Лекции по "Стратегическому менеджменту"

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 15:55, курс лекций

Описание работы

Стратегиялық басқару - орталық буыны, кәсіпорынның жеке ресурстық әлеуетін, сыртқы ортаның мүмкіндіктері және қауіп-қатерлерімен салыстыруға негізделген стратегиялық таңдау болып табылатын стратегиялық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру процессі.

Содержание

Кіріспе 8
1 тақырып. Стратегиялық менеджментке кіріспе
№1 дәріс
1.1 Стратегиялық басқарудың алғы шарттары
1.2 Стратегиялық басқару түсінігі
№2 дәріс
1.3 Стратегиялық басқарудың даму кезеңдері
1.4 Стратегиялық басқарудың алғашқы тұжырымдамалары
№3 дәріс
1.5 Ұлттық жағдайда стратегиялық басқаруды қолдану мәселелері мен болашағы
2 тақырып. Стратегиялық менеджменттің жалпы сипаттамасы
№ 4 дәріс
2.1 Стратегиялық менеджмент: мәні мен мазмұны
2.2 Басқару стилі және стратегиялық басқару
№ 5 дәріс
2.3 Экономикалық, саяси және ұйымдастырушылық аспект
2.4 Стратегиялық басқарудың оперативтік басқарудан ерекшелігі
№ 6 дәріс
2.5 Стратегиялық менеджмент құрылымы
3 тақырып. Стратегиялық басқарудың жалпы тұжырымдамасы
№ 7 дәріс
3.1 Стратегиялық басқарудың мәні
3.2 Стратегиялық басқарудың негізгі компоненттері мен кезеңдері
3.3 Стратегиялық басқару объектілері
№ 8 дәріс
3.4 Стратегиялық басқару түрлері
3.5 Стратегиялық басқару қағидалары
4 тақырып. Ұйым мақсаты мен миссиясы
№ 9 дәріс
4.1 Болашақ көріністі қалыптастыру
4.2 Биснес саласы мен миссиясын анықтау
№ 10 дәріс
4.3 Бизнес мақсатын белгілеу
4.4 Мақсаттар иерархиясын тұрғызу
№ 11 дәріс
4.5 Стратегиялық жоспарлау, (қысқа және ұзақ мерзімді)
4.6 Ұйымдастырылған орта
5 тақырып. Сыртқы ортаны талдау
№ 12 дәріс
5.1 Кәсіпорынның сыртқы ортасын талдау мақсаты мен сипаты
5.2 РЕST – талдау
№ 13 дәріс
5.3 Саладағы бәсеке мен жалпы жағдайды талдау
5.4 Бәсеке деңгейін бағалау
6 тақырып. Кәсіпорынның ішкі ортасын талдау
№ 14 дәріс
6.1 Ішкі ортаны стратегиялық талдаудың мақсаты мен қағидалары
6.2 Кәсіпорынның күшті және әлсіз тұстарын талдау
№ 15 дәріс
6.3 Шығындарды стратегиялық талдау және «құндылық тізбегі»
7 тақырып. Стратегияны таңдау, стратегиялық альтернативаларды жасау және талдау
№ 16 дәріс
7.1 Стратегияның мәні
7.2 Кәсіпорын стратегиясын сыныптау
№ 17 дәріс
7.3 Бизнесті дамытудың негізгі стратегиялары
7.4 Кәсіпорын стратегияларын анықтау
№ 18 дәріс
7.5 М. Портер бойынша стратегия
8 тақырып. Стратегия түрлері мен сыныптамасы
№ 19 дәріс
8.1 Стратегияларды сыныптау
8.2 Өндірістік стратегиялар
№ 20 дәріс
8.3 НИОКР стратегиясы
8.4 Бәсекелестiк маркетинг стратегиясы
№ 21 дәріс
8.5 Тұрақты даму стратегиясы
8.6 Гарвард мектебінің моделі, БКТ моделін қолдану
№ 22 дәріс
8.7 «Дженерал электрик - Маккинзи» тұжырымдамасы
8.8 Ұйым стратегиясы, (Минтцберг, Чандлер стратегиялары)
№ 23 дәріс
8.9 Бейімделу стратегиясы
9 тақырып. Стратегияларды корпоративтік деңгейде өңдеу
№ 24 дәріс
9.1 Артықшылықтарды бағалау және оның ролі
9.2 Әртараптандыру стратегиялары
№ 25 дәріс
9.3 Әртараптандырылған компанияның стратегиялық сараптамасы
10 тақырып. Стратегияны регламенттеу, стратегиялық өзгертулерді басқару
№ 26 дәріс
10.1 Стратегияны орныдаудың негізгі сатылары
10.2 Стратегиялық өзгертулер
№ 27 дәріс
10.3 Стратегиялық бақылау
11 тақырып. Стратегияны дайындау және енгізу
№ 28 дәріс
11.1 Стратегияны тұжырымдау
11.2 Стратегияны дайындау кезеңдері
№ 29 дәріс
11.3 Стратегияны іске асырудың ұйымдық қамтамасыз етілуі
11.4 Стратегияны дайындау процесін ақпараттық қамтамасыз ету
№ 30 дәріс
11.5 Ұйымның жоспарлар жүйесін стратегиялық талдау
11.6 Басқару шешімдерін, шешімдер көрсеткіштерін, стратегиялық ұстанымдардың тиімділігін бағалау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Глоссарий

