Фирманың маркетингтік қызметін басқару («АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:31, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Президентінің «Қазақстан – 2030» атты халыққа жолдаған стратегиялық бағдарламасында бейнеленген сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі нарықтың негізгі мақсаты болып табылатындықтан, өндірісті басқару шешімдерін қабылдаудың негізгі принциптері фирмаларды негізгі тұрақты экономикалық өсу басымдылықтарына бағыттайды.
Соңғы он жылдықтағы Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық процестерінің динамикалық өзгерістерімен, саяси және әлеуметтік өрістерде институционалды қайта құрумен, қоғамның өміріндегі экология рөлінің күшеюімен, шетелдермен қатынастың дамуымен ерекшеленіп отыр.

Содержание

Кіріспе 3

1 Фирманың маркетингтік қызметін басқарудың теориялық 5
негіздері
1.1 Маркетингтің мәні мазмұны 9
1.2 Маркетингтің қағидалары мен тұжырымдамалары
1.3 Фирманың маркетинг қызметін басқару әдістемесі 12

2 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның қызметін маркетингтік талдау
2.1 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның жалпы сипаттамасы 19
2.2 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның негізгі экономикалық 22
көрсеткіштерін талдау
2.3 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның маркетинг қызметін бағалау 29
3 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның маркетинг қызметін жетілдіру
бойынша ұсыныстар
3.1 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның маркетинг қызметін жетілдіру 40
Қорытынды 47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 49

Работа содержит 1 файл

АБДИ КОМПАНИ.doc

— 532.00 Кб (Скачать)

Сауда жүйесі, филиалдар.

Қазақстанның үлкен  қалаларында кең сервистік жүйелері бар: Алматы, Астана, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Петропавлск, Қарғанды, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау, Шымкент, Тараз. Қазақстанның 14 қалаларында 25 фирмалық дүкендер бар, соның ішінде 8 үлкен супермаркеттерімен қоса. Бүгінгі таңда компанияның жалпы ауданы 13 мың шаршы шақырымды құрайды, ал қоймалық аудан 20 мың шаршы шақырымнан астам. Компанияның дамыған қызметтік жүйесі кең ауқымды тұтынушылардың қысқа мерзімде толық көлемде сұранысын қанағаттандыруға көмектеседі. Қазақстанның әрбір қаласында 1 архитекторлық стильде жасалған. Транспорт пен техникамен жабдықталған қазіргі кездегі әдемі супермаркеттер компанияның визиттік картасы болады. Қазақстанның әрбір аймағында бірдей ассортиментік тауар, бірдей қызмет, бірдей сату политикасы, бірдей баға политикасы бар.Бір қалада бірдей және қысқа мерзімде барлық филиалдарда контракт бойынша тауар жеткзуді жүзеге асыруға оперативті байланыс көмектеседі. Өзіне - өзі қызмет ету жүйесі, тауарларға қол жеткізер бостандық, штрихкодтау жүйесі, әр түрлі канцелярлық тауарлар тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және сатып алу процесін тездетеді.

Қызметтер.

АБДИ Компани өзінің тұтынушылары үшін әртүрлі қызметтерді  ұсынады:

  • Компанияның сайтында интернет – дүкен. Оның саитын мына адрес бойынша тауып алуға болады WWW.abdi.kz не болмаса телефон арқылы хабарласу үшін факсының номері:2-33-33-63,2-98-57-94.Компанияның сайтында тұтынушы қандай тауарлардың асортиментімен таныса алады, тауар сатып алуға мүмкіндіктер жайында толық танысуға болады.
  • жеңілдіктер мен әртүрлі төлеу формалары.Мысалға:көп тауар алғаны үшін шегерім, тез төлегені үшін шегерім, фиктивті шегерім, маусымдық шегерімдер, компания үшін маңызды және тұрақты тұтынушылар үшін шегерімдер және тағыда да басқа шегерімдер түрлері.Көп мөлшерде тауар сатып алған кезде оның ақшасын кейінге қалдыру,бөліп төлеужәне тағы да дасқа төлеу формалары бар.
  • тауарды мемлекеттің әрбір аймақтық өкілдігіне жеткізу: алыс және оқшау жатқан аудандарға, ауыл-аймақтарға тауарды жеткізу.

- 14 қала бойынша тауарды офиске дейін жеткізу.

-  АБДИ дүкенінде сатып алынған әрбір тауарына кепілдік.

Логоны тауарға енгізу;

- катриджті толықтыру;

- оперативті полигафия және т.б.

Компания тұтынушыға өз уақытында жоғары сапалы тауарды  жеткізуге, тауар сапасының жеңілдіктеріне және сатып алудан кейінгі қызметке көп көңіл бөледі. Ал осындай кепілдіктерді тек қана болашақта жұмыс істейтін компаниялар бере алады.

Серіктестіктер қатары:

Әлемнің 35 елінде 180 өндіріс  – фабрикалармен қарым – қатынас  жасайды. АҚШ, Франция, Италия, Дания, Финляндия, Чехия, Венгрия, Польша, Ресей және т.б. Ол АБДИ Компаниясының нарықта өз тауарына деген тұрақты бағаны сақтап алуға көмектеседі. Қоймада үлкен мөлшерде тауарды үнемі бар болуы мен қазақстандық тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттардыратын,тауарды жеткізетін сервистік – таңдаушыны таңдайды. Дүкендерде өз уақытында тауардың түсуін қадағалайтын және қазақстандық тұтынушылардың тілегін мен талғамын кейде алдын – ала біліп қояды. АБДИ Компаниясы көптеген жылдар бойы көптеген серіктестіктермен байланысты орнату арқылы Қазақстанда көптеген эксклюзивті сауда маркаларымен жабдықтайды. Компанияның мұқият жасалған политикасы мен логистикасына байланысты компания әлемдік сападағы тауарды шығарған елдегі бағадан арзан алады. Компания өз жітістігінде тоқталмайды, ол әлемдік көрмелерге қатысады; жаңа өнімді, брендті бағалайды; жаңа өндірушілерді іздейді; жаңа дизаинді ойлап табуға көмектеседі.

Компанияның тұтынушылары.

АБДИ Компаниясының  ең үлкен жетістігі болып тұтынушылардың  жастық диапозоны 1 жастан бастап шексіздіке дейін болып саналады, өйткені  адамдардың барлық жастағы негізгі ерекшелігі ол даму мен оқып үйренудің тілегі. Компания үшін әрбір тұтынушы маңызды, яғни жеке және заңды тұлғалар. Тұтынушылардың арасында бастауыш сыныпқа баратын оқушы, зейнеткерлер, Республиканың атақты және таңымал адамдары.

Корпаративтік тұтынушылардың саны – 15000 және жылдан жылға өсуде.

Тауарлар.

Канцелярлық тауарлар адаммен  бірге жыл бойы қосақталып жүреді. Балбақшада алғашқы суреттен бастап, кәсіпорынды немесе ұйымда жұмыс  орынды көркемдеумен аяқталады, сөйтіп, адамның өмірлік қызметіне жылдан жылға енеді. Канцелярлық тауарға қажеттілік көп туғаннан, тұтынушының тауарға және қызмет көрсетуге сұранысы жоғарлайды, сондықтан халықтың әлеуметтік тобына және әртүрлі жастағы топтың тұтынушлық қажеттілігін қанағаттандыру үшін АБДИ үйге және офиске арналған үлкен ассортименттік тауарды ұсынады.

Тауар ассортименті 15000-нан  астам құрайды:

- ақ қағазды өнім;

- офиске арналған канцелярлық тауар;

- мектеп ассортименті;

- профиссианалды суретшілерге арналған көркем материалдар;

- компьютерлік аксессуарлар мен шығындар материалдары;

- имидж сувенерлік өнім; тастан, қымбат бағалы металдан және кожадан жасалған тауарлар;

- қосалқы тауарлар;

- мектепке арналған оқулықтар, қазақ тіліндегі әдістемелік оқулықтар;

 

2.2 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның экономикалық көрсеткіштеріне                  талдау

 

Басқаруда және шаруашылық-қаржылық қызметті жоспарлауда экономикалық көрсеткіштер-шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты кызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп-қисаптың мәліметтері пайдаланылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады. Экономикалық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржылық-экономикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржылық қатынастардың элементін бейнелейді.

Компаниялар мен ұйымдар деңгейінде мыналар аса маңызды қаржылық-экономикалық көрсеткіштер болып табылады:

  • өнімді (жұмысты немесе қызметті) өткізуден түсетін табыс; бұл көрсеткіш ақшалай қаражаттардың ауқымын және нысаналы арналым қорлары бойынша оларды одан ары бөлу және пайдалану мүмкіндігін алдын ала анықтайды;
  • шығындардың көрсеткіштері (өткізілген өнімнің өзіндік құны, жалпы шығындардағы шығындардың жекелеген элементтерінің үлес салмағы, кезең шығысы);
  • жалпы табыс; таза табыс (немесе зиян); табыстылықтың (рентабелділіктің) деңгейі; амортизациялық аударымдардың мөлшері;
  • өндірістік және әлеуметтік дамудың шаруашылық есеп қорларының (қорлану, тұтыну, резервтік, валюталық, жөндеу немесе соларға ұқсас қорлардың) көлемі;
  • жабдықтаушылармен, тұтынушылармен, банкпен, бюджетпен, басқа ұйымдармен есеп айырысудың жай-күйінің көрсеткіштері (кредиторлық және дебиторлық берешектер, міндеттемелердің көлемі, бюджет бойынша берешектер және т.б.); акционерлік капиталдың көлемі және дивидендтердің мөлшері; жалгерлік ақы мөлшері:

 

2-кесте –“АБДИ КОМПАНИ” АҚ-ның экономикалық көрсеткіштеріне талдау

 

 №

Көрсеткіштер

Өлшем

       2009

       2010

Ауытқу

бірлігі

(+:-)

%

1    1

Өнімді өткізуден түскен табыс

мың.тг

802456789

750123654

-52333135

93,5

2     2

Өткізілген өнімнің өзіндік  құны

мың.тг

467217646,5

558816893

91599246,53

119,6

3     3

Жалпы табыс

мың.тг

335239142,5

191306761

-143932381,5

57,1

4     4

Кезең шығындары

мың.тг

126600974,9

86291669,28

-40309305,63

68,2

5     5

Негізгі қызметтен түскен табыс

мың.тг

208638167,6

105015091,7

103623075,9

50,3

6     6

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

мың.тг

-27007145,75

147388254,4

174395400,1

 

7     7

Салық салынғанға дейінгі жиынтық табыс

мың.тг

181631021,9

252403346,1

70772324,19

139,0

8     8  

Таза табыс

мың.тг

127143707

176681488,5

49537781,48

139,0

       9

Өнім рентабелділігі

   %

44,65545538

18,79239748

25,8630579

 

Е с к е р т у – [18] “АБДИ КОМПАНИ” АҚ - ның 2009 – 2010 жылдарға арналған экономикалық көрсеткіштер есебі негізінде автор құрастырған


 

Бұл кестеде көріп отырғанымыз «АБДИ КОМПАНИ» АҚ–ның экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау. Мақсаты:ағымдағы жылмен базистегі жылдың көрсеткіштерін салыстыру арқылы , қай жылы АБДИ компаниясы тиімді жұмыс жасағандығын анықтау.

Кестенің негізгі элементтеріне 1-ші номер берілген. Бұл номерлар көрсеткіштердің тізбекті ретін  көрсетеді. 2-ші элемент кәсіпорынға  талдау жасалатын көрсеткіштер. 3-ші элемент базистегі жыл. 4-ші элемент ағымдағы жыл. 5-ші элемент ауытқу көрсеткіші,ағымдағы жылмен базистегі жылды салыстыру арқылы көрсеткіштердің өсуін немесе кемуін анықтау. 6-шы элемент көрсеткіштердің ауытқуын пайыз ретінде көрсетілуі.

Бұл кестеде 1-ші тұрған көрсеткіш  өнімді өткізуден түскен табыс 2009-ші жылы 802456789 теңгені , 2010-шы жылы 750123654 теңгені құрады.2009-ші жылы кәсіпорынның 2010-шы жылға қарағанда тиімді жұмыс атқарғаны көрініп тұр.Ауытқу көрсеткішінде -52333135-ке кеміп тұр, ал пайыздық мөлшері 93,5-ті құрап тұр, себебі ағымдағы жылға қарағанда базистік жылдың табысы көп болып тұр.

2-ші тұрған көрсеткіш  өткізілген өнімнің өзіндік құны. Бұл жерде «АБДИ КОМПАНИ» АҚ - ның ағымдағы жылы қаржылық көрсеткіштері жоғары мәнді көрсетіп тұр. 2009-ші жылғы көрсеткіште 467217646,5 теңгенің сомасы болса 2010-шы жылғы көрсеткіште 588816893 теңгені құрап , ауытқу 91599246,53 теңгені көрсетіп, 119,3 пайызды көрсетті.Яғни, базистегі жылына қарағанда ағымдағы жылы «АБДИ КОМПАНИ» үшін табысты болды деп айтуға болады.

3-ші көрсеткіш жалпы  табыс. Бұл әлі бөлінбеген, міндетті  төлемдер алынбаған жиынтық табыс деп түсінуге болады. Жалпы табысты анықтау үшін өткізілген өнімнің өзіндік құнынан өнімді өткізуден түскен табысты алғанға тең. Жалпы табыс бойынша талдау жасалатын болса келесі сандарды аламыз. 2009- ші жылы 335239142,5 теңге болса, 2010-шы жылы 191306761теңгені құрады да,ауытқу көрсеткіші-143932381,5теңгеге азайып, 57,1пайызды құрап отыр.Ағымдағы көрсеткіштің төмендеп кеткен себебі өткізілген өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы әсер етіп тұр.

4-ші көрсеткіштің, яғни  кезең шығындары осы кездегі шығындарының жиынтығы. 2009-ші жылы126600974,9теңгені, 2010-шы жылы 86291669,28 теңге, ағымдағы көрсеткіш -40309305,63 теңгені,паиыздық көрсеткіш 68,2-ні құрады.

Негізгі қызметтен түскен табысты анықтау үшін , жалпы табыстан кезең шығындарын алып тастағаннан қалған табысты айтамыз.Бұл, тікелей өнім өндіру мен қызмет көрсетуден түскен түсім немесе табыс. 2009-ші жылы -              208638167,6теңгені , 2010-ші жылы 105015091,7 теңгені, ауытқу -103623075,9 теңгені, 50,3 пайызды көрсетеді.2010-шы жылы «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның қызыметі тұрақты түрде төмендегенін көрсетеді. Жалпы табыс ағымдағы жылы кезең шығындарынан үлкен, ал базистік жылы әлде қайда төмен болып тұр, соның себебінен базисті жылы негізгі қызметтен түскен табыс жоғарылауға ұшырап тұр.

6-шы көрсеткіш негізгі  емес қызметтен түскен табыс.Бұл,«АБДИ КОМПАНИ»  АҚ-ның қосымша және жанама қызыметтеріненінен түскен табыстарынан қалыптасады және өнімді өндіру процесіне ешқандай қатынасы

болмайды. Ескере кететін  нәрсе  негізгі емес қызметтен  түскен табыстарға жататындар:

1)Көмекші, қосалқы,  өндірістерінің өнімін, қызметін  өткізуден түскен табыс, алып-сатудан   түскен табыс.

2)Негізгі құралдарды, материялдық емес активтерді  сатудан түскен табыс.

3)Бірлескен кәсіпорынға  қатысу, , құнды қағаздарды сатып-алу,  олардан түскен дивиденттер.

4)Ұзақ мерзімді және  қысқа мерзімді қаржы салымдарынан  түскен және несие беруден  түскен табыс.

5)Мүлікті жалға беруден,  сауда нүктелерін ашудан түскен  табыстарданқұралады.

2009 - шы жылы -27007145,75теңге,  2010-шы жылы 147388254,4 теңге болып, ауытқу көрсеткіші 174395400,1 ге өсіп тұрғанын көреміз. Яғни, 2010-шы жылғы негізгі емес қызметтен түскен табыс мөлшері өте жоғары .  7-ші көрсеткіш салық салынғанға дейінгі жиынтық табыс. Салық салынғанға дейінгі табысты есептеу үшін негізгі қызметтен түскен табыспен , негізгі емес қызметтен түскен табыстан алынған сомаға тең болады. Көрсеткішті талдар болсақ 2009-шы жылғы көрсеткіш бойынша 181631021,9 теңгеге жетсе, ал 2010-шы жылы 252403346,1теңге болып, ағымдағы көрсеткіш мәні 70772324,19-ға жетіп, ауытқу 139,0 пайызды көрсетеді. Негізгі қызыметтен түскен табыс коп мөлшерде болып тұр.

8-ші көрсеткіш таза табыс. Өнімді өткізуден түскен табыстан аламыз өткізілген өнімнің өзіндік құнын, одан шыққан мәні жалпы табыстан аламыз кезең шығындарын , сол кезде шыққан негізгі қызметтен түскен табысты , негізгі емес қызметтен түскен табысқа қосамыз, одан шыққан мәннен аламыз корпаративті табысты, яғни 30 пайызды шегереміз.Осы процестен өткеннен кейін таза табыс мәні шығады. Таза табыс 2009-ші жылы 127143707 теңгені құрайды да,  2010-шы жылы 176681488,5 теңгені беріп, ауытқу мәні 49537781,48теңгеге шығып, 139,0пайызды құрады. 2010-шы жылы «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның өлен жетістіктерге жеткенін көреміз. Таза табыс кәсіпорынның соңғы тапқан табысын сипаттап, акционерлерге дивидент ретінде, акция өлшеріне байланысты бөлініп беріледі.

9-шы көрсеткіш өнім рентабелдігі. Рентабелділік 2005-ші жылы 44,65545538 ді,2006-шы жылы 18,79239748-ді, ауытқу мәні-25,8630579 болды.Өнім рентабелділігі – бұл көрсеткішті есептегенде өндірілген өнімнің және сатылған өнімнің рентабелділігін анықтауға болады. Өндірілген өнім рентабелділігі – таза табыстың өнімнің толық өзіндік құнымен анықталса, сатылған өнімнің рентабелділігі таза табыстың сатылған өнімнің толық өзіндік құнына(сатылған өнімнің өзіндік құны қосылған кезең шығындары). Бұл көрсеткіштің мәні өнімді өндіру мен сату бойынша жұмсалған қаражаттардың әр бір теңгесіне келетін таза табыс мөлшерін көрсетеді.

Информация о работе Фирманың маркетингтік қызметін басқару («АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның мысалында)