Шаруа қожалықтарының бәсекелестігін арттыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 07:11, доклад

Описание работы

Қазақстан Республикасының 2008-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің пайдалылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерінің алға қойылуы оны тәжірибе жүзінде шешудің маңыздылығын айқындайды. Осы мәселені шешудің маңыздылығына орай зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі анықталады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................4
1 ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1.1 Нарықтағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні мен маңызы..................…...............5
1.2 Құс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар.....................8
1.3 Құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау ерекшеліктері.............................................................................................................13
2 «ӨСКЕМЕН ҚҰС ФАБРИКАСЫ» АҚ –НЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ - ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 «Өскемен құс фабрикасы» АҚ -ның өндірістік-экономикалық көрсеткіштерін талдау...............................................................................................17
2.2 «Өскемен құс фабрикасы» АҚ -да өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау........................................................................................................................25
3 ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ ЖОҒАРЫЛАТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Құс шаруашылығында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін өндірісті дамыту........................................................................................................................34
3.2 Құс шаруашылығы өнімдерін өткізуді жетілдіру............................................37
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................………………………………........…....44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................46

Работа содержит 1 файл

Құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маркетингтік аспектілері. курс.doc

— 570.50 Кб (Скачать)

Тұтынушылардың өнімге деген талғамын анықтайтын басты фактор сапа болып  табылатындықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін құрайтын бірден-бір  фактор ретінде сапа деңгейін неғұрлым терең зерттеу керек. Сол мақсатта сауалнаманың тағы бір міндеті құс еті мен жұмыртқаның тұтынушылар үшін маңызды болып табылатын сапа көрсеткіштерін анықтау болды. Осыған байланысты сауалнамадағы «Сіздің көзқарасыңыз бойынша «сапалы құс еті» және «сапалы жұмыртқа түсініктері» нені білдіреді?» деген ашық сұраққа алынған жауап варианттары талданды. «Сапалы тауық жұмыртқасы» деген түсінік респонденттердің 76,7% бікірі бойынша біріншіден – жас, екіншіден көлемінің ірілігі, үшіншіден сарысы ашық түсті дегенді білдіреді. Сонымен қатар, көлемі біркелкі, сарысында қан түйіршіктері болмауы керек, сыртқы қабығы зақымсыз жұмыртқа сапалы деген пікірлер білдірді.

Сапалы құс еті респонденттердің басым бөлігінің ойы бойынша  ең алдымен өнімнің жас болуында. Негізгі сипаттамалар ішінде келесі органолептикалық көрсеткіштер көрсетілді: нәзік дәм (28,5%), бөтен иістің болмауы (8,9%). Респонденттердің 31% өнімнің экологиялық тазалығы сапаның аса маңызды факторы деп көрсетті. 15,7% - өнімнің сыртқы тартымдылығына тоқтала кеткен жөн деген ой білдірді. Сонымен бірге, бөтен иістің болмауы, таза өңделуі, тез дайындау мүмкіндігі де  өнім сапасын құраушылар болып табылатындығы жайлы пікір білдірді. Құс еті сапасын құрайтын келесі көрсеткіштер негізінде тұтынушылар бес балдық шкала бойынша бағалау жүргізді: жас ет, дәм, сыртқы көрініс, даярлау жеңілдігі, экологиялық тазалығы. Бағалау «Өскемен құс фабрикасы» АҚ өнімі мен АҚШ-тан әкелінетін тауық сандарына сапа көрсеткіштерінің әр құраушысы бойынша жүргізілді. Отандық өнімдер жас (4,02) және дәм (4,10) бойынша респонденттердің жоғары бағасын алды, ал импорттық ет  жастығы бойынша респонденттердің 3,1, ал дәм бойынша 3,4 деген бағасын алды. Отандық өнім бағалау көрсеткіштерінің екеуі бойынша импорттан қалыс қалды: сыртқы көрініс және даярлау жеңілдігі. Респонденттердің басымы құс еті нәзік, нәрлі, қош иісті және міндетті түрде жұмсақ болуы керек деген пікір білдірді. Тартымды орама ретінде вакуумдық орама аталды. Өнім респонденттердің қалауы бойынша оралған түрде 1,0-1,5 кг. болып сатылғаны дұрыс. Баға деңгейі 1 кг. құс еті үшін 200-250 теңге аралығында неғұрлым тиімді болып табылды. Респонденттердің бір бөлігі құс еті  арнайы дәм беретін специялармен және тағамды дайындау рецептімен болса деген тілек білдірді.

