Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 07:11, доклад
Қазақстан Республикасының 2008-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің пайдалылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерінің алға қойылуы оны тәжірибе жүзінде шешудің маңыздылығын айқындайды. Осы мәселені шешудің маңыздылығына орай зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі анықталады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................4
1 ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1.1 Нарықтағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні мен маңызы..................…...............5
1.2 Құс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар.....................8
1.3 Құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау ерекшеліктері.............................................................................................................13
2 «ӨСКЕМЕН ҚҰС ФАБРИКАСЫ» АҚ –НЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ - ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 «Өскемен құс фабрикасы» АҚ -ның өндірістік-экономикалық көрсеткіштерін талдау...............................................................................................17
2.2 «Өскемен құс фабрикасы» АҚ -да өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау........................................................................................................................25
3 ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ ЖОҒАРЫЛАТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Құс шаруашылығында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін өндірісті дамыту........................................................................................................................34
3.2 Құс шаруашылығы өнімдерін өткізуді жетілдіру............................................37
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................………………………………........…....44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................46
Кесте 8 – «Өскемен құс фабрикасы» АҚ 2001-2010-ж.ж. қаржылық коэффициенттері
Коэффи-циент |
Есептеу формуласы |
Жылдар | |||||
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 | |
Өтеу коэффи-циенті |
Ағымдағы активтер/ ағымдағы міндеттемелер |
1,21 |
1,23 |
1,52 |
1,97 |
2,79 | |
Жедел өтімділік коэффи-циенті |
(Ақша қаражаттары+ ағымдағы дебиторлық берешек)/ ағымдағы міндеттемелер |
0,20 |
0,36 |
0,38 |
0,63 |
1,55 | |
Жұмыс қаражат-тары, мың теңге |
Ағымдағы активтер- ағымдағы міндеттемелер |
74189 |
9496528,22 |
18523516,7 |
34426256,2 |
57485708,0 | |
Қаржы-лық тетік, % |
Ұзақ мерзімдік міндеттемелер/ капитал |
60,71 |
26,47 |
21,63 |
38,19 |
28,92 | |
Қорлар-дың айналым-дылығы, % |
Сатылған
өнімнің өзіндік құны/тауар- |
5,25 |
3,06 |
3,15 |
3,36 |
3,94 | |
Дебитор-лық берешек-тің айналым-дылығы, % |
өнімді сатудан түскен табыс/ дебиторлық берешектің орташа деңгейі |
29,2 |
35,9 |
21,86 |
9,31 |
4,60 |
8-кесте кәсіпорынның қаржылық коэффициенттерінің 2001-2010-ж.ж. өзгеруін көрсетеді. Кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерін өтеу коэффициенті 2001-жылы 1,21 болса, жылдан-жылға жоғарылап 2010-жылы 2,79 құраған, яғни қарастырып отырған кәсіпорынның өзінің ағымдағы міндеттемелерін өтеу қабілеті жоғарылаған. Жедел өтімділік коэффициенті 2001—жылды 2010- жылмен салыстырғанда 0,20-дан 1,55-ке жеткен. Қолданылатын жұмыс қаражаттарының да мөлшері өскен 2001-жылмен салыстырғанда 2010-жылы жұмыс қаражаттары 8 есеге жуық жоғарылаған.
Кәсіпорынның, оның өндіретін өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі 1-тарауда талдап кеткеніміздей, ішкі орта факторларымен қатар сыртқы орта факторларына тәуелді. Сыртқы орта факторлары үнемі өзгерісте болып тұратындықтан оны дер кезінде зерттеп, болжам жасап отыру кәсіпорынға бәсеке күресінде артықшылықтар береді. Сондықтан кәсіпорындар маркетингтік қызметті ұйымдастырып, жүзеге асыруға жете көңіл аударулары керек.
