Қонақ үй кешені саласындағы экономиканың маңызы мен ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 08:39, реферат

Описание работы

Басқарудың нарықтық концепциясы экономиканы тұтынушылардың өзгеріп отыратын көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыруға нысандайды, өндіру мен тұтыну мәселелерін кешенді түрде шешуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар барлық экономикалық субъектілердің қызметін үйлестіріп, еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын пайдаланудың жоғары тиімділігіне қол жеткізуге ықпал етеді.

Работа содержит 1 файл

Басқару нарығы.doc

— 993.50 Кб (Скачать)

 

Қонақ үй индустриясы қазіргі кезеңде қонақүй қызметтері нарығындағы бәсекелестік деңгейі жоғары салалардың бірі. Қазакстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу қиындықтарына қарамастан қонақүйлер көптеп ашылуда.

Осы уақытқа дейін отандық экономикалық әдебиетте қонақ үй индустриясы экономиканың дамуының тиімді бағыгтарының бірі ретінде қарастырылмай келді. Қонақжайлылық бюджеттің табысты статьясы ретінде емес, тек бос уакытты өткізу ретінде қарастырылды. Қонақүй шаруашылығының маңызды салалары (басқару, қаржыландыру, дизайн және т.б.) оның бәсеке қабілеттілігін жоғарылату қоры болып табылады. Бірақ, қонақүй кәсіпорындары потенциалын басқаруды жетілдіру

 

мәселелері жеткілікті дәрежеде зерттеліп, әдебиетте жарық көрмеген, қазіргі уақытқа дейін бұл салада жүйелі ғылыми зерттеулер саны аз.

Қонақ үй бизнесі дамуының негізгі тенденциялары:

1.      қонақ үй бизнесінің бұрын басқа сала кәсіпорындарының (мысалы, тамақтандыру, бос уақытты өткізуді ұйымдастыру, көрмелер) ұсынатын өнімдері мен қызметтеріне қызығушылық танытуы;

2.      қонақүй қызметтерінің жаппай тұтынушыға қол жетімділігін арттыруға септігін тигізетін қонакүй индустриясын демократизациялау үрдісінің дамуы;

3.      тұтынушылардың белгілі-бір сегментіне нақты бағытталуға мүмкіндік беретін қонақ үй бизнесінің мамандандырылуының күшеюі;

4.      қонақ үй бизнесінің ғаламдануы мен шоғырлануы;

5.      қызмет көрсетулердің тұлғаландырылуы және клиенттердің талғам- талаптарына аса көңіл бөлу;

6.      терең және жүйелі экономикалық болжау жүргізуге көмектесетін коммуникация және акпараттық технологиялардың жаңа түрлерін жаппай енгізу;

7.      қонақ үй кәсіпорындарының іскерлік стратегияларына жаңа технологияларды енгізу, мысалға қонақ үй өнімдері мен қызметтерін жылжыту мақсатында интернет желісін кеңінен пайдалану.

Қонақ үй бизнесі саласының негізгі міндеттеріне бәсекелестік артықшылықтарды жасау мен бәсеке қабілеттілігін жоғарылату, өз клиенттерін тауып, тұракты клиенттер санын көбейту, дамудың жаңа жолдарын іздеп табу және қарастыру, қарқынды дамушы қонақүй кызметтері нарығын есепке ала отырып, өзіндік саясатты үнемі жаңарту және т.б. жатқызуға болады.

Жалпы Қазақстанда туризмнің жан жақты даму мүмкіншілігі бола тұра, бұл мүмкіншіліктер толық деңгейде қолданылмайтынын атап өту керек. Барлық көрсеткіштердің өсу тенденциясына қарамастан, олардың үлесі шамалы. Туризмді дамытуға жағдай жасау үшін оған кешенді ыңғай қажет.

 

 

 

II Тарау «Жасамир» қонақ үй кешенінің құрылымдық ұйымдастырылуы және қызметінің экономикалық талдауы

2.1 «Жасамир» қонақ үй кешенінің құрылымдық ұйымдастырылуы және қызметінің экономикалық талдауы

«Жасамир» қонақ үй кешені Астана  қаласында орналасқан, ол 2009 жылы Кенесары көшесінің бойында Орталық стадионға қарама-қарсы бетінде ашылды.

