Қонақ үй кешені саласындағы экономиканың маңызы мен ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 08:39, реферат

Описание работы

Басқарудың нарықтық концепциясы экономиканы тұтынушылардың өзгеріп отыратын көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыруға нысандайды, өндіру мен тұтыну мәселелерін кешенді түрде шешуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар барлық экономикалық субъектілердің қызметін үйлестіріп, еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын пайдаланудың жоғары тиімділігіне қол жеткізуге ықпал етеді.

Работа содержит 1 файл

Басқару нарығы.doc

— 993.50 Кб (Скачать)

 

Қонақ үйдің негізгі қызметі клиенттерді орналастыру, оларға қосымша қызметтер көрсету болып табылады. Кестеден шығындардың өсіп, айналым шағындары кө бейгендігін көреміз. Сонымен қатар тамақтандыру шығындары күрт өсіп, қонақүй қызметінің негізгі корсеткіші - жүктелім коэффициентінің өсуін байқаймыз (8-кесте).

 

 

 

 

8-кесте - «Жасамир» қонақ үй кешені табыстылық көрсеткіштерінің динамикасы.

Көрсеткіш

2010 ж.

2011 ж.

Аутку,

2011 ж.

 

барлығы,

барлығы,

мың теңге

2010 жылмен

 

мың теңге

мың теңге

 

салыстырғанда,%

Негізгі қызметтен табыс

80677266

104113611,5

23436345,51

129

Жолдама сатудан табыс

587752,1

2877579,1

3465331,2

49

Ғимаратты жалға беруден

91079,78

155172,36

64092,58

170

табыс

 

 

 

 

Айналым шығындары

79830207,8

106868362,9

27038155,1

134

Негізгі қызмет түрінен

125000

278000

153000

222,4

пайда

 

 

 

 

Сатудан тыс табыс пен

20000

170000

150000

850

шығындар сальдосы

 

 

 

 

Иелікте қалатын пайда

101500

313600

212100

309

Барлығы

161577805

215224325,9

54822024,3

217,2


 

Қаржылық болжау мен жоспарлау арқасында кәсіпорын басшысы қаржылық қажеттіліктерін анықтап, жоспарланған табыстылық деңгейін сақтап тұруға көмек беретін мақсаттарды белгілеуге мүмкіндік алады. Егер болжау қаржы жетіспеушілігін көрсетсе, басшы қай кезде, қандай мөлшерде қаржы керек екендігін біле алады. Бұл кәсіпорын алдында қойылған міндеттерді шешу мақсатында жүргізілетін қаржы-несие саясатын анықтау үшін қажет.

Бюджетті қалыптастыру негізінде қонақ үй қызметінің нақты көрсеткіштерінің жоспарланғанмен салыстыру мүмкіндігіне ие бола алады. «Жасамир» қонақ үй кешенінің негізгі табыс көзі нөмерлік қор бөлімі. Табыс әкелетін басқа бөлімдер осы бөліммен тығыз байланыста. Сондықтан бірінші кезекте нөмерлік қор бюджеті қалыптастырылады. Оның негізінде компанияның жоспарлаған табысын бағалау мақсатында әрбір нарық сегменті бойынша келесі көрсеткіштерді қолдану арқылы бағдарлама

 

әзірленеді: әрбір сегмент үшін қону (түнеу) саны, әрбір сегментті орналастыру үшін тәуліктік баға. Бұл болжаулар бюджетті жоспарлау мақсатында тамақтандыру, сусындар, ішкі телефон байланысы және т.б. бөлімдерге жіберіледі.

Бюджеттің шығын бөлімін қалыптастыруда сонымен қатар нақты пайда әкелмейтін бөлімдердің шығындары есепке алынады. Жалпы әкімшілік және медициналық персоналға байланысты шығындар жоспарланады. Сонымен қатар ғимаратты пайдалану, электр энергиясы жэне т.б. пайда әкелмейтін басқа бөлімдер бойынша шығындар белгіленеді.

Жылдық жоспар он екі айлық жоспардан құрылады. Бұл әрбір айдың соңында жылдық бюджеттің орындалу деңгейі мен сипатын бақылап отыруға мүмкіндік береді. 2 және 3 кестелер бойынша рентабельділік деңгейін, сату рентабельділігін, рентабельділік балансын, ативтердің рентабельділігін анықтауға болады.

2010 жылғы рентабельділік деңгейі=кәсіпорын басқаруындағы пайда/ айналым шығындары * 100% = 101500 / 79830210,88 * 100% = 0,13% .

           2011 ж. рентабельділік деңгейі = 313600/109332649,97*100% = 0,29% .

Сату рентабельділігі (2010 ж.) = кәсіпорын басқаруындағы пайда/

табыс*100% = 101500/81356097,88*100% = 0,12 %

Сату рентабельділігі (2011 ж.) = 313600/107146362,97*100% = 0,29 % .

Рентабельділік балансы (2010 ж.) = баланстық пайда / табыс*100% = 145000/81356097,88*100% = 0,18 % .

