Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 09:47, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікке салық салудың маңыздылығы мен механизмін, салық жүйесінің кәсіпорынның тиімділігіне әсерін талдау және кәсіпорынның тиімділігін арттыру мақсатында салық жүйесін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Міндеттері:
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерліктің даму тенденциясын қарастыру;
кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу - мемлекеттік реттеудің негізі ретінде;
кәсіпкерлік қызметке салық салуды есептеу және төлеу принциптері;
кәсіпкерлік қызметке салық салуды жетілдіру бағыттары.
кәсiпкерлiк қызметтi дамытудағы салық жүйесінің кейбір мәселелердiң шешу жолдарын айқындау.
Кіріспе……………………………………………………………………. 3
1 Салық жүйесінің кәсіпорынды басқару тиімділігіне әсерінің теориялық негіздері
1.1 Салық жүйесінің кәсіпорынның сыртқы ортасы негізіндегі экономикалық мәні және мазмұны……………………….....................
5
1.2 Қазақстан кәсіпорындарындағы салық салу ерекшеліктері………….. 10
2 Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне салық жүйесінің әсерін талдау
2.1 Кәсіпорын мен нарықтық экономиканы байланыстырушы сфера ретіндегі салық жүйесі қызметіне талдау жасау…………………….....
17
2.2 Нарық жағдайында кәсіпорынды тиімді басқаруды ұйымдастыру….. 21
3 Кәсіпорындарда салық салуды жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпорынның салық жүйесінің оның қызметіне тиімділігіне әсері тұрғысынан стратегиясын таңдау………………………………………
27
3.2 Салықтық жоспарлау жүйесіндегі басқарушылық шешімдерді оптимизациялау……………………………………………………….....
29
Қорытынды……………………………………………………………..... 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі………
Тоқсандық табысы | Ставкасы |
3000,0 мың теңгеге дейін қоса алғанда | Табыс сомасының 3%-ы |
3000,0 мың теңгеден жоғары-10 000, 0 мың теңгені қоса | 90,0 мың теңге + 3000,0 теңгеден асатын табыс сомасынан 4% |
10 000,0 теңгеден жоғары-18 000,0 мың теңгені қоса | 370,0 мың теңге +10 000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 5% |
18 000,0 теңгеден жоғары | 770,0 мың теңге +18000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 7% |
Салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне кешкен кезде әлеуметтік корпорациялық салық немесе жеке табыс салағын төлеу және олар бойынша есептілікті тпасыру жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Оңайлатылған декларация тоқсан сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей салық органына табыс етіледі.
Оңайлатылған
декларация бойынша есептеген салықты
бюджетке төлеу жеке табыс слығаы және
әлеуметтік салық түрінде бірбей үлеспен
есепті салық кезеңінен кейінгі айдың
15-нен кешіктірмейтін мерзімде жүргізіледі.
2.2
Нарық жағдайында кәсіпорынды
тиімді басқаруды ұйымдастыру
Қазақстанда нарықтық экономика барған сайын үлкен қарқын алуда. Онымен бірге шаруашылық процесті реттеудің негізгі маханизімі ретінде бәсекелестік те күш алуда. Бәсеке қабілеттелік кәсіпорынға, акционерлік қоғамға, кез келген шаруашылық субъектісіне капиталдың қозғалысын дұрыс басқару мен ондағы қаржы ресурстарының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді.
Қаржылық қатынастар келесі негіздерден пайда болады:
Қаржылық менеджмент немесе қаржылық ресурстарды және қатынастарды басқару шаруашылық субъектісінің бәсекелестік қабілетінің көтеруі мақсатында қаржы саласында нарықтық механизмді реттеудің нысандары мен тәсілдерін, қағидаларын, әдістерін қамтиды.
