Персоналды басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 22:17, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, олардың қызмет тиімділігін арттыру маңызды орынға ие болды. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бәсекелік ортаның күшеюіне, тұтыну нарығын қажетті тауарлармен толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамту мәселесін шешуге, халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайының жақсаруына, ҒТП - ны жеделдету, жаңашылдықты енгізу және басқа да көптеген маңызды мәселелердің оң шешімін табуына септігін тигізеді

Содержание

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 3
1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.1. Шағын және орта кәсіпкерліктің мәні және экономикадағы рөлі . . . ... 5
1.2 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 13
1.3. Жеке кәсіпорынды құру және тарату тәртібі . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . .. 20
1.4. Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері. . . . . . . .. . . . . 25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНА ТАЛДАУ. . . . . 30
2.1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына талдау. . . . 34
2.2. Шағын және орта кәсіпкерліктегі инновациялық қызмет. . . . . . . .. . . .. 38
2.3. Франчайзинг - шағын бизнестегі кәсіпкерлік лицензия. . . . .. . . . . . . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 49

Работа содержит 1 файл

курсовой ДАНА.doc

— 273.50 Кб (Скачать)

     Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. инновациялық қызметті ынталандыру;
  2. инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту;
    1. инновациялық даму басымдықтарын айқындау;
    1. мемлекеттің инновацияларды құруға және енгізуге қатысуы;
    2. отандық инновацияларды сыртқы нарықтарға жылжыту;
  1. технологиялар трансфертін қоса алғанда, инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

     Қазақстанда инновациялық қызметті мемлекеттік  қолдау келесі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін:

  1. инновациялық қызметтің мамандырылған субъектілерін құруға қатысу;
      1. мемлекеттік даму институттарын құру, қызметін үйлестіру;
      1. инновациялық жобаларды бюджет қаражаты есебінен іске асыру;
      2. инновациялық гранттар беру;
  1. инновациялық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру үшін инвестициялар тартуды қамтамасыз ететін қажетті ұйымдық, құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау.

     Қазақстан Республикасының «Инновациялық  қызметті мемлекеттік қолдау туралы»  заңына сәйкес, инновациялық қызметтің  мамандандырылған субъектілеріне технологиялық бизнес - инкубаторлар, технологиялық паркттер, инновациялық қорлар жатады.

     Инновациялық  инфрақұрылымды инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететін ұйымдарды  айтуға болады.

     Инновациялық  жүйені қалыптастырудың бастапқы сатысында инновациялық кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі Қазақстанда «технологиялық бизнес -инкубаторлар» жүйесін құру болып табылады. Технологиялық бизнес - инкубатор дегеніміз инновацияны құру, қорғау құжаттарын алуға өтініштерді ресімдеу және инновациялық жобаны дайындау үшін жеке және заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық және өзге де қызметтер ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға. Технологиялық бизнес - инкубаторларға инновациялық кәсіпкерлер мен компанияларды іріктеу байқау негізде жүргізіледі.

     Технологиялық бизнес - инкубаторлар мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. шарт жағдайында инновациялар құруға қажетті материалдық - техникалық база ұсыну;
  2. шарт жағдайында зияткерлік меншік объектілерін қорғау құжаттарын алуға өтінімдер ресімдеуге қажетті жұмыстар мен қызметтер ұсыну;
  3. инновациялық жобаның техникалық - экономикалық негіздемесін және инновациялық жобаны қаржыландыруға арналған құжаттарды әзірлеуге жәрдем көрсету, сондай - ақ шарт жағдайында инновациялық жобаны әзірлеу үшін қажетті жұмыстар мен қызметтер ұсыну:
  4. инновациялық қызметті жүзеге асырушы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін ұйымдастыруға жәрдем көрсету;
  5. инновациялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тартуға жәрдем көрсету.

     Инновациялық  үрдісті басқару тұрғысынан технологиялық  бизнес - инкубаторлар құру келесілерге мүмкіндік береді:

  • технологиялық бизнес - инкубаторлар территориясындағы жоғары технологиялы кәсіпорындарды ұлттық инновациялық қордан гранттық қаржыландыру үшін қажетті материалдық ресурстарды шоғырландыруға;
  • инновациялық циклдің ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік беретін басқарушылық шешімдерді тез арада қабылдауға;
  • инвестициялық шешім қабылдауда бюрократиялық тәртіпті қысқартуға;
  • инновациялық кәсіпорынның басқару құрылымын оңтайландыруға;
  • инновациялық жүйеде білім беру мен алмасу үшін жағдай жасауға.