Қонақ үйде жеке тұлғалар мен корпоративтік клиенттер тоқтайды. Оның нөмерлік қоры 21 бөлмеден тұрады (8 люкс, 7 жартылай люкс, 6 жай номерлер). Нөмерлердің бағасы 5000 теңгеден 30 000 теңгеге дейін барады. Қонақ үй номерлері тұтынушылардың жағдайы мен ыңғайлылығына қажеттінің бәрімен жабдықталған. Барлық нөмерлерде үлкен төсек, ванна, тоңазытқыш, теледидар бар. Нөмердің құнына таңғы ас кіреді, ал түскі және кешкі ас бағасы бөлек төленеді.

Сонымен қатар қонақтар іскерлік кездесулерін өткізулеріне арналған конференң-зал, олар бір-бірімен араласуына қолайлы және қызықты бағдарламалар өткізетін шағын банкет залы бар.

Қонақ үй меймандары ұсынылатын қызмет түрінің қайсыбірін пайдалануы мүмкін, бірақ бұл қонақ үй тиімді қызмет етуі үшін жоғары білікті персонал қажет.

Қонақ үй индустриясында қызметкерлер тауардың аса маңызды компоненті (құрамдасы) және нарыққа ықпал етудің экономикалық құралы. Бұл экономика бөлімінің кадрлармен жұмыс бөлімімен өзара тығыз байланыста болу керектігін білдіреді. Жеке экономика бөлімі болмаған жағдайда оның міндеттері кәсіпорын менеджеріне жүктеледі.

«Жасамир» қонақ үй кешені менеджері білікті, іріктеуден өткен қызметкерлерді жұмысқа алып, қызметкерлер мен клиенттер арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға бағытталған саясат жүргізеді. Бұл істегі қандай да болмасын ақаулықтар қызмет сапасына елеулі нұсқан келтіретіні анық.

«Жасамир» қонақ үй кешенінің ұйымдық құрылымы әрбір қызметкерге жүктелген лауазымдық міндеттер мен құқықтардың негізінде ұйымдастырылған. Басшылықтың міндеттері мен құқықтары қолда бар мүмкіндіктер арқылы клиенттердің сұраныстарын қанағаттандыру

 

қажеттілігіне байланысты болады. Алға қойылған міндеттерді шешу қатаң бекітілген ұйымдастырушылық иерархия негізінде жүзеге асырылады. «Жасамир» қонақ үй кешенінің кызметкерлер саны аз болғандықтан ұйымдық құрылымы қарапайым (3-сурет).

3-сурет - «Жасамир» қонақ үй кешенінің ұйымдық құрылымы

Жалпы басқарушылық шешімдерді қабылдау басқарудың жоғарғы деңгейіндегі қызметкерлерге жүктелген. Кәсіпорын құрылымдары әрқайсысы өзінің ерекше технологияларын қолданатын қызметтік буын болып табылады. Әрбір құрылымның түпкі мақсаты бір - тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру. Қандай да болмасын істе адам еңбегі маңызды пайда детерминанты болып табылатыны анық, бірақ қызмет көрсету саласында ол - ортақ шаруашылық механизімінің қызмет етуінің өзі еңбектің көлемі мен сапасына байланысты болу маңызына ие. Басшылықтың еңбек ресурстарын ұзақ мерзімді жоспарлауға аса көңіл бөлуі қажет. Сонымен қатар, жоспарлау мәселелері бойынша кәсіпорын әкімшілігі қызметкерлердің функционалдық міндеттерін ұйымдастырылған және сатылы түрде саралау арқылы еңбек коллективінің нақты жағдайын

 

 

зерттеу керек. «Жасамир» қонақ үй кешенінің персоналы әрбір бес жыл сайын біліктілігін арттырып отырады.

Администратордың міндеттеріне меймандарды күтіп алып, оларды тіркеу жүктеледі, клиенттер арыз-шағымдарымен осы администраторға барады. Сондықтан олар клиенттердің ойынан шыға білулері керек. Администраторларда қонақ үй қызметінің әрбір бөлімшесі туралы ақпарат бар. Олар горничнаяларға клиенттер кеткеннен кейін бөлмелерді тазалауы туралы хабарлап отырады, осы кезде горничная бөлмені тазартып, дүние - мүлікті тексеру керек. Қонақ үй заттары жоғалған жағдайда оны қайта сатып алу кымбатқа түседі, себебі қонақ үйдің айырықша белгілері корсетілген заттар бір данадан ғана тапсырысқа беріледі. Горничная нөмерлерді тазалау кезінде сантехника, электр қондырғыларын тексереді, ақаулықтар кездескен болса конақ үйдің техникалық қызмет бөліміне хабарлайды.

«Жасамир» қонақ үй кешенінің техникалық қызметі әрдайым сауна, бассейн, тоңазытқыш, теледидар, ас үйдегі пеш, электр жүйелерінің жағдайын қадағалап отырады. Қызметкерлердің функңионалдық міндеттері олардың дайындық деңгейін бағалап, оқытудың негізін қалайды. Қызметтердің спецификациясы талап етілетін біліктілік деңгейін анықтауға мүмкіндік беріп, қызметкерлерді бос орынға алуға іріктеуде көмегін тигізеді.

Персоналдың функционалдық міндеттерін жоспарлау, олардың қажеттіліктерін талдаудан бұрын, кадрлар саясатының персоналды іріктеу, кәсіби баулу, біліктілікті жоғарылату сияқты элеменгтеріне басты көңіл бөлінген жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-сурет Еңбек ресурстарын колдануға байланысты функциялардың

тізбектілігі.

Төменгі кестеде «Жасамир» қонақ үй кешенінің қызметкерлерінің орташа айлық еңбек ақысы көрсетілген.

5-кесте «Жасамир» қонақ үй кешенінің 2010-2011 жж. еңбек көрсеткіштері.

Көрсеткіштер

2010 ж.

2011 ж.

Аутқулар, мың теңге

2010 жылмен салыстырға нда, %

Еңбек ақы қоры, мың теңге

364124,5

7438115,5

3796869,9

204,2

Қызметкер саны

 

 

16

138

Орташа айлық еңбек ақы, мың теңге

7000

7200

200

102,8

Сату көлемі, мың теңге

81356097,9

107146362,9

25790265

131,7

Еңбек өнімділігі

1937049

1847351

89698

95,4

Басшының орташа еңбек ақысы

15000

15000

0

100

Қызмет көрсету персоналының орташа еңбек ақысы

12000

12294

294

102,5


 

 

Менеджерлер жұмысқа білікті қызметкерлерді тартып, оларды ұйымда сақтап қалу үшін экономика принциптерін қолданулары қажет. Клиенттердің қажеттіліктері қаншалықты дәйекті түрде зерттелетін болса, сол деңгейде персоналдың қажеттіліктерін анықтауды жетілдіру маңызды болып табылады. Бірақ қызметкерлердің барлығы бірдей емес.

Олардың кейбірі табыстарын жоғарылататын жұмыс іздейтін болса, енді бірі үшін бұл жұмыс жалғыз табыс көзі болып табылуы мүмкін. Маркетинг бойынша мамандар маркетинг әдістерін колдану арқылы еңбек нарығын зерттеп, өз фирмаларына таңдаулы қызметкерлерді тартып, оларға ықпал ететін маркетинг кешені - маркетинг-микс әдісін әзірлейді.

«Жасамир» қонақ үй кешенінің әрбір клиентіне ерекше көңіл бөлетіндіктен, олар өздерін достардың ортасындағыдай сезінеді. Сонымен қатар қызметкерлердің өзара жаксы қарым-қатынастары қонақтарға да әсерін тигізеді. Менеджерлер клиенттер мен қызметкерлер арасында достық кештерді жиі өткізіп отырады. Онда қонақтар бір-бірімен жақын танысып, қызықтыратын мәселелерді өзара талқылай алады. Әдетте кешті менеджер ашып, меймандарға қонақ үйдің соңғы уакыттағы жетістіктері және жаңалықтарынан хабардар етеді. Әр кезде әр түрлі бағдарлама әзірленіп отырылады: ән-би, әсем әуен, викториналар және т.б. Өздеріне деген осындай жылы қатынастарды көрген клиенттер болашақта да осы қонақ үйіне келуге тырысады және достарына, таныстарына айтып, ұсынады - бұл да жарнама десе де болады.

Қызмет көрсету саласы мекемелері қазіргі кезең талаптарына сай, тиімді қызмет етуі үшін өз нарығы туралы түсінікті де пайдалы ақпаратқа ие болуы керек. Нарық тауарлар мен қызметтерден тұратыны белгілі. «Жасамир» қонақ үй кешенінде бұл - нөмер қоры, сонымен қатар косымша кызметтер. Нарық конъюктурасын талдау - нақты немесе потенциалды клиенттер болатын адамдардың талғамдарын зерттеудің дәл және объективті әдісі. Бұл талдау бірталай қызметкерлермен аткарылатын, күрделі статистикалық бағдарламалар қолданылатындықтан қымбатқа түсетін қиын процедура деп ойлаушылар көп.

