Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 04:51, монография
Қазақстандық бизнес–инкубаторлардың қызметінің шағын ғана тәжірибесі олардың бірқатар ерекшеліктері мен өзекті мәселелері бар екенін көрсетті, атап айтқанда [39]:
көптеген бизнес–инкубаторлар халықаралық қорлар мен ұйымдар қолдауымен құрылған;
жеке бизнестің бизнес–инкубаторларды құруға деген ынтасының жеткіліксіздігі;
4. Ресейдің тəжірибесін талдайтын болсақ, бұл мемлекетте ИТО-лар құрылған. Яғни ИТО - бұл бір жерде орналасқан көптеген шағын кəсіпорындар конгломераты. Оған шағын кəсіпорындарды қолдау үшін күрделі қаржы салымдары бөлінеді. Қазақстанда осындай ИТО-ларды құру арқылы шағын инновациялық кəсіпорындарға бөлінген қаражаттарды бақылауға мүмкіндік болады.
Болашақта инновациялық қызмет саласындағы саясатты жүзеге асыру мақсатында шаралар бір жүйеге біріктіріліп, ғылыми-техникалық жəне өндірістік əлуеттің өсуіне əсер ету үшін келесі басымдық бағыттары ұсынылады:
1. Қазіргі бар ғылыми-техникалық əлуетті постиндустриалды экономикада қолдану мақсатында елдің ғылыми-техникалық капитал жағдайына мониторинг биотехнология, биохимия; ядролық технология; сирек металлдар негізінде жаңа материалдар жасау өндіріс салаларында жасалуы қажет.
2. Жаңа материалдар мен химиялық технологиялар; ақпараттық технология; «тірі жүйелер» технологиясы ғылыми-техникалық бағыттарды жүзеге асыру үшін басымдық негізде мемлекеттік деңгейде қолдау жасау қажет.
3. Өндіріс саласында индустриалды-инновациялық қызметті ендіруді жылдамдатуға бағытталған заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында мемлекеттік қолдауға бағытталған қолданыстағы құқықтық базаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мен заңдар мен нормативтік актілерді шығару үрдісін жеделдету қажет.
Қазіргі мезгілде тек мемлекет қана экономиканы жаңартудың қозғаушы күші бола алады, өйткені отандық жеке сектор əлі ұзақ уақыт ірі жəне ұзақ мерзімді инвестициялар жасай алмайды. Мемлекеттік қолдау бірнеше салааралық жобалар мен жаңа экспортқа бағытталған өнім шығару шеңберін жүзеге асыруға бағытталуы керек. 2003-2015 жылға арналған стартегияға сəйкес жақын арада мақсатты зерттеу мен жағымды жағдайлар негізінде жоғары технологиялық өнім кешені құрылуы мақсатында төмендегі бағыттарда: бейбіт мақсаттағы атом энергиясы мен басқа да дəстүрлі емес энергия көздері; сирек металлдар негізінде жасалатын жаңа материалдар, ерітінділер, түрлі қабаты бар тот баспайтын болат т.б.; химия, мұнай химиясы, жоғары сапалы мұнай химиялық өнімдері, соның ішінде этилен, полиэтилен, т.б. салаларындағы жетістіктер; қатты денелер физикасы, радиофизика салаларындағы нəтижелер; биотехнология, биохимия шаралар қолдануы ұсынылады [73].
Шет ел фирмаларымен бірігіп, дүниежүзілік нарықта орын алуларына мүмкіндік беретін Қазақстанда ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етілген бағыттар бар. Қазақстанның экономикалық түрлі салалары түрлі техникалық деңгейге сай. Олар бəсекеге қабілетті, сондықтан олар үшін де жеке жобалар жасалуы қажет. Мемлекетте ғылыми-техникалық өндірістік орталықтар Алматы, Қарағанды, Өскемен, Астана, т.б. қалаларда шоғырланған. Олардың кейбіреулерінде қазіргі кездің өзінде технопарктер құрылған. Ал олар өз кезегінде болашақта интеллектуалды өнім, ғарыштық қызмет, ақпараттық технология, радиоэлектроника, атом технологиясында көп мүмкіндіктер береді.
Ғылыми негізде ядролық отын, уран ерітінділерін, мыс-берилл ерітінділерін, тантал-ниобий түрлерін игеруге, титан гупкасы өндірістік базаларын кеңейтуге болады. Бұларға сұраныс атомдық, ғарыштық, радиоэлектронды өндіріс салаларының өсуіне байланысты артып отырады. Қазақстандағы ғылымның қазіргі жағдайы аяқталған, бірақ тауарлық түрге жеткізілмегендігімен, ғылыми зерттеулер санының көп болуымен сипатталады. Бұл айтарлықтай əлует жəне оны қолдану инновациялық қызметтің дамуының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстандық ғалымдармен 10 жыл ішінде 877 патент алынды, жаңа техниканың 136 нұсқасы өнделді. Ғалымдармен орындалған ғылыми зерттеулер жаңа фундаменталды білімдерге жəне олардың негізінде – отандық ғылым мен технологияның бəсеке қабілеттілігін жоғарылатуға бағдарланған. Геолог-ғалымдармен өткізілген зерттеу нəтижелері қара жəне түсті металлургияның өндірістік кəсіпорындарын шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта ғылыми сыйымды өндірістер қатарын құру мақсатында жобалық-конструкторлық жəне техникалық құжаттама дайын елде отандық технологияларда қолдану негізінде бар химиялық жəне мұнай химиялық өндірістерді қалпына келтіру жəне кеңейту, сонымен қатар мұнай, газ , көмірді жəне басқаны қайта өңдеу бойынша кіші жəне орта тиімді жəне бəсеке қабілетті өндірістер құрылыс жобалары дайындалуда.
Ғылыми-техникалық бағдарламаларды, жоғары тиімді биотехнологияларды құру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, өнеркəсіп үшін биотехнологиялық өнім өндірісі, теориялар мен технологияларды өңдеу саласындағы қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар қара жəне түсті металлургияның кəсіпорындарында жаңа технологиялық үрдістерді игеру басымдық негізге ие [12].
2005 жылғы 25 сəуірдегі ҚР Үкіметінің №387 «ҚР-ның ұлттық инновациялық жүйесін құру мен дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сəйкес келесі мақсаттар мен міндеттері анықталған: ғылыми əлеуетті дамыту, инновациялық кəсіпкерлік ортасын дамытуды құру мен қолдау, көпдеңгейлі инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту, ҰИЖ элементтері арасындағы тиімді арақатынасты қамтамасыз ету, заңдық-құқықтық базаны жетілдіру. Осы міндеттерді мемлекет тиімді жүзеге асыратын болса, болашақта экономиканың барлық сферасына жағымды əсер ететін Ұлттық Инновациялық Жүйені қалыптастыруға мүмкін болады. Осының нəтижесінде, 2015 жылы келесі жетістіктерге жетуге болады:
ғылыми жəне ғылыми-техникалық қызметтер көрсетудің ЖІӨ-гі үлесі 2005 жылдағы 0,8%-дан 2015 жылы 1,7%-ға өсуі;
2003 жылмен салыстырғанда Қазақстанның инновациялық жəне ғылыми- техникалық қызметіне тартылатын инвестициялардың 2015 жылы 10-15 есе өсуі;
қолданбалы ҒЗТКЖ-ды бюджеттік қаржыландыру жүйесін жақсарту [61].
Президенттің 2004 жылғы Жолдауында ұлттың бəсеке қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады деп көрсетілген.
Сонымен қатар «2015 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту тұжырымдамасын» қабылдау қазақстандық білім беру жүйесінің əлемдік білім беру кеңістігінде шоғырлану үрдісін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Ғылым мен техниканың жаңа бағыттарының шапшаң дамуы, ғылымдар түйісіндегі жетістіктер жоғары жəне орта кəсіби білімі бар мамандарды дайындау үрдісі құрылымдық қайта қарау қажеттілігін талап етеді. Əлемнің дамыған елдерінің тəжірибесі көрсеткендей, жақын болашақта ақпараттық технологиялар, биоинженерия, қуатты компьютерлік қолдаумен жаңа физикалық принциптерді үйлестіретін жоғары өндірістік технологиялар, экология жəне тағы басқа облыстарының мамандарына сұраныс аса жоғары
жəне тұрақты болады [79].
Қазақстанның инновациялық əлеуетін көтеру үшін келесі шаралар кешенін ұсынамын:
мемлекет бюджетінен тиімділігі жоғары жəне технологиялық даму бағдарламаларын, мемлекеттік маңыздылығы бар инновациялық жобаларды, коммерциялық жағынан тиімді инновациялық жобаларды толығымен жəне үлесті қаржыландыру;
жоғары технологиялық өндіріске қаражаттарын салатын инвесторларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету жəне оларды ынталандыру;
əртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кəсіпорындарға (инновацияларды игерген кезеңде) жеңілдіктермен несиелер, субсидиялар, субвенциялар беру;
ғылыми сыйымдылығы бар құрал-жабдық лизингін жəне инновациялық өнімді дамыту;
инновациялық жобалар мен оларды іске асырушыларды конкурстық таңдау жүйесін жетілдіру;
экономика саласында шағын, тиімді жəне тез сатылатын инновациялық жобалардың үлестік салмағын арттыру;
инновациялық сфераға шағын кəсіпкерлік субъектілерін тарту;
заңдық-құқықтық базаға өзгертулер енгізу;
экономикалық ынталандыру жүйесін құру, яғни салықтық, несиелік жəне т.б.жеңілдіктер жасау;
ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс ХІІ съезінде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші кезеңі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бағдарлама экономиканы әртараптандырудың жүргізіліп отырған саясатының қисынды жалғасы болып табылады әрі құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003–2015 жылдарға арналған стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктірді.
Ірі жобаларды ілгерілетудің бастамашысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ), экономиканың отын-энергетика және металлургия секторларының ірі жүйе құраушы компаниялары, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар болып табылады.
Шикізат секторымен байланысты емес және ішкі, ал кейіннен өңірлік нарықтарға бағдарланған (Кеден одағы, Орталық Азия елдері) экономика салаларын қалыптастыру және/немесе күшейту қатар жүзеге асырылатын болады.
Мемлекет озық технологиялар трансфертіне, кейіннен олардың экспортқа бағдарлануын дамыта отырып, қазіргі заманғы импорт алмастырушы өндірісті құру үшін шетел инвесторларын тартуға бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайды.
Индустриядан кейінгі экономиканың негіздерін қалыптастыру мақсатында ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту және коммерцияландыру перспективалары бар ғылыми-технологиялық негіздерді қолдау жалғасады.
Жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро және секторлық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды қолдаудың селективті шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.
Экономикалық саясаттың жүйелі шаралары қолайлы макроортаны және инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларға шоғырланатын болады.
Селективті шаралар басым секторлар мен жобаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының құрамдастырылған пакеті негізінде жүзеге асырылатын болады.
Мемлекет өзінің бизнеспен өзара іс-қимылын республикалық және өңірлік деңгейде де тиімді ынтымақтастық институттарын қалыптастыру негізінде жүйелі түрде құрады.
Экономиканың объективті жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық, институционалдық және технологиялық шектеулермен ішкі келісушілікте болады. Бағдарламаға енгізілетін экономиканы әртараптандыруды және технологиялық жаңғыртуды ынталандыратын тетіктердің жүйелік сипаты:
қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;
бизнес-ахуалды жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;
жаппай технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйені дамытуды;
адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Экономиканың басым секторларын дамытуға мемлекет пен бизнес ресурстарын шоғырландыру мемлекет пен бизнес шешімдерін келісудің интерактивті процесімен, мониторингтің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелері мен іске асырудың нақты құралдарын пайдаланумен бірге жүреді.
2015 жылға нысаналы индикаторлар мыналар:
ЖІӨ-ні кемінде 7 трлн. теңгеге, бұл 2008 жылғы ЖІӨ-нің шамамен 50%-ға ұлғайып, нақты мәнде ЖІӨ-нің өсімі 15%-ын құрайды;
ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі кемінде
экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорт үлесі кемінде 40 % деңгейіне дейін;
өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық өндірісі көлемінен шикізаттық емес экспорт көлемінің үлесі кемінде 43 % деңгейіне дейін;
өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі кемінде 1,5 есеге;
агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға шаққанда 3000 АҚШ долларынан бастап кемінде 2 есеге;
мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтер мен компаниялардың тауарларды сатып алуда қазақстандық қамту үлесі – 60%-ға дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу 90%-ға дейін;
жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санынан инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 10 %-ға дейін ұлғаяды.
Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары:
1. Экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту Алдағы кезеңде индустрияландыру саясаты индустриялық-инновациялық процестердің жеделдетушісі болатын «дәстүрлі мамандандыру» салаларын дамыту арқылы басым шикізаттық емес секторды озыңқы дамытуға бағытталған болады.
2. Мемлекеттің күш-жігері экономиканың мынадай басым секторларын дамытуға топтастырылады: дәстүрлі: мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешені, шикізат өндірістерін кейіннен аса жоғары қайта бөлулерге ауыстыратын атом және химия өнеркәсібі.
3. Жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар және мемлекет сұранысына негізделген: машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика.
4. Шикізаттық сектормен байланыстырылмаған және экспортқа басым бағдарланған өндірістер: агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм.
Информация о работе Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары