Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 04:51, монография

Описание работы

Қазақстандық бизнес–инкубаторлардың қызметінің шағын ғана тәжірибесі олардың бірқатар ерекшеліктері мен өзекті мәселелері бар екенін көрсетті, атап айтқанда [39]:
көптеген бизнес–инкубаторлар халықаралық қорлар мен ұйымдар қолдауымен құрылған;
жеке бизнестің бизнес–инкубаторларды құруға деген ынтасының жеткіліксіздігі;

Работа содержит 1 файл

7 - бөлім.doc

— 1.31 Мб (Скачать)

5. Келесі 15-20 жылда әлемдік экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметі.

Көрсетілген секторлардың тізбесі толық емес әрі Бағдарламаның іске асырылу барысында толықтырылып отырады.

Экономиканы сәтті әртараптандыру  республиканың тұрақты дамуымен, соның ішінде тұрақты дамуды басқару жүйесін оңтайландыру және  көмірсутегі төмен экономиканың, сондай-ақ инвестициялыр тарту, экологиялық проблемаларды шешу, табиғи экожүйелерге антропогендік  жүктемелердің кері әсерін азайту, табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссиясын азайту, қалдықтарды кешенді қайта өңдеу мәселелерінде «жасыл» саясатты енгізу жолымен республиканың тұрақты дамуымен үздіксіз байланысты.

Шағын кәсіпкерлікті  инновациялық даму негізінде жетілдіру   үрдістері.

Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қуатты экономикалық серпілісті жүзеге асыруға, жаңа жетістіктерге жетуге жұмылдырады. Қойылған стратегиялық мақсаттарға сәйкес экономикалық қатынастарды трансформациялау мәселесін шешу қажет [13-20].  

Шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау. Өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету; өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру; кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін, дүниежүзілік ғылыми-техникалық және иновациялық процесстерге қосыла отырып, өңірлік және дүниежүзілік экономикамен ықпалдасуды күшейту – бұл индустриялық-инновациялық дамудың белгіленген негізгі мақсаты мен міндеттері.

Стратегияны іске асыру ЖІӨ құрылымында өнеркәсіптің үлестік салмағын 2015 жылы 46,5%-дан 50-52%-ға дейінгі мөлшерде ұлғайтуға; ЖІӨ құрылымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің үлестік салмағын 2000 жылғы 0,9%-дан 2015 жылы 1,5-1,7%-ға арттыруға; ЖІӨ құрылымында өңждеуші өнеркәсіп үлесінің төмендеу қарқынын 2000 жылғы 13,3%-дан 2015 жылы 12-12,6%-ға төмендеуін бәсеңдетуге, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі  38,1%-дан 45-46%-ға дейін өседі деп қарастырылған.

Қазіргі кезеңде Қазақстанда инновацияларды құру және енгізу аясында кәсіпорындардың белсенділігінің төмендеуін көреміз. ҚР статистика агенттілігінің бағалауы бойынша, 01.01.2010 ж. мерзіміне сәйкес республикада кәсіпорындардың инновациялық-белсендігінің меншікті салмағы жалпы респонденттік санының 3,9% құрайды (10096 бірлік) (сурет 7.7). Салыстырма бойынша Ресей кәсіпорындарының инновациялық-белсендігі 13% (2008 ж.), ал Шығыс Европада – 40%-ға дейін (Румыня – 28%, Словения – 32%, Польша – 38%).

Аймақтық кескін бойынша инновациялық дамуда көш басында: Алматы қаласы – инновациялық белсенділік 6,7%, Қарағанды облысы – 6,2%, Шығыс Қазақстан – 5,9%. Соңғы тізгін бойынша: Ақмола облысы – 1,2%, Алматы – 1,4%, Маңғыстау – 1,4%, Қостанай – 1,5%, Қызылорда – 1,5%.

 

Сурет 7.7 – 2003–2009 жж. ҚР кәсіпорындарының инновациялық- белсенділігінің меншікті салмағы

 

Егер 2008 ж. инновациялық қызметпен айналысушы кәсіпорынлар арасында өнім өндіруде басты көлемі металлургия саласы болса (ҚР бойынша барлық инновациялық өнім өндірудің 84,4%), ал 01.01.2010 ж. мерзімінде өңдеу өнеркәсібі алда болды – 68,95% (кесте 7.6).

 

Кесте 7.6 – ҚР салалары бойынша инновациялық өнім өндіру көлемі, млн. теңге

 

ҚР экономика салалары

Өнім өндіру көлемі (тауарлар, жұмыстар, қызметтер)

Салалар өнімдерін өндірудегі меншікті салмақ, %

Негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі

Өнім таралымындағы табыс (тауарлар, жұмыстар, қызметтер)

Барлығы

1006169,6

100

170320,2

1493127,3

Ауыл шаруашылығы

2664,6

0,26

399,3

3262,5

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

292194,5

29,04

60885,7

576784,5

Өңдеу өнеркәсібі

693754,8

68,95

105306,9

897705,7

Құрылыс

17555,7

1,75

3728,3

15374,5

Ескерту: ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша автордың есептеуі. http://www.stat.kz

 

Экономиканың кез келген секторында инновациялар қаржы салымдарын қажет етеді. Қосымша пайда табу, шағын кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін жоғарылату, әлеуметтік-экономикалық нәтижені алу үшін де қаржы салымдары керек. Сонымен қатар тәжірибе жүзінде келесідей байланыс анықталды: шағын кәсіпорын болашақта неғұрлым үлкен табысқа жетуді көздейтін болса, ол соғұрлым көп шығын жұмсауға дайын болуы керек. 

Қазақстандағы инновациялық қызметтің қазіргі кездегі ахуалы өркениетті экономикалық даму талаптарына сай емес. Мемлекеттік сектордың ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мүмкіндіктерінің тарылуы, кәсіпорындардың жеке қаржыларының тапшылығы жеке инвестициялар ағымымен толықтырылмай отыр.

Инновациялық қызметті дамыған қаржыландыру жүйесі негізінде ғана дамытуға болады. Нарықтық экономикада шағын кәсіпорындар, өнеркәсіптік компаниялар, қаржылық-өнеркәсіптік топтар, шағын инновациялық бизнес, инвестициялық және инновациялық қорлар, жергілікті басқару органдары, жеке тұлғалар және т.с.с. қаржыландыру субъектілері болып табылады.

Бұлардың бәрі қайсыбір түрде болмасын ұдайы өндіріс процесіне қатысады және инновациялық қызметтің дамуына жанама түрде ықпал етеді. Қаржыландыру ұйымдарының қағидалары қаржыландыру көздерінің көптігіне, жүйенің жекелеген элементтерінің икемділігі мен серпінділігіне бағытталып, инновацияларды жылдам әрі тиімді енгізе отырып, кейін оларды инновациялық қызметтен түсетін қаржының өсуін қамтамасыз ететін коммерцияландыру жағдайына беттелуі тиіс. Ол үшін келесідей басты екі шартты ұстап тұру қажет: мемлекеттік инновациялық, ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік саясатты іс-қимылға жұмылдыру және қазақстандық шағын кәсіпорындардың белсенді инновациялық дамуға көшуге дайын болуы. Инновациялық қызметті қаржыландыру жүйесі меншік түрі, орталықтандыру дәрежесі, сондай-ақ меншік иелерінің деңгейі мен қаржыландыру нысандары жағынан ажыратылатын формалар мен көздердің күрделі айқасуынан тұрады. Қазіргі таңда инновацияларды қаржыландыру көздерінің келесідей жіктемесі қабылданды (сурет 7.8) [47-49].  

Меншік түрі бойынша қаржыландыру көздері келесідей бөлінеді:

мемлекеттік инвестициялық ресурстар (бюджет қаражаттары, бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары, мемлекеттік пайдаланулар, акция пакеттері, мемлекеттік меншік мүлігі);

инвестициялық, соның ішінде қаржы ресурстары, коммерциялық және коммерциялық емес шаруашылық субъектілердің ресурстары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, жеке тұлғалардың және т.с.с. ресурстары. 

Мемлекет деңгейінде қаржыландыру көздерін төмендегілер құрайды:

бюджеттер мен бюджеттен тыс қорлардың өзіндік қаражаттары;

мемлекеттік несие-банктік және сақтандыру жүйелерінің жұмылдырған қаражаттары;

мемлекеттің сыртқы (халықаралық пайдаланулар) және ішкі (мемлекеттік облигациялық, қарыз және өзге де заемдар) қарызы түріндегі заемдік қаражаттар.

Кәсіпорын деңгейінде қаржыландыру көздері мыналар:

өзіндік қаржылар (пайда, амортизациялық аударымдар, сақтандыру өтемдері, материалдық емес активтердің, негізгі және айналым құралдарының шығындары және т.с.с.);

акцияларды сатудан түскен жұмылдырылған қаражаттар, сондай-ақ жарналар, мақсатты түсімдер және басқалар;

әртүрлі негізде берілетін бюджеттік, банктік және коммерциялық несиелер түріндегі заемдік қаражаттар.

 

Сурет 7.8 – Инновациялық үрдістің қажетті элементі ретінде капитал нарығы

 

Инновацияларды қаржыландыру көзі ретінде пайданың маңыздылығы шағын кәсіпорынның өндірістік қызмет сипатына (өндірістік циклдың ұзақтығы, өнімнен түсетін ақша қаражаттарының жүйелілігі және т.с.с.) және мемлекеттің жүргізетін экономикалық саясатына (салық саясаты) байланысты болады.

Қазақстандық шағын кәсіпорындардың пайданы инновацияларды қаржыландырудың негізгі көздерінің бірі ретінде пайдалануы келесідей себептерге байланысты тойтарылып отырды:

өндірістің құлдырауы және шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілетсіздігі;

шағын кәсіпорындардың ұдайы өндірістік қажеттіліктерін ескермейтін, ауыртпалық түсіретін салық саясатын жүргізу;

пайданың басым бөлігін айналым құралдарының өсіміне және шағын кәсіпорындардың тұрақты қаржылық жағдайын қамтамасыз етуге пайдалану;

тіпті өндіріс көлемі тұрақты болғанның өзінде, өнімге кететін шығынның өнім бағасының жоғарлауымен салыстырғанда асып түсуі.

Сонымен, инновацияларды өздігінен қаржыландырудың ішкі көздерінің жағдайы инновациялық міндеттерді толығымен шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан, біздің ойымызшы, өнеркәсіптік шағын кәсіпорындарда инновацияларды қаржыландырудың осы көздерін іс-қимылға жұмылдыру және одан әрі тиімді пайдалану бойынша әдістемелік және тәжірибелік сипаттағы іс-шараларды жүргізу қажет.

Соңғы жылдары қаржы лизингі кең қолданысқа ие болып отыр, әсіресе қымбат бағалы құрал-жабдықты, көлік құралдарын, энергия қондырғыларын және т.с.с. сатып алумен байланысты ірі техникалық инновацияларды жылдам игеру мәселесін шешу жағдайында кең қолданылады. Қазіргі лизингтік қызмет нарығы – бұл ең серпінді әрі жылдам дамушы нарықтарының бірі. АҚШ-та, мәселен, машиналар мен құрал-жабдықтарға салынатын капитал салымдарының жалпы сомасының 25-30%-ға жуығы лизинг үлесіне тиесілі [79].

Инновациялық қызметке салынатын шетелдік инвестициялар ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастық бойынша мемлекет аралық, үкімет аралық келісімдер мен бағдарламалар түрінде, сондай-ақ шетелдік қаржылық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлерден тартылатын жеке инвестициялар түрінде жүзеге асырылады. Олар жарғылық капитал жарналары, бағалы қағаздарды сатып алу, мақсатты және кедергісіз берілетін несиелер, демеушілік және қайырымдылық жарналары, лизинг және т.с.с. болуы мүмкін. Мұндай инвестициялардың бағыты, ауқымы мен шарттары көптеген факторларға, ең алдымен елдің инвестициялық тартымдылығына байланысты. Бұл экономикалық және құқықтық ортамен, жүргізілетін реформалардың саяси тұрақтылығымен, олардың алдын ала болжанылуымен анықталады [79]. Қазақстан нарығы бұл тұрғыда шетелдік инвесторлар үшін тартымды емес. Инвестициялардың тәуекелі айтарлықтай жоғары, бірақ сонымен бірге қазақстандық экономикаға шетелдік инвестицияларды тартуға түрткі болатын күшті қозғаушы себептер де жеткілікті. Бұлар –  ең алдымен салымдардың жоғары табыстылығы, қазақстандық нарықтың ауқымдылығы мен перспективтілігі.

Әлемдік тәжірибеде орын алған инновациялық қызметті қаржыландырудың негізгі ұйымдастырушылық формалары 7.7–кестеде көрсетілген.

Соңғы 10 жыл ішінде индустриалды дамыған елдерде инвестицияларды қаржыландырудың жаңа формасы – жобалық қаржыландыру қарқындап өсуде.

Инвестициялық жобаларды ең алдымен банктік ұзақ мерзімдік несиелеу деп түсінілетін жобалық қаржыландырудың түрлері қазіргі кезде өте көп.

Жобалық қаржыландыру – бұл инновациялық қызметке қаржылық және банктік қатысу түрі,  ол өнеркәсіптің ресурс сыйымды және капитал сыйымды салаларының өндірістік аппаратын жаңа заман талаптарына сай етіп жетілдіруді және жаңартуды ерекше қажет ететін елдер мен аймақтар үшін өзекті болып табылады [41].

Осы уақытқа дейін дамыған елдерде электр энергиясымен, пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты инновациялық   жобаларды   қаржыландыру кең таралып келді. Енді жобалық қаржыландыру инфрақұрылыммен және өнеркәсіптің өңдеуші салаларымен байланысты болған, сондай-ақ ғылыми-техникалық жаңалықтар мен алдыңғы қатарлы технологияларға бағытталған көптеген өнеркәсіптік объектілерге кеңінен таралуда. Соңғы кезде инвестицияларды жоғары технологиялық, ғылымды көп қажет ететін өндірістерге салу тәжірибелері байқалуда.

 

Кесте 7.7 – Инновациялық қызметті қаржыландырудың негізгі ұйымдастырушылық формалары

Формасы

Мүмкін болатын инвесторлар

Заемдік қаражаттарды алушылар

Форманы пайдалану артықшылықтары

Еліміздегі жағдайларда форманы пайдалану қиындығы

Тапшыл қаржыландыру

Шетел мемлекеттерінің үкіметтері.

Халықаралық қаржылық институттар.

ҚР кәсіпорындары мен ұйымдары

ҚР Үкіметі

Инвестицияларды мемлекеттік реттеу және бақылау мүмкіндігі.

Қаржыландырудың мақсатты емес сипаты.

Ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыздың өсуі.

Бюджеттің шығын бөлігінің артуы.

Акционерлік (корпоративтік) қаржыландыру

Коммерциялық банктер.

Институционалдық инвесторлар.

КорпорацияларКәсіпорындар.

Корпорациялардың (кәсіпорындардың) инвестицияларын пайдалану

Инвестициялардың мақсатты емес сипаты.

Нақты жобалар нарығында емес, бағалы қағаздар нарығында ғана жұмыс істеу.

Инвестициялардың жоғары тәуекел деңгейі.

Жобалық қаржыландыру

Үкіметтер.

Халықаралық қаржылық институттар.

Коммерциялық банктер.

Шетел инвесторлары.

Институционалдық инвесторлар.

Инвестициялық жоба.

Инновациялық жоба.

Қаржыландырудың мақсаттылығы.

Тәуекелдерді бөлу.

Қаржылық мекемелердің қатысушылары-мемлекеттердің кепілдемелері.

Жоғарғы деңгейдегі бақылау.

Инвестициялық климаттқа тәуелділік.

Несие тәуекелінің жоғары деңгейі.

Тұрақсыз заң шығару мен салықтық режим.

Информация о работе Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары