | 10 687 650 | 25 945 399 |
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар | 1 126 671 | 1 102 795 | 1 078 919 |
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиции | 69 960 | 193 404 | 95 245 |
Құрылыс объектілері | 4 932 473 | 6 894 011 | 315 172 |
Саудаға арналған активтер | 6 639 905 | ||
Негізгі қаражат, барлығы | 3 020 430 | 4 650 242 | 4 476 037 |
Сауда қарыздары мен аванстары выданные, нетто | 4 359 778 | 5 503 924 | 2 693 680 |
Тауар-материальдық қорлар | 538 713 | 625 434 | 530 165 |
Өзге де активтер, барлығы | 693 | 859 756 | 724 782 |
4-кестеден көріп отырғанымыздай, 2010 жылғы 1 қаңтарға Компания топтарының несиелік қоржынының көлемі 25,9 млрд.теңгені құрайды, бұл 2009 жылғы 1 қаңтардағы деңгейден 2,4 есе артты. Активтердің құрылымында 2008 жылғы 34%-бен салыстырғанда 2009 жылдың соңында 60% құраған несие қоржыны үлесінің ұлғаюы байқалады.
Есептік жылы Компания 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 6,6 млрд. теңгені құраған саудаға (қарыздық бағалы қағаздар мен акциялар) арналған активтерді ұлғайтты.
2-сурет.
Активтер көрсеткішінің
Активтер млн. Теңге
Еншілес кәсіпорындарды сату құрылыс объектілері бойынша
Компания топтары активтерінің көрсеткіштерін 2008 жылмен салыстырғанда 95% және тиісінше 51%-ға берілген сауда қарыздары мен аванстарын төмендетті.
3-сурет. Компания Топтары активтерінің құрылымы
2009 жылғы активтердің балама өсуіне Компания Топтарының пассивінде өзгерістер болды. Жеке капитал көрсеткішінің өсуі 114%-ға, міндеттемелер – 33%-ға өзгерді.
5-кесте. Компания Топтарының пассивтері
Мың.теңге
Қаржылық көрсеткіштер | 01.01.2008 | 01.01.2009 | 01.01.2010 |
Жеке капитал | 2 447 162 | 2 633 586 | 5 646 463 |
Жарғылық капитал | 1 876 343 | 1 828 675 | 3 598 267 |
Еншілес
компаниялар сатып алған |
- | -371 325 | -20 |
Эмиссиялық кіріс | - | 231 228 | |
Бөлінбеген пайда | 570 819 | 804 911 | 1 816 988 |
Міндеттеме | 18 516 178 | 28 247 825 | 37 630 713 |
Мемлекеттік ұйымдарға төлемдер | 3 229 215 | 3 086 056 | 2 636 468 |
Банктердің кредиттері | 3 485 361 | 9 424 880 | 13 012 354 |
Борыштық бағалы қағаздар | 5 195 150 | 7 505 470 | 11 684 401 |
Алынған аванстар | 3 185 549 | 4 032 308 | 531 529 |
Бағынышты борыш | 2 219 839 | 2 219 839 | 8 962 299 |
Өзге де міндеттемелер | 1 201 064 | 1 979 272 | 803 662 |
4-сурет.
Меншікті капитал және
Компания топтарының жеке капиталы 2010 жылғы 1 қаңтарға 5,6 млрд. теңгені құрады. Көрсеткіштің өзгеруі жарияланған жарғылық капиталдың 97%-ға ұлғаю және табыстың капитализациялау есебінен болды. 2009 жылы Компания Топтарының міндеттемелері 33%-ға өсті және 2008 жылғы 28,2 млрд. теңгемен салыстырғанда 37,6 млрд. теңгені құрады. Міндеттемелердің ұлғаюы басты түрде жалпы номиналдық құны 8 млрд. теңге компанияның индексациялаған борышты облигацияларды шығару және 2015 жылғы өтеу мерзімі есебінен болды. 2009 жыл Компанияның бағынышты борышы көрсеткішінің өсуі 2008 жылғы деңгейден 4 есе артты және 2010 жылғы 1 қаңтарға 8,96 млрд. теңгені құрады.
