Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 04:51, монография

Описание работы

Қазақстандық бизнес–инкубаторлардың қызметінің шағын ғана тәжірибесі олардың бірқатар ерекшеліктері мен өзекті мәселелері бар екенін көрсетті, атап айтқанда [39]:
көптеген бизнес–инкубаторлар халықаралық қорлар мен ұйымдар қолдауымен құрылған;
жеке бизнестің бизнес–инкубаторларды құруға деген ынтасының жеткіліксіздігі;

Работа содержит 1 файл

7 - бөлім.doc

— 1.31 Мб (Скачать)

Қазақстандағы ғылыми-техникалық дамуға жүргізілген талдау елдің инновация саласындағы белсенділігі біртіндеп кеміп, 2009 жылғы мәлімет бойынша тек 4,0% құрағанын көрсетті (кесте 7.4).

 

Кесте 7.4 – Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметтерінің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Жылдар

2007

2008

2009

1

Респонденттер саны, барлығы

10591

10889

11172

-

с.і.: инновациясы бар

505

526

447

 

инновация саласындағы белсенділік деңгейі, %

4,8

4,8

4,0

-

инновациясы жоқ

10086

10363

10725

 

инновация саласындағы енжарлық деңгейі, %

95,2

95,2

96,0

2

Инновациялық өнімдердің ЖІӨ-гі үлесі, %

1,53

1,19

0,69

3

Инновациялық өнімдердің өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлесі, %

2,4

2,0

1,3

4

Ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық бөлімшелердің саны

724

763

745

-

осы бөлімшелердегі қызметкерлердің тізімдік саны, адам

11472

9375

10781


 

Елімізде мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан шараларға қарамастан инновациялық белсенділікті арттыру әлі де мүмкін болмай отыр. ЖІӨ-дегі жаңа ғылыми өнім үлесінің соңғы жылдары күрт кеміп, 2009 жылы небәрі 0,69%-ға тең болса, кәсіпорындардың ғылыми өнімдер өндіру жөніндегі белсенділігі де 2007 жылғы 2,4% деңгейден 2009 жылы 1,3% мөлшеріне дейін төмендеген. Бұл ғылыми-техникалық қызметтің елдің экономикалық дамуына әлі де негіз бола қоймағанын аңғартады. Әлемнің көптеген елдерінде елдерде бұл көрсеткіш өте жоғары. Мәселен, АҚШ-та 50%, Түркияда – 33%, Венгрияда – 47%, Эстонияда – 36%. Сондай-ақ, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жаңа білімдері мен ғылымның негізінде туындаған жетілдірілген технологиялар, өнімдер, жабдықтардың үлесіне ЖІӨ өсімінің 70-тен 85%-іне дейін келеді.

Қазақстан өңірлерінің инновациялық белсенділігі де әр алуан болып отыр, өйткені ол қолда бар ғылыми-техникалық, қаржылық, еңбек ресурстарға және оларды пайдалау мүмкіндіктеріне байланысты. Сондықтан, өңірлердің инновациялық белсенділігі олардың инновациялық әлеуетіне байланысты қалыптасуда және де әртүрлі деңгейді көрсетіп отыр.

Төмендегі 7.1-суреттің мәліметтеріне сүйене отырып, еліміздегі өңірлерді инновациялық белсенділіктері бойынша үш топқа бөліп қарауға болады:

төменгі деңгей, бұл топқа Алматы, Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы жатады;

орта деңгей, бұл топқа Атырау, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары кіреді;

жоғары деңгей, бұл топқа Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы енеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 7.1 – Қазақстан Республикасының облыстары бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі, %

 

Қазақстанның жаһандық инновациялық-технологиялық саладағы бүгінгі деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер еліміздің әлемдік деңгейден көп төмен екенімізді көрсетіп отыр (кесте 7.5).

