Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 22:17, курсовая работа
Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, олардың қызмет тиімділігін арттыру маңызды орынға ие болды. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бәсекелік ортаның күшеюіне, тұтыну нарығын қажетті тауарлармен толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамту мәселесін шешуге, халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайының жақсаруына, ҒТП - ны жеделдету, жаңашылдықты енгізу және басқа да көптеген маңызды мәселелердің оң шешімін табуына септігін тигізеді
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 3
1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.1. Шағын және орта кәсіпкерліктің мәні және экономикадағы рөлі . . . ... 5
1.2 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 13
1.3. Жеке кәсіпорынды құру және тарату тәртібі . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . .. 20
1.4. Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері. . . . . . . .. . . . . 25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНА ТАЛДАУ. . . . . 30
2.1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына талдау. . . . 34
2.2. Шағын және орта кәсіпкерліктегі инновациялық қызмет. . . . . . . .. . . .. 38
2.3. Франчайзинг - шағын бизнестегі кәсіпкерлік лицензия. . . . .. . . . . . . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 49
Салық режимі дегеніміз салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңнамасы нормаларының жиынтығы. Жалпы салық режимі деп салық төлеушілердің барлық санаттары үшін белгіленетін және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай - ақ олар бойынша салық есептілігін берудің жалпы тәртібін қолдануды айтамыз.
Арнаулы салық режимі - салық төлеушілердің жекеленген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай - ақ олар бойынша салық есептілігін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырусыдың ерекше тәртібі.
Арнаулы салық режимін шағын бизнес субъектілері, шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері қолдана алады.
Арнаулы салық режимін шағын бизнес субъектілері үшін әлеуметтік салықты, корпаративті немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.Арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері кәсіпкерлік қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда табыс қызметтің барлық түрлерін жүзеге асырудың жиынтығымен анықталады.
Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай - ақ олар бойынша салық есептілігін тапсырудың төменде аталған тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:
Салық төлеуші салықтарды есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне ауысқан кезде осы режимді 2 жыл қолданғаннан кейін ғана арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады.
Филиалдары,
өкілдіктері бар заңды
Арнаулы салық режимі келесі қызмет түрлеріне қолданылмайды:
Біржолғы
талон негізіндегі арнаулы
Біржолғы талон - арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қызметі ара - тұра сипатта болатын жеке тұлғалар, жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы тұрақты үй - жайларда қоспағанда жүзеге асыратын тұлғалар қолдана алады. Бұл тұлғалар жалдамалы жұмыскерлер еңбегін пайдаланбауы қажет. Олар дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босытылады және әлеуметтік салықты төлемейді.
Ара - тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет дегеніміз жылына бәрін жинақтағанда 90 күннен аспайтын қызмет.
Салық төлеушіге біржолғы талон қызметті жүзеге асырғанға дейін беріледі. Біржолғы талон талонда көрсетілген қызметті жүзеге асыру орны бойынша ғана жарамды болып есептеледі. Біржолғы талонды бір күнге немесе одан да ұзақ мерзімге алуға болады. Біржолғы талонның құны кіріс алынатын объектінің орналасқан жерін, түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайын , сапасы мен көлемін, сондай - ақ қызметпен шұғылдану тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргізген қадағалау мен зерттеу деректері негізінде жергілікті өкілді органдардың шешімімен белгіленеді.
Кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерімен айналысқан кезде біржолғы талон негізінде есеп айырысуға болады:
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМД елдерінен және алыс шетелдерден автомобиль көлігін алып келу қызметтері біржолғы талон бойынша жүзеге асыру құқығынан айырылды. Мұндай қызметтер 2007 жылға дейін біржолғы талон негізінде есеп айырысып келген болатын.
Патент негізіндегі салық режимі
Патент - арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төлегенін растайтын құжат.
Патент
негізіндегі арнаулы салық
Патент алу үшін салық органына келесі құжаттар тапсырылады:
Салық органы өтініш берілгеннен және бюджетке патенттің құны, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың төлегенін растайтын құжаттар өткізілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде патент береді немесе патент беруден бас тарту туралы шешім шығарады. Патент кемінде 1 айға, бірақ 1 жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Кезекті патент алу үшін өтінішті алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ұсыну қажет. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көрсетілмейінше, патент жарамсыз болып табылады.
Патент құны немесе патент бойынша салық сомасы мәлімделген табыстың 2 пайызын құрайды және бюджетке жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтар түрінде тең үлестермен төленеді.
Патенттің күші жойылған мерзімге дейін кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған кезде салықтың енгізілген сомасы қайтарылмайды және қайта есептелмейді. Нақты табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеуші 5 күн ішінде артық соманы мәлімдейді және осы сомадан салық төлейді.
Егер кәсіпкердің жылдық табысы ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен көп болса немесе жұмыскерлер алу қажеттігі туындаса, онда оңайлатылған декларация немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіп бойынша салық өтеуі тиіс.
Оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимі
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін шағын бизнес субъектілері өз қызметін жүзеге асыратын жері бойынша салық органына салық кезеңі басталғанға дейін өтініш береді. Жаңадан құрылған заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға өтінішті мемлекеттік тіркелгеннен кейін 20 жұмыс күнінен кешіктірмей, ал дара кәсіпкер мемлекеттік тіркелген күннен бастап 10 күннен кешіктірмей салық органына береді.
Алғашқыда мынадай талаптарға сай келетін шағын бизнес субъектілері оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданды:
2005 жылғы 22 қарашадағы №89 Заңымен аталған талаптарға өзгерістер енгізілді және ол 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді.
Осы
белгіленген талаптарға сай келмеген
жағдайда немесе арнаулы салық режимінен
өз еркімен шыққан кезде шағын
бизнес субъектісі есепті кезеңнен кейінгі
тоқсаннан бастап өтініш негізінде жалпыға
бірдей белгіленген тәртібіне көшеді.
4
2. ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ
ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ
2.1 Шағын
және орта кәсіпкерлікті
Қазақстан
Республикасының «Жеке
Жеке
кәсіпкерлікті мемлекеттік
Жеке
кәсіпкерлікті мемлекеттік
Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік
Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік
Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік