Персоналды басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 22:17, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, олардың қызмет тиімділігін арттыру маңызды орынға ие болды. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бәсекелік ортаның күшеюіне, тұтыну нарығын қажетті тауарлармен толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамту мәселесін шешуге, халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайының жақсаруына, ҒТП - ны жеделдету, жаңашылдықты енгізу және басқа да көптеген маңызды мәселелердің оң шешімін табуына септігін тигізеді

Содержание

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 3
1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.1. Шағын және орта кәсіпкерліктің мәні және экономикадағы рөлі . . . ... 5
1.2 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 13
1.3. Жеке кәсіпорынды құру және тарату тәртібі . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . .. 20
1.4. Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері. . . . . . . .. . . . . 25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНА ТАЛДАУ. . . . . 30
2.1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына талдау. . . . 34
2.2. Шағын және орта кәсіпкерліктегі инновациялық қызмет. . . . . . . .. . . .. 38
2.3. Франчайзинг - шағын бизнестегі кәсіпкерлік лицензия. . . . .. . . . . . . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 49

Работа содержит 1 файл

курсовой ДАНА.doc

— 273.50 Кб (Скачать)

     Толық серіктестік шаруашылық серіктестіктердің  негізгі нысандарының бірі болып  табылады. Толық серіктестік деп  мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестікті айтамыз. Толық серіктестіктің қатысушысы - серіктестіктің борышы бойынша оған өзі кіргеннен кейін немесе кіргенге дейін пайда болғанына қарамастан жауап береді. Толық серіктестік қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы мәліметтерді жариялауға міндетті емес.

     Серіктестіктің  тағы бір нысаны - сенім серіктестігі. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушыларымен қатар, серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдарының жиынтығымен шектелетін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын қатысушыларды да енгізетін серіктестік сенім серіктестігі деп аталады.Толық серіктестіктер серіктестікке жеке еңбегімен қатысуға міндетті, сондықтан азамат тек бір ғана сенім серіктестігінің толық серіктесі бола алады.

     Серіктестіктің  ішінде кеңінен тараған және едәуір қолайлы нысаны жауапкешілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Жауапкешілігі шектеулі серіктестік деп бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестікті айтамыз. Жауапкешілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының шегінде тәуекел етеді. Жауапкешілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды. Жауапкешілігі шектеулі серіктестік қатысушылардың қабылдаған шешімі бойынша өз еркімен қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін.

     Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік  деп қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда енгізген салымдарының еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестікті айтамыз. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке де жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы ережелер қолданады.

     Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бірі - өндірістік кооператив. Өндірістік кооператив дегеніміз азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі. Өндірістік кооператив заңды тұлға статусын иеленеді және міндеттемелері бойынша қосымша жауапты болады. Өндірістік кооперативтердің жарғылық қоры мен резервтік қорының мөлшері жарғыда белгіленеді. Өндірістік кооперативтің ерекше қасиеттерінің бірі оның мүшелерінің жеке еңбегімен қатысуы болғандықтан - таза табысы да кооператив мүшелері арасында еңбекке қатысуына сәйкес бөлінеді.

     Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік» туралы Заңында көрсетілген критерийлерге  сүйенсек орта кәсіпкерлік субъектілеріне белгіленген талаптарға жауап беретін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды жатқызуға болады.Ол шаруашылық серіктестіктерімен қатар акционерлік қоғамдар болуы мүмкін.

     Акционерлік қоғам деп өз қызметін жүзеге асыру  үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Құрылтай шарты мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. Акционерлік қоғам жыл сайын қаржы - шаруашылық қызметінің сыртқы аудитін жүргізуге міндетті. Акционерлік қоғамның ұйымдық - құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін және олардың артықшылықты акциялар шығаруға құқығы жоқ.

     Акционерлік қоғамның мынадай ерекшеліктерін бөліп  көрсетуге болады:

    1. акционерлік қоғам бизнестің ең демократиялы нысаны;
    2. акционерлік қоғам іс жүзінде салымшылардың шектеусіз санын біріктіруге мүмкіндік береді;
    3. акционерлер акционерлік қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді;
    4. акционерлердің құқықтары жеке және мүліктік болып бөлінеді. Мүліктік құқық - бұл дивиденд алу және қоғам таратылған жағдайда қалған мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығы; жеке құқық бұл акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығы.

     Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңына сәйкес, акционерлік  қоғамның органдары жоғары орган, басқару  органы және атқарушы орган болып бөлінеді. Жоғары органға - акционерлердің жалпы жиналысы, басқару органына - директорлар кеңесі, атқарушы органға - алқалы орган немесе атқарушы орган қызметін жеке - дара жүзеге асыратын тұлға жатқызылады.

     Акционерлік қоғамды қайта ұйымдастыруға  рұқсат етіледі. Акционерлік қоғам ерікті және мәжбүрлі түрде таратылуы мүмкін. 

     2 
 
 
 
 

1.3 Жеке кәсіпорынды құру және тарату тәртібі

     Кәсіпкерлік қызмет дара кәсіпкерлікпен қатар кәсіпорын  құру арқылы жүзеге асырылады. Жеке кәсіпорынды  құру тәртібін мемлекеттік тіркеуге дейін және мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі жүзеге асырылатын қадамдар деп бөліп көрсетуге болады.

     Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуге дейін келесідей  қадамдар жасау қажет:

    1. Кәсіпорынды құру үшін жиналу.

    Болашақ құрылтайшыларға жиналып төмендегілерді анықтау қажет:

  • фирманың атауын;
  • фирманың әріптестері кімдер болатынын;
  • кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық нысанын;
  • құрылтайшыларының үлесінің мөлшерін және жарғылық қорды;
  • кәсіпорынның орналасатын жерін;
  • кәсіпорынның қызмет ету мерзімін;
  • кәсіпорынды жабу тәсілін;
  • негізгі қызмет және өзге қызмет түрлерін;
  • кәсіпорынның басқару органдарын;
  • кәсіпорынды басқаруға уәкілетті тұлғалар және олардың өкілеттіліктерін.
  1. Құрылтай құжаттарын дайындау. Құрылтай құжаттарына құрылтай шарты мен жарғы жатқызылады. Мұнда фирманың атауы, оның орналасқан жері, тіркелген күні, қызмет түрі, фирманың міндеттемелері бойынша қатысушылардың жауапкершілігі, фирманы қайта ұйымдастыру мен тарату шарттары көрсетілуі керек.
  1. Банктен депозиттік шот ашу және тіркелу кезінде банкке салынуға тиіс жарғылық қордың бір бөлігін енгізу.
  2. Құрылтай жиналысын шақыру, акцияға жазылуды ұйымдастыру;
  3. Кәсіпорынды тіркегені үшін алым төлеу;(2 айлық есептік көрсеткіш)
  4. Құжаттарды әділет органына ұсыну.

     Шетелдің  қатысуыңсыз құрылған заңды тұлғаларды тіркеу үшін әділет органына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    • тіркеу туралы өтініш;
    • құрылтайшылармен бекітілген жарғы;
    • құрылтай шарты;
    • мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын төлегені туралы құжат.

Сонымен қоса басқа да мынадай құжаттарды дайындау қажет:

    • жарғылық қордың қажетті бөлігін енгізгендігі туралы банктің растауы немесе құрылтайшылардың салымдарын ақшалай бағалау бойынша аудиторлық анықтама;
    • заңдық мекен - жайының бар екендігі туралы құжат;
    • құрылтайшылар саны бір адамнан көп болғанда құрылтай жиналысының хаттамасы.

     Шетелдің  қатысумен құрылған заңды тұлғалар жоғарыда аталғандарға қосымша келесі құжаттар ұсынады:

    • шетелдік заңды тұлға - құрылтайшылар үшін нотариуспен куәландырылған сауда реестірінің көшірмесін немесе бұл субъект өз елінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын құжат;
    • шетелдік заңды тұлға - құрылтайшы үшін нотариуспен куәландырылған төлқұжат көшірмесі немесе жеке тұлға екендігін растайтын құжат.

     Бактік  қызметпен айналысатын заңды  тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде  оны ашу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің рұқсаты қажет. Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуден бас тарту шешімі 15 күннің ішінде қабылданады, шағын бизнес субъектілері үшін қажет құжаттар тіркелген өтініш берілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейді. Кәсіпорынға тіркеу нөмірі, тіркелген күні мен тіркелу нөмірі заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне енгізіледі.

