Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 04:51, монография

Описание работы

Қазақстандық бизнес–инкубаторлардың қызметінің шағын ғана тәжірибесі олардың бірқатар ерекшеліктері мен өзекті мәселелері бар екенін көрсетті, атап айтқанда [39]:
көптеген бизнес–инкубаторлар халықаралық қорлар мен ұйымдар қолдауымен құрылған;
жеке бизнестің бизнес–инкубаторларды құруға деген ынтасының жеткіліксіздігі;

Работа содержит 1 файл

7 - бөлім.doc

— 1.31 Мб (Скачать)

5. Инновациялық шығындардың өсуіне қарай регрессивті түрде корпоративтік табыс салығын енгізу. Осы арқылы кәсіпорындарды



 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 7.3 – Инновациялық инфрақұрылымның жағымды экономикалық ортасының құраушылары

 

инновациялық қызметтің көлемін арттыруға, жаңа өнімдерді зерттеуге ынталандыруға болады. Мұндай салық түрі Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Ұлыбританияда енгізілген. Жапонияда корпоративтік табыс салығы 10%–дық мөлшерге дейін төмендетілсе, Оңтүстік Кореяда ол шама 7%–ға дейін, ал Ұлыбританияда 1%–дық деңгейге жетеді.

6. Инновациялық жобаларды жүзеге асырып, одан пайда тапқан кәсіпорындарға «салық каникулдарын беру». Инновациялық жобалардың саны артқан сайын еселі түрде демалыс мерзімін де ұзартып отыру. Бұл әдіс АҚШ–та кең тараған. Салықтан босатылуға талпынған көптеген фирмалар инновациялық жобалармен айналысуға өздері қызығушылық танытып отырады.

7. Инновациялық кәсіпорындардың акцияларын иемденген жеке және заңды тұлғалардың дивиденттеріне жеңілдетілген жеке табыс салығын енгізу. Мұндай салық түрі Оңтүстік Корея мен Малайзия мемлекеттерінің тәжірибесінде бар. Осы жеңілдік арқылы инновациялармен айналысатын  кәсіпорындарға акция шығару арқылы өз қызметтеріне қосымша капитал тартуға мүмкіндік жасалады. Жеке және заңды тұлғалар осындай кәсіпорындардың акционерлеріне жасалатын жеңілдікке қызығып, олардың құнды қағаздарына сұраныс білдіреді.

8. Ғылыми–инновациялық әзірлемелерді, интеллектуалдық меншікке кіретін материалдық емес активтерді қолдана отырып қызметін жүзеге асырған және ол қызметінен пайда тапқан заңды тұлғаларға тиісінше корпоративтік табыс салығын төмендету. Салықтың мұндай түрі ғылыми сыйымды өнімдерді көптеп өндіруге жағдай жасайды. Оның мысалдарын Жапония, АҚШ, Канада, Швеция сияқты мемлекеттерден алуға болады.

9. Инновациялық кәсіпорындардың салық салғанға дейінгі табысының бір бөлігін арнайы есеп-шоттарға салу, егер де кейіннен кәсіпорын бұл қаражатты инновациялық мақсаттарға жұмсаса, оған жеңілдетілген мөлшерде салық салу. Салықтың дәл осы түрі Финляндия мен Германияда қолданылады. Ол мемлекеттерде жеңілдетілген табыс салығының мөлшері 20%–дан 5%–ға дейінгі аралықта болады.

10. Инновациялық инфрақұрылым шеңберіндегі кәсіпорындарға жеделдетілген амортизация әдісін қолдану. Мәселен Жапонияда жеделдетілген амортизация жүйесі энергияны үнемдейтін құрал–жабдықтарды қолданатын немесе ресурстарды тиімді пайдаланатын әрі қоршаған ортаға залалы тимейтін жабдықтармен жұмыс жасайтын компанияларға енгізіледі. Оның мөлшері 10%– дан 50%–ға дейін жетеді.

Инфрақұрылым шеңберіндегі элементтердің қызмет ету тиімділігін арттыру олардың өзара байланысын жетілдіру арқылы жүзеге аспақ. Инновациялық инфрақұрылымның әрбір субъектісінің дамуы басқа элементтердің дамуымен тығыз байланысты екенін ескерсек, онда оларды кешенді түрде қолдау арқылы ғана оң өзгерістерге жетуге болады. Бұған қоса, инфрақұрылымның әрбір элементі өз тарапынан бастама көтеріп, басқа элементтермен байланысын арттыруға ұмтылуы тиіс.

Бұл тетікті жүзеге асыру бойынша біздің ұсыныс-пікірлерімізді төмендегідей топтап көрсетуге болады:

инновациялық инфрақұрылым шеңберіндегі элементтердің белсенділігін арттыруды еліміздің білім жүйесінен бастау керек. Өйткені, инновацияларды ойлап табатын да, олардан әзірлемелер дайындап, өндіріске енгізетін де мамандар. Сондықтан да, білікті мамандар даярлау ісін инновация жүйесіндегі басымды мақсат деп тауып, инфрақұрылым шеңберіндегі басқа элементтері оған жан–жақты қолдау жасаулары керек. Атап айтсақ: өз есептерінен білікті жастарға оқу гранттарын беру; білім жүйесіне қажетті ғылыми–зерттеу және тәжірибе–конструкторлық орталықтарын ашып, оған дарынды жастар мен ғылыми кадрларды тарту; жоғары және орта арнаулы оқу орындары тәлімгерлерінің оқу–өндірістік тәжірибелерін ұйымдастырып, олардың арасынан біліктілерін жұмысқа қабылдау; арнайы конкурстар ұйымдастырулар арқылы жастардың инновацияларға құлшынысын арттыру және т.б.;

ғылыми-зерттеу мекемелерінің белсенділігін арттыру үшін оларды шетелдің осы саладағы озық ғылыми орталықтарымен байланыстыру. Ол үшін отандық ғылыми–зерттеу орталықтарына біріккен жобаларды орындауларына мүмкіндік ашу;

инновациялық инфрақұрылым элементтерін бір–екі макротехнологиялар жобасының аясына топтау. Өйткені, ел экономикасының басым бағыттары тым көп және оларды бірден дамыту мүмкін емес. Ол үшін әрбір инновациялық инфрақұрылым субъектісіне қатысты арнайы стратегия дайындап, олардың жұмысына қатысты нарықтың қандай «бөлігін» иемдену, қандай бәсекелік артықшылықтарды пайдалану, қандай жеңілдіктерді мемлекет тарапынан алу, қандай тәуекелдермен жұмыс жасау сияқты және басқа да өзекті мәселелерді анықтап, қызметтерін нарықтың нақты қажеттіліктеріне икемдеу керек;

еліміздің әр өңірінде ғылыми–инновациялық кешендер құру. Мұндай кешендер жоғары оқу орындарынан, ҒЗИ–нан, ғылыми орталықтардан, бiлiктi жұмыс күшiн даярлауға және жаңа идеялар мен әзiрлемелердi генерациялауға бағдарланған консалтингтiк және бiлiм беретiн компаниялардан, технологиялық парктер мен технологиялық бизнес–инкубаторлардан, инновациялық қызметтi қолдауға бағдарланған және қаржыландыру, маркетинг, жарнама–көрме қызметi, патенттеу–лицензиялау жұмысы мен зияткерлiк меншiктi қорғау мәселелерiмен айналысатын құрылымдардан жасақталуы тиіс;

арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарда жұмыс істейтін кәсіпорындардың белгілі бір көлемде өндірістік сипатының болуын міндеттеу. Себебі еліміздің индустриалды кезеңге көшуі үшін бізде табиғи ресурстарды пайдалана отырып, өнім өндіретін салалар көптеп жасақталуы тиіс. Ол үшін салық жеңілдіктерінің мерзімін өндірістік және инновациялық белсенділігі жоғары кәсіпорындарға ұзартып, керісінше төмен белсенділікті көрсеткен кәсіпорындарды қысқарту;

ұлттық холдингтік компаниялардың инновациялық белсенділігін, біріншіден, байланыс және ақпарат кеңістігінде бәсекелік ортаны қалыптастыруға, екіншіден, көлік–тасымалдау инфрақұрылымын дамытуға, үшіншіден, жеке сектор тарапынан болатын ғылыми бастамаларды қолдауға бағыттау. Себебі, елде дамыған ақпараттық–телекоммуникациялық инфрақұрылымның болуы ұлттық экономиканың өсуiнiң, қоғамның iскерлiк және зияткерлiк белсендiлiгiнiң артуының басты факторларының бiрi болып табылады және ол халықаралық қоғамдастықтағы елдiң беделiн айғақтайды;

даму институттарын бір жобаға кешенді қызмет көрсетуге бағыттау, яғни инвестициялау құқы бар даму институты нақты бір жобаны қаржыландырса, басқалары ол жобаға қатысты нарықтық зерттеулер жүргізіп, тәуекелін бөлісу сияқты қызметтер ұсынулары тиіс. Өйткені, олардың қызметінде жүйелілікті арттыру қажет болып отыр. Оған қоса, олар ірі инновациялық немесе инвестициялық жобаны қаржыландыра отырып, осы жобаға қызмет көрсететін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арнайы гранттар беру;

әлеуметтік–кәсіпкерлік корпорациялар тарапынан өңірдегі табысты кәсіпорындарды жаңа нарықтарға шығаратын ғылыми сыйымды, жоғары технологиялы өнімдерді шығаруға бейімдеу, осындай бастамаларға қаржылай қолдау көрсету, ал табысы төмен немесе шығынды кәсіпорындарға жеке инвесторларды тарту мақсатында қатысушы функциясын атқару. Ол үшін мемлекет пен жеке бизнестің арасындағы дәнекерлік қызметті атқару, өңірдегі шағын және орта бизнеске қол жетімді несиелер беруді ұйымдастыру, сондай–ақ  өңірдегі кластерлік бастамаларды қолдап, олардың дамуына жан–жақты қолдау көрсету;

экономиканың басым бағыттары бойынша құрылған кластерлерге жергілікті инновациялық инфрақұрылымның мамандандырылған субъектілерінің өнімдерін тұтынушы, сол субъектілерге жоба дайындауға тапсырыс беруші, кластердің жанынан инновацияға қабілетті ғылыми әлеуетті қалыптастырушы ролін жүктеу және т.с.с.

Ғылыми–техникалық әлеуеттің мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану арқылы біз қосылған құн тізбегіндегі элементтердің көбейуін қамтамасыз ете аламыз. Еліміздің ғылыми–техникалық әлеуеті өз күшін өндірістік сипаттағы инновациялық  бастамалар  мен  одан  нақты  нәтижелердің пайда болуына, сол

арқылы экономика салаларын әртараптандырып, алдағы уақытта индустриалды кезеңге өтуімізге бағыттауы тиіс. Өз кезегінде бұл бағыттардың барлығы да экономикалық ынталандыруды, реттеуді, қадағалауды қажет етеді.

Ғылыми-техникалық әлеует ғылымның іргелі және қолданбалы секторларын, салалық бағыттағы ғылыми–зерттеу институттарын, кәсіпорындар мен мекемелердің зертханаларын, сондай–ақ талантты инженерлерді, ізденушілерді, ғалымдарды, ізденімпаз менеджерлерді өзіне топтастыра отырып, олардың жинақтаған ғылыми білімдерін тәжірибеде қолдану арқылы өмірге жаңа құндылықтарды алып келуге мүмкіндік береді.

Міне осы айтылғандардың барлығы да инновациялық инфрақұрылымның дамуын ынталандыратын экономикалық механизмнің маңыздылығын және қалыптастыру қажеттілігін көрсетеді.

 

7.2  Инновациялық кәсіпорынның  кластерлі экономикада бәсекелестікті     жоғарылату  стратегиясы

 

Қазіргі кезде бәсекелестік теориясы мен тәжірибесі аумағында қалыптасып келген Қазақстан мен капиталистік елдер арасындағы айырма тереңдеуін тоқтатты деп айтуға негіз бар. Қазіргі уақытта Қазақстан өзінің ұтымды географиялық және көліктік–коммуникациялық орналасуын нақты ескере отырып, нарықтық экономиканың теоремалары мен демократиялық дамудың аксиомаларын бірінен соң бірін игере отырып мүлдем жаңа экономикалық жүйенің, демократиялық құқықтық мемлекеттің іргетасын қалыптастырып, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайтып үлгергенімен бірге әлемнің озық мемлекеттерінің бәсекелестік туралы теориялық, әрі кең практикалық тәжірибесіне ие болып отыр.

Соңғы жылдардағы  тәжірибеден Қазақстанның шаруашылық етудің нарықтық әдістеріне көшуіне байланысты бәсекенің қоғамның экономикалық өмірінде ролі елеулі түрде өсіп отырғанын көреміз. Көптеген жаңа кәсіпорындар мен ұйымдардың пайда болуы, капитал нарығының қалыптасуы, қазақстандық нарыққа компанияларының енуі – барлығы да нарықтық жағдайды күшейте түсті.

Бәсеке шаруашылық етудің тиімді нысандарының дамуы үшін жағдайлар жасап, тұтынушыға қажетті өнім түрлері өндірісін ынталандырады. Экономикалық бәсекенің негізі болып экономикалық еркіндік, шаруашылықтар субъектілерінің өнім, тауар, қызмет көрсетулер нарығындағы бақталастықтағы, өткізу нәтижелеріндегі, пайда алудағы теңдігі болып табылады. ҚР Заңына сәйкес, бәсеке – рынок субъектілерінің өз бетімен жасалған іс–әрекеттері тиісті тауар рыногындағы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігі тиімді шектейтін және тұтынушыларға қажетті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіруді ынталандыратын жарыстастығы. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік бәсекелестік ортамен тығыз байланыстырып қарауға тиісті күрделі көпжақты түсініктер болып табылады. Бәсекеге қабілетті өнім өндіру, сосын оны өткізу – кәсіпорынның өміршеңдігінің жалпылауыш көрсеткіші, кәсіпорынның қаржылық, өндірістік еңбек әлеуетін тиімді пайдалана алу қабілеті. Басқаша сөзбен айтқанда, бәсекеге қабілеттілік кәсіпорынның барлық бөлімдері мен қызметтері жұмыстарының нәтижелері (оның ішкі ортасының жай–күйі) және де оның сыртқы факторлар өзгерістеріне қатысты оның реактивтілігі (жылдамдығы) шағылысатын айна іспетті.

Жеке бір тауар түріне қатысты алсақ, бәсекеге қабілеттілік – өнімнің сатып алушының нақты бір қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін құндылық қасиеттері деп түсінеміз. Егер оның тұтынушылық және құндылық қасиеттерінің жиынтығы оны басқа тауар–аналогтар айырбасының кең ұсынысында лайықты ақшаға табысты айырбасталуына мүмкіндік беретін болса, тауар бәсекеге қабілетті деп танылады. Осыдан абсолютті бәсекеге қабілетті деп нарықта еш аналогы жоқ жаңа тауар түрлерін айта аламыз. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі тұтынушы үшін ерекше қызығушылық тудырған қасиеттермен ғана анықталады. Сонымен қатар, сатып алушының шығындары тауарды сатып алу және оны тұтынумен байланысты шығындардан тұратын болғандықтан, нарықта минималды бағамен сатылатын тауар емес, тұтынушы пайдаланған барлық уақыт ішінде минималды бағасы болатын тауар бәсекеге қабілетті болып танылады. Кез келген экономикалық объект тәрізді тауардың бәсекеге қабілеттілігін нақты нарық жағдайы мен сатылу мерзімінде бәсекелестердің аналог-тауарларымен салыстыру арқылы ғана анықтай аламыз. Сонымен қатар, әрбір сатып алушының өз қажеттіліктерін қанағаттандырудың жеке өзінің бағалау алғышарттары болатын болғандықтан, бәсекеге қабілеттілік те жекелік (индивидуалдылық) реңкке ие болады.

Бәсекеге зерттеу жүргізу қажеттілігі мен маңыздылығын тек нарықта қызмет ететін кәсіпорынның маркетинг бөлімдері басшылары ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы зерттеуші ғалымдар арасында да үлкен қызығушылық бар екендігін ғылыми еңбектерінен көруге болады. Бәсекені өзінің зерттеу тақырыбы етіп алған ғалымдардың ішінде біздің уақытта аты әлемге әйгілі ағылшын экономисті, Гарвард мектебінің профессоры М.Портер өзінің әлемдік бәсеке туралы еңбектерінде бәсеке нарық құрылымын, сала құрылымын және оның өзгерістері үрдісін жан-жақты түсінуге негізделуі тиіс деген [43].

Өнім түрлері, кәсіпорындар мен бірлестіктер, жекелеген елдер немесе топтастықтар (аймақтық, саяси, этномәдени) бәсекелестік күрес субъектілері бола алады. Осы сайыс орындалатын аумақты не ортаны бәсекелестік орта деп айтуға болады. Әрине, бұндай аумақтың не сфералардың әртүрлілігі сәйкесінше бәсекелестік орталардың да әртүрлілігін анықтайды. Сала немесе кәсіпорын қандай қызмет сферасында бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізіп жатады деген сұраққа жауапты М.Портер ұсынған жергілікті кәсіпорындар бәсекеге түсетін бәсекелік ортаны қалыптастыратын төрт қасиеттерден табамыз. М.Портер бәсекеге қабілеттілікті құрайтын факторларды 4 үлкен топқа классификациялауды ұсынады [43].

Факторлық шарттар (ресурстық факторлар), яғни берілген салада сәтті, бәсеке үшін қажетті нақты бастапқы ресурстар. Компаниялар өнімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуі үшін оларда осы ресурстарға қажетті сападағы және жарамды бағалармен қол жетімділік болуы керек. Бәсекелік артықшылықты қалыптастырудағы факторлардың маңызын анықтау үшін, алдымен осы саладағы бәсекелік күресте олар қандай роль атқаратынын анықтап алу керек. Олар:

Информация о работе Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары