Қонақ үй кешені саласындағы экономиканың маңызы мен ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 08:39, реферат

Описание работы

Басқарудың нарықтық концепциясы экономиканы тұтынушылардың өзгеріп отыратын көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыруға нысандайды, өндіру мен тұтыну мәселелерін кешенді түрде шешуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар барлық экономикалық субъектілердің қызметін үйлестіріп, еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын пайдаланудың жоғары тиімділігіне қол жеткізуге ықпал етеді.

Работа содержит 1 файл

Басқару нарығы.doc

— 993.50 Кб (Скачать)

Халық мұхит жағалауына немесе көрікті таулы аудандарға дем алу үшін саяхат жасады. Бұл жердегі курорттар бастапқыда мезгілдік болды, уақыт өте келе, автокөлік пен самолеттер алыс аймақтарға жете алатын болғандықтан және бұндай саяхаттарга халықтың көпшілігінің қолы жететіндіктен, көптеген курорттар жыл бойы қызмет істеді.

Жылдар өте кейбір курорттарда тоқырау байқалды, себебі адамдардың демалыспен байланысты әдеттері өзгере бастады. Дәстүрлі бір айлық демалыстың орнына адамдар қазіргі кезде төрт-жеті күнге созылатын демалыс алуға бейімделуде. Ескі курорттарда қазір негізінен жасы үлкен адамдар дем алады, ал жастар автотурист ретінде және жаңа курорттарда дем алуды жөн көреді.

Нарықтың жаңа жағдайына бейімделу үшін курорттық отельдер көптеген іс-шараларды жүзеге асырып, қонақтардың әр түрлі талғамдарын қанағаттандыруға тырысады.

200-600 орындық аэровозалдық қонақ үйлер толық сервисті қонақүйлер қатарына жатады. Меймандарының көпшілігі басқа уақыт белдеуіне көше алмай киналатындықтан, бұл қонақүйлерде ресторандар мен бөлмелерде қызмет көрсету уақыты ұзартылып, тіпті тәулік бойы жұмыс

 

 

жасауларына тура келеді. Басқа арзан қонақ үйлерде бұл қызметті сауда автоматтары атқарады.

Бәсекелестіктің артуы нәтижесінде аэровокзалдық қонақ үйлер кеңесуге арналған бөлмелерді жабдықтай бастады. Бұл шара іскер адамдарды көптеп тартуға бағытталған, өйткені олар калаға баруға алтын уақыттарын жоғалтпай, аэропорт территориясында-ақ барлық мәселелерді шешуге тырысады.

1950-60 жылдары автокөлік жолдарының бойында отельдер мен мотельдер көптеп салына бастады. Мотельдер үлкен және кішігірім қалалар маңында орналасты. Әдетте мотельдерді модуль конструкцияларынан салып, иелері кұрылыста, пайдалану шығындары, жер телімдерінде үнемдеді. Қызмет көрсету персоналы нормасы - 100 номерге 11 адам.

Қонақү йлерді жіктеудің тағы бір әдісі - сервис түрі бойынша - толық сервисті, үнемді, ұзақ уақыт тұруға арналған және апартаменттер деп бөлуге болады.

Толық сервисті отельдер қызмет корсетудің толық ассортиментін ұсынады. Меймандарының барлық қажеттіліктерін канағаттандыруда көптеген сауда орындары, ресми, бейресми кездесулер үшін ресторан, кафе, бар, демалыс бөлмелері, банкет залы және конференц залдары қызмет көрсетеді. Іскер адамдарға арналған факс, интернет желісі және т.б. бар.

Үнемді немесе бюджетті қонақ үйлер меймандарына таза, қажетті мөлшерде жиһаздалған бөлмелер ұсынады.

Ұзақ уақыт тұруға арналған конақ үйлерде меймандар бөлмелерді ұзақ мерзімге, тиісінше жеңілдіктермен алады. Әрине, мұнда бос орындар болғанда қыска мерзімге де тұруға болады. Клиенттердің құрамы негізінен бизнесмендер, тұрғылықты орнын ауыстырушы жанұялардан тұрады. Бұл қонақ үйлерде плита орнатылып, толық жабдықталған ас үйі болады. Тегін таңғы ас және кешкі коктейль үшін дастархан холда жайылады. Кейбір конақ үйлерде бизнес-орталық пен демалыс бөлмелері жабдықталған.

 

 

Апартаментті қонакүйлер әдетте басқа қонақүйлерге қарағанда сол бағаға мөлшері 25%-ға көп тұрғын алаңын ұсынады. Бұл қосымша алаң ыңғайлы диван және креслолары бар қонақ бөлмесі мен азық-түлік қоймасы бар шағын ас үй түрінде болады. Бұл қонақүйлер тұрғылықты орнын ауыстырған, семинарларға қатысуға, біліктілігін көтеруғе немесе ұзақ мерзімді іссапарга осы қалаға келғен өз меймандарына үй жағдайын жасауға тырысады.