Жалпы қаржы менеджментi қаржыны басқарудың тиiстi элементтерiн – ақпаратты, жоспарлауды, ұйымдастыруды, реттеудi, бақылауды және бағалауды iске асырады. Қаржы менеджментiн жүзеге асырудың шарты -нарықтық ортаның болуы болып табылады. Бұл орта бағалардың еркiн жүйесi, тауар мен қызметтердiң нарығымен қатар еңбек, капиталдар, өндiрiс құрал-жабдықтарының жұмыс iстеуi, корпорациялардың қызметiн мемлекеттiк реттеудегi заңнамалық реттеудегi кәсiпкерлiк қызметтi коммерциялық есеп негiзiнде жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Ірі бизнестегі қаржыны басқару үшін қаржылық бизнес саласында арнайы дайындықтағы мамандар - қаржылық менеджерлер (қаржылық директорлар) қажет. Қаржылық менеджмент теориясын біле тұра менеджмент негіздері, қаржылық менеджер тәжірибе жинақтай отырып, бизнестің негізгі тұлғасы болады. Қазақстанда әлемдік дамудың жалпы экономикалық процестеріне тартылуымен қамтылған терең экономикалық өзгерістер болды. Экономиканы басқарудың бұрынғы механизмін түбегейлі қайта құруы жүріп жатыр.
Қаржыларды басқарудың кез келген жүйесін қызмет етуі құқықтық және нормативтік қамтамасыз етудің шеңберінде жүзеге асырылады. Оған президенттің заңдары, бұйрықтары, үкіметтің қаулылары, министрлер мен ведомстволардың бұйрықтары мен нұсқаулары, лицензиялар, жарғылық құжаттар, нормалар, инструкциялар, әдістемелік көрсеткіштер жатады.
Кәсіпорынның қаржылық сыныптамасында қаржы менеджментiн келесi кезеңдердiң дәйектi ауысымы ретiнде сипаттауға болады:
Қаржы менеджментiнiң маңызды аспектiсi - кәсiпорынның қаржылық жай-күйiн талдау болып табылады. Бұл кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын (рентабельдiлiктi, төлем қабiлетiн, несиелердi өтеу деңгейiн), оның нарықтағы жағдайын (бәсекеге қабiлеттiлiгiн) сипаттау үшiн қажеттi. Талдаудағы қажеттi ақпараттар бухгалтерлiк баланста, қаржы шаруашылығы нәтижелерi туралы есепте (пайда және зияндар туралы есепте), ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте болады.
Сөйтiп, қаржы менеджментi кәсiпорынның қаржылық қамтамасыз етiлуiнің тактикасы мен стратегиясы ретiнде қаржының тиiмдi iс-әрекет етуiнiң мақсаттары үшiн оның ағымдарын басқаруға мүмкiндiк бередi. Корпорацияның қаржы саясатында қаржы менеджментiнiң жалпы мақсатты нұсқамасы – экономикалық дамудың iшкi және сыртқы факторларын есепке алу негiзiнде корпорацияның нарықта тең қаржы саясатын жүзеге асыруы болып табылады.
Өз
кезегiнде қаржы саясаты
Корпорацияның меншiктi капиталының жеткiлiктi көлемi (60%-дан жоғары) және ақша түсiмдерiнiң оң сальдосы (ақшаның шығысынан кiрiсi жоғары) болған жағдайда қосымша ақша ресурстарын тартуға және қаржы нарығындағы орнын тұрақтандыруға ынталы болады.
Сонымен қатар кәсіпорынның қаржы стратегиясы ұзақ мерзiмде кең көлемде коммерциялық даму мiндеттерiн қарастырады, яғни стратегия кәсіпорын дамуының альтернативтiк жолдарын талдайды. Осы мақсатқа жету үшiн кәсіпорынның қаржы бөлiмi жоспарлауды, болжауды, тәжiрибелердi қаарстырып, олардың тиiмдi нұсқасын iздейдi.
Қаржы саясатында стратегия мен тактика әрдайым бiр-бiрiмен тығыз байланыста болады. Бұл – кәсіпорынның қабылдаған стратегиясының болашақтағы тиiмдi даму бағытын көрсетсе, ал қаржылық тактикалар сол мақсатқа жетудiң әр түрлi жолдарын қарастырады.