Зерттеу нәтижесін талдай келе сауалнамадағы  респонденттердің аймақтық өндірушілерге  деген тілектері ескеріліп келесідей қорытындыға келдік:

  • неғұрлым тиімді баға саясатын жүргізу (респонденттердің басым бөлігі тұрақты баға саясатын ұстану керек десе, біразы оны төмендету қажет деген ой білдірген);
  • әр түрлі жарнама түрлерін қолдану;
  • өнім көлемін жоғарлату;
  • құс етінен жартылай фабрикаттар дайындау есебінен өндірілетін өнім ассортиментін кеңейту;
  • фирмалық ораманы жетілдіру;
  • қаланың шалғай аудандарында сауда тораптарын ашу.

Зерттеу нәтижелерін негізге ала  отырып құс фабрикалары тұтынушылар  сұранысын талдап, сәйкес шешімдер қабылдап, өндіріс көлемін, өнім ассортиментін жаңартып, өнім сапасын жоғарлату шараларын қарастырады.

«Өскемен құс фабрикасы» АҚ өндірген өнімінің басты көлемін аймақтарда, соның ішінде Алматы қаласы нарығында  сату көлемі жоғары болғандықтан, фабрика өнімінің бәсекеге қабілеттілігін, тұтынушылардың өнімге талғам-талабын анықтау мақсатында 2011 жылы Алматы қаласында құс етін сатып алушыларға маркетингтік зерттеу жүргіздік. Зерттеу нәтижелері бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындалды.

 «Өскемен құс фабрикасы» АҚ өнімінің бәсекеге қабілеттілігін анықтауды мақсат етіп қойған біздің маркетингтік зерттеулеріміз Алматы қаласындағы халық көп жиналатын базарларда сатып алушылар арасында сауалнама тарату және сатушылардан пікір сұрау арқылы жүргізілді. Сауалнама жүргізу үрдісінде құс өнімдері нарығын және тұрғындардың көлемін қамту міндетін қойдық.

«Өскемен құс фабрикасы» АҚ еттік  бағытағы кәсіпорын болып табылатындықтан  зертеулерімізде жұмыртқа қарастырылмады. «Құс етіне тұтынушылардың талабын  анықтау» деп аталатын сауалнама жасалды. Сауалнамада көпшілікке түсінікті, әрі қысқа да нұсқа болуы үшін тұтынушылардың өнімге қоятын талаптарына қатысты 8 сұрақ және демографиялық мәліметтерді қамтитын сұрақтар болды (Қосымша А).

Бірнеше жыл қатарынан құс етін сатумен айналысатын сатушылардың айтуынша «Өскемен құс фабрикасы» АҚ өнімінің нарыққа басқа да көптеген өндірушілердің өз ұсыныстарымен енуіне байланысты соңғы екі жыл ішінде бәсекеге қабілеттілігі төмендеген. Яғни «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ы нарықтағы өзгерістерге байланысты дер кезінде жедел жауап қайтаруға дайын болмай шыққан. Бұл біздің пікірімізше, нарықтағы жағдайды біліп, алдын ала болжам жасап отыруға мүмкіндік беретін маркетингтік зерттеулердің жүргізілмеуінен және нарықтағы өзгерістерге сәйкес дұрыс ойластырылған маркетингтік іс шаралардың жүргізілмеуінен екендігін 10-кестедегі мәліметтерден көреміз.

 

Кесте 10 – Құс етінің бәсекеге қабілеттілігін эксперттік бағалау

Критерийлер

Маңыздылы

ғы 

(1-5)

«Өскемен құс фабрикасының»  еті

«Алматықұс» АҚ өнімі

«Руби Роз Агрикол» ЖШС

Эксперттік бағалау

(1-10)

2*3

Эксперттік бағалау

(1-10)

2*5

Эксперттік бағалау 

(1-10)

2*7

 Сауда маркасы

5

9,5

47,5

8,7

43,5

8,7

43,5

Еттің жас-балғындығы

4,9

9,3

45,6

9,2

45,0

9,9

48,5

Экологиялық тазалығы

4,83

9

43,5

9

43,5

9,5

45,9

Бөлшек бағасы

4,3

8

34,4

9,9

42,6

9,3

39,9

Дайындау жылдамдығы

4,0

7,5

30

8,9

35,6

9

38

Тауар туралы ақпараттың болуы

3,9

8,5

33,15

8,8

34,3

8,5

35,1

Ораманың тартымдылығы

3,7

8,7

32,2

8,8

32,6

 

31,5

Қорытынды

   

266,4

 

277,1

 

282,4


 

11-кестедегі бағалауды да эксперттер жүргізеді. Мұндай бағалауды жүргізу үшін бәсекелес кәсіпорындардың маркетингтік қызметіне қатысты ақпараттар жиналады. Бағалаудың шынайылығы бәсекелестер жайлы ақпараттың дәлдігіне байланысты.

 

Кесте 11 – «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ның маркетингтік қызметін бағалау

 

Компания маркетингінің  бәсекеге қабілеттілігінің факторлары

Зерттеліп отырған компания үшін факторды баллмен бағалау (1-5)

Бәсекелес фирмалар үшін факторларды бағалау

«Алматықұс» АҚ өнімі

«Руби Роз Агрикол»ЖШС

Маркетингтік зерттеулер

3

4

4,5

Тауарды жасау және өндіруді басқару

4,8

4,5

4,5

Өткізуді басқару

4

4,5

4,5

Өнімді жылжытуды басқару

3

3

4,8

Қорытынды

14,8

16

18,3


 

Кестеден көріп отырғанымыздай, бағаланған құс шаруашылығы кәсіпорындарының маркетингтік қызметі ішінде «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ның маркетингтік қызметі тағы да бәсекеге қабілеттілігі ең төмен болып отыр.

Бұдан Алматы қаласы құс өнімдері нарығындағы Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ның жалпы бәсекеге қабілеттілігі  төмен деген қорытындыға келдік. Осыған байланысты Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ы бәсекеге қабілеттілікті жоғарлататын көрсеткіштер тобына қатысты шаралар кешенін жүргізуі керек.

Сонымен қатар жоғарыда айтқанымыздай, бәсекеге қабілеттілікті бағалауда  құс өнімдері нарығының сыйымдылығы мен құс шаруашылығы кәсіпорынының нарықтағы үлесін ескеруіміз керек. Шығыс қазақстан облысындағы және жалпы республикамыздағы құс өнімдері нарығының сыйымдылығын 1.2-бөлімдегі 1-формула арқылы есептейік.

Құс етін тұтыну нормасы адам басына медициналық норма бойынша жылына 10 кг. дедік. Шығыс Қазақстан облысындағы  халық саны  соңғы статистикалық  мәлімет бойынша 1462105 адам, сонда  облыстағы нарық сыйымдылығы : Нс=1462105*10=14621050 кг немесе 14621 тонна құс етін құрайды. Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ның нарықтағы үлесін 1.2-бөлімдегі 2-формуламен есептейік: 2009 жылы сатуға сойылған құс етінің көлемі 41,3 тонна (республикалық статистикалық агенттіктің мәліметтері негізінде) болса, соның ішінде «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ның өткізген өнім көлемі 10,206 тоннаны құрайды. Бұдан кәсіпорынның құс өнімдері нарығындағы үлесі 24,7% (10,206/41,3) екендігін анықтаймыз.

Жалпы құс шаруашылығы өнімдерінің  бәсекеге қабілеттілігін маркетингтік бағалау нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысы құс шаруашылығы кәсіпорындары, соның ішінде «Өскемен құс фабрикасы» АҚ өнімінің бәсекеге қабілеттілігі төмен екендігін көрдік. Осыған орай, бүгінгі таңда отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігі аса өзекті мәселе болып отырғандықтан өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату жолдарын қарастырып, тиісті іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды ғылыми негіздеу зерттеу жұмысымыздың келесі тарауында қарастырылады.

 

3 ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ  ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ ЖОҒАРЛАТУДЫҢ НЕГІЗГІ  БАҒЫТТАРЫ

3.1 Құс шаруашылығында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін өндірісті дамыту

 

Қазіргі уақытта құс етімен отандық  нарықтың қанығуы, оның сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері аса маңызды болып отыр. Республиканың құс етімен қамтамасыз етілу деңгейі төмен. Сондықтан тұтынушылардың құс етіне сұранысы импорт есебінен қамтамасыз етіліп отыр.