 

Кесте 7.5 – Қазақстанның және әлем елдерінің инновациялық-технологиялық саладағы салыстырмалы деңгейі, 2008 жыл

Көрсеткіштер

Қазақстан

Әлем елдері

ЖІӨ ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар, %

0,22

Швеция – 3,86; АҚШ – 2,67; Жапония – 3,2; Германия – 2,51; Ресей – 1,3

Кәсіпорындардың инновация саласындағы белсенділік деңгейі, %

4,0

Германия – 82,5; Швеция – 75,3; Австралия – 60,8; Ресей – 10,0

Өнеркәсіптік өнім көлеміндегі инновациялық өнімнің үлес салмағы, %

1,3

Германия – 29; Австралия – 31; Ресей – 3,7

Ел экспортындағы жоғары технологиялық өнімнің үлес салмағы, %

2,0

Жапония – 54; АҚШ – 32; Ресей - 9

1 тұрғынға келетін ҒЗТКЖ шығындары, АҚШ долл.

14

АҚШ – 892; Швеция – 875; Германия – 580; Норвегия – 479; Ресей - 420

ҒЗТКЖ-мен қамтылған халық саны, 1 млн. адамға

629

Жапония – 5287; АҚШ – 4484; Германия – 3261; Ресей - 3319

1 млн. халыққа тіркелген патенттер саны

126

Жапония – 2875; АҚШ – 701; Германия – 586; Ресей - 165

ҒЗТКЖ-ға жұмсалған қаражаттардағы шетелдік инвестициялардың үлесі

1,6

АҚШ – 18; Ұлыбритания – 14

 

Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы мен инновациялық әлеуетінің қазіргі жағдайына жүргізілген зерттеулерді қорытындылай келе, төмендегі жағдайларды атап өтуге болады:

Біріншіден, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын шығындардың көлемі әлі де мардымсыз. Қазақстанды инновация әлеміндегі көшбасшы мемлекеттердің қатарына кіргізуді қажет деп тапсақ, онда оның деңгейін экономикасы дамыған елдердің деңгейіне дейін жеткізу.

Екіншіден, өңірлердің ғылыми белсенділігі өте төмен. Оны көтеру үшін ғылыми мақсаттарға бағытталатын мемлекеттік қаражатты еліміздегі өңірлердің ғылыми-инновациялық мүмкіндіктерін ескере отырып бөлу.

Үшіншіден, ғылыми мақсатта пайдаланылатын негізгі капиталды толықтыруға немесе жаңартуға қажетті инвестициялардың көлемін көбейту қажет. Ол үшін ғылыми зерттеулермен айналысуды тартымды ету және ол үшін барлық жеңілдіктер мен ынталандыру тетіктерін енгізу.

Төртіншіден, Қазақстандағы даму институттарының ғылыми бағыттылығын арттыруды қолға алу. Ол үшін инновациялық және инвестициялық жобаларды қаржыландыру үрдісіне міндетті ғылыми негіздеулер енгізу.

Бесіншіден, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар жүйесін кеңейту және әкімшілік кедергілерді азайту.

Алтыншыдан, Қазақстан өңірлері индустриялық-инновациялық және ғылыми-технологиялық даму үшін қажет әртүрлі бастапқы шарттарға ие және ол шарттар біркелкі емес. Яғни, еліміздің барлық өңірлерінен бірдей индустриялық-инновациялық даму нәтижелерін күту орынсыз, сондай-ақ, ол өңірлерді түгелдей инновациялық бағытқа салу да дұрыс емес. Әйтсе де, ҚР Үкіметі елдің барлық облыстарына индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырумен байланысты, кей жағдайларда шынайылығы жоқ әрі қолға алуға тиімсіз жобаларды жүзеге асыруды міндеттеп отыр.

Жетіншіден, өңірлерде жүзеге асырылып жатқан жобаларды индустриялық және инновациялық деп бөліп, тиісінше оларға мемлекеттік қолдау көрсету (салықтық жеңілдіктер беру немесе салықтан босату, төмендетілген пайызбен несие беру, гранттар тағайындау және т.б.) тетіктерін анықтау. Өйткені, елімізде қолға алынған жобалар көбіне инновациялық бағыттан гөрі индустриялық бағытқа сәйкес келеді. Бұл Қазақстан мен оның өңірлерінің шынайы инновациялық әлеуеті мен инновациялық белсенділігін анықтауға мүмкіндік береді.