Работа содержит 1 файл

сратюменеджю лекция.doc

— 1.30 Мб (Скачать)

Миссия мен  мақсаттарды анықтау үрдісі  үш ішкі үрдістерден құралады:

    • ұйымның өмір сүру мәнін нақты үлгіде сипаттайтын, ұйым миссиясын құрастыру;
    • ұзақ мезімді мақсаттарды анықтау;
    • орта мерзімді мақсаттарды анқытау.

Стратегияны құрастыру  және таңдау ұйымның дамуының балама бағыттарын қалыптастыруды, оларды бағалау  және жүзеге асыруда ең күшті стратегиялық баламаны таңдауды болжамдайды. Сонымен бірге болжаудың сандық әдісін, портфельдік талдау мен болашақ даму көріністерінің әзірлемесін қамтитын арнайы құралдар қолданылады. 

 




 

 

 


 



 

 


 



 


 



3-сурет. Стратегиялық  басқару үрдісінің үлгісі

 

Стратегияны жүзеге асыру ең соңғы процесс болып табылады, өйткені тек ол ғана сәтті орындалған жағдайда кәсіпорын алға қойған мақсатына жетеді.  Стратегияның орындалуы бюджеттер, процедуралар және бағдарламалар дайындау арқылы жүзеге асырылады. Стратегияның сәтті орындалуының негізгі құраушылары:

    • стратегияның мақсаттары мен жоспарлары  жұмысшыларға жеткізіледі, бұл олардың тарапынан ұйымның талпынысы туралы түсінік қалыптастырғанын және де стратегяны жүзеге асыру процесіне олардың да үлес қосқанын білдіреді;
    • басшылық мақсаты белгіленген стратегияны жүзеге асыру жоспарын жасап, оған қажетті барлық ресурстардың болуын қамтамасыз етеді;
    • стратегияны жүзеге асыру процессінде басшылықтың әрбір деңгейі өз міндеттерін шешіп, олардағы бекітілген функцияларды жүзеге асырады.

Стратегияның жүзеге асырылу нәтижелері кері байланыс жүйесі арқылы бағаланады, ұйымның іс-әрекетінің бақылауы орындалады, оның барысында алдыңғы кезеңдердің өңделулері  болуы мүмкін.