 

Кесте 12 – 2008-2010 ж.ж. құс еті өндірісі, импорты және экспортын талдау

 

Көрсеткіш

Жылдар 

2008

2009

2010

саны, мың тонна

нарық сыйымды-лығындағы үлесі, %

саны, мың тонна

нарық сыйымды-лығындағы үлесі, %

саны, мың тонна

нарық сыйымды-лығындағы үлесі, %

Отандық өндіріс

38,4

40,1

41,3

33,8

46,4

29,2

Импорт 

57,4

60,0

80,7

66,1

112,4

70,8

Экспорт

0,085

0,08

0,040

0,03

0,15

0,1

Нарық сыйымдылығы

 

95,72

 

100

 

122,0

 

100

 

158,65

 

100


 

Талдауларымыз көрсеткендей, Қазақстан  құс еті бойынша импортқа тәуелді  болып отыр. Импорттың үлесі 2000-жылғы 38,1% салыстырғанда 2010-жылы 70,8% құраған. Арзан құс етімен жабдықтаушы АҚШ (1 тоннасы 550,3 доллар) және Бразилия (тоннасы 620,9 доллар) болып отыр. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, өндіруші елдер өткізу нарықтарын іздестіріп, мемлекеттің қолдауымен оны демпингтік баға бойынша сатады. Төлем қабілеттілігі төмен сұранысқа байланысты арзан құс еті бүгінгі күні өз тұтынушысын тауып отыр. Алыс шетелден арзан бағамен келетін құс еті ішкі нарықта жоғары нарықтық бағамен сатылады. Бағадағы айырмашылық 2,2 есеге жетеді. Алынған пайда көтерме делдалдардың қалтасында қалады.

Бұл жағдайды шешуде ішкі нарықты  отандық құс етімен қамтамасыз ету үшін бройлерлер өсіретін аймақтарды дамыту қажет. Ауыл Шаруашылығы Министрлігі жүргізген бағалауға сүйенсек, мұндай аймақтарға Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары жатады екен, бұл аймақтарда өндірістің мамандандырылуы мен тиімділігі жоғары деңгейімен сипатталады, мамандандырылу коэффициенті сәйкесінше – 3,40 және 4,05, ал өндіріс тиімділігінің индексі – 1,0 және 1,16.

Жалпы алғанда құс шаруашылығы  кәсіпорындары ұсынатын барлық өнімдерді  бәсекеге қабілеттілігіне байланысты шартты түрде төрт топқа бөліп қарастыруға болады: бәсекеге қабілеттілігі жоғары, жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті, бәсекеге қабілеттілігі төмен және бәсекеге қабілетті емес.

Бәсекеге қабілеттілігі жоғары құс шаруашылығы өнімі – құс  өнімдері нарығындағы басқа сол сияқты өнімдерден көптеген  көрсеткіштері жағынан басым келетін өнім. Мұндай өнімге тұтынушылардың сұранысы жоғары болып келеді. Құс шаруашылығы кәсіпорындары бұл кезде өнімнің бағасын көтеру арқылы пайдасын жоғарылата алады.

Бәсекеге қабілеттілігі жеткілікті деңгейдегі өнімге де аймақтағы құс өнімдері нарығында сұраныс жоғары болып келеді. Мұндай өнімді өткізуде сонымен қатар, сатып алушыларға баға, жарнама, сервистік қызмет арқылы ықпал етуге болады.

Бәсекеге қабілеттілігі төмен  құс шаруашылығы өнімінің әдетте, тұтынымдық қасиеттері төмен болады. Соған байланысты сатып алушылардың сұранысы да төмен болады. Құс шаруашылығы кәсіпорыны нарықтағы өз позициясын ұстап қалу үшін мұндай өнімнің бағасын төмендетіп, қосымша маркетингтік ынталандыруларды ойластыруы керек.

Бәсекеге қабілетсіз өнімнің нарықта  өз сатып алушысын табуы қиын, табылған күннің өзінде өнім өте төмен бағамен  ғана өтеді. Өнімі бәсекеге қабілетсіз болған жағдайда кәсіпорын өз қызметін, соның ішінде әсіресе, маркетингтік бағдарламасын қайта құрып өнімнің сапалық, құндық, маркетингтік көрсеткіштерін жоғарлатуы керек немесе нарыққа жаңа өнім жасап ұсынуы қажет.

 

Кесте 13 – «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ғы 2010 жылғы құс етін өндірудегі материалдық шығындардың құрамы

 

Материалдық шығындардың құрамы

Құс еті өндірісінің шығындары, мың теңге

Шығын түрінің жалпы материалдық  шығындар құрамындағы үлесі, %

Жем-шөп

947396

73,9

Отын

86428

6,7

Электр энергиясы

33606

2,6

Суға төленетін шығындар

18855

1,5

Қосымша бөлшектер, жөндеу

185652

14,5

Құрылыс материалдары

-

-

Қызметтер мен жұмыстарға төленетін  ақы

9133

0,7

Барлығы

1281070

100

Информация о работе Шаруа қожалықтарының бәсекелестігін арттыру