Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 04:51, монография

Описание работы

Қазақстандық бизнес–инкубаторлардың қызметінің шағын ғана тәжірибесі олардың бірқатар ерекшеліктері мен өзекті мәселелері бар екенін көрсетті, атап айтқанда [39]:
көптеген бизнес–инкубаторлар халықаралық қорлар мен ұйымдар қолдауымен құрылған;
жеке бизнестің бизнес–инкубаторларды құруға деген ынтасының жеткіліксіздігі;

Работа содержит 1 файл

7 - бөлім.doc

— 1.31 Мб (Скачать)


   7 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

 

7.1 Қазақстанда  ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағыттары

 

Қазақстандық бизнес–инкубаторлардың қызметінің шағын ғана тәжірибесі олардың бірқатар ерекшеліктері мен өзекті мәселелері бар екенін көрсетті, атап айтқанда [39]:

көптеген бизнес–инкубаторлар халықаралық қорлар мен ұйымдар қолдауымен құрылған;

жеке бизнестің бизнес–инкубаторларды құруға деген ынтасының жеткіліксіздігі;

жоғары оқу орындары базасындағы инкубаторлардың аз болуы;

технологиялық бизнес–инкубаторларды қалыптастыратын және дамытатын бірден-бір орта – еліміздегі технопарктердің аздығы;

бизнес–инкубаторлармен көрсетілетін қызметтердің шектеулі болуы;

технологиялық бизнес–инкубаторлардың тиімді дамуына жағдай жасайтын инновациялық кәсіпкерлік ортасының болмауы;

қаржыландырудың жеткіліксіздігі және осы аталған мәселелерді шешудің ғылыми негізделген тетіктерінің қалыптаспауы, т.б.

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ қызметінің басты мақсаты елдегі жалпы инновациялық белсенділікті арттыруға, соның ішінде жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өндірістерді дамытуға бағытталған. Әйтсе де, бұл қор Қазақстанның инновациялық әлеуетінің дамуына қажетті деңгейде ықпалы болмай отыр.

Оның себебі ретінде қордың елдегі венчурлық кәсіпкерлікті дамыту тетіктерін ұсына алмауын, отандық ғылыми зерттеулерді дайын өнімге дейін жеткізетін ғылыми-өндірістік тізбектің қалыптаспауын, қоғамда ғылымға деген қызығушылықтың төмендігін, қордың қатысуымен құрылған инновациялық жобалардың қажетті тиімділікті көрсетпеуін және жоғарыда автормен анықталған, инновациялық инфрақұрылымның басқа субъектілеріне тән мәселелерді көрсетуге болады [39].

Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылымының бүгінгі жағдайына жүргізілген сараптаулар нәтижелері жыл өткен сайын Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетінің қарқындап өсіп емес, төмендеп келе жатқанын көрсетуде (кесте 7.1). Мәселен, ЖІӨ ғылыми сыйымдылығы 2007 жылғы небәрі 0,24% болса, 2008 жылы одан да төмендеп, 0,22%–ға теңесті. Әйтсе де, жеке сектордың ғылыми–техникалық бағыттағы белсенділігінің біртіндеп артуы байқалады. Яғни, жеке капиталдың ғылыми–техникалық қызметке бағытталған жалпы шығындар сомасындағы үлесі 50%-дық деңгейден асып, 2009 жылы 56,4%–ға жетті. Сондай–ақ, ЖІӨ-дегі инновациялық өнімнің үлес салмағы да төмендегені байқалады, оның деңгейі 2007 жылғы 1,53%–дан, 2009 жылы 0,69%-ға дейін кеміді. Мұны экономиканың шикізаттық секторының әлі де болса тартымды болуымен түсіндіруге болады.



Кесте 7.1 – Инновациялық дамудың әлемдік моделі және оның Қазақстандағы қалыптасу алғы шарттары

Инновациялық дамудың жалпыға тән әлемдік моделі (АҚШ, Жапония, Финляндия, Ұлыбритания, Германия, Сингапур, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия)

Қазақстандағы инновациялық даму алғы шарттары және олардың қалыптасу реті

 

    Елдің инновациялық даму стратегиясын айқындау

 

      Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003–2015 жылдарға арналған стратегиясы мен  үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыны қабылданды.

    Инновациялық дамуды ынталандыратын заңдық-құқықтық құжаттарды қабылдау

 

      ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «ҚР арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңдары, «ҚР 2015 жылға дейінгі технологиялық даму бағдарламасы», «ҚР ғылымын дамытудың 2007–2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды.

    Инновациялық жүйені қалыптастыру

 

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005–2015 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданды.

    Инновациялық инфрақұрылым элементтерін құру (технополистер, технопарктер, инновациялық бизнес–инкубаторлар, инновациялық қорлар, инжинирингтік орталықтар және т.б.)

      Инновациялық инфрақұрылымның мамандандырылған субъектілері құрылды (ұлттық және өңірлік технопарктер, технологиялық бизнес–инкубаторлар, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ).

    Инновациялық қызметті қаржыландыратын венчурлық қорлар құру

 

      «Ұлттық инновациялық қор» АҚ қатысуымен отандық алты венчурлық қор құрылды («Сентрас», «Әрекет», «Адвант», «Almaty venture capital», «Glotur Technology Fund», «АИФРИ Center Capital»).

    Инновациялық инфрақұрылым элементтерін дамытуға ықпал ететін және ынталандыратын арнайы құрылымдарды қалыптастыру

 

      «Самұрық-Қазына», «Зерде», «Арна Медиа», «Парасат», «ҚазАгро» және басқа ұлттық холдингтік компаниялар мен олардың құрамындағы ұлттық компаниялар және даму институттары, экономиканың басым бағыттары бойынша құрылған кластерлер, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, корпоративтік көшбасшы компаниялар, арнайы экономикалық аймақтар қалыптасты.

                                                               

 

                                                                                                                                                                           7.1-кестенің жалғасы

    Инновациялық дамуға ірі, шағын және орта бизнесті, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту, оларды жеке инновациялық, венчурлық қорларды құруға, инновациялық инфрақұрылым элементтерін қалыптастыруға ынталандыру

 

      «Алматы Бинес Групп» АҚ, «ТұранӘлем Секъюритис» АҚ, «Lancaster Group Kazakhstsn» АҚ, «ЦентрКредит Банкі» АҚ, «Glotur» АҚ, «Centras Capital Group» АҚ венчурлық қорларды құруға қатысты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан МТУ технопарктерді құрды, сондай-ақ Қазақстанда Ғарыш индустриясы орталығы, Ұлттық биотехнологиялар орталығы, ұжымдық пайдаланудың Ұлттық нанотехнологиялық зертханасы, Ұлттық ғылыми портал пайда болды.

    Инновациялар елдің экономикалық дамуының негізі болып саналады;

 

      Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету үшiн жағдай жасау ғылыми-техникалық және инновациялық үрдістер арқылы жүзеге асады, сондай-ақ, 2014 жылға дейінгі кезең ішінде инновациялық инфрақұрылымдарды  құру және қолданыстағыларын кеңейту, елдегі кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін 2015 жылға қарай – 10%-ға, 2020 жылға қарай – 20%-ға арттыру, енгізілген жаңа технологиялар мен жүзеге асырылған тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің санын  2014 жылға қарай тиісінше  200-ге және  160-қа дейін ұлғайту, халықаралық танылған патенттер санын 2014 жылға қарай 30-ға дейін  ұлғайту межеленуде.

    Елдің экспорттық әлеуеті негізінен инновациялық өнімдер мен қызметтерден тұрады.

 

      Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық–инновациялық дамуының 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары инновациялық тауарлар мен қызметтердiң пайдасына қарай әртараптандыру көзделген.



Кесте 7.2 – Қазақстанның ғылыми-техникалық саладағы бүгінгі әлеуеті

Көрсеткіштер

Жылдар

2007

2008

2009

1

ЖІӨ ғылыми сыйымдылығы, %

0,24

0,21

0,22

2

Ғылыми-техникалық салада қызмет етуші халық саны бойынша ЖІӨ ғылыми сыйымдылығы, %

0,26

0,23

0,21

3

Мемлекеттік капиталдың ҒТҚ бағытталған жалпы шығындар сомасындағы үлесі, %

57,6

51,1

43,6

4

Жеке капиталдың ҒТҚ бағытталған жалпы шығындар сомасындағы үлесі, %

42,4

48,9

56,4

5

Инновациялық өнімнің ЖІӨ үлес салмағы, %

1,53

1,19

0,69

6

Ғылыми сыйымды сала өнімдерінің ЖІӨ үлес салмағы, %

2,4

2,0

1,3

7

100 мың адамға шаққандағы патенттелген дайындамалар саны, дана

38

38

39


 

Инновациялық инфрақұрылым қызметінің тиімділігі елдегі ғылыми ортаның нақты жағдайымен тікелей байланысты екендігін ескере отырып, оған арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілді (кесте 7.3). Зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар көлемі жыл санап ұлғайғанымен, ЖІӨ шаққандағы үлестік көлемі соңғы екі жыл көлемінде төмендеп отыр. Ол ЖІӨ қарқынды жоғарылауымен емес, ғылымға жұмсалатын шығындардың баяу өсуімен байланысты.

Сондай-ақ, ғылыми зерттеулермен және әзірлемелермен айналысатын ұйымдарға тиесілі қаражат көлемінің 2009 жылы 2007 жылға қарағанда небәрі 2,1% артқанын аңғарамыз. Мұның өзі аталған ұйымдардың ғылыми белсенділігінің әлі де төмен екендігін білдіреді.

 

Кесте 7.3 – Қазақстандағы ғылымның қазіргі жағдайы

Көрсеткіштер

Жылдар

2007

2008

2009

1

Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге

10213,7

12849,8

16052,9

2

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар, млрд. теңге

24,8

26,8

34,8

-

ЖІӨ шаққанда пайызбен, %

0,24

0,21

0,22

3

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдар саны, бірлік

437

438

421

4

ҒЗӘ-мен айналысатын персонал саны, адам

19563

17774

16304

-

с.і.: ғылым докторлары

1157

1166

1191

-

ғылым кандидаттары

3147

3058

2861

5

ҒЗӘ-мен айналысатын ұйымдарға тиесілі қаражат көлемі, млн. теңге

19247,7

18782

19177

6

ҒЗӘ-ді жүргізуші персоналдың орта айлық жалақысы, теңге

51400

64108

81810

7

Жоғары білім жүйесіндегі қызметкер-лердің орта айлық жалақысы, теңге

36007

45557

50877

Информация о работе Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары