Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 07:11, доклад
Қазақстан Республикасының 2008-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің пайдалылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерінің алға қойылуы оны тәжірибе жүзінде шешудің маңыздылығын айқындайды. Осы мәселені шешудің маңыздылығына орай зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі анықталады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................4
1 ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1.1 Нарықтағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні мен маңызы..................…...............5
1.2 Құс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар.....................8
1.3 Құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау ерекшеліктері.............................................................................................................13
2 «ӨСКЕМЕН ҚҰС ФАБРИКАСЫ» АҚ –НЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ - ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 «Өскемен құс фабрикасы» АҚ -ның өндірістік-экономикалық көрсеткіштерін талдау...............................................................................................17
2.2 «Өскемен құс фабрикасы» АҚ -да өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау........................................................................................................................25
3 ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ ЖОҒАРЫЛАТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Құс шаруашылығында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін өндірісті дамыту........................................................................................................................34
3.2 Құс шаруашылығы өнімдерін өткізуді жетілдіру............................................37
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................………………………………........…....44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................46
«Тауардың бәсекеге қабілеттілігі – тауардың нарық талабына, яғни оның сапалық, техникалық, эстетикалық сипаттамаларының және коммерциялық өткізу жағдайының тұтынушылар талабына сай келуін бейнелейтін экономикалық категория».
Әр анықтаманы алып қарасақ та олар бір-біріне қарама-қайшы келмейді, керісінше бірін –бірі толықтырады. Бірақ оның әр қайсысын толық деп айтуға болмайды. Талдау нәтижесі бойынша бәсекенің мынадай анықтаушы белгілерін атап көрсетуге болады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – өнімнің қарастырылып отырған кезеңдегі нарық талаптарына сәйкес болу қабілеті. Бәсекеге қабілеттілік өнімнің белгілі уақыт сәтінде салыстырмалы бағамен нақты нарықта өтуі үшін қажет және жеткілікті тұтынымдық қасиеттерінің жиынтығы арқылы анықталады. Тұтынымдық қасиеттер – тауардың тұтынушы талабын қанағаттандыруға бағытталған сипаттамалары. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің мақсаты оны нарықта тиімді өткізу арқылы жоғары деңгейде пайда алу болып табылады. Осыған байланысты құс шаруашылығы кәсіпорынының коммерциялық жетістікке жетуінің анықтаушы факторы құс еті мен жұмыртқаның бәсекеге қабілетті болуы. Бәсекеге қабілетті құс шаруашылығы өнімдері тұтынушылардың қалауынша еттің жас-балғындығы, дәмі, бөтен иістің болмауы, экологиялық тазалығы, жылдам пісуі, салмағының 1-1,2 аралығында болуы. Яғни, бәсекеге қабілеттілік өнімнің мақсатты нарық ерекшеліктеріне, нақты тұтынушылардың талғамы мен қалауына, өткізудің кәсіпкерлік шарттарына сәйкестігін білдіретін көп қырлы түсінік. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалауда көрсеткіштердің әр түрлі топтары бөлінеді: олар өнімнің тұтынымдық қасиеттерін, тұтыну құнын және маркетингтік көрсеткіштерді қамтиды.
Сатып алушы құс өнімдерін таңдауда өзара байланысты үш түрлі көрсеткіштер тобын бағалайды десе де болады. Оларға біріншіден, өнімнің тағамдық және емдік сипаттамаларын қамтитын пайдалылық параметрлерін, екіншіден, сатып алушының өз қажеттілігін қанағаттандырудағы шығындарын және үшіншіден, сатып алу туралы соңғы шешім қабылдауда көбінесе шешуші роль атқаратын тұтынушының ішкі эмоционалдық деңгейдегі әсерін жатқызамыз.
Құс шаруашылығындағы бәсекенің дамуына көптеген өзара байланысты факторлар әсер етеді. Ол факторлар өндірістің тиімділігіне ықпал ететін экономикалық, еңбек, материалдық, демографиялық және т.б. факторлар. Осы факторларды анықтап, құс өнімдері нарығындағы болып жатқан құбылыстарды талдау арқылы саладағы бәсекенің даму қарқыны мен ерекшеліктерін біле аламыз.
Қандай да бір өндірістің бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін саланың ерекшеліктерін, оған әсер ететін факторларды зерттеу керек. Бәсекеге қабілеттілік факторларын зерттеп, олардың сәтті әрекет ету жағдайларын анықтаған соң барып, кәсіпорын өзінің даму стартегиясын жасай алады. Күш-жігерін неғұрлым бәсекелік артықшылықтарды дамытуға, қайтарымы мол бағытқа жұмылдырады.
Өнімнің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін факторлардың маңыздылары:
Нарықтағы кез-келген тауар онда қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесіне қарай тексеруден өтеді: әр сатып алушы өзінің жеке қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыратын тауарды сатып алады, ал сатып алушылардың жиынтығы бәсекелес тауарлармен салыстырғанда қоғамдық қажеттіліктерге неғұрлым толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бәсекелестердің өнімдерін өзара салыстыра отырып ғана анықтауға болады.
Бәсеке бәсекелік
Сонымен қатар бәсекелік артықшылықтар әр түрлі саты деңгейінде болып, тауарға, кәсіпорынға, салаға, бүтіндей экономикаға қатысты болуы, бағалық және бағалық емес факторларға негізделуі, ұзақ, орта және қысқа мерзімді болуы, тұрақты және тұрақты емес, ерекше және қайталанатын болуы мүмкін.
Бәсекелік артықшылықтарға нарыққа ену кедергілері ықпал етеді. Нарыққа жаңа бәсекелестердің келуі бәсеке күресін ушықтырып, қорғануға мәжбүр етеді. Қорғаныс шараларының бірі салаға кіру кедергісін қою. Бұл кедергінің деңгейі бірқатар факторлар арқылы анықталады, солардың ішінде бәсекелік артықшылықтарға әсер ететіндері:
Бәсекелік артықшылықтарға ықпал ететіндер:
1. Өнімді тұтынушылардың бәсекелік артықшылықтарға ықпалы. Тұтынушылардың ықпалынан бәсекелестер өнімнің бағасын төмендетуге, өнім сапасын жоғарылатуға ұмтылады. Әр тұтынушылар тобының бәсекелік артықшылықтардың құрылуына ықпалы келесі жағдайларда маңызды болады:
Осы және басқа да жағдайлар тауарлар
нарығында бәсекелік күресті
күшейтеді, соған орай өндірушілер
бәсекелік артықшылықтарға
2. Жабдықтаушылардың бәсекелік артықшылықтарға ықпалы. Бәсекелік күресте жабдықтаушылар жабдықтайтын тауарлары мен көрсететін қызметтерінің сапасы, бағасы арқылы өндірушілерге ықпал етеді. Жабдықтаушылардың бәсекелік артықшылықтарға әсері мынадай жағдайларда күшті болады:
3. Субститут тауарлардың бәсекелік артықшылықтарға ықпалы. Өндіруші өткізетін тауарларды қандай да бір деңгейде ауыстыратын тауарлардың болуы бәсекелік артықшылықтардың қалыптасуына әсері аса зор. Мұндай тауарларға қатысты нарықта бағалық тартымдылық ережесі бар: егер қандай да бір тауарға нарықта баға өссе, онда оны ауыстырушы тауарға сұраныс өседі. Яғни тұтынушылардың талғамы арзан ауыстырушы тауарға қарай өзгеруі мүмкін. Егер нарықта тиімді ауыстырушы тауарлар саны көп болса, ауыстырушы тауарлар өндірісі неғұрлым жоғары болса, ауыстырушы тауар мен оригинал-өнім арасындағы баға айырмашылығы ауыстырушы тауардың пайдасында болса, онда ауыстырушы-тауар жағынан қауіп те жоғары болады.
4. Бәсекелік артықшылықтардың қалыптасуына мемлекеттік саясат элементтерінің ықпалы. Мемлекеттік саясаттың бірқатар маңызды элементтері бәсекелік артықшылықтардың қалыптасуына әсер етеді:
Информация о работе Шаруа қожалықтарының бәсекелестігін арттыру