Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 09:47, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікке салық салудың маңыздылығы мен механизмін, салық жүйесінің кәсіпорынның тиімділігіне әсерін талдау және кәсіпорынның тиімділігін арттыру мақсатында салық жүйесін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Міндеттері:
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерліктің даму тенденциясын қарастыру;
кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу - мемлекеттік реттеудің негізі ретінде;
кәсіпкерлік қызметке салық салуды есептеу және төлеу принциптері;
кәсіпкерлік қызметке салық салуды жетілдіру бағыттары.
кәсiпкерлiк қызметтi дамытудағы салық жүйесінің кейбір мәселелердiң шешу жолдарын айқындау.
Кіріспе……………………………………………………………………. 3
1 Салық жүйесінің кәсіпорынды басқару тиімділігіне әсерінің теориялық негіздері
1.1 Салық жүйесінің кәсіпорынның сыртқы ортасы негізіндегі экономикалық мәні және мазмұны……………………….....................
5
1.2 Қазақстан кәсіпорындарындағы салық салу ерекшеліктері………….. 10
2 Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне салық жүйесінің әсерін талдау
2.1 Кәсіпорын мен нарықтық экономиканы байланыстырушы сфера ретіндегі салық жүйесі қызметіне талдау жасау…………………….....
17
2.2 Нарық жағдайында кәсіпорынды тиімді басқаруды ұйымдастыру….. 21
3 Кәсіпорындарда салық салуды жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпорынның салық жүйесінің оның қызметіне тиімділігіне әсері тұрғысынан стратегиясын таңдау………………………………………
27
3.2 Салықтық жоспарлау жүйесіндегі басқарушылық шешімдерді оптимизациялау……………………………………………………….....
29
Қорытынды……………………………………………………………..... 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі………
Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады.
Төртінші топқа кәсіпорынның басқару және қаржылық есеп мәліметтері бойынша ішкі ақпарат көздерінен қалыптасқан көрсеткіштер жатады.
Бұл топтың көрсеткіштер жүйесі қаржылық менеджментің ақпараттық базасының негізін құрайды. Осы көрсеткіштер жүйесінде талдау, болжау, жоспарлау және кәсіпорынның қаржы қызметінің барлық бағыттары бойынша жедел басқарушылық шешімдер қабылдау жүргізіледі.
Бұл топтың көрсеткіштерінің артықшылығы болып қалыптасуының тұрақтылығы, сенімділігінің жоғары деңгейі (сенімділік қорытылған қаржы көрсеткіштерімен және қаржы есеп беруінің сәйкесті статусымен анықталады) табылады.
Қаржылық есепке алу көрсеткіштері оның негізіне сүйенетін қаржы көрсеткіштеріне және қаржылық есеп беруге бағытталады. Қаржылық есеп берушілік өзінің бағыты - нарықтық қаржы өркениетті инфрақұрылымын қалыптастыруға көмек беру. Кәсіпорын қаржы ресурстарының тиімді көзі нарық болуы тиіс, кәсіпорын мен нарықтың өзара тиімді әрекет қызметін орындауы қажет.
Кәсіпорынның қаржы есеп берушілік көрсеткіштерінің шеңбері негізінен екі топты, кәсіпорын қызметіне мүддені тікелей және жанама түрлерін қамтиды. Бірінші топқа төмендегілер жатады:
Қаржылық
есеп берушілік көрсеткіштерінің екінші
тобы - кәсіпорын қызметіне мүдделі емес,
бірақ келісім-шарт бойынша есеп берушілік
көрсеткіштерінің бірінші тобының мүдделерін
қорғауы тиіс тұлғалар. Бұлар: аудиторлар,
кеңесшілер, қаржы сараптамашылары, БАҚ,
кәсіподақтар, қоғамдастықтар.
3 Кәсіпорындарда салық салуды жетілдіру жолдары |
3.1 Кәсіпорынның салық жүйесінің оның қызметіне тиімділігіне әсері тұрғысынан стратегиясын таңдау |
Дамыған елдердiң тәжiрибесi шағын және орта бизнес экономиканың даму қарқынын арттыра түсетiнiн көрсетедi. АҚШ-да барлық жұмыс күшiнiң 50%-н іскерлікпен айналысатындар құрайды. Iшкi өнiмнiң 33% шағын және орта бизнес үлесiнде. Жапонияда жұмыс күшiнiң 80% шағын және орта бизнеспен шұғылданады және жалпы өнiмнiң 55% үлесiн алып отыр. АҚШ-да шағын және орта бизнес ғылыми зерттеу жұмыстарының 3% ғана жүзеге асырса да, өндiрiске енгiзiлетiн iрi жаңалықтардың экономикадағы елеулi үлесi 50% құрайды. [18]
Қазақстанда бүгiнгi күнi кіші және орта кәсіпкерлдік бастан кешiрiп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын және орта бизнес субъектілірінің саны өсiп келедi. Дегенмен өсiм соншалықты жоғары да емес, небәрi 3% бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi кезде іскерлік Қазақстанның бүгiнгi экономикасында лайықты орын алуда.
Кіші
кәсiпорындардың соңғы жылдары
күрт ұлғаюы жаңа нарықтық құрылымның
қалыптаса бастағандығының
Заңды түрде тiркелiп, мерзiмiнде жұмыс iстеген кіші кәсiпорындардың басты көпшiлiгi Алматы қаласында орналасқан.
Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын қарастырсақ, шағын кәсіпкерлікпен айналысатын әрбiр үшiншi адам сауда жүйесiнде, әрбiр бесiншi - өнеркәсiптiк өндiрiсте, әрбiр алтыншысы құрылыста еңбек етедi. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың саны жағынан алғанда сауда саласында олардың 36,1%, өнеркәсiптiк өндiрiс орындарында 21,2 % iстейдi, қалғандары түрлi қызмет көрсетумен айналысады . Бұл деректiрдiн сауда iсi әлi де басым екендiгiнде, салалық құрылымдарда өндiрiс көлемi әлi де өзгере қоймағанын көруге болады. Шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамту және фирмалар санының өсуi - негiзiнен коммерциялық кәсiпорындар есебiнен толығып , жалпы алғанда баяу өседi.
Шағын
және орта бизнестi дамыту жөнiндегi
ақпаратты талдағанда агроөнеркәсiптiк
кешендегi шағын және орта бизнес
қазiргi уақытта елiмiздiң
Шағын кеәсіпкерлік, әсiресе агроөнеркәсiптiк өндiрiс саласында мықты дамуы тиiс. Өткен жылдары ауыл шаруашылық шикiзатының басым бөлiгi республикадан тыс жерлерге тасымалданып, сол жерлерде өнделiп , дайын өнiм сапасы төмендедi, шығынға жол берiлдi.
Бүгiнгi таңда шағын және орта бизнес экономикасының ерекше бөлiгi ретiнде нақты жұмыс iстеп, даму үстiнде деп сенiммен айтуға болады. Ал шағын және орта бизнес Қазақстанды дағдарыстан алып шығатын локомотивтiң нақ өзi.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелi кезеңiнде экономикада іскерлік қызмет даму үстiнде. Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын және орта бизнес рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек.
Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтiң мемлекет тарапында және экономика өмiрiнде атқаратын рөлiнiң ұшан теңiз екенi дәлелдеудi қажет етпейдi. Қазiр дамыған өркениеттi елдердiң қайсысын алып қарасақ та, шағын және орта кәсіпкерліктi дамыта отырып, айтарлықтай жоғары дәрежеге жеткенi баршаға мәлiм.
Бүгiнгi
Республикамызда экономиканы
Нарықтың дамып, кеңеюі кәсіпкерлік қызметке айтарлықтай тәуелдi болады. Әсiресе, шағын және орта бизнес нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын және орта бизнес арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге болады. Шағын және орта бизнестi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiн жұмыспен қамту, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Қаржыгерлердiң III Конгресiнде ҚР-ның Елбасы Н.Ә. Назарбаев ҚР-ның Үкiметiне және ҚР-ның Ұлттық Банкiне индустриялдық саясат шеңберiнде приоритеттiк маңызы бар салаларды нақты анықтауды және оларды қаржыландыру механизмiн дамытуды тапсырғаны белгiлi. Әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк сұрақтарды шешуде шағын және орта бизнестің ерекше роль атқаратындығы белгiлi. Мiне осы шағын және орта бизнестiң дамуына әсер ететiн факторлардың бiрi сәйкес қаржылық қызметтер секторының дамуы болып табылады. Себебi, көптеген кәсiпорындар үшiн маңызды мәселелердiң бiрi қосымша ақша қаражаттарының көзiн iздестiру болып табылатындығы белгiлi.
Осы сегментке тән сипаттық белгiлердiң бiрi кіші кәсiпорындарды қаржыландыру күрделi қаржылық салымдардың неғұрлым тәуекелдiгi жоғары түрi болып табылатындығы. Осындай қаржылық инвестициялардың тәуекелдiлiгiнiң жоғарылығы кіші кәсiпорындар үшiн банктерден берiлетiн несиелердiң бағасы мен мерзiмiне де әсерiн тигiзедi. Ал лизингтiк қатынастар осындай тығырықтан шығудың бiр жолы болып табылады, себебi лизингтiк қатынастар кезiнде несие беру үшiн қажеттi қамтамасыз ету мөлшерiне қойылатын талаптар банктiк несиелерге қарағанда салыстырмалы түрде төмен.
Жоғарыдағы экономикалық өсу анықтамаларына тоқтала келе экономикалық өсуге шағын және орта бизнестің қосар үлесі айтарлықтай маңызды, өйткені іскерлік немесе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық өсудің нақты факторы болып табылады.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелi кезеңiнде экономикада іскерлік қызмет даму үстiнде. Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын және орта бизнес рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек. Сонда ғана олардың шығарған товарлары мен қызметтерi бәсекеқабiлетiне ие болады. Бiрақ бүгiнде отандық кәсiпорындардың инновациялық қызметi мардымсыз болып, соның салдарынан отандық товарлардың бәсекеқабiлетi әлсiз екенi белгiлi.
Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамаасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек.
Сондай-ақ
елiмiздiң ғылыми және ғылыми-техникалық
мүмкiншiлiгi жоғары деп айтуға болады.
Қазiргi таңда елiмiзде 350-ден астам
ғылыми, тәжiрибелiк және құрастырушылық
ұйымдар бар. 5 Ұлттық ғылыми орталық, 150
жоғары оқу орындары қызмет көрсетуде
[18].
3.2 Салықтық
жоспарлау жүйесіндегі
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің қызметін қолдау мен жандандыру мақсатында 2008 жылдан бастап 9 айға шағын кәсіпкерлік субъектілерін салықтық тексеруге мораторій енгізілген болатын. Құжатта көрсетілгендей мораторий жасау кезеңінде қарсы тексеру, хронометражды тексерілім, сон дай-ақ тексерулерді прокуратура органдарының тиісті актісі қылмыстық іс қозғау, салық төлеушілердің өтініштері немесе шағымдары болған жағдайда жүргізілуі мүмкін. Индустрия және сауда министрлігінің деректері бойынша қазіргі уақытта елімізде 418 мың шағын және орта кәсіпорындар бар. Бұларда 1 миллионнан аса адам жұмыс істейді . Ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша осы шаруашылық жүргізуші субъектілер жалпы сомасы 460 млрд. теңге кіріс алып, мұның 52 млрд. Теңгесі салықтар түрінде бюджетке аударылған. Қазіргі кезде жалпы ішкі өнімнің 17 %-ті экономиканың осы секторының үлесіне тиеді.
Шағын бизнес саласындағы заңнаманың келелі мәселелерін шешу Алматыда шағын бизнес саласындағы заңнаманың келелі мәселелері жөнінде конференция болып өтті. Әділет органдары 2007 жылдың 10 айы ішінде айқындаған тіркелмеген және жарияланбаған нормативтік құқықтық актілер бойынша ақпарат тілде тиек етілді. “Бір терезе” қағидатын (шағын бизнес субъектілерін бір рәсім шегінде 10 күн мерізімінде тіркеу) енгізуді көздейтін заң жобасы алға тартылды. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістермен толықтырулар енгізу және шағын бизнес мәселелерін реттейтін жаңа нормативтік құқықтық актілер қабылдау, кәсіпкерлік қызмет үшін кедергілер келтіретін актілерді жою жөніндегі ұсыныстар қаралды. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Бас прокуратура, Индустрия және сауда министрлігі мен Кәсіпкерлердің форумы шағын бизнесті қолдау мәселелері жөніндегі өз ара ынтымақтастық туралы мәмілеге қол қойды.
Қайта қаржыландыру ставкасы төмендетілді. Қазақстанның Ұлттық Банкі 2007 жылдың 18 қарашасынан бастап қайта қаржыландыру ставкасын жылдық 8 % -тен 7,5 %-ке дейін төмендетті. Қазақстандағы инфляция 2006 жылдың қыркүйегіндегі 0,1 %-пен және қазанындағы 0,7% салыстырғанда 2007 жылдың қазанында 0,6% боды. 2007 жылдың қантар -қазанында инфляция 23002 жылдың қыркұйегіндегі 3,5 % -пен және қазанындағы 4,5 % салыстырғанда 4,1 % болды.
Қаржы ресурстарының басым бөлігінің мемлекет қрамағына өтуі кәсіпорындардың дербес болуына кедергі болады. Нарықтық экономикада қаржы ресуртсарын шоғырландыру деңгейі қоғамның әлеуметтік бағытталынуына байланысты. Мемлекеттегі әлеуметтік қорғау деңгейі соғұрлым мемлекеттің әлеуметтік шығындарды қаржыландыру үшін де көп қаржы керек.
Ал мемлекеттік бюджеттің негізгі кіріс көзі салықтар екені бәрімізге мәлім. Салықтық реттеу процесі салық салудың оңтайлы деңгейін анықтаумен байланысты.
Салық ставкаларын өзгерту арқылы өндірістегі шағын және орта бизнестің даму барысында әсер етуге болатынын зерттеу барысында байқалып отыр. Салық ставкаларын салықтық реттеу құралы ретінде пайдалану барысында оның нақты кезеңдегі салық ставкалары мен түсімдерімен өзара байланысын, өндіріс қарқынына, кәсіпкерлік деңгейіне тигізетін ықпалын басты назарда ұстау шарт.
Информация о работе Салық жүйесінің кәсіпорынды басқару тиімділігіне әсері