2.2 «Өскемен құс фабрикасы» АҚ -да өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
Нарықтық экономикада тауардың коммерциялық жетістікке жетуінде оның бәсекеге қабілеттілігі шешуші фактор болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік түсінігі кең аспектілі: тауардың нарық шарттарына, тұтынушылар талғамына сәйкестігін білдіреді. Яғни, бәсекеге қабілетті тауар сапалық, техникалық, эстетикалық сипаттамалары және сонымен бірге өткізу шарттары (баға, жеткізілу мерзімі, өткізу тораптары, сервис, жарнама) бойынша нарық талаптарын қанағаттандыруы керек. Құс шаруашылығы өнімі оның тұтынымдық қасиеттері, белгілері, сипаттамаларымен қатар, сатып алушылардың қалауымен сипатталады. Өндірілген өнім нарықта сұранысқа ие болуы үшін сатып алушының қалауына сәйкес келетін бірқатар параметрлерге ие болуы керек.
Құс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін маркетингтік бағалауда көрсеткіштерді үш топқа біріктіруге болады.
Осыған байланысты маркетинг бойынша мамандар сатып алушылардың құс өнімдеріне деген талғам-талаптарын, қалауларын біліп отырулары қажет. Құс шаруашылығы өнімі тұтынушының қалауына сәйкес келуі үшін оның өндірісі, өңделуі және өткізілуіне қатысты мәселелер қарастырылып, шешілуі керек. Бұл жерде соңғы ұсынылатын өнімнің тұтынушының сол мезеттегі қажеттіліктерін қаншалықты қанағаттандыра алатындығы ғана шешуші роль атқарады. Тұтынушының қажеттіліктері әркелкі болуы мүмкін: кулинарлық тағамдар әзірлеу, диеталық тағамдарға қажеттілік, тез әзірленетін тағамдарға қажеттілік жәнет.б. сонымен қатар, тұтынушының қажеттіліктері өзгермелі сипаттқа ие екендігі ескерілуі керек, олардың талғам-талаптары жыл ағымында бірнеше рет өзгеруі мүмкін. Сондықтан құс шаруашылығы кәсіпорыны сатып алушының қажеттіліктеріне сәйкес өндірісін бейімдеп, жедел жауап қайтаруға дайын болуы керек.
Енді осы көрсеткіштерді ескере отырып құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үрдісін құрамыз. Ол үрдіс бірнеше кезеңді қамтиды. 4-суретте құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үрдісі көрсетілген. Нарық жағдайында кез келген әрекет ең бірінші маркетингтік зерттеулер жүргізуден басталады.
5-суретте көріп отырғанымыздай, құс шаруашылығы нарығына кешенді зерттеу жүргізуде бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін тікелей факторлар зерттеледі: Олар нақты бәсекелестер, біздің зерттеу объектіміздің нақты бәсекелестері 8-кестеде келтірілген. Одан кейін нақты және әлуетті тұтынушыларға зерттеу жүргіземіз. Ол кезде маркетингтің пікір сұрау әдістерін қолданған тиімді. Біз зерттеу жұмысымызда қарастырылып отырған объектінің бәсекеге қабілеттілігін анықтау мақсатында Өскемен және Алматы қалаларында тұтынушылардан сауалнама алуды жүргіздік. Сауалнама қалалардағы құс етін сату орындарында жүргізілді.
Отандық өндірушілер мен импортерлар арасында өнім өндірісі және өткізу жүйесінде бәсекенің нығаюы ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардан негізгі күш-жігерді отандық нарықта жайғасымды ұстап қалуға жұмылдыруды талап етеді. Әсіресе бұл мәселе шетел өндірушілерімен қатаң бәсеке жағдайында әрекет етуші құс фабрикалары үшін өзекті болып отыр. Барлық уақытта да кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің басты материалдық көрсеткіш өндірілетін өнім болып келеді. Өнімнің коммерциялық сипаттамалары және бәсекелестің дәл сондай өнімінің сипаттамаларынан артықшылығы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын орталық кезең болып табылады. Сондықтан өндірілген өнімді бағалау бәсекеге қабілеттілікті анықтауда маңызды орын алады.
Тұтынушылардың пікірін, бәсекелестердің стратегиясын анықтағаннан кейін тікелей өз өніміміздің осы тұтынушылар пікіріне сәйкестігін, бәсекелестер алдындағы артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау үшін талдау жүргіземіз. Бұл жерде өнімнің сапа көрсеткіштері, баға деңгейі және маркетингтік көрсеткіштері талданады. Құс етіне қатысты бұл көрсеткіштердің тобын жоғарыда айтып кеттік. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің үш тобын талдау арқылы бәсекеге қабілеттілік деңгейі анықталады. Сол анықталған деңгей бойынша өнімнің бәсекеге қабілеттілігі туралы қорытынды жасалады. Жасалған қорытындыға сәйкес маркетингтік шаралар кешенін құрып жүзеге асырамыз.