2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда Компания борыштық бағалы қағаздарды 56%-ға, 11,7 млрд.теңгеге дейін ұлғайтты, оның ішінде 2009 жылғы қаңтарда облигацияларды шығаруды 5 жыл мерзімге (4,8 млрд.теңге) және 2009 жылғы маусымда 7 жыл мерзімге (1,6 млрд.теңге), сондай-ақ 2 млрд.теңге сомасында вексельдерді шығару.
2009 жыл ішінде Компания қазақстандық және халықаралық банктердің кредиттерін тартудың көрсеткішін ұлғайтты. 2010 жылғы 1 қаңтарға банктердің кредиттері 13 млрд.теңгені құрады, бұл 2008 жылға көрсеткіштен 38%-ға артты.
5-сурет.
Компания Топтары
2008 2009 2010
2009 жылғы нәтижелер бойынша компания топтарының міндеттемелерінің құрылымында ең үлкен көлемді банк кредиттері (35%), борыштық бағалы қағаздар (31%) және борыштық қарыз (24%) құрайды.
2008 жылмен салыстырғанда алынған аванстар бойынша үлестердің маңызды төмендеуі (2008 жылы 14%-дан 2009 жылы 1%-ға дейін) және өзге де міндеттемелер (7%-дан 2%-ға дейін қатынаста) байқалды.
2009 жылғы нәтижелер бойынша Компанияның таза табыс көрсеткіші 1078 млн.теңгені құрады, бұл 2008 жылға қарағанда деңгей 3,3 есе жоғарлады. Табыстың жоғары деңгейі таза пайыздық кірістердің көлемінің ұлғаюынан ескерілген, бұл 2009 жылғы қорытынды бойынша 2008 жылғы деңгейді 6 рет жоғарлатты және 683,3 млн.теңгені құрады.
6-кесте. Қаржылық нәтиже
Мың.теңге
Атаулары | 2005 ж. | 2008 ж. | 2009 ж. |
Пайыздық кіріс | 1 052 872 | 1 364 909 | 2 918 402 |
Пайыздық шығыс | 610 910 | 1 067 490 | 1 994 291 |
Қалыптасқан резервтерге дейінгі таза пайыздық кіріс | 441962 | 297 419 | 924 111 |
Резервтер | 101 826 | -189 599 | -240 779 |
Таза пайыздық кіріс | 340 136 | 107 820 | 683 332 |
Пайыздық емес кірістер | 2 235 731 | 1 113 696 | 1 597 467 |
Пайыздық емес шығыстар | 1 934 396 | 1 388 516 | 1 613 380 |
Қауымдастық компанияларға атысудан шығын | 610 | - | - |
Резервтер | -140 848 | 89 741 | -209 381 |
Тоқтатылған операциядан кіріс | 554 485 | 708 051 | |
Табыс салығы | 212 161 | 55 532 | 150 444 |
Азшылық үлесі | 945 | 97 584 | -62 432 |
Таза табыс | 249 907 | 324 110 | 1 078 077 |
2009 жылғы пайыздық кіріс 2008 жылғы 1365 млн.теңгемен салыстырғанда 113,8%-ға ұлғайды және 2918 млн. теңгені құрады. Аталған ұлғаю 2009 жыл пайыздық активтердің өсуімен байланысты, оның негізгі көлемін клиенттермен ұсынылған - 2009 жылғы пайыздық кірістің жалпы көлемін 94% несиелер мен қаражаттар құрайды. Пайыздық активтер құрылымында сондай несиелік банктер мен саудалық бағалы қағаздар бойынша кірістердің маңызды өсуі байқалды.
Информация о работе АҚ – ның еңбекақы мен сыйақыны жетілдіру