Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 04:51, монография

Описание работы

Қазақстандық бизнес–инкубаторлардың қызметінің шағын ғана тәжірибесі олардың бірқатар ерекшеліктері мен өзекті мәселелері бар екенін көрсетті, атап айтқанда [39]:
көптеген бизнес–инкубаторлар халықаралық қорлар мен ұйымдар қолдауымен құрылған;
жеке бизнестің бизнес–инкубаторларды құруға деген ынтасының жеткіліксіздігі;

Работа содержит 1 файл

7 - бөлім.doc

— 1.31 Мб (Скачать)

әртүрлі меншік формасы мен әртүрлі шаруашылық жүргізетін кәсіпорындарда, оларды адам басына шаққандағы өнім өндіруді өсіруге бағыттап, сапасын арттырып, шығарылатын өнімдердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттырып, шағын кәсіпорын  өндірісін стратегиялық басқаруды жетілдіру және т.б.;

ШОК секторының материалдық-техникалық базасын нығайту, үдемелі қорлар мен энергожинақтау технологияларын меңгеру, белсенді инвестициялық және инновациялық саясат жүргізу;

жергілікті билік органдарының, еңбек ұжымдарының және шағын кәсіпорын өнімдерін өндіретін жеке тауар өндірушілердің, саудамен айналысатын, қызмет көрсететін, тауар өндіретін кәсіпорындардың қосымша жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, кадрларды дайындау мен қайта даярлауға, тағы басқаға бағытталған меншік және шаруашылық түріне қарамастан, әлеуметтік және келісілген экономикалық мүдделерін жүзеге асыру механизмін құру;

басқарудың барлық деңгейіндегі шағын кәсіпорындағы тауар өндірушілерді қаржылай қолдау шаралары жүйесімен кәсіпкерлікті  дамытудың мақсатты бақылаушы көрсеткіштерін қамтамасыз ету;

макродеңгейде – мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен;

мезодеңгейде – жергілікті, аудандық бюджет қаражаты есебінен;

микродеңгейде – жергілікті тауар өндірушілердің қаражаты есебінен.

Республиканың қаржы-несие саясаты қаржы ресурстарының құрылуы мен орналасуы төмендегі мақсатта реттеп отыруы тиіс:

интенсивті түрдегі кеңейтілген ұдайы өндіріспен қамтамасыз ету;

барлық ШОК секторындағы тауар өндірушілердің өндірген ауылшаруашылық өнімдерінің тереңдетілген қайта өңдеу жұмысын меңгеру, фирмалық сауда-саттық жұмысын құру және кеңейту.

Ұсынылған инновациялық-бағдарлы стратегияның негізі – оның өндірістік-техникалық, ақпараттық-технологиялық сияқты инновациялық құрылымдарды дамыту мен құруды алдын ала қарастыратын болып табылады. Аталмыш стратегияның аясында инновациялық құрылымды құру алдын ала қарастырылған, 7.9–суретте мысалға келтірілген үлгі бейнеленген.

Әлемдік нарықта инновацияларды дамыту мониторингін, алғашқы уақытта үйренуге және одан кейін де ғылыми-техникалық және инновациялық шаманы, сонымен қатар, материалдық қаржы қорларын нәтижелі пайдалану мен ары қарай дамыту үшін облыстағы кәсіпорындардың инновациялық автономиялық жұмысын жүзеге асыруға жол беретін шағын инновациялық құрылымын іске асыру үшін төмендегі стратегиялық шараларды жүзеге асыру ұсынылады:

ғылыми кеңейтілген технологияларды жұмылдыруға көмек көрсету;

инновациялық жобалар нарығын дамытуға көмек көрсету;

кәсіпкерлерді ғылыми кеңейтілген, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға бағыттау және осының есебінен республика халқының мүддесіне қарай салық салу базасын кеңейту.

Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыру үшін халық шаруашылығындағы жұмыс істеп тұрған салаларға инвестиция салу бойынша аймақтық және жергілікті әкімшіліктердің жұмысын қарқындату қажет.

Ұзақ мерзімдік жұмыста ШОК бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату саясатын мақсатты жүргізу, ШОК секторының экономикалық өсуінің инновациялық бағытпен қамтамасыз етілуіне ықпал ету.

Осылайша, біз ұсынып отырған ШОК секторын дамытуға арналған инновациялық бағыттағы стратегия шағын кәсіпкерлікті дамытуға және шағын кәсіпорын өнімдері нарығын реттеуге арналған мемлекеттік бағдарламаны орындауға және ШОК жұмыстарының нәтижелігін көтеруге арналған  мақсатты бағдарламаларды орындауға бағытталуы тиіс. Басқа жағынан алғанда ШОК  инновациялық үрдістермен басқару жүйесін дамыту ірі кәсіпкерлік құрылымдарында  инновациялық қарқынды дамыту болып табылады.

 

        

Сурет 7.9 – Шағын кәсіпкерлік секторындағы инновациялық құрылымның принципті үлгісі

 

Шаруашылықтың инновациялық түрлерінің бірі саналатын лизинг жүйесі шетелдік техникалық әлеуетті қолдану және оны жергілікті өндіріске енгізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл жағдай елімізде қалыптасып келе жатқан инновациялық әлеуетті қалыптастыру мен дамытуға жаңа мүмкіншіліктер ашады. Қазіргі таңда ел экономикасын инновациялық даму жолына өткізу мәселесі технология мен еңбек қатынастарын үйлестіру және басқару саласына жаңалықтар енгізу арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің кажетті шарты болып табылады. Сол себептен, отандық өндірісті дамытудағы инновациялық фактордың рөлін күшейту үшін кәсіпорындарды түбегейлі жаңартуға және бәсекеге кабілетті өнімдерді шығаруға мүмкіндік беретін лизингті қайта құру тетігі колданылу қажет.

Лизинг бизнесі кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласына жатады. Лизинг шетелдерде кең тараған. Ол қазіргі кезде Қазақстанда да қалыптасу және даму кезеңін өткеруде. Мемлекет тарапынан заңдық тұрғыдан, ресурстармен және кадрлармен, тағы басқалармен қамтамасыз ету жөнінде қолдау жасалған жағдайда лизинг қызметі экономиканы техникалық қайта жарақтандыру мен құрылымдық жағынан қайта кұруда, инвестициялық үрдісті күшейтуде, лизинг бойынша жалға алушы кәсіпорынның қаржы жағдайын сауықтыруда, сондай-ақ шағын және орташа бизнес субъектілерінің бәсекелестік қабілетін арттыруда қуатты демеуші бола алады [44, 68].

Лизингтік кәсіпкерліктің еліміздің экономикасында қолданылу мүмкіндігі мынадай себептерге байланысты: барлық сала кәсіпорындарындағы моральдық және жарамдылығы жағынан ескірген негізгі қорларды ауыстыру қажеттігі және республикада машиналар мен жабдықтар шығаратын өндірістің жоқтығы; мемлекеттің  жоғары технологиялық  жабдықтар шығаратын салаға жұмсайтын қаржысының болмауы; көсіпорындардың республикадан тыс жерлерден жаңа технологиялар сатып аларлық қаржысының жоқтығы; банк несиелері жоғары ставкамен және кысқа мерзімге берілетіндіктен ол қаржыға машиналар мен жабдықтар сатып алудың мүмкін еместігі; өндірісті техникалық және технологиялық жағынан жаңартудың құралы ретінде лизингті дамыту және оны мемлекеттік тұрғыда қолдау.

Лизинг дегеніміз – қаржылык жалдау бойынша жалға алушының мүлікке деген қысқа және ұзақ мерзімдік қажетін жалға берушінің есебінен қаржыландыру жөніндегі операциялар. Ол меншік иесінін мүлікті иелену және пайдалану немесе тек қана пайдалану кұкығын шартты негізде лизинг бойынша жалға берушіде сақталып қалады. Бұлайша түсіндіру «лизинг» жалдаудьң бір түрі деген анықтамамен үйлеспейтінін білдіреді. Өйткені лизинг күкықтық, мүліктік және қаржы қатынастарының жиынтығы, ал жалдау сол қатынастардың кұрамдас бөлігі ғана [68].

Лизинг кезінде салықтық жеңілдіктерді қолдану елдегі лизингілік бизнестің дамуына және лизингілік мәмілелер көмегінің ұлғаюына ықпалын тигізеді.

Лизингті дамыту үшін заңдық-құқықтық актілердің қабылдануы
банкілер мен саудалық кұрылымдар құрған, мемлекет немесе ҚР
заңдары бойынша заңды тұлға болып есептелетін және шетел компаниялары
тарапынан қаржыландырылатын түрлі лизингтік компаниялардың пайда
болуына септігін тигізді. Қазіргі таңда қызмет көрсетіп жатқан лизингтік
компаниялардың арасында «Лизинг-центр» ЖШС, «Жалын-лизинг» АҚ,
«Спутник» ЖШС,          «Алматы-техлизинг» ЖШС,      «Алмаз                  Интернешнл Трейдинг компани» АҚ, «Инвестлизинг» АҚ, «Астана-инвест» АҚ, «Агро-лизинг» АҚ, «Қарағанды лизинг компаниясы» ЖШС сияқты компанияларды ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар «БТА-лизинг», «Алматы сауда-қаржы банкі», «Техака банк» және «Лариба банк» сынды банкілер де лизингтік қызметтерді ұсынады.

Жалпы алғанда, шағын және орта кәсіпорындар мен банкілердің үлесі бар компаниялар лизингілік қызметтерді ұсынуда. Ал жеткілікті әлеуеті бар ірі жеке және мемлекеттік кәсіпорындар лизингілік жобаларды инвестициялау ісіне көп назар аудармауда. Бұл жағдай 7.10–кестеден айқын көрінеді.

Кестедегі мәліметтерден лизингтік операциялардың басым көпшілігінің кәсіпорындардың өз есептерінен қаржыландырылып жатқандығы және бюджеттік қаржылар үлесінің айтарлықтай көп емес екендігі байқалады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2010 жылдарға арналған экономиканы дамыту бағдарламасы лизингтің арттыруын қарастырады.

 

Кесте 7.10 – 2008–2009   жылдар  аралығында  сан-алуан  меншік түрлеріндегі кәсіпорындар тарапынан көрсетілген лизингтік   қызметтер көлемі (млн.теңге)

Кәсіпорын түрі

2008

2009

Шағын кәсіпорындар

653,4

4558,9

Орта кәсіпорындар

1014,9

3315,9

Банкілердің үлесі бар компаниялар

1148,3

1575,2

Сауда кәсіпорындары

646,3

646,4

Мемлекеттік кәсіпорындар

5,9

918,8

 

Лизингтің тиімділігі, пайдасы болып мыналар табылады: кәсіпорынның негізгі қорларының ликвидтігін сақтау және қондырғыны сатып алу да үлкен қаражаттарды жұмсамау және жалдық каражаттар тартылмайды; кәсіпорын қаражаттарының капиталдық салымдарға бөлінуінің кажеттілігінің азаюы; есептеулер үшін тұрақты негіз, яғни жабдықты сатып алуға кеткен шығындарды келісім-шарттың барлық мерзіміне біркелкі тарату.
         Лизингілік төлемдер осы берілген жабдықтарда өндірілген өнімдерді сатқаннан түскен түсімнен жүргізіледі. Бұл төлемдер тек ақшалай түрде ғана емес, сонымен қатар қарсы қызметтер және тауар түрінде толығымен немесе бөлек-бөлек төленеді.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылғы халыққа Жолдауында еліміздің индустриалдық-инновациялық дамуы турасында кең көлемде айтылған.  Онда «...өндірісті жаңғырту мен техникалық қайта жарақтандыру жағдайларын айтарлықтай жақсарту мақсатында жақында лизингтің мүмкіндіктері әжептәуір жеңілдетіледі, ал 2005 жылдан бастап амортизациялық төлемдерге деген фискалды саясат қайта қаралатын болады» делінген [6, 14].

 

7.4  Қазақстандағы ұлттық инновациялық жүйенің қызметіндегі даму институттарының іс-әрекеті

 

Қазақстан экономикасын модернизациялау және оны Елбасы Н.Назарбаевтің соңғы жарғысында көрсетілген сыртқы нарықтарға бағыттау кезінде инновациялық жүйенің тиімділік проблемасы бұрынғыдай өзекті мәселелердің бірі болып отыр [5]. Бұл процесті жүзеге асырудың міндетті шарты ретінде инновациялық инфрақұрылым, соның ішінде даму институттарын қалыптастыру мәселесін айтуға болады.
«Ұлттық инновациялық жүйе» түсінігіне қатысты түрлі көзқарастардың болуын ескере отырып, ең алдымен бұл ұғымның мәнін түсіндіре кетейік. XX-ғасырдың соңында түрлі елдің ғалымдары жапондық технологиялық өрлеудің қайнар көзін түсіндіру қажет болғанда Ұлттық инновациялық жүйе (ҰИЖ) концепциясына алғаш рет назар аударған еді (К.Фримэн, Р.Нэльсон, Н.Розенберг, Б.Лундвана және т.б.). 1997 жылы Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының бұл түсінікке берген анықтамасы дәлірек болды. Ұлттық инновациялық жүйе дегеніміз – мемлекеттің инновациялық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруға негіз болатын, дербес және өзара қарым-қатынас нәтижесінде жаңа технологияны дамыту мен таратуға жағдай жасайтын, жеке және мемлекеттік секторге қатысты институттар жиынтығы [73, 74].

ҰИЖ институттары ретінде университеттер, үкіметтік ұйымдар, инфрақұрылым элементтері, сондай-ақ мемлекеттік саясат құралдары, қоғамдық тәртіп заңдылықтары, заң нормалары және т.б қарастыруға болады. Инновациялық жолда серпінді дамып келе жатқан елдерде мемлекеттік басқару институттарының маңызы өте зор. Бұл ұйымдардың негізгі міндеттеріне жаңа техниканы енгізудің тәуекелін төмендету, ақпаратпен қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу жұмыстарының басымдылықтарын айқындау, қаржылық көмек көрсету жатады.

Информация о работе Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары