Лекции по "Стратегическому менеджменту"

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 15:55, курс лекций

Описание работы

Стратегиялық басқару - орталық буыны, кәсіпорынның жеке ресурстық әлеуетін, сыртқы ортаның мүмкіндіктері және қауіп-қатерлерімен салыстыруға негізделген стратегиялық таңдау болып табылатын стратегиялық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру процессі.

Содержание

Кіріспе 8
1 тақырып. Стратегиялық менеджментке кіріспе
№1 дәріс
1.1 Стратегиялық басқарудың алғы шарттары
1.2 Стратегиялық басқару түсінігі
№2 дәріс
1.3 Стратегиялық басқарудың даму кезеңдері
1.4 Стратегиялық басқарудың алғашқы тұжырымдамалары
№3 дәріс
1.5 Ұлттық жағдайда стратегиялық басқаруды қолдану мәселелері мен болашағы
2 тақырып. Стратегиялық менеджменттің жалпы сипаттамасы
№ 4 дәріс
2.1 Стратегиялық менеджмент: мәні мен мазмұны
2.2 Басқару стилі және стратегиялық басқару
№ 5 дәріс
2.3 Экономикалық, саяси және ұйымдастырушылық аспект
2.4 Стратегиялық басқарудың оперативтік басқарудан ерекшелігі
№ 6 дәріс
2.5 Стратегиялық менеджмент құрылымы
3 тақырып. Стратегиялық басқарудың жалпы тұжырымдамасы
№ 7 дәріс
3.1 Стратегиялық басқарудың мәні
3.2 Стратегиялық басқарудың негізгі компоненттері мен кезеңдері
3.3 Стратегиялық басқару объектілері
№ 8 дәріс
3.4 Стратегиялық басқару түрлері
3.5 Стратегиялық басқару қағидалары
4 тақырып. Ұйым мақсаты мен миссиясы
№ 9 дәріс
4.1 Болашақ көріністі қалыптастыру
4.2 Биснес саласы мен миссиясын анықтау
№ 10 дәріс
4.3 Бизнес мақсатын белгілеу
4.4 Мақсаттар иерархиясын тұрғызу
№ 11 дәріс
4.5 Стратегиялық жоспарлау, (қысқа және ұзақ мерзімді)
4.6 Ұйымдастырылған орта
5 тақырып. Сыртқы ортаны талдау
№ 12 дәріс
5.1 Кәсіпорынның сыртқы ортасын талдау мақсаты мен сипаты
5.2 РЕST – талдау
№ 13 дәріс
5.3 Саладағы бәсеке мен жалпы жағдайды талдау
5.4 Бәсеке деңгейін бағалау
6 тақырып. Кәсіпорынның ішкі ортасын талдау
№ 14 дәріс
6.1 Ішкі ортаны стратегиялық талдаудың мақсаты мен қағидалары
6.2 Кәсіпорынның күшті және әлсіз тұстарын талдау
№ 15 дәріс
6.3 Шығындарды стратегиялық талдау және «құндылық тізбегі»
7 тақырып. Стратегияны таңдау, стратегиялық альтернативаларды жасау және талдау
№ 16 дәріс
7.1 Стратегияның мәні
7.2 Кәсіпорын стратегиясын сыныптау
№ 17 дәріс
7.3 Бизнесті дамытудың негізгі стратегиялары
7.4 Кәсіпорын стратегияларын анықтау
№ 18 дәріс
7.5 М. Портер бойынша стратегия
8 тақырып. Стратегия түрлері мен сыныптамасы
№ 19 дәріс
8.1 Стратегияларды сыныптау
8.2 Өндірістік стратегиялар
№ 20 дәріс
8.3 НИОКР стратегиясы
8.4 Бәсекелестiк маркетинг стратегиясы
№ 21 дәріс
8.5 Тұрақты даму стратегиясы
8.6 Гарвард мектебінің моделі, БКТ моделін қолдану
№ 22 дәріс
8.7 «Дженерал электрик - Маккинзи» тұжырымдамасы
8.8 Ұйым стратегиясы, (Минтцберг, Чандлер стратегиялары)
№ 23 дәріс
8.9 Бейімделу стратегиясы
9 тақырып. Стратегияларды корпоративтік деңгейде өңдеу
№ 24 дәріс
9.1 Артықшылықтарды бағалау және оның ролі
9.2 Әртараптандыру стратегиялары
№ 25 дәріс
9.3 Әртараптандырылған компанияның стратегиялық сараптамасы
10 тақырып. Стратегияны регламенттеу, стратегиялық өзгертулерді басқару
№ 26 дәріс
10.1 Стратегияны орныдаудың негізгі сатылары
10.2 Стратегиялық өзгертулер
№ 27 дәріс
10.3 Стратегиялық бақылау
11 тақырып. Стратегияны дайындау және енгізу
№ 28 дәріс
11.1 Стратегияны тұжырымдау
11.2 Стратегияны дайындау кезеңдері
№ 29 дәріс
11.3 Стратегияны іске асырудың ұйымдық қамтамасыз етілуі
11.4 Стратегияны дайындау процесін ақпараттық қамтамасыз ету
№ 30 дәріс
11.5 Ұйымның жоспарлар жүйесін стратегиялық талдау
11.6 Басқару шешімдерін, шешімдер көрсеткіштерін, стратегиялық ұстанымдардың тиімділігін бағалау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Глоссарий

Работа содержит 1 файл

сратюменеджю лекция.doc

— 1.30 Мб (Скачать)

Екінші кезең, 1951-1960 жж. – экстрополяция негізінде  басқару. Бюджеттік-қаржылық бақылау, болашақтағы (алдағы бірнеше жылға) сату көлемін экстрополяцияланған, болжамдық бағалауымен толықтырылады. Сату болжамында берілген, бақылау сандар негізінде, барлық функционалдық жоспарлар анықталады: өндіріс, маркетинг, қамтамасыз ету т.б.

Олар кейін  бірыңғай қаржылық жоспарға қалыптасады. Менеджердің негізгі мақсаты, ұйымның  дамуын лимиттеуші экономикалық мәселелерін анықтау.

Үшінші кезең, 1961-1980 жж. - өзгерістерді көре білу негізінде  басқару және сәйкес стратегияларды жарату жолымен оларға реакцияны  анықтау. Бұл басқару жүйесіне мыналар  тән:

  • экстрополяциялық бағалаудан бас тарту;
  • қызмет факторларының өзгеріп тұратынын есепке алу;
  • кәсіпорынның ішкі мүмкіншіліктері және сыртқы факторларын талдау;
  • сыртқы шектеулерді есепке алып, ішкі мүмкіншіліктерді тиімді пайдалану жолдарын іздестіру және сыртқы ортаның талаптарына қолда бар резервтердің сай келуі;
  • шешімдердің баламалығы.

Төртінші кезең, 1981жылдан - бүгінгі күнге дейін  – икемді жедел шешімдер негізінде  басқару (стратегиялық басқару). Мұндай басқару жүйесінің ерекшеліктері  мынада:

  • басқарушылық әрекеттер интеграциясына және стратегиялық шешімдер енгізуге басым;
  • басқарудың демократизациясы және орталықсыздандыруы;
  • интуиция маңызының артуы және бағалауда саналы тәсілдің күшеюі;
  • кәсіпорынды ортаға белсенді әсер етуші субьект ретінде қарастыру;
  • стратегияны кәсіпорынның дамуын басқарудағы негізгі құрал ретінде қолдану.
  • қарастырылған корпоративтік басқару жүйелерінің салыстырмалы сипаттамалары 1-кестеде көрсетілген.

 

1-кесте.  Басқару  жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы. 

Параметрлер

Бақылау негізінде  басқару

Экстраполяция негізінде басқару

Өзгерістерді  көре білу негізінде басқару

Стратегиялық  басқару

 

Жорамал

Өткен қайталанады

Тенденциялар  сақталады

Жаңа құбылыстар, тенденциялар күні бұрын айтыла алады

Әлсіз дабылдар бойынша жарым-жарты күні бұрын  айтылу

 

Өзгерістер  түрі

Фирма реакциясы  бәсенірек

Фирма реакциясы салыстырымды

Фирма реакциясы  жылдамырақ

Үрдіс

Циклды

(Нақты) қазіргі  уақытта

Басқару негізі

Ауытқуларды бақылау, кешенді басқару

Мақсаттық басқару

Стратегиялық  талдау

Нарық және сыртқы ортаның дамуын есепке алу

Басқарудағы екпін

Тұрақтылық / реактивтілік

Көре білу

Зерттеу

Шығармашылық

Кезең

1900 жылдан

1950 жылдан

1960 жылдан

1980 жылдан


 

Бір-бірін алмастырушы  басқару жүйелері ортаның тұрақсыздық  деңгейін артыуына және болашақты аз көре білуге бағытталған. Сонымен, стратегиялық басқару әдістерінің пайда болуы мен іс-жүзінде қолдануы басқарушылық мәселелердің күрделенуіне реакция реттінде қарастыруға болады.

 

    1. Стратегиялық басқарудың алғашқы тұжырымдамалары

  Ұйымдастырушылық тәртіптің стильдері. Стратегиялық басқарудың алғашқы тұжырымдамалары, ұйымның әр-түрлі тәртіп стильдері елеулі ерекшелінетін ұйымдастырушылық құрылымды және басқаруды талап етеді деген пікірге негізделген. Тәртіптік стильдердің әртүрлілігі – кәсіпкерлік және өсу стильдерінің жиынтығынан тұрады.

Тәртіптің өсу стилі, ұйым ішіндегі, сонымен бірге оның қоршаған ортамен қарым қатынасындағы дәстүрлі тәртіптің ауытқыларын минимизациялауға бағытталған. Бұл тәртіп стилін қолданатын ұйымдар, өзгерістерден бас тартуға, оларды шектеуге және минимизациялауға әрекет жасайды. Өзгерістердің қажеттілігі сөзсіз болған жағдайда ғана белсенді әрекеттер жасалады. Баламалы шешімдерді іздестіру кезекпен жүргізіліп, бірінші қанағатты шешім қабылданады.

Тәртіптің кәсіпкерлік  стилі өзгерістерге болашақтағы  қауіп-қатерлерді алдын ала білу және жаңа мүмкіншіліктерге ұмтылуымен ерекшеленеді. Басқарушылық шешімдерді кең көлемде іздестіру жүргізіледі, көп баламалар әзірленеді және олардың ішінен ең тиімдісі таңдалады.

Басқару түрі мен  ұйымдастырушылық тәртіп стильдері  тығыз байланысқан. Стратегиялық басқару кәсіпкерлік тәртіпті талап етеді. Стратегиялық басқарудың соңғы нәтижесі болып ұйым мақсатына жетуге қажетті потенциал және оның сыртқы ортаның өзгерістеріне жауап беруді қамтамасыз ететін ішкі құрылым табылады.

Стратегиялық  проблемалар мен айналысатын басқарушының мәселелері болып мыналар есептелінеді:

  • қажеттілігін анықтау және стратегиялық өзгерістерді енгізу;
  • стратегиялық өзгерістерді қамтамасыз ететін потенциал қалыптастыру;
  • стратегиялық өзгерістерді жүзеге асыра алатын кадрларды таңдап тәрбиелеу.

Оперативтік басқару  стратегиялық басқаруға қарағанда  кәсіпорынның казіргі жағдайын қолданады  және тәртіптің өсу стиліне негізделеді. Жедел мәселелермен айналысатын  басқарушы, ұйымның әлеуетін нақты  пайдаға айналдыруы керек, оның негізгі  мәселелеріне мыналар жатады:

  • жалпы оперативті міндеттерді анықтау;
  • ағымдағы міндеттерді орындау процесінде мотивация, үйлестіру және бақылау.

ХХ ғ. бірінші  жартысында стратегиялық және оперативті басқару және оларға сай тәртіп стильдері  ұйым үшін альтернатива ретінде болған. Казіргі күнде ұйымдар басқарудың екі түрінің тиімді үйлесімі мен тәртіптің екі түрін бірдей қолдануды қажет етеді.

 

№3 дәріс

 

1.5 Ұлттық  жағдайда стратегиялық басқаруды  қолдану мәселелері мен болашағы

Стратегиялық  басқару мәселелері. Стратегиялық басқаруда артықшылықтармен қатар қолданудағы кемшіліктер мен шектеулер кездеседі:

    • мәніне қарай стратегиялық басқару болашақ жайлы нақты және анық сипаттама бере алмайды;
    • ол нақты бір жағдайда даму мәселесін шешудің бір жақты жолын айқындайтын стандарттық процедуралар мен схемалар жиынтығына жалғаса алмайды;
    • стратегиялық басқару бойынша жұмыстың ұйымдастырылуы ауқымды күшті, ауқымды уақыт пен құралдар шығынын талап етеді, белгілі бір икемділік, еңбекті ұйымдастыру мен мотивациялау жүйесі, мықты ұйымдастырылған мәдениеттің құрылуын болжамдайды.

Стратегиялық  басқаруға өту.Стратегиялық басқару методологиясы келесі жағдайда жүзеге асуы мүмкін:

  • нарықтық қатынастардың жоғары мәдениеті мен фирмаішілік мәдениет;
  • нарық, бағалар, ресурстар, әріптестер және бәсекелестердің талаптары жөнінде,сондай-ақ кәсіпорынның артықшылықтары мен шығындары жөнінде ақпараттардың сенімді және кең ауқымы;
  • стратегиялық басқару құралдарын білетін және стратегиялық ойлау қабілеттері бар кадрлардың болуы. Сол себептен кәсіпорындарда стратегиялық басқару принциптерін қолданужалпы дайындық жұмыстар кешенін жүргізуді қажет етеді. Бұл жұмыстың басты бағыттары:
  1. Кәсіпорында стратегиялық ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін құру;
  1. Дағдарыс жағдайының себебін анықтауға, салалардың даму болашағын және нақты өміршеңдік стратегиясын жасауға мүмкіндік беретін стратегиялық талдаудың қарапайым моделдерін әзірлеу;
  2. Стратегиялық басқару саласында кадрларды дайярлау және қайта дайярлау.

 

Бақылау сұрақтары

  1. Стратегиялық басқару түсінігі
  2. Стратегиялық басқарудың өзектілігін анықтайтын шарттар факторлары
  3. Стратегиялық басқарудың даму кезеңдері
  4. ҚР стратегиялық менеджментті қолдану проблемасы мен перспективасы
  5. Стратегиялық басқарудың алғы шарттары

 

2тақырып. Стратегиялық менеджменттің жалпы сипаттамасы

2.1 Стратегиялық менеджмент: мәні мен мазмұны

2.2 Басқару  стилі және стратегиялық басқару

2.3 Экономикалық, саяси және ұйымдастырушылық  аспект

2.4 Стратегиялық  басқарудың оперативті басқарудан  ерекшелігі

2.5  Стратегиялық менеджмент құрылымы.

 

№ 4 дәріс

 

2.1 Стратегиялық менеджмент: мәні мен мазмұны

Бізді қоршаған әлем қатты жылдамдықта өзгеру және даму үстінде болғандықтан, оған жету де қиын. Біз болып жатқан жағдайларға  ықпал ете отырып, нәтижелерді  әр уақытта болжай алмаймыз, алайда ешқандай шара қолданбасақ, біздің бастауларымыз бен мақстаымыз ешуақытта жүзеге аспайды.

Соңғы жылдары, стратегиялық менеджмент ұйымның өзгеріске  бейім сыртқы ортасына жауап ретінде  компанияның тұрақтылығын қамтамасыз ететін ғылыми пән болып қалыптасты.

Стратегиялық  менеджмент (СМ) – бұл басшылардың ұйымның ұзақ мерзімді даму болашағын, персоналдарды басқаруды, өндірістік қызметін анықтайтын, барлық ішкі және сыртқы шарттарға сәйкес алға қойған міндеттерге жету үшін стратегиялар дайындайтын, сондай-ақ іс-әрекеттің таңдалған жоспарын жүзеге асыратын басқару үрдісі.

Стратегиялық  менеджменттің басты міндеті  – сыртқы ортада жүріп жатқан үздіксіз өзгерістер жағдайында ұйымның бәсекелестік артықшылығын қалыптастыру және дамыту болып табылады. Ол ұйымның сыртқы ортаға бейімделуіне, дамуына мүмкіндік береді. 

Стратегиялық  менеджмент келесідей негізгі қадамдардан  тұрады:

- коммерциялық  қызмет түрін анықтау және  оның дамуының стратегиялық бағытын  қалыптастыру;

- абстрактілі,  талдап қорытылған мақсаттардың  жұмыстың нақты бағытына айналуы; 

- таңдалған стратегияға сәйкес күтілген нәтижеге жету үшін таңдалған жоспарды жүзеге асыру;

- нарықтағы  жағдайды талдау, орындалған жұмысты  бағалау, қызметтің ұзақ мерзімді  негізгі бағыттарына, мақсатқа, стратегияға  немесе жаңа идеялар мен жаңа  мүмкіндіктер, өзгерген жағдайлар, жинақталған тәжірибеден бастап оның жүзеге асуында өзгерістер енгізу.

Стратегиялық  менеджмент негізінде келесідей  сұрақтарға түсініктеме беру ұмтылысы байқалады:

- кейбір компаниялар  басқа компаниялар алдында неге  бәсекелестік артықшылыққа ие;

- қандай стратегия ең тиімді болып табылады.

Сол немесе басқа  ұйымның іс-әрекеттерінде әдетте стратегияның жоқтығынан бәсекелестік күреске төтеп бере алмай жатады. Бұл көп жағдайда ұйымның өз қызметін жоспарлаған кезінде пайда болады: 

- айнала мүлдем  өзгеріске ұшырамайды немесе сапалы өзгерістер болмайды деген тұжырым пайда болғанда;

- сыртқы ортаға, клиенттің қалауына, бәсекелестердің  болуы мүмкін іс-әрекеттеріне  көңіл аудармай, тек қана өз  мүмкіндіктері мен артықшылықтарын  есепке алған жағдайда;

- бір сәттік пайдаға ұмтылуға басшылық еткен кезде.

Ең  көп тараған басқару стратегиялары:

- кертартпа стратегия, ұымның қызметіне өзгерістер болған жағдайдағы фактілер бойынша енгізіледі (стратегияның бұл түрі тұрақты, бірқалыпты дамыған салалар үшін тиімді, ал қарқынды дамудағы бизнес үшін тиімсіз);

-  экстраполяция  стратегиясы, болашақты өткен  тенденцияның экстропуляциясы (болашаққа  оймен жету) көмегімен жорамалдауға  болған жағдайда қолданылады  –көптеген бизнес саласында кең  тараған стратегия. 

- озық стратегия, қызметтегі көптеген өзгерістер болашақ жағдайларды (жоғарғы технологиялар саласы) болжамдау негізінде ендіріледі.

 

 

 

2.2 Басқару  стилі және стратегиялық басқару

Комерциялық және коммерциялық емес ұйымдар басқару  стильдерінің түрлі деңгейін көрсеткенімен, олардың барлығы екі негізгіден құралады:

  • өсу стилі, ұйымның ішінде, сондай-ақ оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынаста болатын ауытқуларды минимизациялауға бағытталған қол жеткізілген мақсаттардың қойылуымен сипатталады. Мінез-құлықтың осы стилін ұстанатын ұйым өзгерістерді болдырмауға тырысады, оларды минимализациялап шектейді. өсу мінез-құлықта  іс-әрекет өзгерістер қажет болатын болса қолға алынады. Мінез-құлықтың өсу кезінде іс-әрекеттер өзгерістер қажеттілігі табанды болған жағдайда қолданылады.  Мұндай мінез-құлық  ұзақ уақыт бойы сәтті жұмыс жасайтын коммерциялық ұйымдар мен білім беру, денсаулық сақтау, дін және т.б. салаларындағы барлық коммерциялық емес ұйымдарды тәубеге келтіреді.
  • жаңа мүмкіндіктер мен болашақтағы қауіптерді болжауға, өзгерістерге талпынысты сипаттайтын жеке кәсіпкерлік стиль.  Кәсіпкерлік ұйым үздіксіз өзгерулер тізбегіне талпынады, өйткені оларда  ол өзінің болашақтағы тиімділігі мен жемістілігін көреді.

Коммерциялық  және коммерциялық емес ұйымдар өсу  стиліне қарағанда, жеке кәсіпкерлік мінез-құлық стиліне сирек жүгінеді.  Коммерциялық емес ұйымдар өзінің дамуының ерте кезеңінде, олар өздерінің міндеттері шеңберін анықтағанда, ұйымдастырушылық құрылымын жасағанда, яғни олар өздерінің әлеуметтік мәнділігін анықтаған кезеңде кәсіпкерлік стильді пайдаланады.  Келесі кезеңде олар ереже бойынша өсу стиліне көшеді.

Информация о работе Лекции по "Стратегическому менеджменту"