Пассажирлік немесе круиздік кемелер саяхатшылар арасында «жүзуші курорт» ретінде танымал. Олар курорттық отельдерге тән қызметтердің кең ауқымын ұсынумен қатар косымша артықшылыктарға ие, мысалға тұтынушылардың әлемнің түпкір-түпкіріне баруға мүмкіншілігі бар. Емдік- профилактикалық ұйымдар негізінен климат, минералды суларды, емдік батпақты және тағы басқа емдік факторларды колданады, олар әдетте курорттар мен емдік-сауықтыру орындарында орналасады.

Қонакүйлер ұсынатын тауар ерекше, ол материалды тауар сиякты емес, оны ұстап көруге, дәмін татуға болмайды, қонақүй қызметкерлері іс жүзінде тауарды сатпайды, тек оны, яғни қонақүй номерін, белгілі бір уақытқа иеленуге береді. Қонақжайлылық индустриясына тән көптеген жағдайларда қызмет көрсетулер оны атқарушы мен иеленушінің болуын қалайды. Клиентпен бұл байланысты атқаратын қызметкер сатылатын тауардың бір бөлігі болып табылады.

Қызметкерлермен катар клиенттер де қызмет көрсетулерді атқарудың міндетті шарттарын білуі керек, басқаша айтқанда менеджерлер оз қызметкерлерін ғана емес, сонымен қатар клиенттерді де басқарулары қажет.

           Қонакжайлылық сферасындағы қызмет көрсетулер өзгермелілігімен ерекшеленеді. Оның бірнеше себептері бар, біріншіден, бұл қызметтер бір уақытта атқарылып, қабылданады, сондықтан оның сапасын тексеру қиынға соғады. Сұраныс деңгейі жоғарылаған кезеңде кызмет көрсетулер сапасын сақтау мәселесін шешу киындайды. Қызмет көрсетулердің сапасының өзгермелілігі клненттердің қонакжайлылық индустриясы атына айтылатын сынның негізгі себебі.

 

Қызмет көрсетулерді қоймалауга болмайды. 100 бөлмелі отельдің бүгін 60 бөлмесі ғана толса, ертең ол 140 бөлмені ұсына алмайды, толмаган 40 бөлменің шығынының орны толтырылмайды. Осы себептен қонақүйлер клиенттерден алдын-ала тапсырыс үшін ақы алып, олар келмей қалган жағдайда ақыны қайтармайды.

Қандай да болмасын бизнестің мақсаты клиенттерді тартып, оларды ұстап тұру. Кәсіпорынның табысының жоғарылауына себепші клиенттердің сұраныстарын қанагаттандыру қонақжайлылық индустриясындағы экономиканың негізгі мақсаты. Бұл саладагы кәсіпорындардың коммерциялық табыстылыгы үшін экономика мен өткізулерге ерекше көңіл бөлу қажет. Экономика клиенттердің талгамдарын анықтап, оларды табыс түсетін багага қанағаттандыру үшін қызмет етеді.

Экономиканың негізгі миссиясы - корпоративтік философияны жасау, ягни корпорацияның жоғаргы мақсатын атқару.

Аластер Моррисон экономиканы тұтынушыға бағытталушы ретінде анықтап, оны 11 тезиспен сипаттайды:

1)     Клиенттердің сұранысы бірінші орында:

2)     клиенттердің сұранысын қанағаттандыру бүкіл коллективтің бірден- бір мақсаты;

3)     Клиенттердің сұранысы - ғылыми ізденістердің тақырыбы:

4)     клиентті тану оның сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіншілігін жогарылатады;

5)     Экономикалық зерттеулер әрдайым жүргізіліп отырады және олардың маңызы зор:

6)     клиенттердің сұраныстарындағы өзгерістер шұғыл түрде тіркеліп отырылады;

7)     жаңа өнім мен қызмет көрсету түрлерінің қажеттілігі дер кезінде анықаталып отыру керек;

8)     Кәсіпорынның мықты және әлсіз жақтарының қатынасы әркез сарапталуы керек:

9)     мыкты жақтарын көрсетіп, әлсіз жақтарды жоюға тырысу керек;

10) Жоспарлаудың кұндылығы жоғары:

 

 

11) клиенттердің сұраныстарының өзгерістерін болжап, қолда бар экономикалық мүмкіндіктерді пайдалану керек;

       Клиенттің кәсіпорынды қалай бағалайтыны белгілі болу керек:

      өнімдер, қызмет көрсетулер және жарнама осы бағалауға сәйкес дамуы керек;

      бөлімдер арасындағы серіктестік жоғары бағаланып, ынталандырылады:

      серіктестік жоғары болса, клиенттің де жағдайы ойдағыдай болады;

 

      басқа осы саладағы кәсіпорындармен серіктестікте болу керек:

      бұл серіктестік жоғарылаған сайын клиенттерге кызмет корсету де жақсарады;

      өткен өзгерістерден қорытынды шығару керек

      өзгерістерге төтеп бермей, оларға ыңғайлану керек;

      бизнес ауқымы неғұрлым кең болуы керек:

      клиенттерге қызмет корсету сапасын жоғарылатуға немесе жанама қызмет түріне әкелетін мүмкіндіктер капиталға айналдырылуы керек;

      Маркетинітік қызметті сараптау және бағалау әр уақыт жүргізілуі керек:

      тиімді экономикалық бағдарламалар қайталанып, дамытылады;

      экономикалық шығындар, еңбек ресурстары сияқты тиімді пайдаланылуы керек.

