Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 07:11, доклад
Қазақстан Республикасының 2008-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің пайдалылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерінің алға қойылуы оны тәжірибе жүзінде шешудің маңыздылығын айқындайды. Осы мәселені шешудің маңыздылығына орай зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі анықталады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................4
1 ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1.1 Нарықтағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні мен маңызы..................…...............5
1.2 Құс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар.....................8
1.3 Құс шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау ерекшеліктері.............................................................................................................13
2 «ӨСКЕМЕН ҚҰС ФАБРИКАСЫ» АҚ –НЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ - ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 «Өскемен құс фабрикасы» АҚ -ның өндірістік-экономикалық көрсеткіштерін талдау...............................................................................................17
2.2 «Өскемен құс фабрикасы» АҚ -да өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау........................................................................................................................25
3 ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ ЖОҒАРЫЛАТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Құс шаруашылығында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін өндірісті дамыту........................................................................................................................34
3.2 Құс шаруашылығы өнімдерін өткізуді жетілдіру............................................37
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................………………………………........…....44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................46
Бәсекелік артықшылықтарға тоқталған себебіміз, бәсекелік артықшылықтарсыз бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу мүмкін еместігінен. Бәсекеге қабілеттілікті зерттеуде оның әр түрлі сатылық деңгейде болатынын айта кету керек. Бірақ олар бір-біріне тәуелді болып келеді. Кеңірек тоқталатын болсақ, тауар жасап өткізудегі артықшылықтар тауардың бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Ал бәсекеге қабілетті тауар өндіруді басқарудағы артықшылықтар компанияның бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Компаниялар мен олардың өзара әрекеті жүйесіндегі бәсекелік артықшылықтар саланың бәсекеге қабілеттілігін білдіреді. Бүкіл қоғамдық-экономикалық жағдайлардағы артықшылықтар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. 3-суретте бәсекеге қабілеттіліктің сатылық құрылымы көрсетілген. Сатылық құрылымның төменгі деңгейіндегі өнімнің бәсекеге қабілеттілігі қалғандарының бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуына тікелей әсер ететін болғандықтан, мұқият зерттеуді талап етеді.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі бір жағынан оның сапасы, техникалық деңгейі, тұтынымдық қасиеттерімен анықталса, екінші жағынан компанияның маркетингтік қызметі яғни кәсіпорынның беделі, сервистік қызмет көрсетуі, жарнама қызмеі деңгейімен анықталады. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің себептерін өнімді жасау, өткізу үрдісін тиімді басқару салдарынан болатын жекелеген қасиеттерінің бәсекелік артықшылықтарынан іздеу керек.
Бәсекелік күрес жағдайында кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін зерттеп, бағалап отыру нарықты зерттеу үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде қабылданып, үнемі жүргізіліп отыруы керек. Бәсекелестерді зерттеу – нарықты зерттеудің аса маңызды компоненттерінің бірі. Бәсекелестерге жүйелі, кешенді зерттеу жүргізбейтін компанияның қызметін маркетингке бағытталған деуге болмайды.
Бәсекелестерді зерттеу, бәсекенің қатаңдық дәрежесін зерттеу дегеніміз бүтіндей нарықтағы, оның сегменттеріндегі және аймақтардағы негізгі бәсекелес фирмаларды анықтау, олардың өндірісті ұйымдастыру, басқарудағы мықты және әлсіз жақтарын анықтау, кәсіпорынның өзінің бәсеке күресіндегі артықшылықтарын (баға бойынша, сапа, өнімнің техникалық деңгейі, сырт көрінісі, қолданудағы ыңғайлылығы, экологиялық тазалығы және т.б.) бағалауға байланысты. Осының барлығы SWOT – талдау түсінігінде біріктіріледі.
Бұл талдаудың негізінде
Кәсіпорын немесе фирманың бәсекеге қабілеттілігі – бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, өткізу арқылы нақты нарықта сәтті әрекет жасай алу қабілеті. Жоғарыда айтқанымыздай, Гарвардтық бизнес мектебінің профессоры М. Портер компанияның нарықтағы жағдайы мен тиімді әрекет етуіне бес түрлі факторлар тобы неғұрлым көп әсер ететінін анықтаған. Осы факторлардың өзара әрекеті кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату үрдісін құрайды:
М.Портердің зерттеуінде бәсеке күресінде артықшылыққа жетуге мүмкіндік беретін үш бизнес стратегиясы анықталған:
Сурет 1 – М. Портердің бәсекеге қабілеттілікке әсер етуші факторлар моделі.
Бәсекелестерді зерттеуде соным
Бүгінгі таңда аз дегенде үш міндетті шешу арқылы ғана бәсекелестікті арттыруға жетуге болады:
Бұл нәтижеге жету үшін икемді өндіріс, бәсекелестер әрекетіне жедел жауап, инновациялық белсенділік және өнім ассортиментін кеңейтуді ұштастыратын стратегия қажет.
Кәсіпорын тәжірибеде барлық бәсекеге қабілеттілік факторларын есепке алу үшін мыналарды анықтауы қажет:
Мықты және әлсіз жақтарды талдауда төмендегі мәселелер шешіледі:
Сурет 2 – Бәсекелестерді зерттеу
«Бәсекелестен асып түсу» ұмтылысындағы нақты мақсаттарға байланысты әртүрлі тәсілдерді қолдануға болады:
Бәсекеге қабілеттілікті жоғарлату бойынша іс-әрекет жоспарын дайындау функционалдық картаны құрудан басталады. Бұл әдістің мәні «4Р» тұжырымдамасын нарықты сегменттеумен ұштастыруда жатыр. Бәсекеге қабілеттіліктің жекелеген факторларының тұтынушылар үшін маңыздылығын эксперттік бағалау негізінде біріншіден нарықтың мақсатты сегментін таңдап алуға болады, екіншіден бәсекеге қабілеттілікті жоғарлату бойынша іс-әрекет жоспарын дайындауда басым бағыттар анықталады, үшіншіден, тұтынушылар қажеттілігін неғұрлым жоғары деңгейде қанағаттандыру үшін өнімнің қандай параметрлерін жақсарту керектігі анықталады.
Функционалдық карта әдісі. Мақсаты: өнімді нарықтың қай сегментінде ұсынған дұрыс болатынын анықтау.
Қолданылу сферасы: нарыққа жаңа өнім шығарғанда немесе өткізудің жаңа аймағына шыққанда қолданылады.
Әдістің мәні: нарықтың негізгі сегменттеріндегі бәсекелестердің және өз кәсіпорыны өнімінің негізгі сипаттамаларын (5-7 сипаттама) бағалау (баға 1 ден 5-ке дейінгі аралықта қойылады). Рангілеу көрсеткіштері бір кестеде жасалады, жолдарда бәсекеге қабілеттілік факторлары, тік бағандарда нарық сегменттері және бәсекелес өнімдер орналастырылады.
2 «Өскемен құс фабрикасы» АҚ –ның ШАРУАШЫЛЫқ - өндірістік қызметін талдау
2.1 «Өскемен құс фабрикасы» АҚ -ның өндірістік-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Құс фабрикалары технологиялық операциялары нақты бөлінген, тар мамандандырылған құс өсірумен айналысатын кәсіпорындар болып табылады Ауыл шаруашылық малын өсіру кәсіпорындары құрылымында құс фабрикалары есебінен құстың үлесі 62,8 %. Қазіргі уақытта облыста 6 құс фабрикасы бар. Оның екеуі жұмыртқа алу бағытында, төртеуі – еттік (бройлерлік) бағыттағы кәсіпорындар. Құс фабрикалары ірі өндіріс орталықтарына жақын орналасқан: 3- Глубокий ауданында, 1 – Ұлан ауданында, 2 – Семейде. Басшылыққа «Ардагер» ЖШС-нің келуімен облыста екі құс фабрикасының – компанияның құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік қызметі қайта іске қосылған. Олар «Прииртыш бройлерлік құс фабрикасы» АҚ және «Предгорное құс фабрикасы» ЖШС. Бұл фабрикаларда өндіріс қуаттары толық қайта құрылған. «Предгорное құс фабрикасына» «Росс – 308» еттік кроссының бір тәуліктік аналық үйірі сатып алынып жеткізіліп тұрады, бұл тұқым өнімділігінің жоғарылығымен және жем-шөп шығындарының төмен болуымен сипатталады.
Кесте 1 – Шығыс Қазақстан облысындағы құс фабрикалары
Құс фабрикасының аталуы |
Қызмет бағыты |
Орналасқан жері |
Қазіргі жағдайы |
«Черемшанка плюс құс фабрикасы» ЖШС |
Жұмыртқа өндірісі |
Глубокое ауданы |
Кәсіпорын толық қуатпен жұмыс істейді |
«Черемшанка бройлер» ЖШС |
Құс еті өндірісі |
Глубокое ауданы |
Цехтары қалпына келтірілуде, жұмысы уақытша тоқтатылған |
«Предгорное құс фабрикасы» АҚ |
Құс еті өндірісі |
Глубокое ауданы |
Кәсіпорын толық қуатпен жұмыс істейді |
«Өскемен құс фабрикасы» АҚ |
Құс еті мен құс еті өнімдері өндірісі |
Ұлан ауданы |
Кәсіпорын толық қуатпен жұмыс істейді |
«Прииртыш бройлерлік құс фабрикасы» ЖШС |
Құс еті өндірісі |
Семей қаласы |
Кәсіпорын толық қуатпен жұмыс істейді |
«Семей құс» АҚ |
Жұмыртқа өндірісі |
Семей қаласы |
Кәсіпорын толық қуатпен жұмыс істейді |
Сонымен қатар, «Предгорное құс фабрикасы» «Прииртыш бройлерлік құс фабрикасына» инкубациялық жұмыртқа жеткізіп тұрады, ол облыстың Семей аймағында құс еті өндірісін 3-4 мың тоннаға өсіруге мүмкіндік береді.
1-кестеден көріп
Сойылған салмағы бойынша
2-кестеден көріп отырғанымыздай, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ 2011-жылы өндірілген бройлер еті 2010-жылмен салыстырғанда 5,3% немесе 615 тоннаға кеміген. «Прииртыш бройлер фабрикасы» ЖШС бройлер етінің өндірісі 2011-жылы 15,9% немесе 403 тоннаға жоғарылаған.
Кесте 2 – Шығыс Қазақстан облысы құс фабрикаларындағы 2010-2011 жылдардағы ет өндірісінің көлемі (тонна)
Құс фабрикасының аталуы |
Тірі салмағы бойынша |
Сойылған салмағы бойынша | ||||
2010 ж. |
2011 ж. |
2011-ж. 2010-ж салыстыр-ғанда, % |
2010 ж. |
2011*ж. |
2011-ж. 2010-ж салыстыр-ғанда, % | |
«Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШС-і |
3203 |
3700 |
115,5 |
2531 |
2934 |
115,9 |
«Өскемен құс фабрикасы» АҚ-ы |
14264 |
13469 |
94,4 |
11489 |
10874 |
94,6 |
«Предгорное құс фабрикасы» АҚ-ы |
64,1 |
106,6 |
166,3 |
49,6 |
74,6 |
150,4 |
Барлық бройлерлік құс фабрикалары бойынша |
17531,1 |
17275,6 |
98,5 |
14069,6 |
13882,6 |
98,7 |
Барлық жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары бойынша |
705 |
827 |
117,3 |
521 |
612 |
117,4 |
Тұрғындар шаруашылығы |
1647 |
1480 |
89,8 |
570 |
922,9 |
161,9 |
Барлығы облыс бойынша |
19883,1 |
19582,6 |
98,4 |
15160,6 |
15417,5 |
101,7 |
Информация о работе Шаруа қожалықтарының бәсекелестігін арттыру