Шаруа қожалықтарының бәсекелестігін арттыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 07:11, доклад

Описание работы

Қазақстан Республикасының 2008-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің пайдалылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерінің алға қойылуы оны тәжірибе жүзінде шешудің маңыздылығын айқындайды. Осы мәселені шешудің маңыздылығына орай зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі анықталады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................4
1 ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1.1 Нарықтағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні мен маңызы..................…...............5
1.2 Құс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар.....................8
1.3 Құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау ерекшеліктері.............................................................................................................13
2 «ӨСКЕМЕН ҚҰС ФАБРИКАСЫ» АҚ –НЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ - ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 «Өскемен құс фабрикасы» АҚ -ның өндірістік-экономикалық көрсеткіштерін талдау...............................................................................................17
2.2 «Өскемен құс фабрикасы» АҚ -да өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау........................................................................................................................25
3 ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ ЖОҒАРЫЛАТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Құс шаруашылығында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін өндірісті дамыту........................................................................................................................34
3.2 Құс шаруашылығы өнімдерін өткізуді жетілдіру............................................37
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................………………………………........…....44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................46

Работа содержит 1 файл

Құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маркетингтік аспектілері. курс.doc

— 570.50 Кб (Скачать)

 

Отандық құс шаруашылығы өнімдерінің  шетелден келетін құс етіне қарағанда  бағасы жоғары болып келетіндіктен  бұл көрсеткіш олардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Осыған байланысты «Өскемен құс фабрикасы» АҚ өз өнімдерінің өзіндік құныны төмендетудің жолдарын іздестіргені жөн. Статистикалық мәліметтерді талдау нәтижесінде анықтағанымыздай құс етін өндірудегі шығындар 1668145 мың теңгені құраса, соның ішіндегі материалдық шығындар 1281070 мың теңгені немесе 76,8 %-ды құрап отыр. Енді осы материалдық шығындардың құрамын қарастырып көрелік (13-кесте).

Кестеден көріп отырғанымыздай, материалдық шығындардың құрамында  жем-шөп түрінің шығындары 73,9%-ды құрап отыр. Сондықтан бұл шығындарды төмендету үшін құс шаруашылығы кәсіпорыны өзінің құрамдас жем дайындау бойынша шағын зауытын ашуы керек. Қазіргі уақытта тауықтардың еті сапалы болуы үшін әр түрлі дәрумендер Ресейден және шетелдерден алынады. Олардың басым бөлігін өз елімізде дайындауға шикізаттар жеткілікті бола тұрып, неше есе бағаға сырттан аламыз. Осы мәселе бүкіл құс шаруашылығы деңгейінде шешілуі керек. Екінші орында қосымша бөлшектер мен жөндеу шығындарының үлесі жоғары. Мұның себебі, өндіріс құралдарының физикалық тозуы. Соның салдарынан жөндеу шығындары жоғары болып отыр. Өндірісті жаңа техникамен, негізгі құралдармен жабдықтау өнімнің өзіндік құныны төмендету мүмкіндігін береді, әрі жаңа техникамен өсірілген құс етінің сапасы да сәйкесінше жоғары болып келеді.

Сонымен қатар бәсеке күресінде өндірістің масштабы мен ұйымдастырылу сипаты ерекше маңызға ие. Көптеген жылдар бойғы зерттеулер нәтижесінде өндірістің масштабы өнімнің өзіндік құнынын төмендетудің басты факторы болып табылатындығын білеміз. Өндіріс масштабын жоғарлату жаңа жетілдірілген технологияны енгізуді қажет етеді, сол арқылы өнімнің бағасы арзандап, сапасы жоғарылап, бәсекеге қабілеттілігі артады. «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-да өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін өндірісті дамыту қажет. Өндірісті дамытуда мынадай факторларды қарастыру қажет:

  • өндіріс, машиналар, құрал-жабдықтардың техникалық жағдайын жоғарылату;
  • санитарлық-гигиеналық жағдайды көтеру;
  • өндіріс көлемін жоғарылату;
  • өнімнің өзіндік құнын төмендету;
  • өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Фабрика 70-жылдардың ортасында  құрылған, ғимараттар, машиналар мен  құрал-жабдықтардың басым бөлігі 30 жылдан бері қолданылып келеді. Сондықтан  кәсіпорынға ғимарат, құрылыс, құрал-жабдықтар  мен көлік құралдарын қалпына  келтіру үшін инвестиция қажет.

Санитарлық-гигиеналық жағдайларға  келетін болсақ, құс фабрикасы  өндірісінің тиімділігін жоғарылатуда бұл фактордың маңызы өте зор. Өткен кезеңде құс тұмауы ауруының туындауына байланысты фабрика карантинн болды. Құс тұмауынан басқа да аурулар өндіріс көлемінің тиімділігіне кері ықпалын тигізеді.

 «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ның инкубаторы еңбек сыйымдылығы жоғары өндіріс болып табылады. жұмыртқаны салу және балапандарды алуға байланысты автоматтандырылған құрал-жабдық жоқ болғандықтан қол еңбегін қысқарту мүмкіндігі жоқ. Қазіргі уақытта инкубаторлар жұмысшыларының саны 30%-ды құрайды. Егер жаңа инкубатор салынса олардың санын 12%-ға дейін төмендетуге болады. Ол өз кезегінде әр балапанды өндіруге жұмсалатын шығындарды 0,2 центке дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңа инкубаторда электр энергиясының шығынын да төмендетуге болады. Инкубация үрдісін жетілдіру тәуліктік балапандар сапасын да жоғарылатады.

3.2 Құс шаруашылығы өнімдерін өткізуді жетілдіру

 

Өнеркәсібі дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, нарықтағы кәсіпорынның жетістікке жетуі үшін өндірілген өнімдерді өткізу жүйесін қалыптастырудың маңызы өте жоғары екендігіне көзіміз жетеді [65]. Өнім өз тұтынушысын тауып сатылмайынша оны өндірудің қажеттілігі болмайды. Міне сондықтан маркетингтің аса басты элементтерінің бірі ретінде өткізу желісін құру маңызды болып табылады.

Өткізу желісі немесе өнімді өткізу арналары – түпкі тұтынушының  өнімге қолын жеткізумен айналысатын  өзара байланысты және өзара тәуелді  ұйымдардың жиынтығы.

Құс шаруашылығы өнімдері қолдану ыңғайлылығы және тұтынуға дайын болуы тұрғысынан әр түрлі өнім түрінде өткізіледі. Бройлерлердің басым бөлігі бөлшектелген немесе бүтіндей қатырылған, мұздатылған түрде сауда орындарына жеткізіледі. Өнімдердің әр түрлерде сатылуы тұтынушылар қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға ықпал етеді. Облыста әрекет етуші құс шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындар өз өнімдерін өндіруден өткізуге дейінгі кезеңдерді толығымен өздері атқарады.

Республика бойынша 2008-2010-жылдар аралықтарындағы өткізілген құс етінің көлемін талдайтын болсақ, мәліметтер 14-кестеде берілген.

 

Кесте 14– 2008-2010-ж.ж. сатылған құс етінің көлемі

Жыл

Бөлшек сауда арқылы сатылған құс  еті

көлемі, тонна

сатылу бағасы, теңге

түскен түсім, мың теңге

2008

42143

315

13287844

2009

62543

260

16313364

2010

55456

293

16301045


 

2008-жылы құс етінің 1 кг 315 теңгемен сатылып, одан түскен түсім 13287844 мың теңгені құраған, ал 2009-жылы бөлшек сауда арқылы сатылған құс етінің көлемі 20400 тоннаға жоғарылап (42143 тоннадан 62543 тоннаға), түсім 16313364 мың теңгеге өскен. 2010-жылы 1 кг. құс етінің орташа бағасы 293 теңге болып 55456 тонна құс еті сатылып 16301045 мың теңге түсім түскен.

 

 

 

 

 

Кесте 15 – «Өскемен құс фабрикасы» АҚ Республика бойынша 2008-2010 жылдардағы өнім өткізу көлемі

Сатып алушы

Жылдар 

2008

2009

2010

өткізу көлемі, тонна

үлесі, %

өткізу көлемі, тонна

үлесі, %

сатып алу көлемі, тонна

үлесі, %

«Глобал фуд» ЖШС(Алматы)

1593,2

16,29

1584,2

15,55

1618,5

15,17

«Ай-Фар» ЖШС(Алматы)

1238,2

12,66

549,3

5,39

717,6

6,72

«У-ка Торгсервис»  ЖШС

518,7

5,30

1007,4

9,89

1345,2

12,61

«Береке»  ЖШС (Қарағанды)

466,3

4,77

485,0

4,76

502,3

4,70

«Айран» ЖШС (Алматы)

456,6

4,67

659,9

6,48

709,6

6,65

«Ақатай»  ЖШС (Астана)

318,2

3,25

360,0

3,53

385,7

3,61

«С.О.М.и» ЖШС (Павлодар)

310,1

3,17

257,7

2,53

321,0

3,00

Киздарова А.К. ДК

244,6

2,50

Жанабаев  Т. ДК

204,2

2,09

Богатырев А.В. ДК

176,0

1,80

188,0

1,85

215,2

2,01

Третьяков В.А. ДК

161,3

1,65

«Алта-21 век» ЖШС (Қостанай)

143,6

1,47

343,3

3,37

513,6

4,81

«Консюмер Продуктс ЛТД» ЖШС (Атырау)

138,9

1,42

«Нукар-ПВ»  ЖШС (Павлодар)

127,0

1,30

Алимбекова  К.Н: ДК (Семей)

126,3

1,29

230,6

2,26

255,3

2,39

«Ноян и К» ЖШС (Алматы)

121,6

1,24

118,4

1,16

125,4

1,17

Дуйсенбаев К.Е. ДК (Алматы)

119,5

1,22

Окасов С.Г. ДК (Өскемен)

114,8

1,17

103,4

1,02

112,3

1,05

Соколов Б.А. ДК (Семей)

107,4

1,10

«Каскад LLC» ЖШС (Қостанай)

222,7

2,19

315,4

2,97

Шайзолаев М.Н. ДК (Семей)

172,3

1,69

Алтаев Б.Ж. ДК (Алматы)

   

160,0

1,57

135,1

1,26

Инагембаев А.Н. ДК (Алматы)

115,6

1,14

110,2

1,03

«Азерс» ЖШС (Қарағанды)

103,1

1,01

110,1

1,03

Садыкова Е. ДК (Өскемен)

119,7

1,18

Баутыбетова Д.М. ДК (Өскемен)

164,3

1,61

Салимбаева А.С. ДК (Алматы)

176,2

1,73

61,8

0,58

100000 жуық басқа сатып алушылар

3096,0

31,65

3065,9

30,10

3110,5

29,16

 

9782,5

100,00

10187

100,00

10664,89

100,00


 

Кестеден көріп отырғанымыздай, фабрикада өндірілген өнімнің ең көп мөлшері Алматы қаласында  өткізіледі екен. Мұны Алматы қалысында жүргізілген маркетингтік зерттеулерімізде де байқадық, зерттеу жүргізілген сауда орындарының барлығында «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ның өнімі (бройлер балапанының еті) болды. Құс етіне бүкіл ел көлемінде тұрақты сұраныс бар деуге болады. Өнім жоғары сапалы, диеталық өнім болғандықтан бұқаралық сұраныс тауарына жатады. Қазір әрекет ететін дистрибьюторлық торап республиканың бірнеше аймағын қамтиды деуге болады.

Облыстың өз ішінен басқа аймақтарды есептегенде Алматы қаласының жалпы  өткізу көлеміндегі үлесі 2008-жылы 3529,1 мың кг-ды құраса, 2009-жылы 3248 мың кг-ды құрап 8%-ға кеміген. Оның себептерінің бірі Алматы облысында құс еті нарығында бәсеке күресінің нығаюында, соған байланысты «Өскемен құс фабрикасы» АҚ өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуінде екенін айта кету керек. 2010-жылғы мәліметтерді 2009-жылмен салыстырсақ, 2010-жылы өнім өткізу көлемі Алматы қаласында 3368 мың кг құрап 3,6% жоғарылаған. Алматыдан кейін Қарағанды (4,7%) және Павлодар облыстарының (3,0%) үлестері жоғары болып отыр.

«Өскемен құс фабрикасы» АҚ тұрақты  көтерме  сатып алушылары «Глобал фуд» ЖШС (Алматы), «Ай-Фар» ЖШС(Алматы), «У-Ка Торгсервис» ЖШС, «Береке» ЖШС (Қарағанды), «Айран» ЖШС (Алматы), «Ақатай» ЖШС (Астана), «С.О.М.и» ЖШС (Павлодар), «Алта-21 век» ЖШС (Қостанай), Алимбекова К.Н: ДК (Семей), «Ноян и К» ЖШС (Алматы) болып табылады.

Сурет 6 – «Өскемен құс фабрикасы» АҚ 2008-2010 ж.ж. тұрақты сатып алушыларының өнімді сатып алу көлемі

 

Суреттен көріп отырғанымыздай, тұрақты сатып алушылар ішінде Алматы қаласындағы «Глобал фуд» ЖШС, «Ай-Фар» ЖШС, Өскемен қаласындағы «У-Ка Торгсервис» ЖШС сатып алу көлемдері жоғары.

Кәсіпорынға өндірісті дамыту арқылы өнім өндіру көлемін жоғарылатқанда өнімді өткізу жүйесін жетілдіру  қажеттілігі туындайды. Өткізу арнасы бойынша әріптестерді таңдау кәсіпорынның табыстылығына әсер етеді. Сондықтан кәсіпорынның маркетингтік жоспарына арнадағы қазіргі бар және әлуетті делдалдарды талдауды енгізу керек. Кестедегі мәліметтерден көріп отырғанымыздай кәсіпорынның өнімін сатып алушы кейбір көтерме-делдалдар тұрақты емес.

Өзінің өткізу желісін қалыптастыруда кәсіпорынға мыналарды бағалау керек:

  • мақсатты нарық сегментінің ерекшеліктері және ондағы тұтынушылардың бейінін (әлуетті тұтынушылар саны, олардың сатып алу қабілеті, географиялық орналасуы);
  • өнімнің параметрлерін (орамасы, тасымалдау, сақтау жағдайлары);
  • өнімді өткізу делдалдарының сипаттамаларын;
  • бәсеке күресінің жағдайларын;
  • сыртқы орта ерекшеліктерін.

Өткізу арналарының мөлшері  мен тиімділігіне байланысты құс шаруашылығы кәсіпорынының жалпы айналымы, оның өсу динамикасы, алатын пайдасы анықталады. Сонымен қатар, өндіруші кәсіпорынның өз өнімінің түпкі тұтынушығы жеткізілуін бақылауы да өткізу арналарының ұтымды ұйымдастырылуына байланысты болады.

Қазіргі уақытта «Өскемен құс фабрикасы» АҚ қолданып отырған өткізу арналары төмендегі 7-суретте көрсетілген.

Суреттен көріп отырғанымыздай «Өскемен құс фабрикасы» АҚ өз өнімдерін  тек облыс орталығында өзінің фирмалық дүкендері арқылы тікелей  түпкі тұтынушыға өткізеді. Республиканың қалған аймақтарында бөлшек сауда дилерлері мен көтерме сатып алушы-дистрибьюторлармен жұмыс істейді. Біздің Алматы қаласында жүргізілген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша фабрика өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуына әсер етіп отырған факторлардың бірі – өнімнің бағасы екендігі анықталған. Әрине өнімді кәсіпорын тікелей түпкі тұтынушыға өткізетін болса, оның бағасы неғұрлым төменірек болатын еді. Әдетте өнімді өндірушіден тұтынушыға жеткізгенге дейін арна қатысушылары арасында табыс келесідей бөлінеді:

50% өндірушінің үлесі + 10% дистрибьютордың үлесі + 40% дилердің үлесі = 100% бөлшек баға.

«Өскемен құс фабрикасы» АҚ өндірісін  дамытып, өнімді өндіру көлемін жоғарылатқаннан  кейін, оны өткізу арналарын қайта  қарап, қалыптастыруы қажет болады. Суретте өнім өндірісі жоғарылағанда қолданылуы мүмкін өткізу арналарының ұйымдастырылуы көрсетілген.

 

1) Алматы және Астана қалаларында  өнімді сақтап өткізу қоймаларын  құру, өйткені жүргізілген маркетингтік зерттеулер және кәсіпорын мәліметтерін талдау нәтижесінде бұл қалаларда нарықтың біз қарастырып отырған кәсіпорын үшін терең ашылмағандығы, басым бөлігін бәсекелестер өнімі алатындығы (Алматы қаласы бойынша – 69%, Астанада – 95%) анықталған. Бірақ бұл географиялық аймақтар өнімді дистрибьюторларға тиеу базасын құруға тиімді болып отыр. Егер Алматы қаласында өнімді тиейтін өтпелі база құрылса, барлық сатылатын өнімнің 55%, ал Астана қаласында 25% дистрибьюторларға тиеуге мүмкіндік туады. Сол арқылы өнімді дистрибьюторларға жеткізуді жеңілдетіп, жаңа клиенттерді тартып, фабриканың Орталық, Солтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстандағы позициясы нығаяды.

  1. «Фирмалық дүкендер» желісін құру арқылы Қазақстан қалаларында өнімді жылжыту. Аймақтағы дистрибьюторлармен тұрақты жұмыс істейтін және қарастырып отырған құс фабрикасының өнім ассортименттерінің кең көлемін сатумен айналысатын дүкендер фирмалық дүкен мәртебесін алып, фабриканың әр түрлі қолдау шараларын қолдана алады (дүкен үшін жарнама акциялары, саудалық құрал-жабдықтар және дистрибьюторлар бірінші кезекте қызмет көрсетеді). Мұндай дүкендер желісін құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері де жоқ емес.

Информация о работе Шаруа қожалықтарының бәсекелестігін арттыру