     Тіркелгеннен  кейінгі жүзеге асырылуы тиіс қадамдар:

  1. Статистикалық код алу үшін құжаттарды ресімдеу. Әділет басқармасының тіркеу бөлімінен тіркеу туралы куәлікті алғаннан кейін статистикалық карточканы ресімдеу қажет.Ол карточкада заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің статистикалық регистрінде кәсіпорындар туралы орталықтағы кодтар көрсетілген болады. Статистика органы статистикалық карточканы 5 күннен (шағын бизнес субъектілері үшін 3 күннен) кешіктірмей береді. Ол үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
    • құрылтай құжаттары;
    • басшыны тағайындағаны туралы жиналыстың хаттамасы;
    • статистикалық хаттаманың көшірмесі;
    • тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлік.
    1. Мөр дайындау.
    1. Салық органында тіркеу. Мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 күн ішінде жергілікті салық органында тіркелу қажет. Ол үшін тіркеу туралы куәлік пен құрылтай құжаттары ұсыналады.
    2. Банктік шот ашу. Банктік шот ашу үшін келесі әрекеттер жасалуы тиіс:
    • Басқарушы және бас бухгалтер лауазымына тұлғаларды тағайындау туралы бұйрық шығару;
    • Басқарушы және бас бухгалтердің қолдарының үлгісі және мөрдің үлгісі бар екі карточка толтырылады.

    Соңғы кезең.

    • Қаржы - бухгалтерлік құжаттар сатып алу.
    • Егер лицензиялауға жататын қызмет болса жергілікті билік органынан немесе сәйкес министрліктен лицензия алу, санитарлық -эпидемиологиялық басқарма, өрт сөндіру, электр торабы т.с.с рұқсат алу;
    • Акциялар мен облигациялар эмиссиясы және сату.
 

      ЕСКЕРТПЕ

  1. Егер қажетті құжаттарды толық өткізбесеніз, жеткіліксіз болса не болмаса құрылтай құжаттарына сарапшылар қорытындысын алу қажет болса, сондай - ақ басқа да негіздерге байланысты мемлекеттік тіркеу мерзімі үзілуі мүмкін.
  2. Заңды тұлғаны құрудың заңда белгіленген тәртібі бұзылған жағдайда және құрылтай құжаттары ҚР заңдарына сәйкес келмесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту мүмкін.
  3. Мемлекеттік тіркеуден бас тартқан кезде мемлекеттік тіркеу үшін төленген төлем қайтарылмайды.

   Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкалары келесі мөлшерде белгіленген:

  1. Шағын бизнес субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш;
  2. Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктеріне, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш;
  3. Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелер,қазыналық кәсіпорындар және пәтер иелері кооперативтері, олардың филиалдары мен өкілдіктері үшін - 1 еселенген айлық есептік көрсеткіш;
  4. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеген үшін - 6,5 еселенген айлық көрсеткіш.

   Егер  сіз қандай да бір себептермен  өз фирманызды таратқыныз келсе заңды  тұлғаны таратуды немесе жоюды тіркеу үшін келесі жолдардан өтуге тура келеді.

   Заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған уәкілетті орган немесе заңды тұлғаның меншік иесі сәйкес тіркеу органына келесі құжаттарды ұсынады:

    • өтініш;
    • заңды тұлғаны тарату туралы шешімінің көшірмесі;
    • мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің, статистикалық карточканың, құрылтай құжаттарының түпнұсқасы;
    • әділет министірлігінің ресми басылымдарында тарату туралы хабарландыру бергендігін растайтын құжат;
    • бюджет алдында борыштары жоқ екендігі жөніндегі салық органының қорытындысы;
    • мөр мен штампты жойғандығы жөнінде ішкі істер органынан анықтама;
    • шотты жабу туралы банктің анықтамасы;
    • белгіленген мөлшерде алым төлегенін растау (1АЕК);
    • тарату балансы немесе тарату ісінің аяқталғандығы туралы тарату комиссиясының есебі.

     Таратуды  тіркеу 10 күннің ішінде жүргізілуі керек. Заңды тұлғаны тарату туралы мемлекеттік  регистірге жазылғаннан кейін ғана таратылды деп есептеледі. 
 
 
 
 
 
 
 

     3 
 
 
 
 

     1.4 Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері

     Қазақстан Республикасының Салық кодексіне  сәйкес салық режимдері жалпы  және арнаулы салық режимі болып  бөлінеді.

Информация о работе Персоналды басқару