Сегізіншіден, елімізде көрініс тапқан инновацияларды технологиялық және үрдістік деп бөліп, тиісінше өңірлерді де технологиялық инновацияларға икемді немесе үрдістік инновацияларға икемді деп бөлу. Яғни, технологиялық инновациялар өндірістік және тауарлық сипаты бар жаңа немесе жетілдірілген өнім түрінде көрініс табады. Ал, үрдістік инновациялар мемлекеттің, ынталы топтардың қоғамдық, әлеуметтік қатынастарды жетілдіруімен, қоршаған ортаның тазалығын немесе тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында атқаратын шараларымен байланысты. Тиісінше, өндірістік және инновациялық инфрақұрылымы мейлінше дамыған және ғылыми әлеуеті жоғары өңірлерді негізінен технологиялық инновациялармен шұғылдануға жұмылдырып, елдің инновациялық дамуын сол өңірлердің белсенділігімен байланыстыру.

Тоғызыншыдан, инновацияларды шикізатты өңдеу және дайын өнім шығару салаларында дамытуды шындап қолға алу. Бұның себебі – Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасын өркендетудің басым бағыттарының қатарында тамақ өнеркәсібі, металлургия сынды салалармен қатар құрылыс, туризм, көлік инфрақұрылымы сияқты салалар да бар. Автордың пікірінше, осы басым бағыттардың өзін екіге бөліп, біріншілерінің инновациялық бастамаларына айрықша ынталандырулар мен жеңілдіктер берілуі керек. Онсыз нақты өндірістердің инновациялық белсенділіктерін көтеру қиын. Өйткені, өнім өндіруші салалар қызмет көрсету және жұмыстар орындау салаларына қарағанда қашан да күрделі, өндірістік циклы мен капиталдың қайтарымы ұзақ, бәсекелік ортасы тығыз кәсіпкерлік қызмет түріне жатады. Бұларға қоса, өндірістік сфера бастапқы капиталды көбірек қажетсінетін, әрдайым айналым құралдарының үздіксіздігі мен негізгі құралдардың жаңарып отыруын талап ететін шаруашылық түрі болып саналады.

Оныншыдан, отандық инновациялық инфрақұрылым элементтерінің өндірістік бағыттылығын арттыру. Оны дәстүрлі өндірісті қолға ала отырып, кейіннен ғылыми–зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде бірте–бірте бұл өндірістік жүйені инновациялық тұрғыдан дамытуға болады. Яғни, технопарктер мен технологиялық бизнес–инкубаторларда орналасатын кәсіпорындардың бастапқы қызметінің инновациялық болуы міндетті емес. Бірақ, міндетті түрде оның кейінгі қызметі инновациялануы тиіс. Бұл қадам арқылы қазіргі кезде жұмыссыз тұрған еліміздегі көптеген технопарктер мен технологиялық бизнес–инкубаторлардың жұмысын жандандыруға мүмкіндік туады.

Біздің зерттеуіміздің өзегі болып саналатын ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі – ол еліміздің инновациялық әлеуетін дамытуға негіз болатын, оны жүзеге асыру белгілі-бір нәтижелі жетістікке жетуге ықпал ететін қаржылық, экономикалық, салықтық, несиелік және басқа да іс-әрекеттер мен тетіктердің жиынтығынан тұрады. Дұрыс таңдала білген механизм ұлттық экономикамыздың ұзақ мерзімде инновациялық өркендеуі мен дүниежүзілік нарықта лайықты орын алуына ұтымды жағдай жасауы тиіс (сурет 7.2).