Стратегиялық талдау, таңдау және стратегияны жүзеге асыру бойынша  өзара байланысқан жұмыстардың бірізділігі стратегиялық басқару процессін құрайды  (3-сурет). Сызбада көрсетілгендей, стратегияны әзірлеу  процессі  интеративті (циклдық) болып келеді. Осылайша, стратегияны анықтау және сұрыптау сыртқы ортаны талдау кезеңінде болуы мүмкін, ал стратегияны бағалау қосымша сыртқы талдауды қажет етеді. Сонымен қатар, стратегияның өзгеруі мониторингтің қажеттілігіне және жыл сайнғы стратегиялық шешімдер мен жоспарлардың өңделуіне алып келеді.

 

3.3 Стратегиялық  басқару объектілері                                                                         

Стратегиялық  басқару объектілерінің сипаттамсы. Кәсіпорынның құрылымды жасаушы үш деңгейіне сәйкес келетін стратегиялық басқару объектілерінің үш топтарын бөледі:

1. Жалпы түсінік  (кәсіпорындар тобы, концерндер, дербес зауыт немесе фабрика)

2. Шаруашылық  жүргізудің стратегиялық алаңы  (бизнес), яғни жеке өндірістік, техникалық, коммерциялық және аймақтық саясат  жүргізу үшін бөлінген кәсіпорын  қызметінің азықтық-нарықтық сегменттері  мен түрлерінің жиынтығы.  Ірі көп өнімді кәсіпорындар бизнесінің стратегиялық аумағы тәртіп бойынша, бизнестің стратегиялық бірлігіне ену. Бизнестің стратегиялық бірлігі – ол мақсатты нарықтың бір немесе бірнеше сегменттерінде фирма стратегиясын өңдеуге жауап беретін фирма ішілік ұйымдастырушылық бірлік.

Бизнестің стратегиялық бірлік концепциясы бүкіл әлемдегі ірі фирмаларда басқару жүйесінің  жасалуына  елеулі әсерін тигізді, сондықтан  да ол стратегиялық менеджменттің маңызды  элементтері ретінде қарастырылуда.

Бизнестің стратегиялық бірліктерін бөлу негізінде нарықтың сегментация концепциясы жатыр. Сегмент – бұл кәсіпорын өнімдерін өткізу мүмкіндігіне ие  нарықтың белгілі бір түрдегі бөлінген бөлігі. Сегментке кіретін объектілердің жалпы белгілері болуы шарт. 

Бизнестегі стратегиялық бірліктерді анықтау көп жағдайларда субъективті таңдаудың  заты болып табылады.  Бизнес бірліктерін бөлудің келесідей критерийлерін ұсынуға болады:

    • бизнестің стратегиялық бірлігі  тұтынушылар мен тапсырыс берушілердің  белгілі бір ортасына ие;
    • бизнес-бірлік өз бетінше материалды-техникалық жабдықтауды, өндірістік-өткізу қызметін жоспарлап, жүзеге асырады;
    • бизнес-бірлік іс-әрекеті табыстар мен шығындарды есептеу негізінде бағаланады.

Стратегиялық  бизнес бірлігінің негізгі міндеті  – алға қойған стратегиялық мақсаттарға (жаңа нарыққа ендіру, шығындарды төмендету, нарық үлесінің ұлғаюы, жаңа өнімдерді дайындау және т.б.) қол жеткізу.

3. Қызметтің  функционалдық саласы немесе  бөлімшесі – бұл жалпы кәсіпорын  (НИКОР, өндіріс, маркетинг, қаржы  және т.б.) және бизнестің стратегиялық бірліктерінің жемісті іс-әрекетін қамтамасыз етуге, белгілі функциялардың орындалуына бағытталған кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі.

Весил/Лаграждың  стртаегиялық басқару тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдаманың авторлары стратегия деңгейлерін саралау негізінде стратегиялық жоспарлаудың иесін, деңгейі мен процессін бірыңғай формада көрсете алды.

Стратегиялық  жоспарлау процессі, авторлар ойынша, төрт кезеңнен тұрады:

    • белгіленген мақсаттар мен шынайы мүмкіндіктер арасындағы айырмашылықтарды анықтау және мақсаттардың құрылымдануы;
    • анықталған үзілістерді жеңу бойынша іс-әрекеттер варианттарын дайындау және қажетті ресурстарды  анықтау;
    • ресурстарды бөлу (жоспарлар мен бюджеттерді құрастыру);
    • белгіленген жоспарлар мен бағдарламалардың орындалу жолын бақылау және тексеру.

 

Стратегиялық  шешімдер деңгейі

Стратегиялық мазмұн

Үзілістер талдауы

Стратегиялар  нұсқасын әзірлеу

Бюджет  пен жоспар құру

Бақылау және тексеру

Кәсіпорын

Мақсаттарды анықтау: миссия, мақсат, міндеттер

       

Бизнес саласы

Сыртқы  талдау: мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер

       

Іс-әрекеттердің жұмыс жасау сферасы

Ішкі  талдау: күшті және әлсіз жақтар

       

 

           Стратегиялық басқару кезеңдерінің  мазмұны шешімдерді қабылдау  деңгейі бойынша  (А- корпоративті  деңгей, В – бизнес деңгей,  С-функционалды деңгей) 4 суретте келтірілген. Осылайша, ұйымның даму стратегиясын жасау интеративті процесс болып табылады және  иерархияның барлық деңгейінде жүзеге асырылады. 

  1. Корпоративтік мақсаттар мен құрылымдауды түсіну
  2. Ағымдық стратегия негізінде болашақ қызметтерді болжау және болжау мен мақсат арсындағы ерекшелікті анықтау.
  3. Кәсіпорын мүмкіндіктері мен стратегиялық жоспарлау көрсеткіштері арасында айырмашылықтарды бекіту.
  4. Ішкі мүмкіндіктер мен кемістіктерді талдау нәтижелері бойынша стратегиялық мақсаттарды түзету.

5, 6. Бизнес-деңгейде және функционалдық  деңгейде стратегиялардың нұсқасын  дайындау.

  1. Бизнес-бірліктері мен функционалды бөлімшелердің стратегиялық жоспарларын ұзарту.
  2. Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруда қажетті ресурстарды бөлу.

9, 10. Стратегиялардың сәйкес деңгейінде  ресурстарды бөлу.

11,12. Ресурстардың қолданылуын тексеру  және бақылау.

 

 

 № 8 дәріс

3.4 Стратегиялық басқару түрлері

Стратегиялық мәселелерді шешу негізінде басқару. Стратегиялық міндеттерді саралау жолымен басқару қызметтің негізгі саласында кәсіпорын позициясын сақтай отырып, тактикалық өміршеңдігіне бағдарланады.

Мүлтіксіз стратегияның бірде-бірі сыртқы ортадағы өзгерістер нәтижесінде пайда болатын  барлық жағдайларды есепке ала алмайды.  Кәсіпорын олардың пайда болуына жауап ретінде стратегиялық міндеттерді қалыптастырып, шешеді. Оның көмегімен кәсіпорын қызметінде (жүргізілетін саясат, жоспар) қажетті өзгерістер енгізу жүзеге асырылады.


 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-сурет. Стратегиялық міндеттерді саралау жолымен басқару

 

Стратегиялық  мәселелерді шешу негізінде басқару  мына жағдайда қолданылады, егерде болуы  мүмкін жағдайлар толық немесе жартылай болжамдауға келсе. Ұйым стратегиялық мәселелерді шешу арқылы қолайсыз жағдайларға  жол бермеуге,  олардың теріс салдарын жеңілдетуге немесе өзіне максималды пайда алып келетін жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндігі бар.                

5-суретте  стратегиялық міндеттерді табудың  алгоритмі көрсетілген.

  • Ұйымның сыртқы ортасындағы өзгерістер тенденциясы;
  • Ұйымның дамуын сипаттайтын ішкі тенденциялар.

Сыртқы  тенденциялар кәсіпорынның қызмет ету  ортасындағы саяси (әскери қимылдар), экономикалық (нарық конъюнктурасының жағдайы), технологиялық (жаңа технологиялардың пайда болуы мен таралуы) және әлеуметтік (жұмыспен қамту деңгейін қолдау талаптарын күшейту) аспектілерді бейнелейді.

Ішкі  тенденциялар сыртқыға ұқсас келеді. Олар табиғи (тұрақты жұмысқа әсер ететін қызметкерлер арасында науқастардың өсімі), технологиялық  (құрал-жабдықтар  мен технологиялардың ескіруі), экономикалық (қаржы тұрақсыздығы мен капитал сиымдылығының өсімі, өндірісті әртараптандыру), әлеуметтік (еңбек қызметін ынталандыру механизмін дамыту) болуы мүмкін. 

Қайта пайда болған стратегиялық мәселелерді  шешу жолымен басқару үрдісі келесілерді  қарастырады:

  • барлық тенденцияларды үнемі бақылау;
  • қауіптер мен жаңа мүмкіндіктерді табу және талдау;
  • міндеттерді жіктеу негізінде бағалаудың маңыздылығы: а) тез арада шешімді талап ететін ең асығыс және маңызды міндеттер; б) келесі жоспар төңірегінде шешілуі мүмкін орташа асығысты міндеттер; в) маңызды, бірақ үнемі бақылауды талап ететін асығыс емес міндеттер; г) жалған үрейді тудыратын, көңіл аударуға тұрмайтын міндеттер.

Шешімдерге  дайындық (оны арнайы құрылған жедел топтар жүзеге асырады).

  • Мүмкін болатын стратегиялық және тактикалық салдарды есепке ала отырып, шешімдер қабылдау (басшылық жүзеге асырады)
  • Мәселелер тізімін және олардың басымдықтарын жаңарту.

Әлсіз дабылдар бойынша басқару. Бақылап, қадағалау нәтижесінде анықталған айқын және нақты мәселелерді мықты дабылдар деп атайды. Бұрынғы және нақты емес белгілерімен танымал басқа мәселелерді әлсіз дабылдар деп атайды. Дабыл неғұрлым күшті болған сайын, кәсіпорын жауап реакциясы ретінде солғұрлым аз уақытпенен шектеледі.

Кәсіпорын мықты дабыл арқылы сенімді әрекет жасай алады, мысалы, қуаттың одан әрі өсуін тоқтатып, оны басқа бағытта қолдануға бағдарлану. Әлсіз дабылға жауап реакциясы уақыт жағынан ұзартылған және де дабылдың өсуінен күшеюі мүмкін.

Әлсіз дабыл кезінде мәселелердің пайда  болуынан кәсіпорынның іс-әрекетінің тәртібі 6-суретте көрсетілген.

 

 

 

     Дабылдар деңгейі

Дабылдың  шынайы өсуі бойынша шаралар сипаттамасы

Дабылдың  күшін анықтау

Үнемі қадағалау

Стратегиялық  күдіктілікті төмендету

Сезім білдірудің икемділігін арттыру

Дайындық  жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу

Тәжірибелік шаралар жоспары және олардың  жүзеге асырылуы

1. Қауіп-қатерлер немесе жаңа мүмкіндіктер жете түсінікті болады

2. Қауіп-қатерлер немесе жаңа мүмкіндіктердің қайнар көздері түсінікті бола бастайды.

3. Қауіп-қатерлер ауқымы немесе жаңа мүмкіндіктер нақты кескінде болады

4. Мәселені шешу жолдары белгіленген, қарсы шаралардың нәтижесін болжамдауға болады.

Информация о работе Лекции по "Стратегическому менеджменту"