Кәсіпорын iшiлiк қаржылық жоспарлау өз кезегiнде келесiдей құжатттардан тұрады:
Қаржылық анализ келесi тараулардан тұрады:
Осылайша кәсіпорынның қаржы саясатының басты екi мiндетi: қаржының тұрақты өтiмдiлiгiн сақтау және максималды пайда табу болып табылады.
Кәсіпорынның қаржы саясаты стратегиялық және тактикалық мiндеттердi мақсатты түрде iске асыруға бағытталады. Мысалы, нарықтағы кәсіпорын тауарының өтiмдiлiгiн көбейту немесе сұранысты өсiру активтер мен меншiк капиталдарының пайдалылығы мен рентабельдiлiгiн арттыру, баланстық төлем қабiлетiн және өнiмдiлiгін сақтау, акционерлер жағдайын жақсарту және инвестициялық климатты жақсарту болып табылады.
Экономикалық ортаның тұрақсыздығы инвестициялық қарқынды, төлем қабiлеттiлiгiнiң дағдарысы кезiндегi нарықтағы қызмет етiп отырған кәсіпорындардың өмiр сүруі және банкротқа ұшырамауы үшiн тырысып бағады. Жалпы кәсіпорынның қаржылық саясатын келесi бағыттарға топтастыруға болады:
Осы үш негiзгi бағыт арқылы көрiнiс табатын қаржылық саясат және стратегиялық мiндеттер келесiлер болып табылады:
Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент тиімділігі көп жағдайда пайдаланылатын ақпараттармен анықталады. Өз кезегінде кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің ақпараттық базасының қалыптасуы стратегиялық шешімдерді қабылдауға және қаржы қызметін ағымдық тиімді басқаруға бағытталған сәйкесті ақпараттық көрсеткіштерді мақсатты бағытты таңдау процесін білдіреді.
Нақты кәсіпорын үшін, қаржылық менеджменттің ақпараттық көрсеткіштерінің қалыптасу жүйесі оның салалық ерекшеліктерімен, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанымен, шаруашылық қызметінің көлемімен және диверсификациялану деңгейімен, басқада жағдайлармен байланысты. Сондықтанда қаржылық менеджменттің ақпараттық базасын құрайтын барлық көрсеткіштердің жиынтығы ақпарат көздерінің түрлері бойынша топтастырылуы мүмкін және нақты кәсіпорынның тәжірибелік қызметінде әрбір топ бойынша қолданылуын процедуралық дәйектеуді талап етеді.
Бірінші топқа елдің жалпы экономикалық дамуын білдіретін көрсеткіштер жатады. Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштерінің жүйесі қаржылық қызмет саласында стратегиялық шешімдерді қабылдаған кезде кәсіпорынның қызмет етуінің сыртқы жағдайын болжау үшін қажет.
Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады:
Бұл топ көрсеткіштерінің қалыптасуы мемлекеттік статистика мәліметтерінің жарияланымына сүйенеді.
Екінші топқа кәсіпорынның салалық құрылымын сипаттайтын негізгі ақпараттық көрсеткіштер жатады.
Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады:
Бұл топқа контрагенттер мен бәсекелестердің қызметін сипаттайтын көрсеткіштерді де жатқызуға болады.
Бұл топ көрсеткіштерінің қалыптасу көздеріне есептік материалдардың жарияланымы, сәйкесті рейтингтер, ақпараттық қызметтер нарығында ұсынылатын ақылы бизнес-анықтамалар кіреді.
Үшінші топқа қаржылық нарықтың коньюктурасын сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштерінің жүйесі ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар портфелінің қалыптасуы және қысқа мерзімді салымдар мен басқа операцияларды жүзеге асыру саласында басқарушылық шешім қабылдау үшін қызмет етеді.
Информация о работе Салық жүйесінің кәсіпорынды басқару тиімділігіне әсері