Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:31, курсовая работа
Қазақстан Президентінің «Қазақстан – 2030» атты халыққа жолдаған стратегиялық бағдарламасында бейнеленген сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі нарықтың негізгі мақсаты болып табылатындықтан, өндірісті басқару шешімдерін қабылдаудың негізгі принциптері фирмаларды негізгі тұрақты экономикалық өсу басымдылықтарына бағыттайды.
Соңғы он жылдықтағы Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық процестерінің динамикалық өзгерістерімен, саяси және әлеуметтік өрістерде институционалды қайта құрумен, қоғамның өміріндегі экология рөлінің күшеюімен, шетелдермен қатынастың дамуымен ерекшеленіп отыр.
Кіріспе 3
1 Фирманың маркетингтік қызметін басқарудың теориялық 5
негіздері
1.1 Маркетингтің мәні мазмұны 9
1.2 Маркетингтің қағидалары мен тұжырымдамалары
1.3 Фирманың маркетинг қызметін басқару әдістемесі 12
2 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның қызметін маркетингтік талдау
2.1 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның жалпы сипаттамасы 19
2.2 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның негізгі экономикалық 22
көрсеткіштерін талдау
2.3 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның маркетинг қызметін бағалау 29
3 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның маркетинг қызметін жетілдіру
бойынша ұсыныстар
3.1 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның маркетинг қызметін жетілдіру 40
Қорытынды 47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 49
Компанияның қызметінің тиімділігі мен қаржы нәтежиелерінің салыстырмалы сипаттамасын рентабелділік арқылы бағалауға болады. Компания қызыметін талдау кезінде табыстылықтың обсалютты көрсеткіштеріне , олардың қаншалықты тиімді жұмыс істеп отырғанына сипаттай алмаймыз, сондықтан алынған көрсеткіштер ретін, рентабелділік көрсеткіштерімен сипаттау керек.
Қорыта айтқанда жалпы соңғы жылы компанияның экономикалық жағдайы өскенін байқаймыз.
3-кесте –“АБДИ КОМПАНИ” АҚ-ның қаржылық жағдайының сипаттамасы
№ |
Көрсеткіштер |
Формула |
2010 жылы |
2011 жылы |
1 |
Төлем қабілеттілік коэффициенті |
Тқ = Ағымдағы активтер/ қысқа мерзімді міндеттеме |
0,85 |
1,67 |
2 |
Айналым коэффициенті |
Аk=өтк өнімнен түс табыс/ меншік капитал |
0,52 |
0,54 |
3 |
Айналыс коэффициенті |
Ак=өтк өнімнен түскенс табыс/ағымд активтер |
246 |
1,82 |
4 |
Өндіріс рентабельділігі |
Өр = Таза табыс / ОС+ОПС *100% |
14,7 |
18,7 |
Е с к е р т у – “АБДИ КОМПАНИ” АҚ-ның мәліметтері негізінде автор құрастырған |
Демек жалпы компанияның төлем қабілеттілігі 2010 жылға қарағанда біршама жоғарылағанын көреміз. 2011 жылы 0,85 тен 1,67 ге көтерілген. Бұл жақсы көрсеткіш деп есептелінеді. Оған себеп болған өндірістің кеңеюі. Мұнайға 2011 жылы баға көтерілу себебінен айналым коэффициенті 2011 жылы жоғарыласа, ал айналыс коэффициенті болса керісінше төмендегенін көреміз, яғни айналым коэффициенті 0,52 – ден 0,54 – ке жоғарылап, ал айналыс коэффициенті 2,46 – дан 1,82 деген көрсеткішке дейін төмендегенін көреміз [19].
3-сурет – «АБДИ КОМПАНИ» АҚ–ның табыстылығын бағалау
3-ші суретте көрсетілгендей «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның абсолютті көрсеткіші бойынша өнімді өткізуден түскен табыс 43% - ды құраған.Сол өнімді өткізу кезіндегі түскен жалпы табысы 27% - ға тең.Ал негізгі қызметтен түскен табыс 12% - ды көрсетті.Соңғы абсолютті көрсеткіштер бойынша шамамен 9% -ға тең келген көрсеткіштер таза табыс пен салық салынғаннан кейінгі қалыпты қызметтен түскен табыс кіреді.Бұл кестеден «АБДИ КОМПАНИ» АҚ–ның қызметінің және меншікті капитал табыстылығының жоғарылағанын көреміз.
Ал енди 4-ші суретте біз,«АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның барлық көрсеткіштерінің ішіндегі ең жоғары 36% - ын құраған ағымдағы активтердің табыстылығын байқаймыз.Бұл компания үшін өте тиімді көрсеткіштердің бірі болып саналады. «АБДИ КОМПАНИ» АҚ – ның кәсіпорын активтілігінің табыстылығы 15% - ға жоғарлаған.Ұзақ мерзімді активтер табыстылығы да 7% - ды көрсетті.Бірақ сату көлемінің табыстылығы 6% - ға төмендегенін көреміз.Сондай – ақ негізгі қызметтің табыстылығы меншікті капитал табыстылығынан 29% - ға жоғарлағанын байқаймыз [20].
Қорыта айтқанда,екі кестеде де «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның тиімді қызмет атқарғанын байқаймыз.
4-сурет –«АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның салыстырмалы көрсеткіш табыстылығын бағалау
2.3 «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның маркетингтік қызметін бағалау
Маркетинг – кез келген фирманың сауда-өткізу іс-әрекетін зерттейтін, өндіріс процесіне және тауарлар мен қызмет көрсетуді өндірушілерден
тұтынушыларға жылжытуға әсер ететін кешенді шаралар жиынтығы екендігі
белгілі.
Көптеген компаниялар сияқты «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның да маркетингтік қызметті жүзеге асыратын арнайы бөлім бар. Ол – Маркетинг және жарнама бөлімі. Бұл бөлімде 16 адам қызмет істейді. «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның маркетинг және жарнама бөлімінің құрылымы көрсетілген.
Маркетинг және жарнама
бөліміндегі маркетологтар
Ал жоба жетекшілері болса әрбір басылымның жарнама маусымы басталғаннан аяқталғанға дейінгі кезеңдегі барлық жұмыстарды қадағалап отырады. Олар сол басылымның сапасына, уақытылы шығуына, мақсатты аудиториясына жетуіне және сол жоба бойынша жылдық жоспардың орындалуына жауапты болып табылады [21].
«АБДИ КОМПАНИ» АҚ-да маркетингті жоспарлау жүйесі өз деңгейінде қолданылады. Әр жылдың басында жылдық жоспар бекітіледі. Ол жоспарда жылдық күтілімді пайда мен шығын көлемі көрсетіледі. Әр бөлім бойынша мақсаттар мен міндеттер, олардың жүзеге асырылу жолдары мен уақыты бекітіледі.Осы бекітілген жоспар бойынша бөлім басшылары өз қызметкерлерінің жыл бойға атқаратын жұмыстарының бағыттары мен көлемін бекітеді.
Жарнама бойынша мамандар |
Маркетологтар |
Жобаның жетекшісі |
Логистика и транзит жобасының жетекшісі |
Жобасының жетекшісі |
«Алматы» жобасының жетекшісі |
5-сурет – «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның маркетинг және жарнама бөлімінің
«АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның маркетингтік бөлімінің негізгі атқаратын міндеттері төмендегідей:
- нарықтық мүмкіншіліктерді талдау (жаңа нарықтарды ашу, нарыққа
кіруді тереңдете түсу, нарық шекарасын кеңейте түсу, тауар дайындау, диверсификация және маркетингтік мүмкіншіліктерді бағалау);
- компания қызмет көрсететін арнайы нарықтарды таңдау (сұранысты өлшеу және болжау, нарықты сегменттеу, нарықтың мақсатты сегменттерін таңдау, тауарды нарықта позициялау);
- маркетинг кешенін дайындау (тауар, баға, өткізу және ынталандыру);
- маркетингтік шараларды
жүзеге асыру (маркетингтік
- тұтынушылардың
- потенциалды клиенттерді тарту;
Қазақстанда қазіргі таңда кеңсе құралдарын шығаратын фирма жоқ. Қалада канцелярлық тауарлар сататын бір ғана ірі фирма бар. Оның өнімі тұтынушылар үшін қымбатшылық тудырады. Қалада канцелярлық өнімді сатып алу көзі болып арнайы канцелярлық дүкендер, супермаркеттер мен басқа да кішкене дүкендер болып табылады. Бизнес тұтынушылар үшін жоғарғы сапада, қолжетімді бағада әр түрлі нарық сегменттеріне байланысты жоғары стандартты өнім шығарады. Тауарлар оқушыларға, жоғары дәрежелі фирмаларға және қарапайым тұрғындарға арнап шығарылады, мысалы оқушыларға арналған құралдар түрлі түсті суреттермен бейнеленеді және де барлық канцелярлық құралдар инновацияланған үлгіде шығарылады. Осындай жоғарғы үлгідегі өнім шығаруға бәсекелестіктің күшеюі болып табылады. Осы өнімдер тұтынушыларды тиімді бағамен, жеткізумен қамтамасыз етеді. Кәсіпорын көтерме және бөлшек сауда тұрғысынан жұмыс жасайды. Қаланың бөлшек сауда орындарын қажетті өніммен тиісті мерзімде қамтамасыз етеді.
«АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның өз клиенттеріне қызмет көрсетудің мына түрлерін ұсынады:
- компания сайтында интернет-магазин;
- төлем формасының әртүрлілігі мен жеңілдіктер;
- тауарды офиске дейін апару;
- барлық алынған тауарларға кепілдік;
- бірегей баға саясаты т.б.
Компания сатылған тауар сапасына кепілдік береді және оперативті жеткізудің жоғары сапасын ұсынады. Ал ондай кепілдікті болашақта осы нарықта қалатын компаниялар ғана бере алады.
Шығарылатын өнім болып әр түрлі парақтағы дәптерлер,A4,A3,A2 формасындағы қағаздар, қалам, қарындаш, степлер, өшіргіш ,сызғыш, корректор, циркуль,әр түрлі формадағы стикер,фламастер, ұштағыш пен скрепка болып табылады. Өнімнің қолданылуы қызмет көрсету салаларында пайдаланылады.
Жоғары сапада және сапаға
сәйкес бағада болатын өнім шығару
керек. Бәсекелестердің өнімі 80-100 теңге,
ал біздің өніміміз 60-90 теңгеден. Өнімнің
сапасын келесідей қасиеттеріме
Қарындашты ұштағанда сынбауы,фламастердің көп уақытқа дейін сақталуы,өшіргішпен өшіргенде із қалдырмауы,қаламның жақсы жазылуы.
Сапаның басты факторы болып шикізат болып табылады.
Тауардың негізгі сатып алушылары болып қала клиенттері мен бөлшек сатып алушылар табылады. «Березка», «Анвар», «Қаламсап» дүкендері тапсырыс беруде. Сатып алушылардың көп бөлігі жастар болып табылады.
Маркетингтік талдауымызды жинақтай келіп, мынадай қорытынды жасауға болады:
Күшті жақтарымыз:
- шығаратын өнімімізге сұраныс ұсыныстан көп;
- офисіміз қала ортасында орналасқан;
- бұл саладан тәжірибем бар;
- бәсекелестердің аз болуы,
- дайын офис болуы.
Маркетингтік стратегияны жүзеге асыруда мыналар орындалады:
- жобаның қаржылық жоспар концепциясын дайындау;
«АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның маркетинг стратегиясында жарнаманы тиімді пайдалануда.Ақпараттық басылымның өз-өзін жарнамалайтыны жарнама бюджетін анықтағанда ескеріледі. Сондықтан көбінесе басылымдарға жарнама беру бартерлік әдіспен жүргізіледі. Бұл екі жаққа да тиімді болып табылады.
Сонымен қатар, жыл сайын әр түрлі бизнес және сауда орталықтарында промо-акциялар мен ұтыстар өткізіліп отырады. Мұндай шаралар әр түрлі туристік, жарнамалық агентствалармен және басқа да фирмалармен бірлесе отырып өткізіледі.
Маркетингтік зерттеулерді «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның көбінесе өз маркетологтарының күшімен жүргізеді. Зерттеулер негізінен жылына екі рет жүргізіледі.
1.Күз мезгілінде. Бұл – жарнамалық маусым аяқталар кезең. Жыл бойы «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның басылымдарын пайдаланған клиенттерден, басылымдардың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы көп ақпараттар және ұсыныстар жинақтауға мүмкіншілік бар.
2.Көктем мезгілінде. Бұл уақытта жаңа жарнамалық маусым ашылады, сонымен қатар жаңа жылға арналған жаңа басылымдар жарыққа шығады. Яғни, клиенттерде басылымдарды бір көргеннен пайда болған көзқарастар бойынша көптеген ақпараттар жинақтауға мүмкіншілік бар.
Маркетингтік зерттеулер
жарнама берушілер мен
Міне, «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның маркетинг және жарнама бөлімі жоғарыда аталанып кеткен шараларды үнемі жүргізіп отырады. Сонымен қатар, ағымдық пайда болған мәселелер бойынша әр түрлі іс-шаралар өткізіледі. Компания дамуындағы бұл бөлімнің үлесінің зор екендігін түсінетін компания басшылығы, маркетинг және жарнама бөлімінің қызметіне көп көңіл бөледі.
«АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның 2010 жылға арналған жарнама науқанына 120000 АҚШ доллары мөлшерінде бюджет бөлді. Жарнама науқанына жұмсалатын шығынның есебі 4-кестеде келтірілген. Енді сол жарнама науқанының әрбір шарасына тоқталсақ [22].
Теледидардағы жарнама. Теледидардан берілген материалдардың айрықша күші болады, өйткені осы материалда бейне, дыбыс мен мәтін, жеке танысудың барлығы үйлесіп тыңдарманға әсер етеді, осының нәтижесінде материал ақпараттық жағынан сана-сезімге терең ұялайды. Сонымен бірге теледидар ауқымды аудиторияны қамти алады. Имиджді қалыптастыру үшін осы тәсіл өте тиімді. Алайда мұның да бір елеулі кемшілігі жоқ емес. Теледидар мен радио арқылы берілген ақпараттық сигналдардың ерекшелігі – олар тікелей әсер ететін эфир уақыты тым шектеулі. Бейне сана-сезімге ұялап қалу үшін осы материалды жиі қайталап тұруды, осы ақпараттық сигналдың «тығыздығын» ойластыру қажет. Егер қайсыбір хабар бір рет қайталанбаса, онда сигнал қоғамның сана-сезіміне соншалықты әсер етпейді, ол тым жылдам «сөніп қалады».
Информация о работе Фирманың маркетингтік қызметін басқару («АБДИ КОМПАНИ» АҚ-ның мысалында)