Қонақжайлылық индустриясында қызмет ететін үлкен корпорациялардың да, шағын тәуелсіз кәсіпорындардың нарықтағы үлесін көтеріп, жаңа экономикалық мүмкіндіктерді іздеу барысындағы экономикалық стратегияларының негізінде бір механизм жатыр: шешімдерді іздеп, қабылдау.

Экономикалық шешім кабылдамас бұрын жалпы экономикалық жағдайды зерттеу ұсынылады. Қонақүй бизнесіне ықпал ететін экономикалық, әлеуметтік, саяси және технологиялық факторлар сарапталынуы керек.

 

Өз саласында сәтті қызмет атқаруы үшін кәсіпорынның ішкі потенциалы болуы керек. Сондықтан кәсіпорынның артықшылықтар мен кемшіліктерін әрдайым багалау арқылы оның бәсекеге қабілеттілік деңгейін білу қажет. Мұны кәсіпорын «сауалнамасының» сәйкес позиңияларына плюс белгісін қою арқылы жасауга болады.

Кәсіпорынның әр түрлі аспекттердегі қызмет етуін тексеруді басшылық немесе сырттан шақырылган маман атқаруы мүмкін. Әрбір фактордың кәсіпорын үшін маңыздылыгы қарастырылады. «Сауалнамадағы» алғашқы 10 плюс белгісі (негізгі оң фактор) кәсіпорындағы экономиканың ұтымды ұйымдастырылуын білдіреді.

Ұйымның күшті және әлсіз жақтарын зерттеудің мақсаты нақты жағдаймен қанағаттану немесе әрі қарай даму мәселесін шешу болып табылады.

Қонақжайлылық индустриясындағы көптеген мамандар отель, курорт, круиздық желілер сияқты кәсіпорындар қазіргі бәсекелестік жагдайында тиімді қызмет атқаруы үшін резфвтендірудің компьютерлік жүйесін енгізіп, бүкіл әлем бойынша агенттік желі құру керек. Сондықтан егер компания сәйкес жүйе негізінде осы бағытта жұмыс жүргізетін болса, бұл жағымды фактор ретінде қарастырылады.

Кейде компанияның нашар көрсеткіштері оның белгілі бір қызмет бөлімдерінің жұмысы нашар екендігін емес, жұмыста үйлесімділік жоқтығын білдіруі мүмкін. Кейбір қонақүйлерде қызметкерлер арасында өзара шиеленіс болуы мүмкін: өткізу бөлімінің қызметкерлеріне бизнесті жүргізе алмайтын жалакысы жоғары жатыпішер деп қарайды. Ал олар өз кезегінде басқа қызметкерлерді клиенттерге дұрыс қызмет көрсете алмайтын, өз ісін білмейтін еріншектер деп санайды. Сондықтан бұндай келеңсіздіктерді болдырмау үшін уақыт ара бөлімдер арасында қатынастарға баға беріп отыру қажет.

Қазақстандағы туризм инфрақұрылымын талдауға келсек, ҚР статистикалык Агенттігінің мәліметтері бойынша 2006 жылы 239 конақүй мен 106 санаторий, профилакторий, демалыс үйлері кызмет еткен.

 

 

Қонақүй бизнесінде келесідей шешімін таппаған мәселелер бар:

1)         қонақүй номерлерінің бағасының жоғарылығы;

2)         қонақүйлерді жіктеудің бірыңғай тәсілінің жоқтығы;

3)         сервис сапасының бағасына сәйкес келмеуі;

4)         Қазақстан территориясында қонакүйлердің әркелкі орналасуы;

шағын, арзан қонақүйлердің санының аздығы.

Аталған 239 конақүйдің 94%-ы қалалық жерде орналасқан, шағын қонақүйлердің үлесі 69%, орташа - 23,4%, ірі - 7,6%

4-кесте - Қазақстандағы қонакүйлердің 2009-2011 жылдары қызмет көрсеткіштері.

 

Көрсеткіштер

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Қонақүйлердің табысы, млн.тенге

8912853

11372472,4

14540143,3

Өткен жылмен салыстырғанда, %

127,1

127,6

127,9

Қонақүйлер саны, барлығы

165

195

239

Өткен жылмен салыстырғанда, %

119,7

118,2

122,6

Есепті жылғы қызметкерлердің жалпы саны, адам

7109

10211

8549

Өткен жылмен салыстырғанда, %

106,8

143,6

83,7

Барлық қаражаттардан алынған барлық табыс, млн.тенге

8912853

11372472,4

14540143,3

Өткен жылмен салыстырғанда, %

127,1

127,6

127,9

Информация о работе Қонақ үй кешені саласындағы экономиканың маңызы мен ерекшеліктері