Персоналды басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 22:17, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, олардың қызмет тиімділігін арттыру маңызды орынға ие болды. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бәсекелік ортаның күшеюіне, тұтыну нарығын қажетті тауарлармен толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамту мәселесін шешуге, халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайының жақсаруына, ҒТП - ны жеделдету, жаңашылдықты енгізу және басқа да көптеген маңызды мәселелердің оң шешімін табуына септігін тигізеді

Содержание

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 3
1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.1. Шағын және орта кәсіпкерліктің мәні және экономикадағы рөлі . . . ... 5
1.2 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 13
1.3. Жеке кәсіпорынды құру және тарату тәртібі . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . .. 20
1.4. Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері. . . . . . . .. . . . . 25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНА ТАЛДАУ. . . . . 30
2.1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына талдау. . . . 34
2.2. Шағын және орта кәсіпкерліктегі инновациялық қызмет. . . . . . . .. . . .. 38
2.3. Франчайзинг - шағын бизнестегі кәсіпкерлік лицензия. . . . .. . . . . . . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 49

Работа содержит 1 файл

курсовой ДАНА.doc

— 273.50 Кб (Скачать)

     Шағын кәсіпкерліктің тиімді қызмет ету мүмкіндігі ірі өндіріспен салыстырғанда келесідей бірқатар артықщылықтармен түсіндіріледі.

   1. Өнім өткізудің жергілікті нарықтарына жақындығы және тұтынаушылар сұраныстарына тез бейімделуімен, ірі кәсіпорындар үшін тиімсіз болған жағдайда аз партиямен өнімдер өндіру, кәсіпорынды басқарудың тиімділігі мен қарапайымдылығы және басқалары.

   2. Шағын кәсіпкерліктің дамуы мен  тиімді қызмет етуі бүкіл экономиканы  жақсарту үшін қолайлы жағдай  туғызады. Демек, бәсекелік орта  күшейеді, көптеген қосымша жұмыс  орындары құрылады, тұтынушылық  сектор кеңейеді, өндірістегі, саладағы және ел экономикасындағы құрылымдық қайта құру белсенді және тиімді түрде жүргізіледі, жергілікті ресурстар жақсы қолданылады, нарықты тауарлар мен қызмет көрсету арқылы толықтыру тезірек болады, ел экономикасының экспорттық әлеуеті артады.

   3. Шағын кәсіпорын құра отырып қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер немесе шағын кәсіпкерлікті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын, білімдерін меңгерудің өзіндік мектебі болып табылады.

   4. Шағын кәсіпкерлік қоғамдық өндіріс үрдісінде қосымша еңбекті енгізеді, ал ол жаңа құндылықтарды құрады, ұлттық байлық пен ұлттық табысты көбейтеді.

     Жалпы алғанда шағын және ірі кәсіпкерліктің негізгі айырмашылықтарын келесі кесте  түрінде көрсетуге болады. 

Айырмашылық белгілері Ірі кәсіпкерлік Шағын кәсіпкерлік
1 Өндіріс және қызмет

көрсету саласы

Ірі өнеркәсіп  салалары, жылу - энергетикалық және мұнай - газ кешендері  Өндіріс, сауда  және қызмет көрсету
2 Стратегияны өзгерту 3 - 5 жыл 6 айдан 1 жылға  дейін
3 Қызмет сферасы Ірі қалалар  мен өнеркәсіптік кешендер Ірі және шағын қалалар
4 Бәсекелік ортаны құру Нарықтың белгілі  бір бөлігін жаулап алғандықтан  бәсеке шектеулі болады Шағын кәсіпорындар саны көп болғандықтан бәсекелік  орта күшті болады
5 Кәсіпорынды құру және тіркеу Едәуір қаржылық шығындардың қажеттігі және тіркеу тәртібінің ұзақтығы Бастапқы шығындардың  аз болуы және тіркеудің оңайлығы
6 Жаңа жұмыс  орындарын құру Жаңа жұмыс  орнын құру қарқыны едәуір төмен Жаңа жұмыс  орындары едәуір жоғары қарқынмен құрылады
7 Басқару құрылымы Күрделі Қарапайым
8 Шешім қабылдау Ұзақ уақыт  қажет етеді Аз уақытта  және ұтымды шешім қабылдау мүмкіндігі
9 Басқару жүйесіндегі  мүдделердің үйлесуі Құрылтайшылар мен басқарушылар мүдделерінің арасында қайшылықтың туындау мүмкіндігі Басқарушы және құрылтайшы бір адам болуы мүмкін, басқару жүйесіндегі мүдде қайшылығының жоқтығы

   Шағын және ірі кәсіпкерліктің негізгі  айырмашылық белгілері 

   Бұл кестеден байқағандығымыз ірі кәсіпкерлікке  қарағанда шағын кәсіпкерліктің негізгі айырмашылықтары барлық жағынан басымдылыққа ие болып отыр. Өйткені қазіргі қатаң бәсеке жағдайында кәсіпорынды басқару, оның даму стратегияларын жақсарту, дұрыс шешім қабылдау және басқару жүйесінде мүдделердің қайшылықсыз үйлесім табуының маңыздылығы жоғары.

   Шағын кәсіпкерліктің ел экономикасындағы рөлін келесі факторлармен де анықтауға болады:

   1) дара кәсіпкерлер мен шағын  кәсіпорындардың нарықтық экономика  субъектілерінің жалпы санындағы  үлесімен;

   2) өнім өндіруде (жұмыс орындау,  қызмет көрсету), жалпы ішкі өнімді  құрудағы шағын кәсіпорындардың қосқан үлестермен:

   3) республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыруда шағын бизнес субъектілерінің салған салымдарымен немесе үлестерімен;

   4) еңбекке жарамды халықтың шағын  кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандарының  санының өсуімен, жұмыссыздар  санын қысқартуға қосқан үлестерімен;

   5) нарықтың тұтыну тауарларымен (жұмыстармен,  қызмет көрсетулермен) толуғымен,  халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруды  жақсартумен;

   6) кәсіпорынды басқару тәжірибесін  жинақтаумен, өзінің жеке ісін  бастауды жүзеге асырумен және тағы басқаларымен. 
 
 
 

     1 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1.2 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

     Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік  туралы» Заңының қабылдануына (2006 жылы) байланысты осыған дейін қолданып келген «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау туралы» Заң (1997 жылы қабылданған) өз күшін жойды. Мұны айтып отырған себебіміз, шағын кәсіпкерлік субъектілері 2006 жылдан бастап «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң бойынша анықталып келеді. Осы заңда анықталған критерийлерге сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін анықтауға қол жеткізіледі.

     Еліміздің негізгі заңнамалары және нормативтік - құқықтық актілері бойынша шағын  кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты  мынадай мәселелерді атап өтуге  болады:

     1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері  Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асырады;

     2. Заңды тұлға құрмайтын дара  кәсіпкерлер, сондай - ақ белгіленген  критерийлерге сәйкес келетін  мынадай ұйымдық- құқықтық нысандардағы  заңды тұлғалар, яғни өндірістік кооперативтер мен шаруашылық серіктестіктер шағын кәсіпкерлік субъектісі болуы мүмкін.

     3. Шағын кәсіпкерлік субъектілері  қызметкерлерінің орташа жылдық саны барлық қызметкерлерді, оның ішінде келісімшарт және мердігерлік шарттар бойынша, жұмысты қоса атқару бойынша жұмыс істейтіндер, осы субъект филиалдарының, өкілдіктерінің және басқа оқшауланған бөлімшелерінің қызметкерлерін ескере отырып анықталады.

     4. Шағын кәсіпкерлік субъектілері  заңдарда белгіленген ережелерден  асып кеткен жағдайда бұл заңды  тұлға Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген жеңілдіктерден айырылады.

     Дара  кәсіпкерлік дегеніміз азаматтардың немесе жеке тұлғалардың өздерінің  меншігіне негізделе отырып, тәуекелге  бару және мүліктік жауапкершілігі арқылы жүзеге асырылатын табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.

     Дара  кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады. Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне тиесілі мүлік негізінде, сол мүлікті пайдалану және оған билік ету құқығымен дербес жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар немесе бірнеше дара кәсіпкерлер өздеріне тиесілі ортақ мүлік негізінде, мүлікті бірлесіп пайдалану және билік ету құқығымен жүзеге асырады.

     Бірлескен кәсіпкерлік келесі нысандарда болуы  мүмкін:

    1) ерлі - зайыптылардың ортақ бірлескен  меншігі негізінде жүзеге  асырылатын ерлі - зайыптылардың кәсіпкерлігі;

    2) шаруа  қожалығының ортақ бірлескен  меншігі немесе жекешелендірілген  тұрғын үйге ортақ бірлескен  меншік негізінде жүзеге асырылатын  отбасылық кәсіпкерлігі;

    3) ортақ  үлестік меншік негізінде жүзеге  асырылатын жай серіктестік.

     Дара  кәсіпкерлікпен айналысқысы келген кез келген жеке тұлға ең алдымен  Қазақстан Республикасының салық  төлеуші куәлігін алуы керек. Яғни, оны салық төлеуші ретінде  мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылады және оған салық төлеушіні тіркеу нөмірі беріледі. Жеке тұлға салық төлеуші куәлігін алу үшін тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органына белгіленген нысанда тіркеу туралы өтініш береді. Бұл салықтық есептілік нысаны болып табылады және өкілетті мемлекеттік органмен бекітіледі.

     Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік  тіркеу 2 түрде жүзеге асырылады: келіп  тіркелу және міндетті мемлекеттік  тіркеу.

     Келіп тіркелу кезінде өзінің тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органдарында дара кәсіпкер ретінде есепке алынады.

     Мемлекеттік тіркеу келесі жағдайда орындалады:

    1) егер  дара кәсіпкер тұрақты негізде  жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланса;

    2) егер  дара кәсіпкердің кәсіпкерлік  қызметтен түскен жылдық жиынтық табыстың мөлшерінен асқан жағдайда.

     Дара  кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу үшін:

    1) тіркеу  органы белгіленген нысан бойынша  өтінішін;

     2) дара кәсіпкерді тіркегені үшін  алым сомасын бюджетке төлегенін  растайтын құжатын, жеке куәлігінің  көшірмесін, жеке тұлғаның СТН тіркеу органы ұсынады. Ал тіркеу органы құжаттарды ұсынған күннен кейінгі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуден өткізеді. Егер өтініште басқаша мерзім көрсетілмесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз беріледі. Осыдан кейін мөр дайындалады, банктен шот ашылады, қажет болған жағдайда лицензия алынады. ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 7 бабындағы 10 тармаққа сәйкес дара кәсіпкерлер іскерлік құжаттама бланкілерін, мөр, штамп пайдалануға құқылы.

     Шаруа қожалықтары, І,ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер, сондай - ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысатын репатрианттар алым төлеуден босатылады.

     Мемлекеттік тіркеуден және мемлекеттік тіркегені  үшін алым төлеуден заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын келесі тұлғалар босатылады:

  • шаруа қожалығының құрамындағы азаматтар немесе тұлғалар;
  • мердігерлік келісімшарт және өзге де азаматтық - құқықтық келісімшарт негізінде бір реттік жұмыстарды орындаушылар;
  • өздеріне тиесілі мүліктерді, сондай - ақ импорттық өнеркәсіптік және тұтыну тауарларын қоса алғанда өндірілген, өңделген, сатып алынған өнімдерді осы мақсатта арнайы бөлінген орындарда немесе комиссиондық дүкендерде сатумен айналысатындар;

     Егер  кәсіпкерлік қызмет лицензиялауға жататын болса кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы ғана лицензиясыз қызмет ету құқығын бермейді және мұндай қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға міндетті.

     Лицензиялар беру белгілі бір қызмет түрі үшін жүзеге асырылады (Қазақстан Респуликасының «Лицензиялау туралы» Заңының 3 - тарауы)

     Лицензия  дегеніміз тиісті лицензиардың (лицензиялауды  жүзеге асыратын мемлекеттік органның) жеке немесе заңды тұлғаға қызметтің  жекелеген түрімен айналысуға беретін  рұқсаты. Лицензиялар мынадай белгілері бойынша бөлінеді:

    1. Субъектілері бойынша:
    • Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берілетін лицензия.
    • Шетелдіктерге, азаматылығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берілетін лицензия.
    1. Қызмет көлемі бойынша;
    • Бас қызмет - қолданылу мерзіміне шек қойылмай қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға берілетін лицензия.
    • Біржолғы - рұқсат етілген мерзім, көлем, салмақ немесе мөлшер шегінде белгілі бір шаруашылық операциясымен айналысуға, сондай - ақ ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерімен айналысуға берілген лицензия.
    • Операциялық - банк қызметінде жекелеген операциялармен, сақтандыру қызметінде сыныптарға жіктеумен айналысуға берілетін лицензиялар.

     Қазақстан Респуликасының «Лицензиялау туралы» Заңында лицензиялаудың 27 саласы көрсетілген, ол өз ішінде бірнеше қызмет түрлеріне бөлінеді.

     Мемлекеттік лицензиялау жүйесі ҚР - ның Үкітімен, уәкілетті органнан, лицензиарлардан  тұрады.

     Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне дара кәсіпкерлікпен қатар мынадай ұйымдық - құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар жатқызылады:

    • толық серіктестік;
    • сенім серіктестігі;
    • жауапкешілігі шектеулі серіктестік;
    • қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
    • өндірістік кооператив.

     Шаруашылық  серіктестік деп жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйымды айтамыз. Шаруашылық серіктестікті жеке және заңды тұлғалар құра алады, ал бір адам құрған жағдайда, ол оның бірден бір қатысушысы болып табылады. Құрылтайшылар серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық және өзге де мүлікті енгізе алады.

Информация о работе Персоналды басқару