Рентабельділік балансы (2011 ж.) =448000/107146362,97*100%= 0,42% .

Ативтердің рентабельділігі (2010 ж.) = кәсіпорын басқаруындағы пайда/табыс сомасы* 100%= 101500/569014705*100%= 0,018%.

Ативтердің рентабельділігі (2011ж.) = 313600/2809086876*100% = 0,012%.

Нарықтық жетістікке сенім артатын қонақ үй жоғары тұтынушылық бағадағы қызметтерді өндіріп, сатуға ұмтылады. «Жасамир» қонақ үй кешені бәсекелестік нарықтағы өзінің позицияларын нығайту талаптарын қанағаттандыру үшін жаңа қызмет көрсету түрлерін әзірлеуді қарастыруда. Қолданыстағы негізгі қызмет түрлері: тамақтандыру, тұру, кір жуу қызметі. Қосымша қызмет түрлерінен - конференц-зал.

 

«Жасамир» қонақ үй кешені кызметінің ассортименті кең болмаса да, ол қызметтердің бағасы томен, осылайша компания нарыққа орнықты ену стратегиясын қолданады.

Баға және баға саясаты маркетингтік қызметтің негізгі құрамдастарының бірі, өйткені бағаның басты функциясы - қызмет көрсетулерді сатудан пайда алуды қамтамасыз ету. Баға нарықтың баска элементтері мен қонақүй маркетингтік кешенінің басқа құралдарымен тығыз байланыста. Қонақүй нарықтағы үлесін сақтап қалу, оны арттыру мақсатында баға, төлем шарттары, кепілдер, сервис, жарнама және т.б. сияқты маркетингтік кешеннің құралдарын белсенді пайдаланады.

2. «Жасамир» қонақ үй кешенінің маркетингтік қызметінің жағдайын бағалау.

«Жасамир» қонақ үй кешені маркетинг бөлімі жоқ болғандықтан, маркетингтік қызметті директор, оның орынбасары, менеджер және басқа бөлімдер атқарады.

Маркетингтің негізгі мақсаты – қонақ үйдің өнімдері мен қызметтерін сату. Бастапқы кезеңде нарық зерттеліп, бейімделу сегменті анықталады. Одан кейін бәсекелестердің жұмыстары сарапталып, олардың күшті және әлсіз жақтары белгіленеді. Қазіргі кезде тұтынушы мен персоналға бағытталған ішкі және интерактивті маркетинг үлкен маңыздылыққа ие болуда.

Қонак үйдің бұрынгы меймандарына Жаңа жыл, 8-Наурыз және т.б. сияқты мерекелермен құттықтау открыткаларын пошта аркылы жіберуді маркетингтік саясаттың бөлігі ретінде қарастыруға болады. Бюджеті қонақ үй иесімен анықталатын жарнама қонақ үйдің әлеуетті клиенті оқитын, көретін газеттер мен телеарналарда орналастырылады.

Компания пиармен айналыспайды, өйткені «Жасамир» қонақ үй кешені шағын кәсіпорын болғандықтан оған қаржылық және басқа мүмкіншіліктері жоқ.

Қонақ үйде баға өзіндік құнның калькуляциясы, негізгі шығындардың есебі негізінде қалыптсатырылады.

 

 

Қонақжайлылық индустриясысында кәсіпорынның орналасқан орнының маңызы өте зор. Стратегиялық жайлы орындарда орналаскан кәсіпорын менеджерлері немесе иелері алдында тұрған жалғыз мәселе, ол озінің пайдасы (одан ғимаратты жалға алу ақысы төленеді) мен сату көлемінің қатынасын шекті деңгейін ұстап түру. Қонақ үйлер шығындарды жауып, жеткілікті пайда әкелуі үшін, олардың жалга алуға кететін шығындары табыстың 6-8%-нан аспауы тиіс.

Қызмет нарық қажеттілігіне сай болуы қажет. Қызметті позициялау, олардың бұрынғы тәжірибелері негізінде қалыптастырылған нарық қатысушыларының керектері мен кажеттіліктерін ескере отырып іске асыруы керек. Таңдаулы жекешеленген және репрезентативті топтық интервью өткізу тауардың нарық керектері мен қажеттіліктеріне сәйкес келуін бақылауға мүмкіндік береді.

Сатып алу туралы шешім қабылдауда тауар бағасының алатын жоғары рөлі туралы барлығы өз тәжірибесі бойынша біледі. Қонақжайлылық индустриясы тұтынушыларының көбі бағаға өте сезімтал. Құндылық пен баға жоғары сәйкестікте болған сайын, өнімнің немесе кызметтің өз тұтынушысын табу мүмкіндігі жоғарылайды.

Соңғы жылдары қонақжайлылық индустриясы тұтынушыларының іс- әрекеттеріне баға белгілеу мәселелерінің әсері жоғарылауда. 1990-ші жылдардың басында бағалар котеріле бастады, бірақ ол бастапқыда қонақүй қызметтеріне деген сұранысты төмендетпеді. Қызметкерлері кәсіпорын ақшасына саяхаттайтын көптеген фирмалар бағалардың жоғарылауына бірқалыпты қарап, олардың өздеріне ұнайтын қонақ үйлерінде тоқтауына және өздеріне ұнайтын мейрамханаларда тамақтануына қарсы болмады.