Құс шаруашылығы өнімдерінің
Сауалнаманың міндеттері мынадай болды:
Отандық құс шаруашылығы өнімдерін
өндірушілер өнімдерінің
«Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ның
облыстағы негізгі
Зерттеу барысында құс еті өнімдері мен жұмыртқаны тұтынатын 400 респонденттен сауалнама алынды. Облыстағы құс өнімдері сатылатын арнайы сауда орындарында жүргізілген бақылау нәтижесінде аймақтық нарықта негізі «Өскемен құс фабрикасы» АҚ (бройлерлік бағыттағы ірі кәсіпорын), «Черемшанка құс фабрикасы» ЖШС, «Семей құс» ЖШС өнімдері және АҚШ-тан келетін құс еті сатылатындығы анықталды.
Кесте 9 – «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ның бәсекелестері
Фирманың атауы |
Өнімінің атауы |
Басқа да мәліметтер |
«Семей құс» АҚ |
1- категориялы бройлер балапаны |
Сату көлемі жылына орта есеппен 800 тонна, өнім ШҚО аймағында сатылады |
«Ижевское» өндірістік кооперативі |
1-кат. бройлер балапаны 2-кат. бройлер балапаны жартылай ішек-қарны тазартылған тауықтар үйректер |
Сату көлемі жылына орташа есеппен 1500 тонна. Өнім Алматы және Астана қалаларында сатылады. |
«Алматы құс» АҚ |
1-кат. бройлер балапаны сорпалық жиынтық балапанның тартылған еті филе, қанаттар, мойындар сан еттері,бауыр, асқазан |
Сату көлемі жылына орташа 15 мың тонна. Алматы қаласы нарықтарында әрекет етеді. |
«Руби Роз Агрикол»ЖШС |
1-кат. бройлер балапаны |
Сату көлемі жылына орташа 5000 тонна. Алматы қаласы нарықтарында әрекет етеді. |
«Бент» АҚ |
Толық тазартылған тауық еті Жартылай тазартылған тауық еті 1-кат. сорпалық жиынтық 2-кат. сорпалық жиынтық балапанның тартылған еті филе, қанаттар, мойындар сан еттері, бауыр, асқазан |
Сату көлемі жылына орташа есеппен 3000 тонна. Өткізу Алматы қаласы нарықтарында, сатып алу көлеміне байланысты шегерімдер береді |
«Казрус» ЖШС |
«Дукс», «Тайсон», «Плигрим» сан еттері, тауық сосискалары |
Сату көлемі жылына 3000 тонна. Сату республиканың барлық аймақтарында жүргізіледі. |
Басқа елдер мен Ресейден келетін өнімдер |
Тауықтың сан еттері, 1-кат. бройлер балапандары |
«Кездейсоқ» сатулар, сату көлемі жылына 200 тонна. Өткізу Алматы қаласы және ҚР-ның солтүстік аймақтары |
Өскемен қаласындағы сауда тораптарында жұмыртқаны ұсынушылар «Черемшанка құс фабрикасы» ЖШС, «Семей құс» ЖШС.
Тұтынушылардың облыста әрекет
ететін өндірушілерге деген талғамы
сауалнамадағы «Сіз қай құс фабрикасының
өнімін қалайсыз?» және «Неліктен
Сізге дәл осы өндірушінің
өнімі ұнайды?» деген
Әр түрлі құс шаруашылығы
кәсіпорындары өнімдерінің
«Тауық етін сатып алуда Сіз үшін қандай фактор неғұрлым маңызды: баға ма, әлде сапа ма?» деген сұраққа жауап алуда сұралғандардың басым бөлігі (78,3%) сапа маңызды деген пікірді ұстанатындықтарын білдірді. Ал 21,7% құс етін таңдауда бағаға назар аударады екен. Сауалнамаға қатысушылардың 89% құс етінің бағасы тым жоғары деген пікір білдірді, ал 83,2% жұмыртқаға да қатысты осындай пікірде екен.
Информация о работе Шаруа қожалықтарының бәсекелестігін арттыру