АҚ – ның еңбекақы мен сыйақыны жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 16:51, курсовая работа

Описание работы

Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
еңбек ақыны экономикалық категория ретінде қарау;
қазіргі таңда қолданылып келе жатқан еңбек ақының төлеу үлгілері мен түрлерімен танысу;
еңбек ақы төлеудің ұйымдастыруында негізгі талаптарды қарастыру;
«МКО»КаzMicrofinance» АҚ шаруашылық қызметіне мінездеме беру;
еңбек ақы шығыстарына ықпал ететін динамика мен факторларды, еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау;
еңбек ақы қаржысын тиімді пайдалану жөнінде негізгі бағыттарды әзірлеу және ұйымның шығындарын басқару.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………….....3
1. Еңбекақы мен сыйақының теориялық негіздері...................................4
1.1 Еңбекақы мен сыйақының экономикалық мазмұны...........................6
1.2 Еңбекақының түрлері, жүйелері мен нысандары................................7
1.3. Еңбек ақының нормативтік реттелуі14
2. АҚ– тің қаржы – шаруашылык жағдайын талдау.
2.1 Кәсіпорынның қысқаша экономикалық мінездемесі........................16
2.2 Кәсіпорынның каржылық жағдайын талдау......................................19
2.3 Істелінген жұмыс уақытының тиімділігін талдау…………...……...26
3. АҚ – ның еңбекақы мен сыйақыны жетілдіру
3.1 Кәсіпорындағы еңбек ақысын ұйымдастырылуы..............................30
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........

Работа содержит 1 файл

енбекакы.doc

— 635.00 Кб (Скачать)
 

        Айрықша жағдайда төленетін еңбек ақы. Жеке және ұжымдық келесімшарттарда ауа райы ауыр (құбылмалы) жағдаймен, қара жұмыспен, қауіпті және денсаулығына зиян келтіретін жұмыспен, интенсивті еңбекпен байланысты жұмыстарға жергілікті жерде қосымша еңбек ақы белгілеуі мүмкін. Қара жұмыс, қауіпті және денсаулығына зиян келтіретін жұмыстар жұмыс орнын аттаестациялаудың көмегімен және еңбек бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттілігінің қатысумен анықталады. Ал интенсивтік еңбек ақы салалық және салааралық норматтвтердің негізінде анықталады.

      Жұмыс уақытында орны алған тоқтатуларды төлеу жеке және ұжымдық келесім-шарттарда анықталады. Егер де тоқтатулар еңбеккерлердің кінәсінен болмаса, онда сол еңбеккерлерге төлеуге тура келеді. Сондай-ақ жұмыс беруші төлемдердің басқа да түрлерін жасауға құқысы бар. Мысалға, тегін сүт, тамақ өнімдерін, тамақтандыру, витамин препараттын беру, денсаулығы төмендеуіне байланысьы орташа жалақысын сақтау, арнайы киімдер беру тағы басқаларын. Бұл аталған төлем шығыстары дайын өнімнің өзіндік құнына қосылады.

      Сонымен қоса, жұмыс берушілер жеке не ұжымдық келесім-шартында вахталық әдіс бойынша да еңбек ақы төлеуді қарастырады. Олар мерзімді де, кесімді де болуы мүмкін. Олардың есебі алдын ала қаралған графиктердің шегінде жүреді. Вахатлық әдісте еңбек ақы төлеудің негізіне – бір күндік мөлшерлемесі алынады және сол сомадан үстеме жалақының мөлшері анықталады немесе сағаттық тарифтік мөлшерлеме пайданалады. Егер де еңбеккер жұмыс орнына өз күшімен барса, онда оған беруші транспорттық шығысын өтеп беруі керек (егер ол орынды себептермен дәлелденсе).

 

      1.3. Еңбек ақының нормативтік  реттелуі

 

      Еңбек ақының нормативтік реттелуінде  негізгі реттеуші заңнама болып  Қазақстан Республикасының Еңбек  кодексі табылады. 

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 120-бабына сәйкес Еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер:

      айлық жалақының ең төменгі мөлшерін;

      айқындалатын сағаттық жалақының ең төменгі мөлшерін;

      еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарттарын;

      үстеме жұмыс үшін ақы төлеуді;

      мереке және демалыс күндердегі жұмыс үшін ақы төлеуді;

      түнгі уақыттағы жұмыс үшін ақы төлеуді;

      жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мөлшерін шектеуді;

      жалақының толық және уақтылы төленуін және еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктердің іске асырылуын мемлекеттік бақылауды;

      жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдерін қамтиды.

