Персоналды басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 22:17, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, олардың қызмет тиімділігін арттыру маңызды орынға ие болды. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бәсекелік ортаның күшеюіне, тұтыну нарығын қажетті тауарлармен толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамту мәселесін шешуге, халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайының жақсаруына, ҒТП - ны жеделдету, жаңашылдықты енгізу және басқа да көптеген маңызды мәселелердің оң шешімін табуына септігін тигізеді

Содержание

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 3
1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.1. Шағын және орта кәсіпкерліктің мәні және экономикадағы рөлі . . . ... 5
1.2 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 13
1.3. Жеке кәсіпорынды құру және тарату тәртібі . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . .. 20
1.4. Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері. . . . . . . .. . . . . 25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНА ТАЛДАУ. . . . . 30
2.1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына талдау. . . . 34
2.2. Шағын және орта кәсіпкерліктегі инновациялық қызмет. . . . . . . .. . . .. 38
2.3. Франчайзинг - шағын бизнестегі кәсіпкерлік лицензия. . . . .. . . . . . . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 49

Работа содержит 1 файл

курсовой ДАНА.doc

— 273.50 Кб (Скачать)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 3
1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
    1.1. Шағын және  орта кәсіпкерліктің мәні және  экономикадағы рөлі  . . . ...
5
1.2  Шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 13
1.3.  Жеке кәсіпорынды құру және  тарату тәртібі . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . .. 20
1.4.  Шағын бизнес субъектілеріне  салық салу ерекшеліктері. . . . . . . .. . . . . 25
2.  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНА ТАЛДАУ. . . . . 30
2.1.  Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына талдау. . . . 34
2.2.  Шағын және орта кәсіпкерліктегі инновациялық қызмет. . . . . . . .. . . .. 38
2.3.  Франчайзинг - шағын бизнестегі кәсіпкерлік лицензия. . . . .. . . . . . . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 49

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

     Қазақстанның  экономикалық дамуының қазіргі жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, олардың қызмет тиімділігін арттыру маңызды орынға ие болды. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бәсекелік ортаның күшеюіне, тұтыну нарығын қажетті тауарлармен толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамту мәселесін шешуге, халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайының жақсаруына, ҒТП - ны жеделдету, жаңашылдықты енгізу және басқа да көптеген маңызды мәселелердің оң шешімін табуына септігін тигізеді

     Кіші  және орта бизнестің субъектілерінің дамуы көптеген мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді. Атап өтетін болсақ, кедейшілікпен күрес, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, экономиканың көтерілуі, инновациялық технологияларды ынталандыру және тағы басқа. Экономиканың осы сегментінде мықты ұлттық интелектуалды потенциал инновациялық техникалық ресурстар, венчурлық капитал шоғырланған.

     Еліміздің экономикалық дамуның қай кезініңде  болмасын кәсіпкерлікті ұйымдастыру  мен дамыту қазіргі сатысы экономика  мен қоғамды басқаруда өте  күрделі мәселелердің пайда болуымен сипатталады. Кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың басымды бағыты болып саналады. Сондықтан да кәсіпкерліктің дамуы бірқатар әлеуметтік - экономикалық мәселелердің оң шешімін табуына және экономиканың өсу қарқынына оң ықпал етеді.

     Осы аталғандарды ескере отырып, кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті  дамыту қазіргі кезде объективті қажеттілік екендігіне көзіміз жетеді. Өйткені ол мемлекеттің экономикалық жаңаруы мен жетілуіне, өндіріске, халықтың жұмыспен қамтылуына және өзге де мәселелерді шешуге оң әсерін тигізуімен бірге белгіленген экономикалық саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Осыған байланысты мемлекеттің кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытуға және оны жан - жақты қолдауға жағдай жасауы бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мол мүмкіндіктер ашады. Бұл мәселе еліміздің экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі ретінде барлық даму стратегияларында, мемлекеттік бағдарламада және Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында да қарастырылып, мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып отыр.

     Курстық жұмыстың объектісі -Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерліктері.

     Курстық жұмыстың мақсаты - шағын және орта кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау және талдау.

     Курстық жұмыстың міндеттері:

  • шағын және орта кәсіпкерліктің мәнін түсіну;
  • шағын және орта кәсіпкерліктің құрылу тәртібін білу;
  • шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауда инфрақұрылымынның түрлерін қарастыру;

     . 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

     1.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің мәні және экономикадағы рөлі

     Шағын кәсіпкерлік - бұл нарықтық экономика  субъектілерінің белгілі бір  анықталған критерийлер, көрсеткіштер және заңдар негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметі. Әлемдік және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, әр түрлі ұйымдық - құқықтық нысандардағы кәсіпорындардың шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуының негізгі критерийі жұмысшылардың саны болып табылады. Бірқатар ғылыми жұмыстарда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бір меншік иесі басқаратын кәсіпорын немесе шағын адамдар тобынан құралған кәсіпорын жатқызылады делінген. Жалпы алғанда, әлемдік тәжірибеде шаруашылық жүргізуші субъектілерді шағын және орта кәсіпкерлікке жатқызудың жалпы критерийлері ретінде персоналдар саны, жарғылық капиталының мөлшері, активтерінің шамасы, айналым көлемі және т.б айтуға болады. Алайда, айтарлықтай жиі қолданылатын критерийлерге кәсіпорындағы жұмысшылардың жылдық орташа саны, кәсіпорынның жылдық айналымы және активтерінің мөлшерін жатқызуға болады. Ал дамыған елдердің барлығында дерлік негізгі критерий жұмысшылар саны болып табылады. Мысалы, құрамына дамыған елдер кіретін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының анықтауы бойынша кәсіпорындағы персоналдар саны 19 адамға дейін «өте шағын», 100 адамға дейін «шағын», 100 - 499 адамға дейін «орта» және персоналдар саны 500 - ден жоғары болса «ірі» кәсіпорындар ретінде анықталған.

     Біздің  елімізде кәсіпорындағы жұмыскерлер  саны мен активтерінің мөлшері бойынша шағын, орта немесе ірі бизнеске жататындығын анықтай аламыз.

     2006 жылға дейін ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 8 - сәуірдегі №499 қаулысына  сәйкес шағын кәсіпкерлікке жатқызу  кезінде жұмыскерлер санына қатысты  критерий өзгеше болды:

  • өнеркәсіпте, құрылыста және ауыл шаруашылығында - 50 адамға дейін;
  • сауда және тұрмыстық қызмет көрсетуде - 30 адамға дейін;
  • көлік және байланыста - 25 адамға дейін;
  • ғылым және инновациялық қызметте - 20 адамға дйін;

        Ал жұмыскерлер  саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар орта бизнеске жатқызылады.

        Ресей Федерациясында қазіргі кезде шағын және кәсіпорындарды жұмыскерлер санына қарай анықтайды. Атап айтқанда келесі шарттар сақтауы  керек.

  • өнеркәсіпте - 200 адамға дейін;
  • құрылыста - 100 адамға дейін;
  • көтерме саудада - 50 адамға дейін;
  • ауыл шаруашылығында - 50 адамға дейін;
  • ғылымда және өндірістік емес сферада - 25 адамға дейін;
  • бөлшек саудада - 15 адамға дейін;

     Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік» туралы заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлік  субъектілеріне заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер, сондай - ақ жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан, активтерінің орташа жылдық құны 60000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатқызылады.

     Орта  кәсіпкерлік субъектілері деп жұмыскерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан асатын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан астам, бірақ 250 адамнан, ал активтердің орташа жылдық құны 325000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғаларды айтамыз.

     Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті  жүзеге асыратын , жұмыскерлерінің  орташа жылдық саны 250 адамнан асатын және активтерінің орташа жылдық құны 325000 айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар жатады.

     Есірткі заттарының, психотроптық заттардың  айналымен байланысты, акцизделетін өнімді өндіру және көтерме сатуды, астық қабылдау пункттерінде астық  сақтау, лотереялар өткізу, ойын және шоу - бизнес, сертификаттау, метрология және сапаны басқару, мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өңдеу және сату,радиоактивті материалдардың айналымы, банк қызметін және сақтандыру нарығындағы қызметті, аудиторлық қызметті, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері бола алмайды.

     Қазақстанның  экономикалық дамуының қазіргі жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, олардың қызмет тиімділігін арттыру  маңызды орынға ие болады. Шағын  және орта кәсіпкерліктің дамуы бәсекелік ортаның күшеюіне, тұтыну нарығын қажетті тауарлармен толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамту мәселесін шешуге, халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайының жақсаруына, ҒТП - ны жеделдету, жаңашылдықты енгізу және басқа да көптеген маңызды мәселелердің оң шешімін табуына септігін тигізеді.

     Шағын және орта кәсіпкерліктің ел экономикасында маңызды орынға ие болуын және тиімді қызмет етуін оның келесі артылықшылықтармен түсіндіруге болады:

     1) шағын кәсіпкерліктің икемділігі, өндірілетін өнімдердің тұтынушылардың талғамына сай тез бейімделу мүмкіндігі;

     2) жергілікті ресурстарды пайдалану  және жергілікті нарықта қызмет  етуі;

     3) кәсіпорынды басқарудың қарапайымдылығы,  ірі бюрократиялық құрылымның  болмауы;

     4) жұмыскерлердің және кәсіпорын басшысының жоғары нәтижеге жетуге деген ортақ мүдденің болуы, мотивацияның жоғарлығы;

     5) ірі өндіріспен тиімді өзара әрекетте болу мүмкіндігі, яғни ірі кәсіпорындар арқылы қосалқы бұйымдар мен бөлшектерді өндірушілер және жеткізушілер ретінде әріптестік қатынаста болу;

     6) кәсіпкерлік қызметті жүзеге  асыру үшін қажетті бастапқы  капиталдың және жұмсалатын шығындардың салыстырмалы түрде аз болуы;

     7) өндірісті жаңарту, жаңашылдықты  енгізу, жаңа идеяларды жүзеге  асыруға икемділігі.

     Шағын және орта кәсіпкерлікке тән кемшіліктерге  төмендегілерді жатқызуға болады:

     1) тәуекел деңгейінің жоғары болуы;

     2) ресурстық, қаржылық және материалдық  - техникалық базаның жеткіліксіздігі;

     3) өткізу нарықтарының тарлығы  және әлемдік стандарттарға сай өнім өндіру мүмкіндігінің төмендігі;

     4) қызметкерлер біліктілігінің айтарлықтай  жоғары деңгейде болмауы және  бір адамның бірнеше қызметті  қатар атқару мүмкіндігі;

     5) қосымша қаражаттар тарту және  несие алу мүмкіндігінің төмендігі.

     Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі, өзіндік ерешеліктері,артықшылықтары мен кемшіліктері жөнінде көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. А.А.Шулустың пікірінше, шағын кәсіпорынның келесідей ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:

  • кәсіпорынды тікелей басқару және меншік құқығының бірлігі;
  • кәсіпорынның ықшамды болуы: оның масштабының шектеулілігі кәсіпорын иесі мен жұмыскердің арасындағы қарым - қатынастың ерекше, жеке сипатын көрсетеді. Ол қызметкер жұмысын мотивациялау мен оның еңбекке қанағаттануының жоғары дәрежесіне жетуге мүмкіндік береді.
  • Ресурстар мен өткізу нарықтарының салыстырмалы түрде үлкен еместігі;
  • Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен даму перспективасында кәсіпорын басшысының рөлі. Яғни, ол шаруашылық қызмет нәтижелеріне толық жауапкершілікте болады.

   Шағын кәсіпкерліктің тиімділігінің басты факторы - олардың өнім өндіру облысында, сондай - ақ қолданылатын еңбек құралдары бойынша бір жақты мамандануы. Шағын кәсіпкерлік шектеулі номенклатурада өнімдер өндіреді және бір мезгілде жоғары өнімділікпен ерекшеленетін бір жақты мамандырылған құрал - жабдықтарды қолданады. Ол қысқа мерзімде өндіріс технологиясын және өндірістік үрдісті интенсификациялауға ғана емес, сондай - ақ негізгі құралдардың ұдайы өндіріс үрдісін өзгертуге мүмкіндңк береді. Шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымдық бөлімшелер құруға көп шығын жұмсауды қажет етпейді, яғни көлік көлік шаруашылығын, арнайы коммуникациялар, жөндеу шаруашылығын және үлкен қоймалар ұстаудың қажеттілігі жоқ.

Информация о работе Персоналды басқару