Бағалар экономикалық және орта класстағы отельдер мен мотельдер санының күрт өсуіне себепші болды. Қазір тұтынушылар бөлмеге сәйкес деп ойлайтын бағасынан артық төлегілері келмейді. Бір жағынан орташа және арзан қонақүйлердің дамуына фешенебельдік қонақүйлердің шамадан тыс көп болуы ыкпал етті.

Баға - бұл компанияның маркетингтік мақсаттарын іске асыру үшін қолданатын маркетинг-микс құралдарының тек біреуі ғана. Ортақ келісілген және тиімді маркетингтік бағдарламаны қалыптастыру үшін, баға өнімді

 

өндірумен (тауар саясаты), өткізу жүйелерін қүрумен және жарнама саласындагы шешімдермен, өткізуді ынталандырумен және т.б. үйлесімді болуы қажет.

Қазіргі қонақүй шаруашылығы ІТ-технологияларын жеткілікті дәрежеде қолданбаса тиімді қызмет ете алмайды.

Бүгінгі күні дүниежүзіндегі ең күшті акпараттық-технологиялық жүйе - Интернет торы болып табылады. Ол, жеке тұтынушының қажеттіліктерін қоса, адамдардың іс-әрекетінің түрлі салаларында қолднылады.

Үлкен акпараттық сыйымдылық пен деректер алмасуының жоғары жылдамдығының арқасында, ғаламдық компьютерлік Интернет торының, керемет ақпаратқа рұксат алған, миллиондаған қолданушылары бар.

Интернет торы байланыстың оперативтілігі мен сапасын маңызды деңгейде жоғарылатуға, коммуникация мен іс-сапарлар шығындарын төмендетуге, қызмет ауқымын, тұтынушылар мен серіктестер шеңберін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қонақ үйді GDS жүйесіне қосу, негізінен репрезентативті компания арқылы іске асырылады. Мүндай компания қонақ үй объектісінің жүйенің өзімен жэне алдын-ала тапсырысты жүзеге асыратын турагенттіктермен байланысын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ол агенттерге қонақ үй нөмерлеріне алдын-ала тапсырыс жасағаны үшін комиссиялық төлемдерді өз мойнына алады. Турагенттер жүйедегі туристік өнімдердің болуы туралы ақпаратты қолданып, тікелей тұтынушылармен жұмыс істейді.

Қонақ үйді ғаламдық торға қосудың жоғары бағасы оның келешектегі Интернет бойынша алдын-ала тапсырыс беруден түсетін табыстарының жоғарылауы арқасында толығымен ақталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. "Жасамир" қонақ үй кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттары

Бүгінгі таңда отельде орынды резервтеудің ең таралған әдісі - ол Интернет арқылы: тікелей қонақ үй сайтында немесе турагенггер арқылы. Болжам бойынша, 2010 жылы дүниежүзінің барлық қонақүй нөмерлерінің 7%-ына Интернет-тор арқылы алдын-ала тапсырыс беріледі.

Туристік өнімдерді туристік қызметтер нарығында жылжыту электрондық жарнама көмегімен маркетингтік зерттеулер негізінде жүзеге асырылады.

Интернет - масштабы бойынша баламасы жоқ жарнама кеңістігі. Жарнаманың әлеуетті тұтынушылары Интернет және оның мүмкіншіліктерін қолданатын 70 миллионнан астам адамды құрайды.

Интернеттегі жарнама компаниясы Қазакстанда да, және шетелде де өте тиімді. Біздің елімізде компьютер кәсіпкерлер мен мемлекеттік ұйымдардың офистерінің күнделікті құралы болып тиянақталды. Көптеген фирмалар электрондық пошта қызметтерін жэне Интернетте ақпарат іздеуді қолданады. Фирма туралы деректерді, сонымен қатар фирма жарнамасын Интернетте орналастыру - ең алдымен жарнама беруші имиджін жоғарылатады және жоғары ұйымдастырылған кәсіпкерлердің, әлеуетті серіктестер фирмаларының, ең негізгісі - әрдайым компьютерлік кеңістікті, серіктестік туралы хабарлар мен ұсыныстарды және өзінің жергілікті нарығында тауарларды тікелей сатуды зерттейтін делдалдардың қызығушылығын тудырады. Бұл өз өнімін дүниежүзілік нарықта жылжытудың керемет әдісі.

Интернет торы қолданушыларға өзінің туристік өнімдерін дүниежүзілік қоғамға ұсынуға және жылжытуға бұрын болмаған мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тіпті кішкентай фирманың өзі жарнама кампаниясын жаксы өткізсе, маңызды нәтижелерге жете алады.

Информация о работе Қонақ үй кешені саласындағы экономиканың маңызы мен ерекшеліктері