 

 Жұмыс күні толық  болмаған немесе ол толық жүктелмеген  кезде нақты орындалған жұмыстар үшін, сондай-ақ уақытша немесе біржолғы сипаттағы жұмыстарға ақы төлеу үшін еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарымен және (немесе) жұмыс берушінің актісімен еңбекке сағаттық ақы төлеуді белгілеуге болады (ҚР ЕК123 бап).

 

 Жалақыны  көбейту жұмыс берушінің Қазақстан  Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде тиісті кезеңге белгіленген инфляция деңгейін негізге ала отырып, келісімдерде, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен жүргізетін жалақыны индекстеуін қамтиды ( ҚР ЕК124 бап).

Сондақ  –ақ Еңбек кодексінінің 125-бабына сәйкес:

      - Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары, Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді.

      - Орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу және қызметкерлерге біліктілік разрядтары мен санаттарын беру Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі.

      - Осы баптың 1-тармағында көрсетілген анықтамалықтарды, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын әзірлеуді, қайта қарауды, байқап көруді, бекітуді және қолдану тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. Әр түрлі экономикалық қызмет ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органдары еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып әзірлейді және бекітеді.

      Еңбекті есепке алу және оған ақы төлеу  бойынша  мынадай алғашқы есептік құжаттар көзделген:

      Кадрды  есепке алу бойынша: «Жұмысшыны жұмысқа  қабылдау туралы (өкім) бұйрық», «Штаттық кесте», «Жұмысшыларды демалысқа  жіберу туралы (өкім) бұйрық», «Демалыстар  кестесі», «Жұмысшыны іссапарға жіберу туралы (өкім) бұйрық», «Іссапарлық құжаттар», «Жұмысшыны көтермелеу туралы (өкім) бұйрық» және т.б. 

      Жұмыс уақытын есепке алу және еңбекке  ақы төлеу бойынша персоналмен  есептесу бойынша: «Жұмыс уақытын есепке алу табелі және еңбекке ақы төлеуді  есепке алу» «Жұмыс уақытын есепке алу табелі», «Есептік-төлемдік ведомсті», «Есептік ведомості», «Төлем ведомості», «Төлем ведомості» және т.б.

      Еңбекке ақы төлеу туралы ереже және сыйлық беру туралы ереже әзірленіп және қабылданған.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      2. АҚ– тің қаржы  – шаруашылык  жағдайын талдау.

 

      2.1 Кәсіпорынның қысқаша  экономикалық мінездемесі.

 

      «KazMicroFinance»  МКҰ» АҚ– әлеуметтік бағытталған  ұйым, орталық азия аймағының микроқаржыландыру  көшбасшысы

        Құрылтайшысы  –  «Қазақстан  несиелеу қоры» МКҰ болып табылады.                         

        KazMicroFinance-тің Алматыда орналасқан  Бас офисі, Астанада, Алматыда, Талдықорғанда,  Шымкентте, Таразда, Түркістанда,  Қарағандыда, Қызыл-Ордада филиалдары  бар. KazMicroFinance  филиалдарының жанында  негізінен ауыл тұрғындарына  қызмет көрсететін қосалқы офистер (бөлімшелер) жұмыс істейді.

        Қызметі: микрокредиттер түрінде  қаржылық қызмет көрсету болып  табылады.

        Негізгі мақсаты микрокредиттеу  бағдарламалары арқылы халықтың  әл ауқатын көтеру болып табылатын  микроқаржы секторын білдіре  отырып:

       -      микро және шағын кәсіпкерлікті дамытуға;

      -      халық өмірінің сапасын жақсартуға;

      -       ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау  көрсетеді. 

        Бүгіннің өзінде:       

      -    6 облыста

      -    22 қалада

      -    28 ауданда

      -    464 селода, поселкеде және ауылда 27 000 астам клиенттерге қызмет көрсетуде. 

        Қызмет барысында мынадай әдістерді  қолданады:

      -    Клиенттерге бейімделу;

      -    Адами тілектес қарым қатынастар;

      -   Клиенттердің өсуі үшін мүмкіндіктер  туғызу;

      -   Сапалы қызмет көрсету;

      - Несие алудың қол жетерлігі:  жеңілдетілген модель, мейлінше  аз құжат жинау, еліміздің ауылдық  жерлерінде бөлімшелердің болуы

      KazMicroFinance микрокредиттік ұйымның тарихы  оның бас компаниясын - Қазақстан  несиелеу қорын (ҚНҚ) құрудан  басталады. 1996 жылы Американың халықаралық  даму жөніндегі агенттігі (USAID) Қазақстанда микрокредиттеудің  жобасын ендіруге арналған тендерді жария етті, ACDI/VOCA  –  американдық үкіметтік емес ұйым оны ұтып алып, кейіннен «Қазақстан несиелеу қоры» Корпоративтік қорының құрылтайшысы болды.

      Қазақстан несиелеу қорының көзге түсер  жетістіктері:

      2002 жылы біз әлемдегі USAID-тің 15 ең  үздік қаржы жобаларының  бірі деп аталып өтті, Қазақстанның Микроқаржыландыру Ассоциация Ұйымының құраушысының бiрi болып шықты;

      MixMarket (микроқаржы ұйымдарының қаламдық  бүкіл әремдік желісі) бағасы  бойынша біз портфельдің сапасы  бойынша әлемнің 100 МҚҰ-ның арасынан 3-орынға ие болды;

       2 сыртқы рейтингтен өтіп, «Альфа»  деген жоғары бағаны алды;.

      2008 жылы Қазақстан несиелеу қоры «Қазақстан несиелеу қоры» микрокредиттік ұйым болып, әрі бұл ретте коммерциялық емес ұйым болып қалып, өз мәртебесін өзгертті. Трансформация стратегиясының шеңберінде 2008 жылдың соңында Қазақстанның бірінші микроқарды банкі. Қор «KazMicroFinance» МКҰ» АҚ коммерциялық еншілес ұйымды құрды. Қазақстан несиелеу қорының барлық клиенттері мен қызметкерлері жаңа ұйымға аударылды.

        Қазақстан несиелеу қорының заңды мирасқоры болып табыла отырып, «KazMicroFinance» МКҰ орталық азия аймағының микроқаржы нарығының көшбасшысы ұстанымын сақтауға бел буып отыр.

      Сапалы  микрокредиттік қызметтерді пайдалану  мүмкіндігін беру арқылы клиенттердің жағдайын жақсартуына көмектеседі.

      «KazMicroFinance»  АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы  нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі берген лицензия шеңберінде номиналдық ұстаушы  ретіндегі клиенттердің шотын жүргізу  құқығы бар бағалы қағаздар нарығындағы делдал-дилерлік компания болып табылады.

        Сондай-ақ Компания Қазақстан  Республикасының Халық Банкі  берген лицензия шеңберінде банктік  операциялардың жекелеген түрлерін  жүзеге асыратын банктік емес  қаржылық мекеме болып табылады.

      2009 жылғы 1 сәуірдегі ахуал бойынша:

      Компанияның жарияланған жарғылық капиталы –  Т 3,6 млрд.

      Компанияның жеке капиталы – Т 3,6 млрд.

      Компанияның активтері – Т 55,2 млрд.

      Компанияның несие қоржыны – Т 30,2 млрд.

      Компанияның акциялары мен облигациялары  Қазақстандық Қор биржасының «А» санаты бойынша ресми парағына қосылған.

      «KazMicroFinance»  АҚ-ға Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігінен Ва1 эмиссиялық рейтінгі берілген.

      Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі  «KazMicroFinance» АҚ-ға тұрақты болжамы бар «ВВ+!» деңгейіндегі  ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг берді. Бұдан өзге агенттік «KazMicroFinance» АҚ-ға «В» деңгейіндегі қысқа мерзімді кредиттік рейтинг, «Д/Е» - жеке және «3» - қолдау рейтингін берді.

      Компанияның мынадай мемлекеттік лицензиялары бар:

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі номиналдық ұстаушы ретіндегі клиенттердің шотын жүргізу құқығы бар бағалы қағаздар нарығындағы делдал-дилерлік қызметпен айналысуға берген 2009 жылғы 28 наурыздағы № 0001201193 лицензия.

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен  қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау  агенттігі инвестициялық қоржынды басқару жөніндегі қызметпен  айналысуға берген 2009 жылғы 25 сәуірдегі № 0003200525 лицензия.

      Қазақстан Республикасының Халық Банкі теңгеде және шетелдік валютада банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берген.

Информация о работе АҚ – ның еңбекақы мен сыйақыны жетілдіру