Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 04:51, монография
Қазақстандық бизнес–инкубаторлардың қызметінің шағын ғана тәжірибесі олардың бірқатар ерекшеліктері мен өзекті мәселелері бар екенін көрсетті, атап айтқанда [39]:
көптеген бизнес–инкубаторлар халықаралық қорлар мен ұйымдар қолдауымен құрылған;
жеке бизнестің бизнес–инкубаторларды құруға деген ынтасының жеткіліксіздігі;
Инновациялық кәсіпкерлікті жандандыруда венчурлік, концессиялық, лизингттік және франчайзингілік бизнестерді қалыптастыру және дамыту бойынша механизмдерді жетілдірудің негізгі бағыттары болып келеді [44, 67].
Қазақстанның алдында нарық субъектілерінің өзара тауарлар мен қызметтерді өндірудегі бәсекелестікті қолдап және дамыту міндетімен қатар елімізде ғылыми сыйымды технологиялар саласындағы әлемдік бәсекелестіктің толыққанды қатысушыларына айналу үшін білім экономикасын дамытуға арналған іс-әрекеттерді жандандыру міндеті тұр.
Қазіргі күні Қазақстандағы инновациялық кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалыптастыру мен дамытуда кедергі болатын факторлары келесідей:
өз қаржыларының жетіспеушілігі негізінде инвестициялық қорлар арқылы несиелерге қол жеткізудің қиындығы;
инновациялық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті сәйкес инженерлік-транспорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген өндірістік қойма орындарының жеткіліксіздігі;
инновациялық кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы заңдардағы өзгертулер туралы хабарсыздығы, әкімшілік кедергілер және кәсіпкерлік қызметпен айналысу кезінде билік органдарының нақты тәртіптерінің жоқтығы;
инновациялық кіші кәсіпорындардағы жұмыскер мамандықтарының білікті мамандарының жеткіліксіздігі. Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің өңдеуші өндірістерінің ірі және орта ұйымдарымен өзара әрекеттесу және кооперациялануын дамыту туралы мәселе ерекше зер салуды талап ету қажеттілігі.
Сондықтан инновациялық кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қол жеткізу үшін мына мәселені шешу қажет:
инновациялық кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық қолдау;
инновациялық кәсіпкерлік субъектілерін заңнамалық қолдау;
инновациялық кәсіпкерлік субъектілері алдында тұрған әкімшілік кедергілерді азайту.
Бұл мақсатты орындау үшін мынадай шараларды қолдану болжамданады:
инновациялық жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларын, технологиялық парктер, индустриалдық өңірлер және басқа да жеке кәсіпкерлікті дамыту объектілерін құру және дамыту;
инновациялық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;
инновациялық шаруашылық етуші субъектілердің реттеуші және қадағалаушы қызметтермен және жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттесу әдістерін жетілдіру;
тиімді бәсекеге қабілетті орта үшін жағдайлар жасау;
инновациялық кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға жәрдемдесу, өңір экономикасына салымдардың тартымдылығын мақсатты жоғарылату.
Ерекше назар инфрақұрылымдық инвестициялық жобалардың әзірленуіндегі өңірлік инвестициялық бағдарламаларға қарай бағытталуына бөлінеді. Әрбір облыс әкімшілігі ішкі және сыртқы инвесторлармен жұмысты, оларға қажетті және толық ақпарат бере отырып, бюрократтық кедергілердің жойылуына көмектесе отырып, үйлестіреді және тәртіптендіреді.
Шағын инновациялық кәсіпорындардың қалыптасу жолдары әр түрлі болуы мүмкін. Көбіне, жаңа тауарлар, технологиялар немесе қызметтер жасап шығару туралы идеялар туындататын ғалым-өнертапқыштар, инженерлер осындай кәсіпорындарды ұйымдастырудың бастамашылары болып табылады. Бұл адамдар әдетте, әр түрлі ведомстволар мен министрліктердің ғылыми ұйымдарында жұмыс жасай жүріп, шығармашылық, ғылыми және инженерлік қызметтерде бай тәжірибе жинақтайды.
Олар біраз уақытқа дейін идеяларын өздерінің ғылыми ұйымдарындағы зертханалар мен бөлімдерде дәлелдеп дамытады, бірақ әр түрлі субъективті және объективті себептерге байланысты идеяларды осы ұйымның аясында дамыту мүмкін болмады.
Бұл идеяны ары қарай дамытудың ең қарапайым жолы — шағын және орта кәсіпорынды ұйымдастыру. Кейбір елдерде шағын кәсіпорындар құру мәселесі көп шығын мен уақытты қажет етпейді.
Шағын және орта инновациялық кәсіпорын ғылыми ұйымдар аумағында құрылуы мүмкін. Және де шағын кәсіпорынның басшысы аталмыш ұйымның қызметкері болып қалады, ал инновациялық идеяларды дәлелдеу және дамыту жөніндегі жұмыстар ғылыми ұйымдардың жабдықтарымен жүргізіледі. Осындай шағын ұйымның аясында қол жеткізілген инновациялық жетістіктер шағын кәсіпорынға да, сондай-ақ ғылыми ұйымға да тиесілі болуы мүмкін. Шағын кәсіпорындар инновациялық өнімдерді нарыққа жылжыту үшін делдал қызметін де атқарады.
Университет пен колледждердегі, мемлекеттік ғылыми орталықтардағы көптеген ғылыми ашылымдар мен өнертабыстар АҚШ-та шағын инновациялық кәсіпорындардың құрылуына түрткі болды. Дәл осы ғылыми ашылымдар мен өнертабыстардың авторлары ұсақ кәсіпорындар ашып, кәсіпкерлер ретінде көріне бастады.
Шағын фирмалар, әдетте, кез келген жолмен нарыққа шығып, белгілі бір орын алуға тырысады. Ал ірі фирмалар болса кей кезде шығындарды жаба алмайтын жеткіліксіз мөлшерде пайда алудан қауіптеніп, өздерінің ғылыми бөлімшелерінде ойлап табылған өнертабыстарды игере алмай жатады.
Шағын енгізуші фирмалар іргелі және қолданбалы зерттеулерді байланыстыратын тізбек болып табылады. Сондықтан көбіне оларды бұрындары университеттерде немесе ірі зертханаларда жұмыс жасаған ғалымдар, сондай-ақ ірі фирмаларды қызмет жасаған және өз идеяларын өз бетінше жүзеге асырғысы келетін инженерлер дәлелдеп шығарады.
Батыстың көптеген ғалымдары жоғарғы технология және ҒЗТКЖ салаларында нақты көрінетін шағын және ірі фирмалардың ынтымақтастық жасауын қолдайды және мұндай байланыстар тек айқын ғана емес, сондай-ақ заң тұрғысынан ресімделген. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар үшін қолжетімді және соңғыларына ірі корпорациялар алдында белгілі бір артықшылақтар беретін зерттеулер түрі ерекшеленіп келеді.
Нарықтық экономикасы қалыптасқан елдерде фирманың көлемі мен инновациялық қызметтің тиімділігі арасындағы өзара байланысты анықтау ғылыми-техникалық прогресті дамытудың маңызды проблемасы болып табылады.
Сол немесе басқа жаңа енгізулерді игеруде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелермен айналысатын орта және шағын фирмалардың тиімділігі, ірі ұйымдарға қарағанда айтарлықтай жоғары болады. Себебі, біріншісі айтарлықтай қаражат пен үлкен ұжымды қажет етпейді және мамандардың шағын тобы күрделі әрі қымбат зерттеу жабдықтарысыз жұмыс жасай алады.
Ресейде жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер жанынан шағын инновациялық кәсіпорындар құру мүмкіндігі туралы заң қабылданды. Жаңа заң ғылым мен білімнің бюджеттік мекемелеріне өздерінің зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу үшін шаруашылық қоғамдар құруына мүмкіндік береді.
Әсіресе, жоғары оқу орындарына, ҒЗИ-ға және ғылымның мемлекеттік академиясы құрған ғылыми мекемелерге интеллектуалдық қызметтердің нәтижелерін, соның ішінде ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды, мәліметтер базасын, өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіп үлгілерін, іріктелген жетістіктерді, өндіріс құпияларын (ноу-хау) тәжірибеде қолдану үшін шаруашылық қоғамдарын құру құқығын беру ұсынылып отыр.
Интеллектуалдық қызметтің нәтижелерін пайдалану құқығы, жарғылық капиталға қосқан үлес болып табылады және лицензиялық шарт бойынша енгізілген мұндай құқықты ақшамен бағалау шаруашылық қоғам құрылтайшыларының (қатысушыларының) шешімімен бір ауыздан бекітіледі.
1. Шағын және орта бизнестің инновациялық жобаларды өнеркәсіп саласына енгізуінің өз ерекшелігі бар, себебі бұл жерде нақты өнім – өнеркәсіп үлгісі, технологиялық регламент, конструкторлық құжаттама болу қажет. Ал бұл айтарлықтай айтарлықтай қаражат тартумен, зертханалық жабдықтарды, конструкторлық құжаттамалады дайындауға арналған техникаларды тартумен байланысты.
2. Технопарктердің көмегімен зертханалық жағдайларда жекелеген топтардың жұмыспен өтеуі немесе инновациялық өнімді өндірудің толық технологиялық тізбегі жүргізілер еді. Жекелеген зерттеулер – тәжірибелік-өнеркәсіптік тексерулерді бейінді ғылыми-зерттеу ұйымдарының сәйкес келетін тәжірибелі алаңшаларында жүргізудің мақсатқа лайықтығын ескеру қажет және олардың мүмкіндіктері туралы мәліметтер технопарктерде болуы тиіс. Бірлескен қызмет туралы шарт болса, тамаша болар еді. Бұл жағдайда технопарктер осы ұйымдармен тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар өткізуге тапсырыстарын орналастырар еді. Бұл жинақталған шетелдік тәжірибе –Outotec компаниясы (Финляндия).
Айта кететін жайт, жобалар өздерінің жаңашылдығына, өткізімділігіне, талап етілмелігіне, шикізат және энергия ресурстарымен қамтамасыз етілгендігіне алдын ала технологиялық сараптамадан өтуі тиіс әрі сәйкес келетін инфрақұрылымы болуы және қолдныстағы өндірістерге бейімделе алуы қажет.
3. Мемлекеттік-жеке серіктестік, жаңа ұйымдастырушылық сызбаларды қолдану және т.б. инновациялық шағын және орта бизнесті дамыта алатын құрал болуы тиіс.
4. Экономиканың дәстүрлі экспортқа бағытталған секторларында жаңа бизнестердің мультипликациясымен – орта және шағын бизнеске арналған мүмкіндіктермен бірге ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Ол үшін зерттеулердің прогрессивтілік, тиімділік, экологиялық тазалық, өнімдерді дайындаудың саны және сапасы бойынша нормативтер мен өндіріс процесінің технологиялық режимдеріне сәйкес келуіне технологиялық сараптамалар жүргізіп, жабдықтарды, бейімдеулерді, модельдерді, аспаптарды таңдау, өндірістік күштердің орналасу және т.б. дәйектілігін анықтау қажет.
5. Конкурстық тапсырыстарды іріктеу барысында ғылыми-техникалық, экологиялық, техникалық сараптамалар жүргізу жөніндегі қолданыстағы ережелерге талдау жасау, нәтижелерін барлық қаржы институттары мойындайтын жобаларға кешенді сараптама жүргізу ережелерін әзірлеу.
6. Технологиялық сараптамалардың өлшемдерін регламенттеу.
7. Төменде берілгендерді қамтитын шағын инновациялық кәсіпорындарды қолдау (технологиялық алаңша) орталығын құру:
шағын кәсіпорындарға арналған аталмыш инновациялық жобалардың үнемі жаңарып отыратын банктерін;
консалтинг қызметін;
бизнес-инкубаторды;
шағын инновациялық кәсіпорындарды қолдау үшін венчурлік қаржыландыру қорын.
Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін:
білікті кадрлар және жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігі тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту;
инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметін реттеу деңгейін жоғарылату керек.
Инновациялық қызметтегі мемлекеттің орны оның ғылымға бөлген қаражаттарымен анықталады. Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, дамыған елдерде ғылымға бөлген қаражаттары жыл сайын өсіп, ЖҰӨ-нің 2,5-3,8%-ын құрап отыр. Бұл қаражаттың 25-34%-ы мемлекет үлесіне тиесілі. Бұндай мемлекеттерге Оңтүстік Корея, Израиль, Швейцария, Жапония, Швеция,Финляндия кіреді. 90-шы жылдардың соңында Жапония ЖІӨ-нің 3,04%-ын, Америка 2,64%-ын, Еуропа Одағы 1,92%-ын ғылымға бөлді.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландыруда мемлекеттің жəне коммерциялық құрылымдардың қатысу деңгейі Еуропа мен одан тыс жерлерде əптүрлі: егер Жапония мен АҚШ-та ғылымдағы коммерциялық құрылымдардардың үлестері сəйкесінше 75 жəне 77%-ы құраса, Еуропада 66%-ды құрайды. Еуропа елдерінің ішінен ҒЗТКЖ-ды мемлекеттік қазынадан қаржыландырудан келесілер алдынғы орындарды алып отыр: Португалия (70%), Италия мен Греция (50%-ға жуық), Польша (58%), Венгрия (53%),Словакия (48%) жəне Чехия (42%). Əлемдік нарыққа ғылыми өнімді шығарудан көшбасшы тұрған елдер ЖІӨ есебінен ғылымға бөлінген қаражаттарға қатаң бақылау орнатады. Ол үшін мемлекет тарапынан салықтық жеңілдіктер, бюджеттік қолдау, инвестициялар тарту, құрал-жабдықтар лизингі сияқты экономикалық механизмдер қолданылады. Əдетте əлсіз дамыған елдерде ЖІӨ есебінен ғылымға бөлінетін үлес- 0,5%-ды құрайды. Қазақстан да осындай елдердің құрамына кіреді. 2005 жылы Қазақстан зерттеулер мен əзірлемелерге ЖІӨ-нің 0,29%-ын бөлді, соның ішінде бюджеттің қатысуы 51,2%-ды құрап огыр. Осындай шектеулі қаржыландырудың арқасында Қазақстанның əлемдік нарыққа ғылыми өнімді шығару деңгейі нөлге тең болады.Басқа елдермен салыстырсақ, ғылыми өнімді шығару жағынан əлемдік нарықтағы Ресей үлесі 0,3-0,5%, Еуропа Одақ елдері-35%, АҚШ-25%, Жапония-11%, Сингапур-7%, Оңтүстік Корея-4%, Қытай-2%. Ғылыми өнімді шығару жағынан əлемдік нарықтағы мемлекеттер үлесі ғылыми-техникалық жəне инновациялық қызмет тиімділігінің көрсеткіші болып табылады. Инновациялық қызметті дамыту жолында жетістіктерге жеткен мемлекеттердегі басқарудың мемлекеттік институттары жаңа техниканы енгізудің тəуекелдіктерді төмендету, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету, нарық субъектілерінің ғылыми-зерттеу əзірлемелер бағытындағы басымдықтарды анықтайды. Ғылыми-техникалық прогреспен байланысты қауіп-қатерлерді төмендету үшін мемлекет дамыту субъектісі ретінде үлкен қаражаттар жұмсайды. Еуропа мен Солтүстік Американың дамыған елдерінде инновациялық қызмет экономиканы дамытудың негізгі факторы болып табылады. Еуропаның түрлі елдерінде ірі жəне шағын инновациялық кəсіпорындардың үлесі 60-тан 90%-ға дейін жетеді. Қазақстан Республикасы инновациялық қызметті мемлекеттік баспалдақтарында тұр. Қазақстан үшін инновациялық қызметті қолдаудың экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің тəжірибесімен танысу өте маңызды болып келеді. Мысалы АҚШ-тың мол тəжірибесімен танысу инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың күрделі жүйесінің құрылымы туралы көптеген қорытындылар жасауға көмек береді. АҚШ-тың инновациялық инновациялық қызметінің заңнамалық негізі 1980-1990 жылдары Конгреспен қабылданған мемлекеттік актілері болып табылады.
Олардың ішіндегі маңыздылары: Доул-Бейлидің «Федералды патенттік саясат туралы», С.Уайлдердің «Технологияларды жіберу туралы»(1980,1986), «Бəсекеге қабілеттілік пен технологияларды жіберу туралы» (1988), «Критикалық технологиялар туралы», «Американдық технологияның артықшылықтары туралы», «Технологияларды мемлекеттік жіберу туралы»(1995). АҚШ-та инновациялық қызметтегі мемлекеттік саясатты анықтайтын 20-ға жуық федералды заң мен актілері бар.
Информация о работе Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары