Дәрілерді сынауды метрологиялық қамтамасыз ету

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 21:49, курсовая работа

Описание работы

"Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1124 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Мәселелері және "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрі-дәрмек" дәрілік заттар орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелері" туралы 2002 жылғы қазандағы N 1081 қаулыларын орындау үшін, дәрілік заттардың, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мақсатында шаралар ұйымдастырылды

Содержание

I.Метрологиялық бөлім.........................................................................
1.1 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету міндеттері...................................
1.2 Ведомстволық метрологиялық қызмет.............................................................
1.3 Метрология саласындағы нормативтік – құқықтық негіз .......................
1.4 Өнімнің өмірлік циклінің сатыларындағы метрологиялық қамсыздандырудың негізі.......................................................................

ІІ. Cынау - метрологиялық қамсыздандырудың құрамдас бөлігі.....................
2.1 Сынау зертханалары жұмыс орындарына және қоршаған ортаға қойылатын талаптар...........................................................................
2.2 Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу және тіркеу құжаттары жинағына өзгерістер енгізуге қойылатын негізгі талаптар..
2.2.1 Тіркеу құжаттары жинағына қойылатын негізгі талаптар және оларды беру тәртібі…………………………………………………………………
2.1.2 Дәрілік заттарды, медицина техникасымен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу………………………………….
2.1.3 Дәрілік заттың, медицина техникасына және медициналық мақсаттағы бұйымдарға талдамалық сараптамасы……………………………………..
2.1.4 Дәрілік заттың, медицина техникасына және медициналық мақсаттағы бұйымдарға мамандандырылған сараптамасы……………………………….

III.Практикалық бөлім……………………………………………………….
3.1 “Фторафур” және “Левасал” дәрілік препараттардың құрамын анықтау

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................

Работа содержит 1 файл

ДИПЛОМWord - копия.doc

— 535.00 Кб (Скачать)

Ерітіндіні дайын күйінде  пайдаланған.

1) mб.п = 7.376г                m1 = 200.0мг                        P = 99.8 %

б.с.н =7.5762 г         m0 = 200.4мг                        a = 400мг

m нав  = 0.2000г            D1 = 0.50                              в = 397.845мг

                            D0 = 0.51

 

2) m б.п = 8,2223г

    mб.с.н = 8,4227г

    m нав = 0,2004г

Процесс қорытындысының талаптарға сәйкес келетіндігі анықталды.

Қаптама. Басылатын қақпағы бар және алғашқы ашу бақылауы бар пластман контейнерде (көлемі 150 мл) 100 капсулдан болады.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған қолдану бойынша нұсқауы бар контейнер картоннан жасалған жиынға орналастырылған.

Маркілеу: Бекітілген қаптама макетіне сәйкес.

Процесс қорытындысының талаптарға сәйкес келетіндігі анықталды.

 

 

Ізденіс – зерттеу  – эксперименттер

УДК 547-313.2.41.632.2+615.014.21/26.014.474-477.014.41

Микробқа қарсы белсенділік және “Левасал” препаратының ингредиенттерінің мөлшерін анықтау.

 

Антисептикалық препараттардың биологиялық белсенділік арттыру мақсатында, біз, 70 % спирттен “Левасал” композициялық препаратын жасақтау бойынша жұмыс жүргіздік. Ерітінділер, қасиеттері мен құрамының, алыну әдістері мен орналасуының түрлілігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, “Левасал” басқа дәрілер алдында бірқатар артықшылықтарға ие, себебі иондар немесе молекулалар түріндегі еріген күйдегі дәрілік заттар тері және сілтілік қабықша арқылы тез сіңеді. Дәрілік түрлердің даму технологиясының негізгі бағыттары белсенділігі жоғары және аз препараттарды жасақтау болып табылады. Бұрын, 1 % - жасыл бриллант ерітіндісі мен 1 % -(40%, 50%, 60%, 70%, 80% және 90 %) препараттардың микробқа қарсы белсенділігін, зерттеу негізінде, көрсетілген препараттардың микробқа қарсы белсенділігінің этанол концентрациясына тәуелділігі дәлелденді. Этанолдың әр түрлі концентрациялары жасыл бриллианттың микробқа қарсы белсенділігіне бірдей әрекет етеді. Сондықтан, 1% жасыл бриллант ерітіндісін дайындау үшін 60 % және 70% спирт, ал 1% солицил қышқылының ерітіндісі үшін спирттер концентрациясының 40 % - 90 % мәні жоқ болады. Сәйкесінше, экономикалық тұрғыдан, 1 % солицил қышқылының ерітіндісін 40 % спиртте дайындаудың маңызы зор.