         Инновациялық  қызметтің мамандырылған субъектілерінің  бірі - технопарк болып табылады. Технопарк дегеніміз - негізгі қызметті инновациялық жобаны іске асыру үшін қажетті жұмыстар мен қызметтерді ұсыну болып табылатын біртұтас материалдық -техникалық кешенге меншік құқығы бар заңды тұлға.

         Технопарктер  инновациялық қызметті дамытуды қолдайды және нарыққа дайын ғылыми - техникалық жаңашылдықты шығаруға мүмкіндік береді. Технопарктер алғаш рет шет елдерде  пайда болды, атап айтсақ 1950 жылы АҚШ -тың Стэнфорд университетінде құрылды.

         Технопарктің  негізгі функциясы ғылым мен  бизнесті біріктіру болып табылады және мынадай қызметтер жүзеге асырады:

  1. жаңа технологиялық үрдістерді, тауарларды стандарттау мен сертификаттау; инновациялық жобаны іске асыру үшін қажетті кеңсе үй - жайлары мен өндірістік базаларды беруді және басқа да объектілерге қол жеткізуді қамтамасыз ету және шарт жағдайында материалдық - техникалық базаны ұсыну;
  2. инновациялық жобаны іске асыру үшін шарт жағдайында жеке және заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық қызметтер ұсыну;
      1. инновациялық менеджмент негіздерін оқыту;
  1. технопарктің аумағында орналасқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кеңес берушілік қызметтер ұсынатын ұйымдарды тарту үшін жағдайлар жасау;
  2. кәсіпкерлік субъектілеріне отандық және шетелдік ғылыми және технологиялық ақпараттарды тарату:

         Әлемдік тәжірибеге сәйкес технопарктердің негізгі үш моделі бар. Олар: американдық, жапондық, аралас.

         Технополис - бұл қаланың немесе аймақтың шеңберінде қызмет ететін технопарктер, инкубаторлар және өзге инновациялық құрылымдар кешені.

         Технополистердің  басқа инновациялық инфрақұрылым элементтерінен басты айырмашылығы шағын ауданда  ғылым мен инновациялық үрдіске  қатысы бар барлық ресурстардың шоғырлануы болып табылады. Технополистерді  құру идеясы алғаш рет Жапонияда 1982 жылы «Технополис» жобасының негізінде жүзеге асырылады.

         Инновациялық  кәсіпорындар қызметінің тиімділігінің төмен болуының негізгі себептерінің бірі Қазақстанда инновациялық және жоғары технологиялық жобаларды басқара білетін, интеллектуалдық меншікті пайдалану мен құқықтық қорғау теориясы мен тәжірибесінің іскерлік қағидаларын кәсіби меңгерген кәсіби кәсіби инновациялық менеджер мамандар институтының жоқтығы болып табылады.

         Мемлекеттік инновациялық кәсіпкерлікті ынталандыруы бойынша күш - жігері келесі бағыттарда жүзеге асырылатын болады:

  • меншік нысанына қарамастан барлық субъектілердің инновациялық қызметін жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында салық жүйесін одан әрі жетілдіру;
  • инновациялық қызметке қажетті ақпараттар мен мәліметтер базасына қол жетімділік және ақпарат алмасу жүйесін дамыту;
  • инновациялық қызмет үшін іскерлік және ақпараттық қызметтер нарығын дамытуға көмектесу;
  • инновациялық қызметтің басым бағыттарын дамыту облысында шетелдік мамандарды шақырту;
  • шетелдік инвесторлармен бірге бірлескен инновациялық кәсіпорындар құруды ынталандыру;
  • өнертапшықты патенттеу тәртібін оңайлату;
  • басқарушылық және кәсіпкерлік мәдениетті дамыту т.с.с.

7 
 

     2.4 Франчайзинг - шағын бизнестегі кәсіпкерлік лицензия

     Франчайзинг француздың «Franchise» деген сөзінен шыққан, және «жеңілдік, артықшылық, қатысу құқығы» деген мағынаны білдіреді. Қазақстан Республикасының кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы заңына сәйкес, Франчайзинг - лицензиялық кешеннің құқық иеленушісі және осы кешенді басқа тұлғаға өтемді негізде пайдалануға беретін кәсіпкерлік қызметі. Ал лицензиялық кешен деп бірқатар санаткерлік меншік объектілеріне құқықтарды айтамыз.

     Өткізу  нарықтарын кеңейту мақсатында белгілі  бір төлем негізінде өз атынан іс жүргізу құқығын беретін «ноу - хауды» иеленетін танымал тауарлық белгісі бар ірі компания франчайзер деп аталады. Ал, өндірістік және қызмет көрсетуші операциялар технологиясын, сапа стандарттарын сақтау міндеттемесін ала отырып, бұл құқықты алатын шағын фирма немесе кәсіпкерді франчайзи(лицензиат) деп атаймыз.

     Франчайзер  мен франчайзи арасындағы қарым - қатынас франшиза аталатын лицензиямен  реттеледі.

     Франшиза:

  • біріншіден, франчайзерге тиесілі таурлар мен қызметтердің айрықша атауын пайдалана отырып, франчайзиге келісілген кезең ішінде белгілі бір бизнеспен айналысуға рұқсат етеді немесе міндеттейді;
  • екіншіден, франчайзерге бизнесті жүргізуді бақылауға құқық береді;
  • үшіншіден, франчайзерге франшиза үшін бастапқы жарна мен жүйелі аударымдарды төлеу франчайзидің міндеті болып табылады.

     Қалыптасқан тәжірибе бойынша франчайзингтің негізгі  үш түрін бөліп көрсетуге болады. Олар: тауарлық, өндірістік, іскерлік.

     1. Франчайзи жетекші компаниядан  өз тауарларын сол компанияның  тауарлық белгімін қолдана отырып  сату құқығын сатып алу арқылы  бизнес жүргізу тәсілі тауарлық франчайзинг деп аталады.

     2. Франчайзер франчайзиге тауарларды өзі жеткізетін немесе онымен келісу арқылы жеткізілетін шикізатты, материалдарды, технологиялар мен жабдықты пайдалана отырып, өзінің тауарлық белгісімен өндіру мен өткізу құқығын сатуды өндірістік франчайзинг дейміз.

     3. Іскерлік франчайзинг жағдайында  франчайзер кәсіпорын құрады  және оны лицензиялық кешенмен  қоса франчайзиге береді.

     Бизнесті  ұйымдастырудың басқа нысандары  сияқты франчайзингтің де артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

     Франчайзер  үшін артықшылықтары келесілермен сипатталады:

  • ең аз салым жасай отырып, өткізу нарықтарын арттыру. Франчайзи бизнеске өз үлесін салады және франчайзермен теңдей тәуекел етеді;
  • өткізу бөлімшелерінде жұмыс жасайтындарды, жалдамалы жұмыскерлерді ынталандыруға байланысты үнемдеу.
  • Әкімшілік шығындар мен еңбек шығындарының төмендеуі. Бизнесті жүргізу бойынша шығындарды франчайзи көтереді.
  • Франчайзиге арнайы ингредиенттер, залдар мен кеңселер үшін құрал - жабдықтар жеткізу жолымен қосымша табыс табу.

         Франчайзи үшін артықшылықтар:

  • тек ірі кәсіпорындардың ғана қолы жететін артықшылықтарды пайдалана отырып, шағын болса да өз кәсіпорындарын басқару мүмкіндігі.
  • кеңінен танымал сауда маркасын пайдаланып тауарлар сату арқылы маркетингке жұмсалатын шығындарды үнемдейді.
  • бастапқы капитал салымдары көлемінің төмендігі, қаражаттардың тапшылығына байланысты шағын кәсіпорындардың көпшілігі алғашқы жылдары жабылып жатады.
  • тәжірибе жинау және бизнеске кірудің «жұмсақтығы», яғни қызметін жаңадан бастаған кәсіпкер франчайзердің көмегіне сүйенеді және әзірлеген сызба бойынша жұмыс істейді.

     Франчайзингтің  кемшіліктері:

     Франчайзи үшін:

  • дербестіктің шектеулілігі, бас компанияның «франчайзердің» бақылауы бизнесте өзін - өзі көрсету үшін аз кеңістік қалдырады.
  • Франчайзердің танымалдығының төмендеуі немесе банкроттық жағдайында құлау қауіптігі: егер франчайзердің репутациясы төмендесе ол франчайзидің қызметіне де кері әсерін тигізеді;
  • Франчайзер қызметін пайдалану нәтижесінде шығындардың жөнсіз артуы.

     Франчайзер  үшін:

  • франчайзер жалпы табыстан ғана үлесін алатындықтан кейбір табыстарының төмендеуі.
  • бақылаудың қиындығы, франчайзи жалдамалы жұмыскерлер емес кәсіпкерлер болғандықтан оларды тікелей басқару мүмкін емес;
  • есеп және есептілікпен байланысты проблемалар, франчайзер оған барлық франчайзилер өз қызметі жөнінде дұрыс есептемелерді өткізетіне сенімді емес;
  • жарамсыз франчайзиді ауыстырудың мүмкін еместігі.

      8 
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

Информация о работе Персоналды басқару