Инновациялық инфрақұрылымды дамыту механизмі әлемдік және елдегі инновациялық ортаның жалпы жағдайына, қоғам мен ғылыми–техникалық прогрестің дамуына, адамзат мәдениеті мен ой–санасына, экология талаптарына, сонымен қатар, еліміздің нақты мүмкіндіктері мен стратегиялық өркендеу бағыттарына сай болуы тиіс.

Аталған механизм оның құрамындағы өзара байланысты тетіктерді кешенді түрде жүзеге асырғанда ғана белгілі–бір нәтижеге жеткізетінін ескерткеніміз жөн. Онсыз, әр тетіктің өздігінен ұлттық инфрақұрылымның дамуына қомақты үлес қосуы екіталай.

Инновациялық инфрақұрылымды дамытуға қажетті жағымды экономикалық ортаны қалыптастыру осы инфрақұрылымды құрайтын әрбір элементтің белсенділігі мен тиімділігін арттыру үшін қажет. Өйткені, салық, несие, мемлекеттік қаржыландыру сияқты тетіктерді қолданбай, экономикалық шараларды заңдық–құқықтық қамтамасыз етпей, инновациялық инфрақұрылым элементтерінен жағымды нәтиже күту орынсыз (сурет 7.3).

Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, инновациялық инфрақұрылымға қажетті жағымды экономикалық ортаны қалыптастыруда мемлекет жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтың неғұрлым ұтымды мысалдары Жапонияда, Швецияда, Түркияда және соңғы отыз жылда өздерiнiң инновациялық жүйелерінде iрi жетістіктерге жеткен басқа да елдерде бар.

Еуропа елдерінде мемлекет университеттерде жеке сектордың белсенділігін қолдайтын ғылыми-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қалыптастырған. Бұл міндетке сай университеттер шағын және орта қалалардың қоғамдық жүйедегі өзіндік орнын қалыптастыратын ғылыми бастамаларын сараптап, оларды жүзеге асыруға ықпал етеді.

Жағымды экономикалық ортаны қалыптастыру саясатын жүзеге асыруда  біз әсіресе мына тетіктерді іске қосқан жөн деп санаймыз:

1. Мемлекет тарапынан әрбір ғылыми-зерттеу ұйымына нақты бір кәсіпорындармен байланыс жасауын міндеттеу. Бұл жердегі басты қағида – мемлекет байланыстың мұндай түрлерін қолдай отырып, оларға екі–үш жыл көлемінде гранттарды жеңіп алуға мүмкіндік жасау (құжаттарды дайындауға көмектесу, ақпараттық қолдау көрсету және т.б.). Ал егер мұндай ғылыми-зерттеу орталығы мемлекеттің үмітін ақтамаса, оны ғылыми–зерттеу орталығы статусынан айыру.

2. Ғылыми кадрларды материалдық ынталандыру жүйесін қайта дайындау. Бүгінгі күні еліміздегі ғылыми кадрларды ынталандыру тетігі тиімсіз және инновациялық ортаның дамуына ықпал ете алмайды. Олай дейтініміз, қазіргі білікті жастар ғылыммен емес, бизнеспен айналысуға ынталы. Ал егер осы білікті құрамын ғылымға тарта біліп, олардың ақыл–ой жетістіктерін инновация саласына пайдалансақ, біздің ұтарымыз көп болар еді.

3. Арнайы ғылыми зерттеулер жүргізіп, оның нәтижелерін өндіріске енгізген кәсіпорындарға салық жеңілдігін беру. Мәселен, ғылыми қызметкерлердің еңбек ақы қорын әлеуметтік салықтан босату. Бұл тетік кәсіпорындардың ғылыми кадрларға көңіл бөліп, оларды өндіріске тартуға ықпал етеді;

4. Инновациялық мақсаттарға салық несиесін беру, яғни инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті қаражатты кәсіпорынның салық аударымдарынан белгілі бір кезеңге шегеру. Бұл қадам кәсіпорынға банктен немесе басқа да қаржы ұйымынан несие алмай–ақ, арнайы гранттарға қатыспай–ақ кішігірім жобаларды орындауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары