Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі: жағдайы және болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 03:24, дипломная работа

Описание работы

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Толық диплом.docx

— 1.10 Мб (Скачать)

        Орталықтандырылған зейнетақы жүйесінің қызмет етуі келесідей кемшіліктерді айқындады:(Сурет 3)

      - жарналар көлемі мен зейнетақылық төлемдер арасындағы сәйкессіздік. Яғни қызметкер оның жұмыс берушісінің зейнетақы қорына аударымдардың уақытылы және толықтығына тәуелсіз зейнетақыны ала алатын. Сондай-ақ мемлекет зейнетақыны Мемлекеттік зейнетақы қорынан төлеуге міндетті болды;

      - өндіріс шығындарының ұлғаюында көрініс тапқан, жалақының 25,5% мөлшеріндегі зейнетақы аударымдарының ставкасы жеткілікті жоғары болды. Сонымен қатар аударымдардың жоғарғы деңгейі жұмыс берушілердің зейнетақы төлемдерін төлеуден жалтаруына алып келді;

- зейнетақы аударымдарының түсімдерін бақылаудың болмауы мен жұмыс берушілердің қызықпаушылығы жинақтау деңгейінде білінді;

        - зейнетақы жеңілдіктерінің үлкен мөлшерінен әлеуметтік әділеттілік қағидасының бұзушылығы;

 

«Сурет 3»

Орталықтандырылған  зейнетақы жүйесінің кемшіліктері

 

        - зейнетақы аударымдарының иесізденуі мен қаражаттарды тиімсіз басқару зейнетақы аударымдарының ұлғаюына кедергі жасады;

      - өз кезегінде зейнетақы қаражаттарын тиімсіз басқару артынан қаржылық ысыраптарды тудырды.

        Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорына көшу бастапқыда халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне сенімінің артуы мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына салымшылардың тиімді келуіне көмектесетін аралық институт құруды ойластырған.Қазіргі таңда республикамызда зейнетақы жүйесінің ынтымақтас (мемлекеттік)жәнежинақтаушы (жеке) жүйелерінің құрамынан қалыптасқан аралас түрі қызмет етуде:

      -ынтымақтас жүйе қалыптасқан зейнеткерлер мен 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек стажы алты айдан кем емес азаматтарға арналған;

     -жинақтаушы жүйе 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларына жалақының 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын аударған азаматтарға арналған.

       Жұмыс беруші ынтымақтас жүйеге зейнеткерлердің зейнетақысын төлеу шығындарын жабуға бағытталған әлеуметтік салық түрінде еңбекақы қорына үстеме  21% аударып отырған. Зейнетақы жүйесінің екіленуі нәтижесінде бүгінгі күндері зейнетақыға шығатын азаматтар екі қайнар көзден зейнетақымен қамсыздандырылады:

       - зейнетақының бірінші бөлігі 1998 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына байланысты ынтымақтас жүйесінен еңбек стажына қатынасты мемлекет жағынан төленеді;

       - зейнетақының екінші бөлігі жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотындағы жинақтарынан төленеді.

        Жинақтаушы зейнетақы қорының пайда болуынан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесінің салымшыларының зейнетақылық аударымдарының барлық ақшалай аударуларын дербестендірілген, төлемдерді алушылар бойынша Мемлекеттік орталық  арқылы зейнетақыны төлеуді жүзеге асыра бастаған. 1998 жылдың желтоқсанында мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақылық активтері есебінен алғашқы рет қазақстандық акционерлік қоғамдарының акциялары сатып алынды.

        Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі звенолары: жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар, банктер-кастодиандар. Зейнетақы қатысушылары және олардың өзара байланысын төмендегі суреттен көруімізге болады.(Сурет 4)



 

 

 

 

 

 

 

           

 

 

 

 

 

 

        «4-сурет».Зейнетақы қатысушылары және олардың өзара байланысы

 

      Зейнетақы жинақтау қорлары - бұл ашық не жабық типтегі акционерлік қоғам формасында құрылған заңды тұлғалар. ²Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамсыздандыру туралы² Заңына сәйкес ЖЗҚ (НПФ) зейнетақы жүйесінде орталық звено болып табылады . Олар салымшылармен жұмысты, зейнетақы келісім-шарттарын жасайды, зейнетақы жарналары инвестициялық табыс аударымдарына жеке есеп-шот жүргізеді, сондай-ақ салымшылар алдындағы қордың міндеттемелерін ұйымдастырады. Қор өз қызметі үшін комиссиондық сыйақылар алады, өз салымшылары мен мемлекеттік құрылым алдында есеп береді, халық ішінде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, өтініштерін қарастырады, салымшының өлімімен немесе шетелге кетуімен байланысты сұрақтарды шешеді.

        Әзірленіп жатқан нұсқалардың ішінде республика үшін екеуі ғана анағұрлым артықшылыққа ие. Біріншісі МЖЗҚ-ны стратегиялық инвесторға мемлекет меншігінде  акциялар пакетінің үлесін сақтай отырып сатуды қарастыру. Екіншісі-  мемлекетте блоктаушы акция пакетін сақтап МЖЗҚ-ны сату. Екі жағдайда да Ұлттық комиссияда бағалы қағаздар және олардың қаржылық нарықта баға белгісі бойынша болашақ кәсіпорынның акцияларының листингі қарастырылады.

         Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын жүргізетін ұйым инвестициялық қоржын құрылымының нормаларын сақтап бағалы қағаздар түрлерін заңнамамен рұқсат берген жинақталған зейнетақы активтерін орналастырумен айналысады. Қазақстанда бұндай ұйымдарға зейнетақы активтерді басқару бойынша Комитет – ЗАИБАҰ  жатады .

      ЗАИБАҰ – бұл жинақтық зейнетақы қорларының активтерін инвестициялауды іске асыратын ұйым болып табылады. Олар заңды тұлға,  бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары  болып табылады, инвестициялық портфельдің қалыптасу нормаларын сақтай отырып заңнамамен рұқсат етілген бағалы қағаздарға зейнетақы қорлары активтерін орналастырумен айналысады. Жинақтық зейнетақы қорларымен ЗАИБАҰ ортасында өзара қатынастар қордың активтерін басқару келісім шарты негізінде қалыптасады. Келісім шарт қорытындысы туралы шешімді қабылдау тәртібі  жарғыда сипатталады.            Зейнетақы қорлары үшін  Ұлттық Банктің депозиттері бойынша жеке тұлғаларға проценттік ставка бағыт болып есептеледі. ЗАИБАҰ дың белгіленген табыстылыққа жету үшін кепіл ретінде оның активтері саналады, ол сенімді басқару келісім шартында айқындалады.  ЗАИБАҰ-дың негізгі функциясы - салымшылардың ақшаларын тиімді орналастыру және табыстың максимальды мүмкіндігі деңгейін қамтамасыз ету мақсаттарында ішкі және сыртқы халықаралық қаржылық рыноктардағы жағдайды қадағалау. 

        Төменде Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамсыздандыру  жүйесі көрсетілген.(Сурет 5)

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сурет 5». 

             Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамсыздандыру  жүйесі

 

        Сонымен зейнетақы жинақтау қорлары қаржы нарығында салыстырмалы түрде жаңа институционалды инвесторлар болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мемлекеттің қанағаттанарлықсыз әлеуметтік қамсыздандыруына қарсы құрылуына негізделген және оның дамуы корпорациялардың жоғары білікті жұмысшы күшін тарту талабы есебінен өріс алды. Жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржы институты ретінде халықтық ақша қаражаттарын ұлттық экономикаға инвестициялау үшін аккумуляциялау мүмкіндігін береді. Бұл бөлімде зейнетақы қорларының макро-микроэкономикалық қызметтері анықталды.

      Қазіргі      кездегі әлемдік   практикада әр түрлі мемлекеттерде олардың экономикалык,   жағдайына,  демографиялық барысына, тарихи алғышарттарына     және  басқа да  факторларына     сүйеніп, зейнетақымен қамтамасыз етудің көптеген жүйелері бар. Осындай жүйелердің бірі - өткен ғасырдың соңында Бисмарк енгізген «ынтымақтастық» жүйесі. Бұл жүйе тек бұрынғы КСРО мен Орта және Шығыс Еуропа елдерінде ғана емес, сонымен қатар экономикасы   жоғары деңгейде дамыған елдерде де пайдаланылды.

        «Ынтымақтастық» жүйесі мынадай принципке негізделген: ең алдымен, осы жылы жұмысшыларға бөлінетін қаржы зейнетақы болып осы жылы төленуі   керек.   Бұл принцип  бойынша  мемлекеттік   зейнетақылык, бағдарламалар  жасалынады.   Экономисттер мен әлеуметтанушылардың айтуы бойынша болашақта «ынтымақтастық» жүйесі  тіркелген    зейнеткерлерді зейнетақымен толық қамтамасыздандыру мәселесін шеше алмайтын   болады,   өйткені,   дамыған   елдерде   және ауыспалы     шақтағы     мемлекеттерде     зейнеткерлер  саны     күрт өсуде.    Егер бұл мемлекеттер болашақта да «ынтымақтастық» жүйесіне сүйенетін болса, онда ол зейнеткерлер санының өсуін қадағалай алмай қалады. Оған қоса, бүкіл халыққа қатысты ересек адамдар, яғни қарттардың үлесінің өсуі ретінде бұл жүйе мемлекеттік бюджетке  қымбат  түседі. Саяси  факторды да атап  өткеніміз  жөн,  әр  түрлі  себептерге  байланысты  болатын (сайлау, халықтың қарсылық акциялары және т.б.) саяси   қысым болғанда,  мемлекет ешқандай экономикалық негізсіз-ақ,    тек қана  саяси сахнадан ұпай  жинауға талпынып, зейнетақыны  көбейтеді. Шын мәнінде ол әлеуметтік мұқтаждықты шешпейді.

       «Ынтымақтастық» жүйесі еңбек стажын және бір мезгілдегі пайда мөлшерін  есепке алып, ал жұмысшының барлық  еңбек жолында жинаған пайда мөлшерін санамай,  экономика дамуына әр зейнеткердің қосқан үлесін ескермейді. Бұл  жағдай  зейнеткерлердің еңбек стажы бірдей болса да, олардың барлық зейнетақысы бір   деңгейде   болмайтындығын   көрсетеді.   Алайда, бір жұмысшы өзінің кәсібімен бүкіл еңбек жолында экономикаға елеулі улес қосса, келесі жұмысшы тек  зейнетақы белгілеу жылдарында ғана үлкен табыс табады. «Ынтымақтастық»  зейнетақы  жүйесінде зейнетақы тағайындау үшін жұмысшының экономикаға келтірген - пайдасына берген  бағасы  ішінара қажетін таба  алмайды. Бұл жүйе, сонымен қатар, ұлттық пайданың көлемін елеулі түрде азайтуы мүмкін, экономикалық дағдарыстарға  себеп болады, өйткені жұмысшылардың  еңбекақысынан   бөлінетін   қордың   көлемінің  азаюы зейнетақының уақытылы төленбеуіне  әкеліп тірейді, содан соң еңбекақыдан бөлінетін қордың мөлшерінің өсуі көлеңкелі экономиканың өріс алуына әсерін тигізеді.

      «Жинақтаушы зейнетақы» жүйесінде жұмысшы өзі еңбекақысынан және ерікті  жарна төлеу арқылы арнайы қор жинайды. Жұмысшы зейнеткерлікке шығысымен бұл қорды жинақтаушы зейнетақы қорынан ала алады   немесе   сақтандыру   компаниясынан   аннуитетке  аудару арқылы өмірлік зейнетақысын қамтамасыз ете алады. Мұндай зейнетақылық бағдарламалар еңбек  жолында жеке жинақ және сақтандыру полисін (аннуитет) жасайды. Бұл принцип көптеген жеке зейнетақы бағдарламаларының  негізінде  жатыр.

      «Жинақтаушы  зейнетақы»  жүйесінің бірнеше түрлері бар:

       1) Алдын-ала   төленетін   жарналар   жүйесі:   бұл жүйедегі    жеке    жұмысшының    зейнетақысы    өзінің еңбекакысынан бөлініп жиналған қордың мөлшеріне байланысты болады. Зейнетақы активтерінен түсетін пайда    нормасының   тұрақсыздығымен    байланысты қауіп және қорға енген жарналардың құнсыздануымен байланысты    қауіп    болашақ   зейнеткердің   қорына енеді. 

        2)  Алдын-ала белгіленген төлем жүйесі: бұл жүйе компаниялар    мен    салалар    деңгейінде    құрылған  жеке  зейнетақы ең алдымен өндіріс немесе берілген салалардағы  еңбек стажына  байланысты және зейнеткерлікке  шығар  алдында  тапқан  еңбекақысының  мөлшеріне   қарай   белгіленеді.   Бұл   бағдарламадағы жұмысшы зейнеткерлікке шыққаннан  кейін төлемнің мөлшерін   және   төлену   мерзімін   анықтайды.    Бұл жүйедегі   қор зейнетақы   активтеріне  түсетін   пайда нормасының тұрақсыздығымен   байланысты   қауіптің бір бөлігін өз мойнына алады.

     3)Жеке    жинақтаушы    зейнетақы    қорларының бағдарламаларына төмендегі факторлар жатады:

       а) олар     мемлекеттік     зейнетақылық     бағдарламалардың орнына зейнетақы төлеміне қажетті бюджет шығынының азаюына әсер етеді,  бірақ мемлекеттік зейнетақы  бағдарламаларының жекеменшікке ауысу барысында бір мезгілде бюджеттің шығынына көбейеді.

       б) жинақтаушы зейнетақылық қор бағдарламалары елдің   жинақ   деңгейін   өсіреді,   бұрын   мемлекеттің деңгейін өсіретін, яғни халықтың зейнетақысының немесе зейнетақымен қамсыздандырудың дамуына жол ашатын экономикалық жоғары көрсеткіштер болады.

       в)  жеке     зейнетақы     бағдарламалары     нарық капиталының    дамуына     және     жекеменшіктендіру процесінің ілгері жылжуына мүмкіндік береді

       г) бұл бағдарламалар  мемлекетті саяси қысымнан қорғайды,   өйткені,   жинақтаушы   зейнетақы   жүйесі, зейнетақы    қор   төлемінің   өсуі    болашақта    қазіргі уақыттағы  еңбекақыдан бөлінетін төлем  мөлшерінің өсуімен байланысты болады. Ұрпақтар    ынтымақтастығы жүйесіне сәйкес тіркелген зейнеткерлерге      зейнетақыны көбейту қажеттілігі төңірегінде туындайтын талас пен шарттар  жұмысшылардың  еңбекақысынан   бөлінетін төлемін бекітумен байланысты салаға көшеді.

        Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері

        - мемлекет  әлеуметтік  көмек  көрсетуге мұқтаж тұлғаларға тек әлеуметтік  зейнетақыларды береді, бюджет қызметкерлері  үшін  зейнетақы  жарналарын  есептейді  және жеке зейнетақы жүйесінің заңды жұмысының кепілдігін қамтамасыз етеді.

          Қазақстан Республикасының зейнетақы реформасында келесідей өзгерістер орын алды:

  • Барлық  артықшылықты  зейнетақылар  жойылды . Зейнетақыны алуға  қойылатын  талаптар,  барлық азаматтар үшін  бірдей болды;
  • зейнетке шығу жасы еркектер үшін 63 жаска дейін, әйелдер үшін 58 жаска дейін өсті;
  • жинақтаушы  зейнетақы  қорында  әрбір  кызметкерге  жеке зейнетақы  шот ашылады (ӘЖК-пен шатастыруға болмайды), бұл шотқа қызметкердің міндетті  зейнетақы  жарналары және инвестициялық  табысы аударылады;
  • мемлекеттік  емес  зейнетақы  қорлары  жабық түрдегі акционерлік қоғамдар түрінде құрылады және екі түрде болуы мүмкін  ашық және корпоративтік ;

        Жинақтаушы зейнетақы  қорлары  елдің зейнетақы жүйесінің тек бір  деңгейі   ғана  емес, сонымен қатар,  оның  орталық  буыны да  болып табылады. Жоғарыда  атап  өткеніміздей, 2045 жылға қарай зейнетақыларды  төлеу жөніндегі мемлекеттік  орталықтан  барлық төлемдердің тоқтатылуы және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне толығымен ауысу жоспарлануда, бұл  кезде зейнетақылар тек жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі: жағдайы және болашағы