Жоғарыда айтылғанға байланысты, жаңа композициялық препаратты дайындау үшін, біздер белгілі антибиотик леволицитин мен солицил қышқылын алдық. Леволицетин қышқылға тұрақты антибиотиктерге жатады, кең микробқа қарсы спектріне ие және солицил қышқылына ұқсас келеді, олар бірігіп, синергиялық әсер ету керек /2-5/.

Көрсетілген салада зерттеулерді жалғастыра отырып, дәрілік пішінінің емдеу тиімдігін артыру мақсатында, біз, “Левасал” препараттының 2- нұсқада 20 үлгісін алдық. Бірінші нұсқадағы барлық үлгілерде (1- 10) левомицитин мөлшері 1 г-нан , ал солицил қышқылының мөлшерін 1 г- нан 10 г-ға дейін арттырған. Екінші нұсқада, біз, солицил қышқылын барлық үлгілерде 1 г- нан алдық (11-20) , ал левомицетин мөлшерін 1 г-нан 10 г-ға дейін арттырған (№ 1 кесте).

Микробқа қарсы белсенділікті “агар” пластинкалар әдісімен анықтадық. Тест – мәдениет ретінде: Staphylococcus aureus, Escherichia coli. Микроағзалары қолданылады. Типтік биологиялық қасиеттерге ие Candida albicans штамдары қолданылады. Петри стаканына, бетіне ұрықсыз ілмекпен тест- мәдениет салынған ет пептонды агар құйған, содан кейін агар пластинканың бүкіл беті бойымен жайған. Шұңқырларды арнайы тескішпен дайындаған, оларға “Левасал” компорациялық препаратының үлгілерінің зерттелетін түрлерін орналастырған. Петри стакандарын 24 сағатқа 37 ± 1 º С температурада термостатқа орналастырған. “Левасал” 1 – 20 композициялық препаратының үлгілерінің инкубациядан кейінгі белсенділігін есептеуді штангенциркульмен, микро ағзалардың, өнімінің зонасын өлшеу арқылы жүргізген, мм (№ 2 кесте). Тәжірибелер әрбір үлгімен 3 рет жүргізілген.

№1 кесте

“ Левасал ” компазициялық препаратының үлгілері ( 1- 20)

Нұсқа №

Компоненттердің атауы

Үлгілердің №

1

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

   

ингредиенттер, г

 

Левомицитин

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

 

Солицил қышқылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

   

үлгілер №

   

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

   

ингредиенттер , г

2

Левомацитин

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

 

Солицил қышқылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


 

Ескерту: “ – ”  микробтар өнімін ұстау зонасы жоқ. Өнімдерді ұстау зонасының диаметрлері 10 мм- ден кіші және стакандағы тұтас өнімді антибактериалды белсенділіктің болмауы ретінде бағалаған, 10 – 15 мм - әлсіз белсенділік, 15- 20 мл – шектеулі айқын белсенділік, 20 мм-ден  жоғары – айқын белсенділік.

№2 кестеден және № 1 графиктен  көрініп тұрғандай, құрамында 1г левамицетин және 1 г- нан 4 г-ға дейін солицил қышқылы және 7 г-нан 10 г-ға дейін солицил қышқылы 70 % спиртте “Левасал” (№ 1- 10) препаратының үлгілері 100 мл- де  Staphylococus aureus жоғарғы белсенділігн көрсетеді, бұл кезде, бұл үлгілер (1-10) Candida albicans ашытқы саңырауқұлақтарына әрекет етпейді, ал үлгілер (№ 5-6) Staphylococus aureus мәдениті зонасына тек 15 ± 0,2 мм-ге алады, бірақ бұл мәндердің теоретикалық және практикалық қатынаста мәні болмайды, себебі “Левасал” (№ 1үлгі) композициялық препаратының әлсіз ерітіндісі үздік белсенділікті көрсетеді. Бұл үлгілер (№ 1 -10) Escherichia coli  грамы теріс микробтарға  зонаны 25 ± 0,2 мм-ге ала отырып, әрекет етеді. Бұл № 2 графиктен көрініп тұр. Осылайша, біз 1 г-нан 10 г-ға дейінгі солицил қышқылының әр түрлі үлестерінің “Левасал” композициялық препаратының (1-10 үлгілерінде 1 г-нан болатын микробқа қарсы белсенділігіне әсерін зерттедік, одан әрі біз , үлгілердегі 1 г-нан 10-ға дейінгі әр түрлі левомицетин концентрациясының (11- 20) 1г солицил қышқылының микробқа қарсы белсенділігіне әсерін зерттедік. № 3- 4 графиктер. №3 графиктен көрініп тұрғанай, құрамында 1г солицил қышқылы болатын “Левасал” препаратының үлгілері, ал 70 % спиртте 1г- 10г левомицетин 100 мл-де диаметрі 22 ± 0,1м зона мүлгін туғыза отырып, Staphylococus aureus мәденитіне әрекет етеі. Осылайша, “Левасал” препаратының үлгіоері (11 -20) зонаны 25 ± 0,2м ала отырып, Escherichia coli грамы теріс микробқа әрекет етеді, алайда, № 20 үлгі зона 18 ± 0,2 мм-ге дейін алады, яғни берілген үлгінің белсенділігі төмендейді. “Левасал” препаратының (1-20) үлгілерін микробиологиялық зерттеу нәтижесінде, құрамы бойынша ең тиімдісі № 1 екені ортасында, алайда мұнда 70 % спиртте 100 мл- де 1 г-нан левамицетин мен солицил қышқылының минимум мөлшері болады және берілген № 1 үлгі микробқа қарсы белсенділік бойына “ Левасал ” препаратының басқа қалған үлгілерінен артта қалады.

Левамицетин - 1,0

Салицил қышқылы – 1,0

Этил спирті

70 %  - 100 мге дейін

 

№2 кесте

“Левасал” препараты үлгілерінің микробқа қарсы белсенділігі (1 -20)

 

Үлгі №

70% спирт 100мл

 

Staphylococus aureus

Escherichia coli

Candida albicans

 

Левомицетен (лев) және солицил қышқылының

       
 

Лев:сқ

Лев:сқ

     

1

1:1

 

22±0,1

   

2

1:2

 

22±0,1

   

3

1:3

 

22±0,1

   

4

1:4

 

22±0,1

   

5

1:5

 

15±0,2

   

6

1:6

 

15±0,2

   

7

1:7

 

22±0,1

   

8

1:8

 

22±0,1

   

9

1:9

 

22±0,1

   

10

1:10

 

//-//

   

11

 

1:1

//-//

   

12

 

1:2

//-//

   

13

 

1:3

//-//

   

14

 

1:4

//-//

   

15

 

1:5

//-//

   

16

 

1:6

//-//

   

17

 

1:7

//-//

   

18

 

1:8

//-//

   

19

 

1:9

//-//

   

20

 

1:10

//-//

   

21

1%  р-р Лев 70%

спиртте

19± 0,3

   

22

1% р-р сқ. 70%

спиртте

13±0,3

   

 

Берілген дәрі түрі МФ – Х1 және МФ –Х талаптары бойынша сапалық және сандық  анализге ұшырады. 1 мл сыналатын препаратқа темір (III) хлориді ерітіндісінің бір – екі тамшысын қосқанда күлгін бояу  пайда болады (салицил қышқылы). Одан әрі 1 мл препаратқа концентрацияланған хлор – сутек қышқылының 8 – 10 тамшысын қосқанда, 0,1 г мырыш тозағын қосқан,  және 2-3 минут ішінде су моншасында қыздырған. Суығынннан кейін  ерітіндіні сүзіп, фильтратқа 1 % натрий нитриті ерітіндісінің 1-2 тамшысын қосқан және 1 минуттан кейін алынған қоспаға 1 % жаңа дайындалған в – нафтоль сілті ерітіндісінің 1 -2 мл қосқан. Ашық қызыл бояу (левамицетин) пайда болды. Біздің  жағдайда біз левамицитин мен салицил қышқылының спирттік ерітіндісін қарастырамыз. Дәрі қоспаларын оларды құраушы ингердиенттерді бөлмей анықтаған жөн, себебі бұл кезде таңдалатын заттар шығыны қысқарады операциялар саны кемиді анализ уақыты және реагент шығыны азаяды тасқын  ұзындығы 278 нм өз бетінше жарық жұту бойынша салицил қышқылы мен спирттік ерітінді қоспасындағы левамицитинд анықтау осы толқын ұзындығында  салицил қышқылының жұтуы әсерімен қиындатылған,  сондықтан оның сандық мөлшерін анықтау фармокопейлік нитрометрлік әдіспен жүргізілді. Салицил қышқылын анықтау үшін қышқыл – кесірі қасиеттердегі айырмашылықтарды пайдаланған. Салицил қышқылы, күшті қышқылдық қасиеттерге ие (РКа = 2,89) зат ретінде леваицитин болғанда натрий гидроксидінің ерітіндісімен титрленеді. “Левасал” препаратының спирттік ерітіндісінде левамицитиннің мөлшерін анықтау үшін 3 мл спирт ерітіндісіне 1 мл концентрацияланған хлор стек қышқылын қосқан және 15 минутқа қалдырған, сұйықты сүзген. Колбамен сүзгішті 40 мл сумен шайған және негізгі фильтратқа қосқан, 1г калий бромидін, тропеолин ерітіндісінің 2 тамшысын  қосқан, көк метилен ерітіндісінің 1 тамшысын қосқан және салқындату кезінде қызыл күлгін бояудың ашық көкке көшкеніне дейін минут сайын  1- 2 тамшыдан қоса отырып 0,02 М натрий нитриті ерітіндісімен титрлеген. Сол уақытта бақылау тәжірибесін жүргізген. 1 мл 0,02 М натрий нитратынын ерітіндісі 0,006462 г левомицетинге сәйкес келеді. Левамицетиннің  мөлшері 0,95 – 1,05 % болу керек.

Салицил қышқылының мөлшерін анықтау үшін 10 мл препаратқа фенолфталин ерііндісінің 5 -6 тамшысын қосқан және ашық қызыл бояу пайда болғанға дейін 0,1 Н натрий гидроксидінің ерітіндісімен титрлеген.

“Левасал” препараты үлгілерінің микробқа қарсы белсенділігін зерттеу нәтижелері (1–20) көрсеткендей, үлгілердегі құрайтын ингрединттердің үлесінің 1г –нан артық өсуі препараттар белсенділігіне әсер етпейді. Сәйкесінше №1 үлгіні медициналық тәжірибелерде пайдалануды біз рацинольды түрде қарастырамыз. Алайда, этил спиртінің әр түрлі концентрациясының “Левасал” компазициялық препаратының №1 ші үлгісіне әсері (40% - 90%) жеткілікті  зерттелмеген және бұл саладағы зерттеулер жалғасуда.

 

  1. Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізудің ережесі

 

 

1. Осы Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) дәріханада дайындалған дәрілік препараттардың сапасын қамтамасыз ету мен дәріханаішілік бақылау жүргізуді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

2. Ереже дәрілік препараттарды, оның ішінде гомеопатикалық дәрілерді дайындайтын барлық дәріханаларға олардың меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан қолданылады.

3. Дәріхана басшысы бұйрық шығару арқылы дәріханада дайындалған дәрілік препараттардың сапасын бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге, сондай-ақ дәрілік препараттарды дайындағанда қатеге жол беру қаупін төмендетуге жауапты провизор-талдаушыны тағайындайды.

4. Дәріхана басшысы провизор-талдаушының жұмыс орнын осы Ережеге 1-қосымшамен белгіленген тізімге сәйкес дәріханаларда талдау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданатын типтік өлшем құралдар жиынтығымен, сынақ жабдықтарымен, зертханалық ыдыстармен, қосалқы материалдармен, сондай-ақ дәрілік препараттарды дайындау және дәріханада дайындалған дәрілік препараттардың сапасына бақылау жүргізу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және анықтама оқулықтарымен қамтамасыз етуге тиіс.

5. Дәріханада дайындалған дәрілік препараттар (сонымен қатар дәріханаішілік дайындамалар, буылып-түйілген өнім, концентраттар мен жартылай фабрикаттар) дәріханаішілік бақылауға алынады.

6. Мыналарды жүргізу арқылы дәріханаішілік бақылау жүргізіледі:

1) сақтандыру шаралары;

2) дәрілік препараттарды дайындауға арналған бастапқы материалдарды қабылдау кезінде бақылау;

3) міндетті жазбаша бақылау;

4) іріктелген сауалнамалық бақылау;

5) міндетті органолептикалық бақылау;

6) іріктелген физикалық бақылау;

7) химиялық бақылау;

8) босатар алдындағы бақылау.

7. Органлептикалық, физикалық және химиялық бақылау қорытындылары сәйкес формадағы дәріханаішілік дайындаманы, дербес рецептілер (медицина ұйымдарының талаптары) бойынша дайындалған дәрілік препараттарды, концентраттарды, жартылай фабрикаттарды, тритурацияларды, этил спирті мен буып-түюлерді органлептикалық, физикалық және химиялық бақылау нәтижелерін тіркеу журналына тіркеледі. Журнал нөмірленеді, тігіледі және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, медицина техникасы айналысы саласындағы аумақтық органдардың мөрімен расталады.

Информация о работе Дәрілерді сынауды метрологиялық қамтамасыз ету