Персоналды басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 22:17, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, олардың қызмет тиімділігін арттыру маңызды орынға ие болды. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бәсекелік ортаның күшеюіне, тұтыну нарығын қажетті тауарлармен толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамту мәселесін шешуге, халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайының жақсаруына, ҒТП - ны жеделдету, жаңашылдықты енгізу және басқа да көптеген маңызды мәселелердің оң шешімін табуына септігін тигізеді

Содержание

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 3
1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.1. Шағын және орта кәсіпкерліктің мәні және экономикадағы рөлі . . . ... 5
1.2 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 13
1.3. Жеке кәсіпорынды құру және тарату тәртібі . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . .. 20
1.4. Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері. . . . . . . .. . . . . 25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНА ТАЛДАУ. . . . . 30
2.1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына талдау. . . . 34
2.2. Шағын және орта кәсіпкерліктегі инновациялық қызмет. . . . . . . .. . . .. 38
2.3. Франчайзинг - шағын бизнестегі кәсіпкерлік лицензия. . . . .. . . . . . . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 49

Работа содержит 1 файл

курсовой ДАНА.doc

— 273.50 Кб (Скачать)

       ҚОРЫТЫНДЫ 

     Зерттеу жұмысының бірінші бөлімі «Шағын және орта кәсіпкерлікті және оны ұйымдастыру»  деп аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:

  • Шағын және орта кәсіпкерліктің мәні және экономикадағы рөлі;
  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері;
  • Жеке кәсіпорынды құру және тарату тәртібі
  • Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері
  • Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
 
  • Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы
  • Шағын және орта кәсіпкерліктегі инновациялық қызмет
  • Франчайзинг - шағын бизнестегі кәсіпкерлік лицензия

     Шағын кәсіпкерлік - бұл нарықтық экономика субъектілерінің белгілі бір анықталған критерийлер, көрсеткіштер және заңдар негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметі.

     Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік  туралы» Заңының қабылдануына (2006 жылы) байланысты осыған дейін қолданып келген «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заң (1997 жылы қабылданған) өз күшін жойды. Мұны айтып отырған себебіміз, шағын кәсіпкерлік субъектілері 2006 жылдан бастап «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң бойынша анықталып келеді. Осы заңда анықталған критерийлерге сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін анықтауға қол жеткізіледі.

     Қазақстан Республикасының Салық кодексіне  сәйкес салық режимдері жалпы  және арнаулы салық режимі болып  бөлінеді.

     Салық режимі дегеніміз салықтар мен басқа  да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңнамасы нормаларының жиынтығы. Жалпы салық режимі деп салық төлеушілердің барлық санаттары үшін белгіленетін және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай - ақ олар бойынша салық есептілігін берудің жалпы тәртібін қолдануды айтамыз.

     Арнаулы салық режимі - салық төлеушілердің  жекеленген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай - ақ олар бойынша салық есептілігін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырусыдың ерекше тәртібі.

     Елімізде  шағын бизнестін даму жолындағы  үлкен кедергілердің бірі - әкімшілік кедергілер екендігі белгілі. Осыған байланысты әкімшілік кедергілерді азайту жөнінде Үкімет қаулысы қабылданып, шағын бизнесті тіркеу, лицензия беру тәртіптері оңайлатылды.

     Франчайзинг француздың «Franchise» деген сөзінен шыққан, және «жеңілдік, артықшылық, қатысу құқығы» деген мағынаны білдіреді. Қазақстан Республикасының кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы заңына сәйкес, Франчайзинг - лицензиялық кешеннің құқық иеленушісі және осы кешенді басқа тұлғаға өтемді негізде пайдалануға беретін кәсіпкерлік қызметі. Ал лицензиялық кешен деп бірқатар санаткерлік меншік объектілеріне құқықтарды айтамыз.

     Сонымен тоқсан сөздің тобықтай түйініне келетін  болсақ, шағын және орта кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерін қолдану арқылы оны дамыту және пайдалануды қарастыру болып келеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 


Информация о работе Персоналды басқару