 

 

«Жасамир» қонақ үй кешенінде менеджерге меймандардың әдеттері мен талғамдарын білуге мүмкіндік беретін ақпараттарға көңіл бөліне бастады (6- кесте).

Меймандар туралы ақпарат

Қонақ үй қызметтерінің жалпы сипаттамасы

Аты-жөні

Номер сипаттамасы:

Мекен-жайы

жай номер

Пошта индексі

апартамент

Телефон номері:

люкс-апартамент

үйдің

Қызмет түрлері:

жүмыстың

қалааралық телефон

Факс номері

номерлерде қызмет көрсету

Келу мақсаты:

мини-бар

іскерлік

сауықтыру клубы

жеке

Басқа қызметтер:

Номерге кім тапсырыс берді:

тамактандыру

жеке адам

демалыс бөлмесі мен рекреация

ұйым

бөлшек сауда тауарлары

туристік агенттік

Тұру үзақтағы

Жұмыс орны

Тұру күндері

Жұмыс орнының мекен-жайы

Қандай көлікпен келді:

Қызметі

жеке автокөлік

Төлем түрі:

жалға алынған автокөлік

несие карточкасы

такси

қолма-қол төлем

туристік автобус

компания атынан

поезд

 

ұшақ


 

Қонақ үй меймандарының арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша кәсіпорын қызметінің кемшіліктері мен жетістіктері анықталды. Жұмыс бабымен Астанаға келетін клиенттер үшін қонақ үйдің осы орналасуы ыңғайлы. Корпоративті клиенттерді де орналасу орны қанағаттандырады.

«Жасамир» қонақ үй кешені клиенттерінің арасында Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Семей, Мәскеу және т.б.

 

 

қалалардан келгендер көптеп кездеседі. Бұл қалалардан меймандар Астанаға жұмыс бабымен де, сондай-ақ сауығу үшін де келеді.

Сонымен катар, шетелдік қонақтарды тарту жұмысы жүргізіліп, БАҚ- да жарнама беріледі. Шетелдік туристер үшін арнайы бағдарламалар ұйымдастырылған.

Бәсекелесік шиеленіскен қазіргі заманда кәсіпорын басшысы қаржы мәселелерін бұрынғыдан да жетік білуі керек.

ҚР-ң әр түрлі аймақтарында жүріп жатқан жаңа қонақ үйлер құрылысы бәсекелестікті жоғарылатуда. Еңбек ресурстарының, азық-түлік, сусын, құрал-жабдықтардың косалқы бөлшектері және сервистік қызметтердің бағасы күнен-күнге жоғарылауда. Еліміздің көптеген аудандарында білікті мамандар жоктың қасы.

Осы аталған жағдайларда қаржылық жоспарлау, бақылау жэне талдау сияқты қаржылық басқарудың функңияларының маңызы артып отыр.

«Жасамир» қонақ үй кешені жас кәсіпорын, оның айналым шығындарының құрылымы мен кұрамын 7-кестеден көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-кесте - «Жасамир» қонақ үй кешені 2010-2011 жылдардағы айналым

шығындарының құрылымы.

Көрсеткіштер

2010 ж.

барлығы,

млн.тенге

Үлесі,

%

2011 ж.

барлығы,

млн.тенге

Үлесі, %

2011 жыл 2010 жылмен

салыстырғанда,

%

Еңбек ақы

35254218,9

44

35438726,9

32,4

100,5

Есептелген еңбек ақыға үстеме

10687921,4

13,4

11999388,1

11,1

112,3

Жанар май және материалдар

9073217,2

11,4

1073663,0

9,8

118,3

Қойма шығындары

22672345,1

28,4

26774805,2

24,5

118

Құрылыс материалдары

1118175,6

1,4

1190175,6

1,1

106

Дәрі-дэрмек

270800,27

0,34

3530072,66

3,2

1303

Амортизациялык аударымдар

113348,1

од

27344763.82

2,5

2412,7

Көлік шыгындары

200700,6

0,3

3409746

3,2

1698

Жалгерлік акы

21793,0

0,03

38793,1

0,03

178

Тамақтандыру шығындары

20075,24

0,02

11690421,84

10,7

58233

Электр энергиясы шығындары

128873,0

0,2

1388259,0

1,3

1077

Баска шығындар

68742,4

0,09

100863,63

0,09

146,7

Құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары

200000,0

0,3

300000,0

0,3

150

Информация о работе Қонақ үй кешені саласындағы экономиканың маңызы мен ерекшеліктері