Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 21:49, курсовая работа
"Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1124 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Мәселелері және "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрі-дәрмек" дәрілік заттар орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелері" туралы 2002 жылғы қазандағы N 1081 қаулыларын орындау үшін, дәрілік заттардың, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мақсатында шаралар ұйымдастырылды
I.Метрологиялық бөлім.........................................................................
1.1 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету міндеттері...................................
1.2 Ведомстволық метрологиялық қызмет.............................................................
1.3 Метрология саласындағы нормативтік – құқықтық негіз .......................
1.4 Өнімнің өмірлік циклінің сатыларындағы метрологиялық қамсыздандырудың негізі.......................................................................
ІІ. Cынау - метрологиялық қамсыздандырудың құрамдас бөлігі.....................
2.1 Сынау зертханалары жұмыс орындарына және қоршаған ортаға қойылатын талаптар...........................................................................
2.2 Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу және тіркеу құжаттары жинағына өзгерістер енгізуге қойылатын негізгі талаптар..
2.2.1 Тіркеу құжаттары жинағына қойылатын негізгі талаптар және оларды беру тәртібі…………………………………………………………………
2.1.2 Дәрілік заттарды, медицина техникасымен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу………………………………….
2.1.3 Дәрілік заттың, медицина техникасына және медициналық мақсаттағы бұйымдарға талдамалық сараптамасы……………………………………..
2.1.4 Дәрілік заттың, медицина техникасына және медициналық мақсаттағы бұйымдарға мамандандырылған сараптамасы……………………………….
III.Практикалық бөлім……………………………………………………….
3.1 “Фторафур” және “Левасал” дәрілік препараттардың құрамын анықтау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................
-Белгіленген тәртіппен рұқсат алмаған кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың ӨҚ дайындауы, жөндеуі және тексеруі;
-ӨҚ пайдалану ережелерін бұзу.
Өндірістен шығарылатын ғана емес, сонымен қатар, пайдалануда жүрген ӨҚ тексеру ережелері мен әдістемелерін бұзғаны үшін де кәсіпорынның, мекеменің және ұйымның лауазымды тұлғалары, сонымен қатар, мамандары мен құрылымдық бөлімшенің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
1.3 Метрология саласындағы нормативтік – құқықтық негіз
1. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қаңтарадағы Қазақстан Республикасының № 603II Заңы;
2. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының № 53-II Заңы;
3. «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» республикалық мемлекеттiк кәсiпорынын құру туралы» 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы;
4. «Қазақстан Республикасы
аумағында уақыт есептеу
5. «Қазақстан салыстырып
тексеру қызметі» еншілес
6. «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік өлшем бірлігін
7. «Өлшем құралдарын шығару және жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 626 Қаулысы;
8. «Салыстырып тексерілетін
өлшем құралдары туралы
Сонымен қатар, «ҚазМетрИн» РМК Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімін (ҚР МӨЖ тізілімі) жүргізуді, таратуды және жариялауды іске асырады. Осы тізім мынадай тараулардан тұрады:
«Өлшем құралдардың бекітілген типтері» ҚР МӨЖ тізілімі бөлімінің қысқаша ақпараты «Электрондық қызметтер» бөлімінде орналасқан.
1.4. Өлшем құралдарын метрологиялық бақылау
Мемлекеттік метрологиялық бақылау. Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың мынадай түрлері белгіленген:
өлшем құралдарының түрін бекіту;
өлшем құралдарын, соның ішінде эталондарды салыстырып тексеру;
өлшем құралдарын әзірлеу, жөндеу, сату және жалға беру құқығына заңды және жеке тұлғалардың қызметін лицензиялау.
Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалау (ММБмҚ) Заңмен белгіленген аяларда жүзеге асырылады. Сондықтан жасалынатын, өндіріле-тін, импортталатын және пайдаланудағы өлшем құралдары екі топқа бөлі-неді: пайдалануға арналған және ММБмҚ-дық таралу аясында пайдаланыла-тын. Бұл өлшем құралдары оларды сынағаннан және түрін бекіткеннен кейін пайдалану үшін және кейінгі, алғашқы және мерзімді салыстырып тексеруге жарамды деп танылады; пайдалануға арналмаған және ММБмҚ-дық таралу аясында пайдаланылмайтын. Бұл өлшем құралдарына мемлекет тарапынан қадағалау жүргізілмейді
Заңды және жеке тұлғалар –осындай өлшем құралдарының иелері, оларды жарамды күйде ұстау жүйесін өздері орнату керек.
Бұл жайт өлшеу құралдарының сериялы және дара шығаруға парктың бөлінуінің жойылуын білдіреді. Егер дара шығарылатын өлшем құралдары ММБмҚ аясында қолданылатын болса, онда олар сыналады және түрі бекітіледі.
Салыстырып тексеру құқығына тіркеу ретінде заңды тұлғалардың мет-рологиялық қызметтерін өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттеу орындалады.
ММБмҚ-дың таралу аясын талдау көрсетіп отырғандай, өлшем құрал-дарының бүкіл паркін көрсетілген екі топқа нақты бөлу қиын.
ММБмҚ мынадай аяда таралады: денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігін сақтау; сауда операциялары және өзара есеп айырысу; мемлекеттік қорғанысты қамтамасыз ету;
ҚР заңдылықтарында сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін келісім-шарттар бойынша жеткізілетін өнімді өндіру;
ҚР мемлекеттік стандартының міндетті талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында өнім сапасын бақылау және сынау.
ҚР «Стандарттау бойынша»
Заңына сәйкес міндетті болып мына
мемлекеттік стандарттар
Жоғарыда айтылғандардың негізінде мынадай қорытынды жасауға болады: сериялы өндіріске арналған өлшемдердің барлық аялары үшін түрін бекіту мақсатымен сынақ жүргізу қажет.Сондай-ақ, өндіруші кәсіпорынға өзінің өндірген өлшем құралдарының қайда пайдаланылатыныбелгісіз екенін ескеру керек.Ол өлшем құралдары мемлекеттік метрологиялық бақылау таралатын аяда қолданылмауы да мүмкін.Осыған байланысты өндіруші-кәсіпорындар алғашқы салыстырып тексеруді өткізгені дұрыс болады.
Өлшем құралының түрін бекіту.Өлшем құралының түрін бекіту елде өлшем бірлігін және өндіріске нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетін өлшем құралдарын айналысқа шығару мақсатында жүргізіледі.
Көптеп өндіруге немесе ҚР –ның аумағына партиялармен әкелуге арнал-ған және мемлекеттік метрологиялық қадағалау қолданылатын өлшем құрал-дары сынақтан өткізіліп, осы өлшем құталдарының түрі кейіннен бекітілуге тиіс. Өлшем құралдарының түрін бекіту туралы шешімді ҚР Мемстандарты қабылдайды және ол өлшем құралдарының түрін бекіту туралы сертифи-катпен куәландырылады, сертификаттың қолдану мерзімі оны берген кезде белгіленеді.
Өлшем құралдарының бекітілген түрі өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізіміне енгізіледі.Бірен-саран данада жасалынған немесе әкелінген және мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жататын өлшем құ-ралдарын мемлекеттік метрологиялық қызмет метрологиялық аттестаттаудан өткізеді.
Өлшем құралдарына, олардың түрін бекіту мақсатында және бекітілген түтге сәйкестігін анықтау үшін сынақ өткізуді мемлекеттік ғылыми метро-логиялық орталық, стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ведомствалық бағыныстағы бөлімшелері жә-не стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемле-кеттік орган өлшем құралдарын сынау орталықтары ретінде тіркелген басқа да заңды тұлғалар жүргізеді.
Түрін бекіту мақсаттары үшін сынақтардан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген өлшем құралдарын айналымға шығаруға, өткізуге тыйым салынады.
ҚР Мемстандарты өлшем құралының түрін бекітеді, оны Мемлекеттік теестрде тіркейді және тапсырыс берушіге түрді бекіту туралы сертификат береді.
Салыстырып тексеру. Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың екінші құрамдас бөлігі - өлшем құралдарын салыстырып тексеруді қарастырайық.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру - өлшем құралдарының белгі-ленген техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе оған уәкілетті басқа органдар орындайтын операциялар жиынтығы.
ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жататын өлшем құралдары өндірістен және импорт бойынша әкеліну кезінде салыстырылып тексеріледі. Сатуға және жалға беруге тек салыстырып тексерілген өлшем құралдары ғана жіберіледі.
Салыстырып тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтар (МҒМО), тіркелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүзеге асырады.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді осындай тексерушілер ретінде аттестатталған жеке адамдар жүзеге асырады. Салыстырып тексе-рудің нәтижесі - өлшем құралдарының пайдалануға жарамдылығын растау немесе өлшем құралдарының пайдалануға жарамсыздығын мақұлдау. Салыс-тырып тексерудің оң нәтижелері өлшем құралына және пайдалану құжатта-масына басылатын салыстырып тексеру таңбасымен және салыстырып тексе-ру туралы куәлік береді. Егер салыстырып тексеру нәтижелері бойынша өл-шем құралы пайдалануға жарамсыз деп танылса, онда салыстырып тексеру таңбасы және «Салыстырып тексеру туралы» куәліктің күші жойылып, «жарамсыздық туралы» құжат беріледі немесе техникалық құжаттамада сәйкес жазулар жазылады .
Қазақстанда салыстырып тексерудің мынадай түрлері қолданылады: алғашқы, мерзімді, кезектен тыс, инспекциялық және сарапшылық.
Алғашқы салыстырып тексеруге Қазақстанда өндірілген немесе жөнделген, импортпен алып келінген түрі тексерілген өлшем құралдары жатады. Дара өндірістегі өлшем құралдарының түрін бекіткен кезде олардың әрқайсысына түрін бекіту туралы сертификат беріледі, ал алғашқы салыстырып тексеруді бұл өлшем құралдары іске асырмайды.
Мерзімді салыстырып
тексеруге пайдаланудағы немесе
сақталудағы өлшем құралдары
жатады. Мұндай құралдардың тізімін
мемлекеттік метрологиялық
Өндірілген немесе жөнделген
өлшем құралдары, оларды техникалық
бақылау бөлімі қабылдағаннан кейін,
алғашқы салыстырып тексеруге жіберілуі
керек. Ұзақ сақталуда тұратын өлшем құралд
Кезектен тыс салыстырып тексеру келесі жағдайларда өлшем құралдарын пайдалану кезінде жасалынады:
Инспекциялық салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық қадағалау жүргізілген кезде өлшем құралдарының пайдалануға жарамдылығын анықтау үшін жасалады.
Лицензиялау. Өлшем құралдарын өндіру, сату және жалға беру бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметін лицензиялау – мелекеттік метрологиялық бақылаудың құрамдас бөлігі.
Лицензиялау деп міндетті лицензиялауға жататын және заңмен тыйым салынбайтын қызметпен айналысуға заңды және жеке тұлғаға лицензия берудің міндетті түрде жасалынатын тәртібі аталады.Қарастырылып отырған жағдайда лицензия – Мемлекеттік метрологиялық қызметтің өлшем құралдарын өндіру, жөңдеу,сату және жалға беру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін заңды және жеке тұлғаларға беретін рұқсаты. Лицензия ҚР бүкіл территориясында жарамды болып табылады.
Лицензия мына жағдайларда берілмеуі мүмкін: өтінішке қосылған құжаттарда ақпарат толық емес болғанда, лицензияланатын қызметтің жүзеге асыру шарттары талаптарға сәйкес келмесе, алдыңғы лицензия жойылғаннан кейін белгіленген мерзім өтіп кеткенде. Лицензия 5 жылдан көп емес уақытқа беріледі. Лицензия берген орган өзі орнатқан лицензияланатын қызметтің шарттарының сақталуын үнемі бақылап отыруы міндетті. Бұзушылық анықталған жағдайда ол бұзушылық жойылғанға дейін лицензия қызметін тоқтатуы немесе мүлдем лицензияны алып қоюы мүмкін.
Информация о работе Дәрілерді сынауды метрологиялық қамтамасыз ету