Фирманың маркетингтік қызметін басқару («АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:31, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Президентінің «Қазақстан – 2030» атты халыққа жолдаған стратегиялық бағдарламасында бейнеленген сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі нарықтың негізгі мақсаты болып табылатындықтан, өндірісті басқару шешімдерін қабылдаудың негізгі принциптері фирмаларды негізгі тұрақты экономикалық өсу басымдылықтарына бағыттайды.
Соңғы он жылдықтағы Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық процестерінің динамикалық өзгерістерімен, саяси және әлеуметтік өрістерде институционалды қайта құрумен, қоғамның өміріндегі экология рөлінің күшеюімен, шетелдермен қатынастың дамуымен ерекшеленіп отыр.

Содержание

Кіріспе 3

1 Фирманың маркетингтік қызметін басқарудың теориялық 5
негіздері
1.1 Маркетингтің мәні мазмұны 9
1.2 Маркетингтің қағидалары мен тұжырымдамалары
1.3 Фирманың маркетинг қызметін басқару әдістемесі 12

2 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның қызметін маркетингтік талдау
2.1 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның жалпы сипаттамасы 19
2.2 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның негізгі экономикалық 22
көрсеткіштерін талдау
2.3 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның маркетинг қызметін бағалау 29
3 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның маркетинг қызметін жетілдіру
бойынша ұсыныстар
3.1 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның маркетинг қызметін жетілдіру 40
Қорытынды 47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 49

Работа содержит 1 файл

АБДИ КОМПАНИ.doc

— 532.00 Кб (Скачать)

4-ші кестеде көріп отырғанымыздай, жалпы имидж құру жағынан теледидардың әлеуеті қолданбайды десе де болады, өйткені имидж жасауға ықпал ететін ақпаратты берудің негізгі нысандары (репортаж, интервью) кеңсе құралдары үйі сирек пайдаланады. Сондықтан функционалдық хабарларды көбірек көрсету үрдісі байқалса да теледидар ақпаратын жүйелі түрде талдау жөнінде айту әлі ертерек.

 

     4-кесте – Жарнама қызметіне жұмсалатын шығынның көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Құны

Қажеттілік

Шығын

1

Теледидардағы ролик

1 мин – 500 доллар

30 секундтан 60 ролик

150000 доллар

2

Радиодағы ролик

1 мин – 300 доллар

30 секундтан 600 ролик

90000 доллар

3

Журналдағы ролик

¼ бет хабарландыру– 300 доллар

1 бет 40 хабарландыру

 4000 доллар

4

Газеттегі жарнама

2 бет хабарландыру – 300 доллар

½ бет 50 хабарландыру

15000 доллар

5

Үндеу

1 бет - ¼ доллар

10000 бет

25000 доллар

6

Компьютер желісі

Сайт құру 5000 доллар (тіркеу) + 4500 доллар (дизайн)

1 жаңа сайт

 5000 доллар

7

Барлығы

   

289000 доллар

Е с к е р т у – Компанияның  сайтындағы  мәліметтер негізінде  автор құрастырған 


 

Теледидардағы жарнама  ең тиімді жарнама. Роликте ақпарат  барынша ақпаратты болуы және ол «прайм-таймға» жіберілуі тиіс. Сондай-ақ баспасөзбен байланыс жөніндегі менеджер кеңсе құралдары үйінің қызметтері жөнінде ақпарат беру туралы ақпараттық хабарға репортаж жасайтын ірі телекомпаниялармен келісуі тиіс.

Газеттегі, журналдағы жарнама. Газеттегі (журналдағы) жарнама ең қолайлы жарнама түрі, жарнамалық хабарландыруды жалпы қабылданған форматта сонымен бірге кеңсе құралдары үйі басшысының интервьюін, яғни жасырын жарнаманы беруге болады. Қоғамдық саяси газеттер мен журналды зерттеу кеңсе құралдары үйі жөніндегі материал біршама сирек кездесетінін көруге болады.

Компьютерлік желідегі (Интернет)  жарнама. Осы жарнама  мүлдем жаңа және жарнаманың басқа  түрімен салыстырғанда оның құны жоғары емес болғандықтан тиімді болып табылады.

Кеңсе құралдары жарнама өнімі. Үндеуде пайдалы ақпаратпен қоса өнімнің бағалары, байланыс телефондары мен көрсетілетін қызметтердің түрлері болады. Үндеуді стендіге орналыстыру қажет (көптеген кәсіпорындар) көрмеге стенділерден ақпарат жинайтын қызметкерлерді жібереді. Сондай-ақ үндеулерді арнайы мамандандырылған фирмалардың сөрелеріне орналастыруға немесе көрменің бас кіре берісі мен стенділерге жақын орналаастыруға болады.

Радиодағы жарнама. Радиодағы  жарнама өте қысқа уақытты  қамтиды, сол себептен оны көрме  күндері және ол басталғанға дейін бірнеше күн бұрын беруге болады. Сондай-ақ теледидардағы жарнама сияқты роликте ақпараттық болуы тиіс. Тиімділікті арттыру үшін радиостанцияның іскер адамдардың арасындағы рейтингіне ерекше назар аудару қажет.

Жарнама науқанын жүзеге асыру барысында іс-әрекетті бөлу жүйесін қарастырамыз.

Жарнама науқанын әзірлеудің жарнама науқанын өнім өткізу бөліміне тапсырған орынды.

Дизайнерлік компьютерлік фирмаға сайт жасау және оның дизайны  жүктеледі. Стенділерді де дизайнерлік  фирмаларда орындаған дұрыс. Журналдар мен газеттердің жарнама және басылым бөлімдерінен тікелей өтініш жасау қажет.

«АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның үшін бұқаралық ақпарат құралдарындағы іс-шаралар, сондай-ақ халық көп шоғырланған жерлерде орнатылған жарнама қалқандары шараның ең басымды құралы болып табылады.

Тауарларды жарнамалау мақсатында өткізілген жарнама шараларының  тиімділігін талдағанда, клиенттерді  іріктеп сұрату ұйымдастыру арқылы білуге болады.

Жарнама науқанын қалыптастыруға келесі кезеңдер кіреді:

-мақсатты аудиторияның мақсаттарын, міндеттері мен стратегиясын анықтау;

-шараның бағдарламасын мерзім, орындау үшін жауапты, материалдық қамтамасыз ету деген тарауларды енгізіп жасау.

 «АБДИ КОМПАНИ»  АҚ-ның жарнама науқанын жалпы оң ішкі және  сыртқы имиджін құру жөніндегі жоба ретінде қарастыруға болады.

Компанияның міндеті  бағдарламада белгіленген мақсаттарды  іске асыру үшін әрбір қоғамдық топ  жетуге тиіс негізгі нәтижелер сипатталады.

«АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның  мақсатына жетуі көбіне 3 факторға  тәуелді: таңдап алынған стратегияға, маркетинг қызметін ұйымдастыру, құрылымының қандай деңгейде әрекет жасағанына. Оған қоса кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік қызмет ету стратегиясы да маңызды орын алады.

 

    5-кесте – Мақсатты қоғамдық топтарды анықтау өлшемдері

 

Сегменттеу өлшемдері

Мақсатты аудитория

Катарлас аудитория

1.Тұрғылықты мекенжай

Қазақстан Республикасының  халқы

Республикадан тысқары  қоғам

2.Әлеуметтік мәртебе мен жасы

ҚР халқы

 5-17 жас аралығындағы балалар,жасөспірімдер;

 17-22 жас аралығындағы жастар;

 Зейнеткерлер,үй шаруашылығындағы әйелдер,жұмыссыздар;

 Жұмысшылар, қызметкерлер, кәсіпкерлер

ҚР тысқары тұратын  халық


  

Жарнама науқанының стратегиясында: жарнамаланатын объектінің жайғасымы  мен даму кезеңдерінің деңгейлерін  ескере отырып, жарнамалық ықпал етудің қарқындылығын бірте-бірте арттыру қарастырылады.

Ақпараттық кезең 2007 жылы басталды. Сол кезден бастап кеңсе құралдары үйі жөніндегі материалдар жарияланды, осы үрдіс 2010 жылға дейін сақталды. Қазіргі уақытта жарнама науқаны осы кезеңнің орасында десе болады және оқиғаны «құрғақ» ақпараттық түрде беру байқалады. Ал аңыз-ертегілер, бейненің түрлі-түстілігі жұртшылықтың осы бейнені терең қабылдауына ықпал ететіні белгілі. Сондықтан науқанды іске асыру барысында жаңалық әлемі жөніндегі маман жұмысының маңызына көп нәрсе байланысты. Осы кезеңде оқиғаны күтуді дайындыққа, мыңжылдық тақырыбын ширатып, жариялау қарқындылығын бірте-бірте өрістету мақсатын қою  керек. 2010-2011 жылдар кезеңінде жарнаманың ықпалын жандандыру кезеңі сәйкес келеді. Жарнама науқанының осы кезеңдерінің айқын шекаралары жоқ болғандықтан, ақпараттық ықпалмен дәл осындай жағдай қалыптасты, ал осының нәтижесінде до-спин және спинг кезеңдері бір-бірімен қабысады.

«АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның нарық проблемасының бүкіл жақтарымен айналысатын ірі маркетинг бөлімдерін құрады.

Кеңсе құралдары үйініңклиенттерінің  саны көбеюі үшін жоғары сапалы қызмет көрсету, көрсетілетін қызметтердің тарифтері  қолайлы болуы тиіс.

Кеңсе құралдары үйінің қызметінде қазақстандық маркетингке кеңсе құралдары үйі қызметтерінің келесі бағыттары тән:

- кеңсек құралдарын  өткізу нарығын қамтамасыз ету;

- кеңсе құралдары үйі  бәсекелес болу үшін жағдай  жасау;

- жарнама;

- кеңсе құралдары үйі  жұмысының нарықтағы сипатын  анықтау;

- баға саясатын қалыптастыру;

- нарықтағы жағдайды  талдау;

- клиенттермен әріптестік қатынастарды ретету;

- «паблик рилейшнді»  дамыту;

- маркетингтік саясатты  жетілдіру.

Республикамызда тұңғыш рет «АБДИ КОМПАНИ» АҚ –ның жарнамалық кеңсе құралдары өндірісін  ұйымдастырды. Бұрында барлық жарнама өнімдері жақын және алыс шетелден әкелінетін. Бүгінгі күні  компания көптеген жарнама өнімдерін өндіріп, шығарады. Ұсынылған өнім түрлері республика тұрғындары арасында  тез тарап,  қазір қолданылатын жарнама өнімдерінің жартысынан астамы «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның  өнімі үлесіне тиген. Тұтынудың қалған бөлігінде  айтарлықтай орынға импорт бойынша жеткізілетін жарнама өнімдері. Осындай жаңа өнімдерді нарыққа ұсыну кезінде маркетингтік зерттеулер жүргізу арқылы ақпараттар  жинау басқарушылық және маркетингтік шешімдерді дұрыс қабылдау мүмкіндіктерін кеңейте түседі.

Осы жылы  компанияның  қарқынды дамуы нәтижесінде өндіріс  көрсеткіштері  40 %- ға артты.

Осы тұрғыда, баға саясатын жетілдіру үшін мейрам алдындағы  төмен бағамен сатылулар жасау  орынды және маусымдық жеңілдіктер  жасау тауарлар айналымын қамтамасыз етіп, тауар қорлары мөлшерін кеңейтеді, нарық аумағын өсіріп, сатып алушылар санын ұлғайтады. Оңтайлы құрылған баға саясаты нәтижесінде  компания  өзін тұтынушылар арасында игілікті ойды қалыптастырып, кеңсе құралдары өнімдері нарығының айтарлықтай үлесін қамтиды.

6-ші суретте өндіріс көлемінің артуын атап өтіп, кейбір кварталдардағы қарқынды өсім маусымдық сипат алуына қарай түсіндіріледі. Өзінің 18 жылдық іскерлігіне қарамастан компания көптеген жаңа өнімдер өндірісін енгізді.

 

            6-сурет – Өндіріс көлемінің динамикасы (млн. теңге)

«АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның  қызметкерлер біліктілігін көтеру мақсатында көптеген рәсімдер ұйымдастырылады.

 Мысалы, сауда агенттері  апта сайын тренингтер өтеді.  Сонымен қатар компания білімдік  гранттар беруде кепілдік ету жұмыстарына үлесін қосады. 

Зерттеу жұмыстарын жүргізу  мақсатында, 2009 жылдың наурыз айында «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның  акция жүргізуге қатыстық. 500 кітап дүкендері қамтылды. Олар ақпан айынан бастап акция жайлы ескертіліп, балаларға беру жүйесі белгіленіп, ең жоғары көрсеткіштерге сыйлықтар беру жоспарланды. Сонымен қатар балалар сөрелерде тауарлардың қойылуы мен болуына берілді.  Өнім «рейтингі» бойынша келесідей көрініс қалыптасты:

«АБДИ КОМПАНИ» АҚ –ның өнім ұсынылды. Қалам, 35 беттік қалың дәптер, 48 беттік қалың дәптер, А 4 блок, A 3 блок, A 2 блок, Қарындаш, Фламастер, Корректор, Өшіргіш, Стикер,  Степлер, Сызғыш, Циркуль, Ұштағыш, Скрепк.

Жалпы қорытындылай келе, компания өнімдерінің  дүкендерде болуын ынталандыру мақсатында  бағалау критериінің торы құрылды.

Енді екінші бөлімді  қысқаша қорытындылап кетейік. Жүргізілген  талдау бойынша, «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның  Қазақстанның кеңсе құралдар  және жарнама нарығындағы үздік компаниялардың бірі екендігі анықталды. Компания әр түрлі тұтынушыларға арнап түрлі анықтамалық өнімдер шығарады және осы салада қызметтер көрсетеді.

 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның  экономикалық көрсеткіштеріне қарап, компанияның атқарып отырған қызметінің рентабельді екендігін көреміз. Осындай мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, компания әр түрлі маркетингтік іс-шараларды үздіксіз жүргізіп отырады. Жалпы алғанда, компанияың қызметі оңтайлы ұйымдастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның маркетинг қызметін жетілдіру                         

                    бойынша ұйымдастырылған

 

3.1 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның маркетингтік қызметін жетілдіру

 

Маркетингті басқару  бұл табыс табу,  күтпеген   кездейсоқ  өрістер бөлігін жоғарлату  сияқты мекеменің алдына қойған мақсаттарына жету үшін, мақсатты сатып алушылармен  пайдалы  алмастыруды белгілеу, нығайту және қолдау шараларын жолдау, жоспарлау және оларды жүзеге асыруды бақылау.

Көптеген фирмалар көп  жылдарға арналған жоспарсыз жұмыс істейді. Ал бұрыннан келе жатқан фирма басшыларының көпшілігі  жоспарсыз-ақ жұмыс жүргізуге болады деп ойлайды. Өйткені олардың ойы бойынша нарықтағы жағдай тез өзгеріп жатады. Сондықтан жоспармен бәрін қамту мүмкін емес, жоспарға кеткен шығын босқа қалады деп өздерін ақтауға тырысады. Ал шындығына келетін болсақ тәжірибе көрсетіп отырғандай келешекке арналған жоспарлау көптеген жеміс береді.

«АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның  алдына болашақта жұмыс барысы дамыту үшін келесідей маркетингтік қызметін жетілдіру жолдары:

Бірінші жоспар ,белсенді маркетинг жоспары – баға жоғары және жарнамаға көп көңіл болінеді. Бұл жерде өнімді кең жарнамалау арқылы оны тұтынушыға жоғары бағамен өткізуге болады. Бұл тауарлар түрінің қатарына офистік жиһаздарды жатқызуға болады. Мысалға бұқаралық ақпарат құралдарын кең көлемде қолдану арқылы.

Екінші жоспары бағыт , таңдап ену жоспары – жоғары баға , азғана жарнама . Мұндай стратегия өнім өте танымал болған жағдайда және сол өнімді жоғары бағамен , тұтынушылар бар кезде және бәсеке деңгейі төмен болған жағдайда қолданылады . Дәл қазіргі кезде «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның осындай жоспарды жартылай қолдануға мүмкіндігі бар.

Информация о работе Фирманың маркетингтік қызметін басқару («АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның мысалында)