Салық жүйесінің кәсіпорынды басқару тиімділігіне әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 09:47, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікке салық салудың маңыздылығы мен механизмін, салық жүйесінің кәсіпорынның тиімділігіне әсерін талдау және кәсіпорынның тиімділігін арттыру мақсатында салық жүйесін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Міндеттері:
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерліктің даму тенденциясын қарастыру;
кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу - мемлекеттік реттеудің негізі ретінде;
кәсіпкерлік қызметке салық салуды есептеу және төлеу принциптері;
кәсіпкерлік қызметке салық салуды жетілдіру бағыттары.
кәсiпкерлiк қызметтi дамытудағы салық жүйесінің кейбір мәселелердiң шешу жолдарын айқындау.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………. 3

1 Салық жүйесінің кәсіпорынды басқару тиімділігіне әсерінің теориялық негіздері
1.1 Салық жүйесінің кәсіпорынның сыртқы ортасы негізіндегі экономикалық мәні және мазмұны……………………….....................
5
1.2 Қазақстан кәсіпорындарындағы салық салу ерекшеліктері………….. 10

2 Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне салық жүйесінің әсерін талдау
2.1 Кәсіпорын мен нарықтық экономиканы байланыстырушы сфера ретіндегі салық жүйесі қызметіне талдау жасау…………………….....
17
2.2 Нарық жағдайында кәсіпорынды тиімді басқаруды ұйымдастыру….. 21

3 Кәсіпорындарда салық салуды жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпорынның салық жүйесінің оның қызметіне тиімділігіне әсері тұрғысынан стратегиясын таңдау………………………………………
27
3.2 Салықтық жоспарлау жүйесіндегі басқарушылық шешімдерді оптимизациялау……………………………………………………….....
29

Қорытынды……………………………………………………………..... 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі………

Работа содержит 1 файл

Kurstyk zhumys.doc

— 313.00 Кб (Скачать)

          Заңды тұлғалар үшін – егер қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде  жиырма бес адамнан аспаса және тоқсандық табысы 9,0 миллионнан аспаса.

    Патент - арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленгенін растайтын құжат болып табылады. Арнаулы салық режимін қолдануға арналған патент нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Патент жоғалған немесе бүлінген жағдайда салық төлеушінің өтініші бойынша дубликат беріледі.Салық төлеуші бүлінген патентті салық органына тапсыруға тиіс. Берілген патенттерді тіркеуде салық органдарының нысандары мен оларды толтыру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген патенттерді тіркеу (беру) журналында жүргізеді.

    Патент  негізіндегі арнаулы салық режимін: жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын, жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын, бір жыл ішіндегі табысы 1,5 миллион теңгеден аспайтын жеке кәсіпкерлер қолданады.

    Патент  жеке кәсіпкерге бір күнтізбелік жыл шегінде кемінде бір ай мерзімге беріледі. Жеке кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жері бойынша салық органына қызмет түрін көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда өтініш және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті табыс етеді. Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көрсетілмейінше, патент жарамсыз болады.

    Жеке  кәсіпкер лицензиялауға жататын  қызметті жүзеге асырған жағдайда ол мұндай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясын көрсетуге міедетті.Бұл орайда патент лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

    Салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орны бойынша салық органына кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініш берілген жағдайды қоспағанда, патент алуға өтінішін бермеуі оның салықты жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеуге және төлеуге келісімі днп саналады.Салық органдары өтініш берілгеннен және бюджетке патенттің құны мен жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары төленгенін растайтын құжаттар көрсетілгеннен кейін бір күн ішінде патент береді [5].

    Патенттің құнын есептеуді жеке кәсіпкер мәлімдеген кірістің 3% мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады. Патенттің құны жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түрінде бірдей үлеспен бюджетке төленүге тиіс.

    Нақтылы табыс патент алған кезде мәлімделген  табыстан асып кеткен жағдайда, салық  төлеуші бес жұмыс күні ішінде асып кеткен соманы мәлімдейді және осы  сомадан салық төлейді. Салық  төлеушінің өтініші бойынша бұрын берілген патенттің орнына оған нақты табысы көрсетілген жаңа патент беріледі. Ал нақтылы табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан төмен боған жағдайда, артық төленген патенттің құны салық төлеушінің өтініші бойынша салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін қайтарылады [6].

    Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай  талаптарға сай келетiн:

    1) қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын;

    2) жеке кәсiпкерлiк нысанындағы  қызметтi жүзеге асыратын;

    3) салық кезеңіндегі табысы тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.

    Дара  кәсiпкер патент негiзiнде арнаулы  салық режимiн қолдану үшiн  оны қолдана бастағанға дейiн орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етедi.

    Қайтадан  құрылған дара кәсіпкерлер аталған  өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік  тіркелген күннен бастап күнтізбелік  он күннен кешіктірмей табыс етеді. 

    Дара  кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн аталған дара кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн болып табылады.

    Жеке  кәсіпкерлерді іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттің күші жойылған мерзімге дейін  кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған кезде, салықтың еңгізілген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.  

Патент негізіндегі арнаулы салық режимінің сипаттамасы

 

 
Жеке кәсіпкер

 
 

Әлеуметтік  салық пен жеке табыс салығының  есептеу мен төлеу тәртібінің оңайтылған түріне көшеді         
Талаптары: жалдамалы қызметкерді  пайдаланбау;

жеке  кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;

жыл ішіндегі табысы 2,0 млн. теңгеден аспайтын.

 

 
 
 

Патент  жеке кәсіпкерге бір күнтізбелік  жыл шегінде кемінде бір ай мерзімге беріледі   Салық ставкасы: кәсіпкер мәлімдеген кірістің 3%  
Патенттің құны жеке табыс салығы мен  әлеуметтік салық түрінде бірдей үлеспен бюджетке төленеді
 

 
 

2-сурет – Патент негізінде арнаулы салық режимінің сипаттамасы

    Оңайтылған  декларация негізіндегі арнаулы салық режимі салық кезеңі басталғанға дейін көшу үшін шағын бизнес субъектілері өз қызметін жүзеге асыратын жері бойынша салық органына уәкілетті орган белгілеген нысанда өтініш береді.

    Қызметі бір елді мекен шегіндегі әртүрлі аумақтық-әкімшілік бірліктерде орналасқан бірнеше объектілерде жүзеге асырған кезде салық төлеуші оңайтылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға өтініш беру үшін салық органын дербес анықтайды.

    Оңайлатылған  декларация негiзiндегi арнаулы салық  режимi мынадай шарттарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi: 

    1) дара кәсіпкерлер үшiн: 

    • дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса; 
    • салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10 000,0 мың теңгені құраса. 

    2) заңды тұлғалар үшiн: 

    • қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса; 
    • салық кезеңi iшiнде шектi табысы 25 000,0 мың теңгені құраса, оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады және салық кезеңi күнтізбелік тоқсан болып табылады.

    Оңайтылған  декларация негізіндегі арнаулы  салық режимін қолдану шарттары келесідей:

    1. Оңайлатылған декларация негiзiнде  арнаулы салық режимiн қолдану  үшiн салық төлеуші, егер осы  тармақта өзгеше белгіленбесе, орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңі басталғанға дейін салықтық өтінішті табыс етеді.

    Қайта құрылған заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық  режимiн қолдануға арналған  салықтық өтінішті салық органына заңды тұлға  әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді.  

    Қайта құрылған дара кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық  режимiн қолдануға арналған салықтық өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік  тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді. Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелген күні аталған салық төлеушілер үшін арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні болып табылады. Салық төлеушiнiң осы тармақта аталған мерзiмде салықтық өтiнiшті табыс етпеуі, оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi деп есептеледi. 

     2. Салық органы уәкілетті орган  белгілеген нысан бойынша арнаулы  салық режимін қолдану туралы  және арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешімді салық төлеуші  салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады.  Шешім екі данада ресімделеді.

     Салық органы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде шешімді  алу үшін салық төлеуші салық органына келмеген жағдайда, бір данасы салық төлеушіге қолы қойылып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы  жіберіледі.

     3. Оңайлатылған декларация негiзiнде  арнаулы салық режимiн қолдануды  тоқтату салықтық өтініштің негізінде не осы баптың                          6-тармағында көзделген жағдайларда   салық органының шешімі бойынша жүргізіледі.

     4. Егер салық төлеуші оңайлатылған  декларация негізінде арнаулы  салық режимiн қолдануды өз  еркімен тоқтату туралы шешім  қабылдаса, аталған режимді тоқтатуды салық органы салықтық өтініш берілген айдан кейінгі айдан бастап жүргізеді.

     5. Салық Кодекстің белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайда, салықтық өтініш сәйкессіздік туындаған кезден бастап   күнтізбелік он күн ішінде табыс етіледі. Аталған жағдайда арнаулы салық режимiн тоқтату сәйкессіздік туындағаннан айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.

     6. Салық органы салық төлеушінің  осы режимді қолдану  шарттарына  сәйкессіздік фактісін анықтаған   кезде, қабылданған шешім негізінде оны сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.[1]

     Салықтарды  оңайлатылған декларация бойынша есептеу келесі тармақтар бойынша жүргізіледі:

     1. Салықтарды оңайлатылған декларация  негізінде есептеуді салық төлеуші  салық салу объектiсiне есептi  салық кезеңiнде 3 процент мөлшерiндегi ставканы қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

     2. Егер есепті кезеңнің қорытындылары  бойынша қызметкерлердiң орташа  айлық жалақысы тиісті қаржы  жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының, дара кәсiпкерлерде кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде 2,5 еселенген мөлшерін құраса, салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасы қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5% мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады.

     3. Салық кезеңі ішінде белгіленген табыс сомасынан іс жүзінде алынған табыс сомалары асып түскен жағдайда, салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне не өзге арнаулы салық режиміне өту (ауысу) күніне дейін салықтарды есептеу белгіленген ставка бойынша жүргізіледі.

     4. Салық кезеңі ішінде шектi орташа  тiзiмдiк сан белгiленгеннен асып  түскен жағдайда, түзету шектi орташа  тiзiмдiк санға ғана жүргiзiледi.

   Егер  есепті кезеңнің қорытындысы бойынша  жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген ең төменгі айлық жалақының жеке кәсіпкерлердің кемінде 2 еселенген, заңды тұлғалардың кемінде 2,5 еселенген мөлшеріндей болса, онда салықтық кезең ішінде есептелген салық сомасы қызметкерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5 пайыз мөлшеріндегі сомаға азайтылуға тиіс. [2] 

Оңайтылған декларация негізіндегі  арнаулы салық режимінің сипаттамасы

 
 

Әлеуметтік  және корпорациялық немесе жеке табыс  салығын табыс көзінен ұсталғанынан басқа есептеу мен төлеу тәртібінің оңайтылған түріне көшеді   Талаптары: Жеке кәсіпкерлер үшін:

· табысы 4,5 млн. теңгеден аспаса;

· қызметкерлердің  саны он бес адамнан аспаса.

Заңды тұлғалар үшін:

· табысы 9,0 млн. теңгеден аспаса;

· қызметкерлердің  саны жиырма бес адамнан аспаса

Информация о работе Салық жүйесінің кәсіпорынды басқару тиімділігіне әсері