Персоналды басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 22:17, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, олардың қызмет тиімділігін арттыру маңызды орынға ие болды. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бәсекелік ортаның күшеюіне, тұтыну нарығын қажетті тауарлармен толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамту мәселесін шешуге, халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайының жақсаруына, ҒТП - ны жеделдету, жаңашылдықты енгізу және басқа да көптеген маңызды мәселелердің оң шешімін табуына септігін тигізеді

Содержание

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 3
1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.1. Шағын және орта кәсіпкерліктің мәні және экономикадағы рөлі . . . ... 5
1.2 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 13
1.3. Жеке кәсіпорынды құру және тарату тәртібі . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . .. 20
1.4. Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері. . . . . . . .. . . . . 25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНА ТАЛДАУ. . . . . 30
2.1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына талдау. . . . 34
2.2. Шағын және орта кәсіпкерліктегі инновациялық қызмет. . . . . . . .. . . .. 38
2.3. Франчайзинг - шағын бизнестегі кәсіпкерлік лицензия. . . . .. . . . . . . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 49

Работа содержит 1 файл

курсовой ДАНА.doc

— 273.50 Кб (Скачать)

     Жоғарыда  аталған заңда алғаш рет индустриялық аймақтар құру мен дамыту мәселесі көтерілді. Индустриялық аймақ деп коммуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет және кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерді айтамыз. Олардың негізгі міндеттеріне өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға жәрдемдесу; жаңа өндірістер инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру; өндіріс тиімділігін арттыру және халықты жұмыспен қамту жатқызылады.

     Қазақстан республикасында кәсіпкерлікті  қолдау мен дамытудын бірнеше  мемлекеттік бағдарламалары қабылданды. Атап айтсақ, қазіргі кезге дейін шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 6 мемлекеттік бағдарламасы (1992 - 1994жж,1996 -1998жж,1999 -2000 жж,2001-2002жж,2004-2006жж,2005-2007жж) қабылданып, жүзеге асырылды. Соңғы бағдарлама экономикалық дамудың нақты жағдайына, елдегі шағын және орта кәсіпкерліктің даму тенденциясын шетелдік озық тәжірибелерді зерттей отырып, жан-жақты зерттеулер негізінде қабылданды. Ол Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасы деп аталады.

     Бағдарламаның мақсаты - шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызмат сферасын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруга бағытталған институционалды шарттарды жетілдіру арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің арттыру болды.

     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2008жылдың 14 ақпанынан бастап жылдың аяғына дейін шағын бизнес субъектілеріне мораторий жарияланғаны белгілі.Бұл мораторий 2009 жылы тағы да жарты жылға ұзартылды. Яғни, кәсіпкерлер қызметін тексертуге жол берілмейді және барлық тексерулер тоқтатылады.Бірақ, бұл адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей байланысты азық-түлік өнімдерін өндіру мен дәрі-дәрмек өндірісіне қатысы жоқ. Сонымен қатар 2008 жылы шағын бизнес мәселелері бойынша кәсіпкерлерге арналған интернет конференция өтті. Елімізде шағын бизнестін даму жолындағы үлке кедергілердің бірі - әкімшілік кедергілер екендігі белгілі. Осыған байланысты әкімшілік кедергілерді азайту жөнінде Үкімет қаулысы қабылданып, шағын бизнесті тіркеу, лицензия беру тәртіптері оңайлатылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     5 
 
 
 

     2.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына талдау

     Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы - бұл кәсіпкерлік  субъектілерін дамытуға көмектесетін және оларға кәсіпкерліктің дамуы мен  кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қажетті жағдай жасау үшін қызметтер көрсететін ұйымдар мен бірлестіктер жиыны.

     Қазіргі кезде кәсіпкерлікті қолдау облысында  әр түрлі институттар бар, сондай - ақ қолдау нысандары мен механизмдері, негізгі қағидалары қалыптасты.

     Функционалдық бағытталуына байланысты инфрақұрылым институттарының құрылымын келесі түрде көрсетуге болады:

      1. Мемлекеттік бастамасымен құрылған және мемлекеттік ұйымдар.
      2. Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, салалық ассоциялар.
      3. Халықаралық ұйымдар және шетелдік ұйымдардың өкілдіктері.
    1. Бизнес - инкубаторлар, индустриялдық және технологиялық парктер.
    1. Ақпараттық - аналитикалық, маркетингтік, консалтингтік және оқыту орталықтары.

     Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілеріне ресурстық, әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсететін аккредиттелген шетелдік және халықаралық ұйымдар да белсенді түрде қызмет етеді. Олардың қатарына Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының даму жобасы, Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы, халықаралық даму жөніндегі Американдық агенттік, Сорос Қазақстан қоры, «Евразия» қоры, ТАСИС т.б.

     Шағын кәсіпкерліктің дамуына бизнес - инкубаторлар кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының бірі ретінде айтарлықтай ықпал  етеді.

     Бизнес - инкубатор ағылшынның business incubator деген екі сөзінен шыққан. Бұл сөз жаңа кәсіпорындарды құрудың икемді әдістерінің жүйесі дегенді білдіреді. Бизнес - инкубаторлар тек АҚШ - та ғана емес Франция, Германия, Швеция, Англия, Жапония, Қытай сияқты елдерде де кеңінен тараған.

     Бизнес - инкубатор - бұл кәсіпкерлерді қажетті  кеңестермен және түрлі қолдаулармен қамтамасыз ететін бизнесті қолдау бағдарламасы.

     Бизнес - инкубаторлар әр түрлі бағытта  құрылуы мүмкін және соған байланысты оның әр түрлі түрлері қалыптасады. Олар төмендегілер:

    • әлеуметтік бағыттағы инкубаторлар;
    • халықаралық бизнес - инкубатор;
    • өнеркәсіптік бизнес - инкубатор;
    • салалық бизнес - инкубатор;
    • университеттік бизнес - инкубатор;
    • технологиялық бизнес - инкубатор;

     Бизнес - инкубаторға мынадай негізгі  екі міндетін бөліп көрсетуге  болады:

    1. Бизнес - инкубаторға орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу.
    2. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне білім беру, маркетингтік, консалтингтік және басқа да ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметтер көрсету.

     Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына факторингтік және лизингтік компанияларды да жатқызуға болады.

     Факторинг (ағылшын сөзінен шыққан агент, делдал деген мағынаны білдіреді) - тауарларды сату мен қызмет көрсету үрдісінде контрагенттер арасында туындайтын төленбеген қарыздарды факторинтік компаниялардың төлеуімен байланысты, сондай - ақ жеткізушінің айналым капиталын кредиттеумен үйлесетін комиссиялық операциялардың әртүрлілігі болып табылады.

     Факторингтік  операциялар жеткізуші кәсіпорындар үшін оның капиталын кредиттеуді  қамтамасыз етеді, төлемнің уақыты өтіп кетуіне байланысты болатын жоғалтуларды азайтады, қалыпты өндірістік қызметі үшін жағдай жасайды.

     Факторингтік  операцияға әдетте үш тарап қатысады. Олар келесілер:

    1. Факторингтік компания немесе банктің факторингтік бөлімі.
    2. Клиент - фирма - факторингтік компаниямен келісім жасасатын фирма.
    3. Қарыз алушы - фирма - тауарды сатып алушы.

     Лизинг - бұл бір жағынан инвестициялық  қызмет түрі болса, екінші жағынан жалдың ерекше түрі болып табылады. Лизингтің  арқасында кәсіпкер немесе кәсіпорын  өндіріске қажетті құралдарды ірі  капитал салымын жасамастан уақытша пайдалануға мүмкіндік алады.

     Лизингтік операцияға негізінен үш қатысушы қатысады. Олар:

    1. Лизинг беруші.
    2. Лизинг алушы.
    3. Лизинг нысанын сатушы.

     Лизингтік компания немесе лизинг беруші - бұл  кәсіпорындарға машиналар мен құрал - жабдықтарды жалға беруші мамандарылған  мекеме.

     Лизинг  алушы - лизингтік келісімшарттарына  сәйкес кәсіпкерлік мақсатта лизинг нысанын алатын лизингтік мәмілеге қатысушы.

     Сатушы - лизинг нысанын сатып алу сату шарты немесе лизинг шарты негізінде лизинг берушінің меншігіне өткізетін лизинг мәмілесіне қатысушы.

     Лизингтің субъектілері тікелей және жанама қатысушыларға  бөлінеді. Тікелей қатысушыға лизингтік  компаниялар, өндірістік, сауда және көлік кәсіпорындары жатқызылса, жанама қатысушыларға лизинг берушіге кредит беретін коммерциялық және инвестициялық банктер,сондай - ақ мәміленің гаранты ретінде шығатын сақтандыру компаниялары, делдалдық және брокерлік фирмалар.

     Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі  туралы» Заңында лизингтің екі нысаны, яғни ішкі және халықаралық нысандары анықталған. Сонымен қатар лизингтің келесі түрлері көрсетілген: қайтару, банк, толық және таза лизинг.

     Ішкі  лизингті жүзеге асырған кезде лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы ҚР -ның резиденттері болып табылады, ал халықаралық лизингте лизинг беруші немесе лизинг алушы ҚР - ның резиденті болып табылмайды.

     Қайтару лизингі - лизингтің бір түрі, ол бойынша сатушы лизинг нысанасын  лизинг берушіге осы лизинг нысанасын  лизинг алушы ретінде лизингке кері қайтарып алу талабымен сатады.

     Банк  лизингі - бұл да лизингтің бір  түрі, мұнда лизинг беруші банк болып табылады.

     Толық лизингте лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг алушы жүзеге асырады.

     Лизингтік операциялардың шағын кәсіпкерлікті  қаржыландыру құралы ретіндегі тиімділігі келесілермен анықталады:

    1. Лизинг алушы машиналар мен құрал - жабдықтардың құнының аз бөлігін ғана төлеп пайдалана алады.
    2. Өндірістік цикл бірден басталады және өндірістен табыс таба отырып лизингтік төлемдер жасалады.
    3. Лизинг бойынша берілетін мүлік құны сатушы - кәсіпорынның мүлік құнынан айырмашылығы аз ғана болады.
 

     6 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2.3 Шағын және орта кәсіпкерліктегі инновациялық қызмет

     Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыруда, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікте инновацияның маңызы жоғары. Инновация -өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және әлеуметтік, экологиялық жағынан маңызды болып табылатын, сондай - ақ зияткерлік меншік объектісі ретінде танылған ғылыми және ғылыми - техникалық қызметтің нәтижесі. Инновациялық қызмет дегеніміз инновацияларды өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізу арқылы пайдалану.

     Экономикалық  әдебиеттерде инновацияның басқа да бірнеше анықтамалары келтірілген:

     Инновация - бұл жаңа тәжірибелік құралдарды құру, тарату және пайдаланудың кешенді үрдісі.

     Инновация - бұл жаңа идеяларды, ұсыныстарды, ғылыми - техникалық шешімдерді тәжірибеге енгізу, пайдалану және жүзеге асыру.

     Инновация - бұл жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижесінде өндіріске енгізілген объект.

     Инновациялық  үрдіс деп ғылыми идеялардың туындауынан бастап оның іс жүзінде пайдалануына дейінгі уақыт аралығын айтамыз. Мұны инновацияның өмірлік циклі деп атайды. Яғни, қандай да бір жаңашылдықтың өмірлік циклінің барлық төрт сатысын іске асыру бойынша жасалатын әрекеттер жиынтығы.

     Оларды  келесі түрде көрсетуге болады:

     1) идеяны аргументтеу мен ғылыми  негіздеу үшін зерттеулер жүргізу;

     2) қолданбалы аспектілерді әзірлеу және тәжірибелік нәтижелер алу:

     3) алынған нәтижелерді өндірістік  үрдіске енгізу;

     4) өндіріске енгізілген жаңалықтарды пайдалану.

     Инновациялық  қызметтің ішкі және сыртқы мотивтері  болуы мүмкін. Сыртқы мотивтерге келесілер  жатады:

  • кәсіпорындардың шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларына бейімделу қажеттілігі;
  • салық, ақша - несие және қаржы саясатындағы өзгерістер;
  • бәсекелестердің белсенді түрде әрекет етуі;
  • конъюнктуралық құбылыстар;
  • салалық құрылымдық өзгерістер және т.б.

     Кәсіпорындардың инновациялық қызметінің ішкі мотивтері  мыналар:

  • сату көлемін арттыруға ұмтылу;
  • жаңа нарықтарға өту, нарықтағы үлесін кеңейту;
  • фирманың бәсекеге қабілеттілігін жақсарту;
  • ұзақ мерзімді кезеңде таза табысын арттыру және т.б.

     ҚР  инновациялық қызметті ынталандыру  мақсатында 2006 жылы 23 наурызда «Инновациялық  қызметті мемлекеттік қолдау туралы»  заң қабылданды. Осы заңда елімізде инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың мақсаты мен қағидалары, негізгі бағыттары мен нысандары көрсетілген.

     Оның  негізгі қағидаларына төмендегілер жатады:

  • инновациялық қызметті жүзеге асыру кезінде ұлттық мүдделерді сақтау;
  • ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін арттыру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін инновациялық қызметтің басымдығы;
  • инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдаудың экономикалық тиімділігі және нәтижелігі;
  • инновациялық қызметті ұйымдастыру мақсатында ғылыми және ғылыми - техникалық қызмет субъектілері мен кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты өзара іс - қимылын қамтамасыз ететін кешенділік және жүйелілік;
  • инновациялық қызметті жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

Информация о работе Персоналды басқару