Жерге орналастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:46, курс лекций

Описание работы

Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.

Работа содержит 1 файл

УМК ЖОЖ 4кр.doc

— 508.00 Кб (Скачать)

-         жолдардың жағдайы;

- ауыл шаруашылық алқаптарының құрамы, сапасы, контурларының жер бедері;

- жер массивтерінің конфигурациясы;

- елді мекендердің орналасуы;
- сумен қамтамасыздығы.

 

4.3 Жер пайдалануды орналастыру

Жер пайдаланулардың әрқайсысын орналастырғанда:

1.  территорияның жағдайы және қалыптасқан ұйымдастырылуы есепке алынады.

2.  Бұрынғы енгізілген капиталды неғұрлым толық пайдалануға тырысу кажет;

3.  өндіріс орталықтарының ыңғайлы орналасуы;

4.  компакті массив ретінде;

5.  тегіс жерлерде квадратка немесе тікбұрышты төртбұрышқа ұқсас жасау;

6.  бірнеше учаскеден тұрганда - олар бір-біріне жақын, байланысы ыңғайлы болуы керек.

7.  әрі қарай территорияны үйлестіруге ыңғайлы.

Жер иеленушілік талапқа сай болу үшін мынандай бip қатар принциптерді нұсқау ету қажетті:

1)      Жеке жер иеленушіліктердің орналасуы ауыл шаруашылығының  әлеуметтік- экономикалық  мүдделіктеріне, басқа осы территорияда орналасқан жер иеленушіліктердің мүдделеріне де өзара сәйкесті болуға тиісті;

2)      Жер иеленушіліктің ауданы, біріншіден, шаруашылык өндірістің көлеміне, мамандандырылғандығына, екіншіден, аймақтық табиғи ерекшеліктерге сай болуға қажетті;

3)      Жер иеленушіліктің құрамына жердің ұтымды пайдалануын қамтамасыз ететін жер шаруашылыктың мамандандырылғандғына сай алаптардың аудандары мен түрлерін енгізу керек;

4)      Жер иеленушіліктің кескін үйлесімі (конфигурациясы) әртұтас және өндіріс пен территорияны ұйымдастыруға ыңғайлы болуға тиісті;

5)      Жер иеленуіліктің территориясындағы шаруашылық орталықтардың дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, олардың өзара және алаптар мен сырттағы өндірістік орталықтарымен транспорттық байланыстарын қолайлыландыру қажетті. Ауылшаруашылық жер иеленуіліктерге қандай  өзгерістер болса да осы принциптердің негізінде енгізілуге тиісті.

 

4.4 Ауылшаруашылық кәсіпорындары жер пайдалануын құру шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын экономикалық тұрғыдан дәлелдеу.

1. Жобаларды экономикалық тұрғыдан дәлелдеудің мазмұны;

2. Жобаның тиімділігі туралы ұғым және оның көрсеткіштері.

Жобаны экономикалық тұрғыдан  негіздеу  әрбір жер  иеленушілік  бойынша жобамен бipre жасалады. Бұл жөніндегі есептер екі мерзімге жасалады:

а) жобаны жасағанға дейін;

ә) жоба бойынша.

Жобаны дәлелдеудің мазмұны жалпы алғанда төмендегіге келеді:

1)      жобалық жерге орналастыру есептері;

2)      жобаны ұйымдастыру шаруашылық тұрғыдан негіздеу;

3)  варианттарды салыстыру (жобаның ең қолайлы нұскасын таңдап алу).

Жобалық варианттар мен шешімдерді бағалау және экономикалық тұрғыдан негіздеу жобаның ең күрделі және көлемді құрам бөлшегі болып саналады. Бұл тапсырма мынандай бip қатар жұмыстарды қамтиды.

1)      Варианттар бойынша күрделі қаржылардың көлемін есептеу. Соның ішінде тұрғын үй кұрылысының, мал қоралары мен кешендерді қосалқы өндірістік орталықтар мен секторлардың (машина-транспорттық, кұрылыс, қойма т.б.), елді мекендер арасындағы коммуникациялар мен территорияны инженерлік жағынан жабдықтаудың кұндарын анықтау.

2)      Әрбір вариант бойынша жыл сайынғы шығындардың көлемін белгілеу. Бұнда транспорттық және эксплуатацияльқ (пайдалану) шығындарды, аммортизацияльқ жарна мен әкімшілік аппаратқа жұмсалған каржыларды есептеу кіреді.

3)      Келтірілген шығындардың көлемін анықтау, яғни бip жылдық мерзімге келтірлген күрделі каржылар мен жыл сайынғы шығындардың қосындысын табу.

4)      Күрделі қаржылардың қайтарылу мерзімін есептеу, яғни неше жылдың ішінде жұмсалған каржылардың орны толатынын анықтау.

 

4.5 Шаруа (фермер) қожалықтарының жер пайдалануын құру

Шаруа қожалығының ауданы алаптардың құрамына, сапасына, табиғи, экономикалық және әлеуметтік жағдайларна қарай анықталады.

Шаруа қожалығының жерлер көлемі мен сапасы орналасқан аймақтың табиғи жағдайларымен тығыз байланысты болады. Мысалы, оның мамандандырылғандығы, демек бүкіл өндірістік құрамы, осы жағдайлармен себептеледі. Егер де шаруашылық шөл, шөлейт аймақгарында оның негізгіөндірістік бағыты қой, түйе немесе жылқы шаруашылығы болуы ықтимал. Ал мамандандырылғандығына қарай шаруашылықтық жер иеленушіліктік жалпы ауданы, алаптарының арақатынастары, үлес салмақтары тағы да осы тәріздес параметрлері қалыптастырылады.

Сонымен бipre шаруа қожалығының көрсеткіштері бip қатар әлеуметтік экономикалық факторлармен байланысты. Солардың ішінде: елді мекендердің түрлерімен орналасуы ерекшеліктері халықтың саны мен қоныстану тығыздығы, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның сипаттамасы және т.б. Мысал шаруа шаруашылығы туралы Заң бойынша совхоздар мен колхоздарды жер иеленуілігінің жалпы ауданы еңбекке жарамды мүшелерінің санына бөле отырып әр адамға қатысты жер үлесінің мөлшері белгіленеді.

Хуторлық форма қағида бойынша халықтың шоғырлана орналасқан аймағына тең. Ол әрбір жанұяға ауыл маңына жер бөліп беруге мүмкіншіліктің жоқтығы есебінен себептеледі.

Жер кодексі, шаруа қожалығы және жекешелендіру заңдары бойынша шаруа қожалығын екі жолмен құруға болады. Бірінші жол - әрбір жұмысшыға тиісті жер               негізінде. Бұл әдістің мағынасы мынаған жатады. Ауылшаруашылық кәсіпорында (совхоздармен колхоздар да т.б.) жұмыс істеп жүрген және бұрын осыған өткен адамдарға сол кәсіпорын жерінің құрамы мен ауданына қарай, жер үлесін береді Оның ауданы бip жағынан сондай адамдардың санына, екінші жағынан жер иeлeнyшiлiктiң жалпы ауданына байланысты, өйткені жер үлeciнiң мал  бағу үшін иеленушіліктің (жер алаптарының түлерібойынша) сондағы азаматтардың санына бөлінеді, шаруа шаруашылыгының жер иеленушіліктері арнайы жасаған жер қоры құрылады. Демек, алдымен сондай жер қорын жасау кажетті. Шаруа қожалығы туралы заң бойынша ондай қор әрбір мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорынның жер иеленушіліктері есебінен жасалуға тиісті. Ол үшін кәсіпорын иеленетін жерлер мұқият тексеріп, арасындағы сондай табиғи-экономикалықщ зона бой ы орташа деңгейден төмен тиімділікпен пайдаланылып жүрген алаптар алынып, арнайы ,жер құрамына енгізіледі. Бұл жұмыстарды жергілікті атқару комитетінің шешімі бойынша аудандықщ жерге орналастыру комиссиясы жүргізеді. Сонан соң тілек білдірген азаматтарға шаруа қожалығын құру мақсатына осы қордан жер үлесі бөлініп беріледі.

Бірінші әдіс, қағида бойынша, совхоз-колхоздардан бөлінген, екіншісі – сырттан келген адамдардың ауылшаруашылық мақсатындағы қожалықтарын ұйымдастырғанда. Шаруа қожалығының жер иеленушілігін құрудың осы екі жолы оныңәртүрлі әдістемелік жүйелікте орындалуын себептейді. Бірінші жағдайда бүкіл жобалау және жоспарлау процесі берілген жер үлесінің мөлшерімен байланыстырылады және содан тәуелді, өйткені малдың саны егістердің аудандары жалпы алғанда өндірістің көлемі мен параметрлері де осымен себептеледі. Әрине, жетіспеген жер алқаптарын  қожалық басқа шаруашылықтардан жалға алуы мүмкін. Бірақга болашақта ауылшаруашылық жүргізудің бұл формалары кең бой алғанда, бұндай мүмкіншіліктері болуы бірталай.

Шаруа қожалығы арнайы қорда құрылғанда оның жер иеленушілігінің ауданы шектелмейді делінген. Егерде солай болса, ал бұл өзі біраз күдік тудырып отыр, онда жоғарыда атап өткен есептер мен ic-әрекеттер жоспарланған өндірістің көлемдеріне (мал басы, eгістеp т.б.) негізделеді. Демек, орындау жұмыстардың әдістемелік жүйелі түрде болуғатиісті.

Енді шаруа қожалығының жер иеленушілігін құру жөніндегі ic-қимылдардың  әдістемелік жүйелілігін қаралық.

Жер үлесі арқылы құрылатын шаруа қожалығының жер иеленушілігі мынандай жүйелікте құрылады:

а) Жер алуға құқығы бар азаматтардың саны мен алаптардың аудандарына қарай әpбip адамға тиісті жер үлесі есептеледі

Р =

бұнда, Р– бip адамға тиісті жер үлесі, га;

Рп- алаптардың аудандары, га;

А - жер алуға құқығы бар адамдардың саны;

ә) Шаруа шаруашылығының жер иеленушілігінің алғашқы (бipінші жуықтаудағы) ауданын анықтау:

Рш = Р х п

бұнда, Рш - жер иеленушіліктің алғашқы ауданы, га;

п - елдегі жерді алуға құқығы бар мүшелердің саны.

б)              Жер иеленушіліктің алғашқы шамамен орналасатын жерін белгілеу;

в)              Жердің сапасын ескеретін коэффициентті есептеу.

Кс =    Борт

             Бш.ш

бұнда, Борт – шаруашылық бойынша бонитеттің орташа балы;

Бш.ш. - сол көрсеткіш шаруа шаруашылығы бойынша.

Бұл коэффициент   алаптардың түрлері бойынша есептеледі (жыртылған жер, шабындық, жайылым).

г)              Жер иеленушіліктің ауданын жердің сапасын ескеретін коэффициенті арқылы нақтылау:

Рш.ш. = Рш. х Кс

бұнда, Рш.ш. - жер иеленушіліктің соңғы ауданы, га;

Рш - алаптардың шаруа шаруашылығы бойынша аудандары, га;

Кс - жердің сапасын ескеретін коэффициент;

 

д) Жер салығын есептеу:

С = Рш.ш. х Ц

бұнда, С - жер салығының көлемі, теңге;

Ц - 1 га жер үшін төлем (бонитет бойына қарай алынады), теңге;

е)              Есептелген жер ауданынан шығатын өнімдердің мөлшерін анықтау.

ж)              Осыған және шаруашылықтық жоспарланған мамандандырылғандығына қарай мал басын айқындау;

з)              Малдың басы мен оларға қажетті жем-шөп мөлшерін есептеу арқылы жыртылған жерді пайдалану құрамын белгілеу;

и) Осы өндіріс көлемі  жөніндегі мағлұматтарды пайдалана отырып  еңбек ресурстарының керектігін есептеу және өндіріс көлемін соңғылармен сәйкестіру;

к) Күрделі қаржылар, жалпы өнім және таза табыстың көлемдерін, сонымен бipre болжау негізгі экономикалық көрсеткіштерді есептеу;

л) Шаруа қожалығын рәсімдеу.

Нег.: 1. [71-73], 2. [84-92].

Қос.: 2. [92-94].

Бақылау сұрақтары:

1)   Ауылшаруашылық жер иеленуліктерді құру жобасының құрам бөлшектерін ата.

2)   Жер иеленушіліктің ауданын анықтау тәртібі.

3)   Орталық мекендерді орналастыру қалай жүргізіледі?

4)   Шаруа қожалығының жер үлесінің орналасуына қандай элементтер әсер етеді?

 

Дәріс №5. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЖЕР ПАЙДАЛАНУЛАРЫ МЕН ЖЕР ИЕЛЕНУЛЕРІНІҢ КЕМІСТІКТЕРІН ЖОЮ

Жер пайдаланудың кемістіктері дегеніміз ауылшаруашылық мекемелерінінің жер пайдалануындағы өндірістің экономикасына, ұйымдастыруына және жерді пайдалануда кері әсерін тигізетін қолайсыздықтар. Бұл қолайсыздықтарға жер пайданаланудың өте үлкен немесе өте кіші мөлшерлері, ыңғайсыз орналасуы және шекарасындағы кемістіктер жатады. Осы кемістіктерді жоюға бағытталған жерге орналастыру жұмыстары жер пайдалануды жетілдіру деп аталады. Кемістіктер:

1. Жер пайдаланудың тиімсіз мөлшері – оның ауылшаруашылық мекемесінің мамандығына, аймақтық тиімді мөлшерлерге сәйкес келмеуі. Мысалы, солтүстік аудандарда: қой шаруашылықтарының мөлшері өте үлкен болуы мүмкін, ол шаруашылық экономикасына, немесе ұйымдастыруына кері әсерін тигізбейді. Ал егер оңтүстік аудандарда орналасқан жеміс-жидек немесе көкөніс өсірумен айналысатын шаруашылықтардың мөлшері жоғарыда айтылған солтүстік ауданда орналасқан қой шаруашылығының мөлшеріндей болса, бұл өте қолайсыз және тиімсіз мөлшер болады. Өйткені бұл шаруашылықтарда жұмыс қолы өте көп пайдаланылады. Сондықтан, осыншама көлемдегі жерді игеру үшін өте көп адам керек болады. Екіншіден, бұл өнімдер өте тез бұзылатын, алыс жерге тасымалдауға келмейтін болғандықтан олардан алынатын түсімдер шығындардан асып кетуі мүмкін. Сондықтан, мұндай жағдайда жер пайдаланудың ықшам ауданы және қалаға немесе басқа үлкен елді мекенге, яғни, сол өнімдерді сату мүмкіншілігі жоғары, елді мекендерге жақын орналасқаны тиімді.

Сонымен, ауылшаруашылық мекемесінің тиімді мөлшері деп, шаруашылықтың мамандығына, оның орналасқан аймағына сәйкес көлемді шаруашылық мөлшерін атайды. Мысалы, мал шаруашылығы бойынша шаруашылықтар жерлерінің тиімді мөлшері бірдей болуы мүмкін емес. Қойды алысқа айдауға болады, ал сиырды оның ішінде – сүтті сиырды өте алыс айдауға болмайды. Мысалы, шошқа бір орында тұрып өсіріледі және бордақыланады. Сондықтан қой шаруашылығының мөлшері 20-50 мың га, ІҚМ шаруашылығының мөлшері –16-18 мың га, шошқа шаруашылығы 1-5-7 мың га а/ш алқаптарына сәйкес болулары керек. Бұл шаруашылық мөлшерлері салыстыру үшін берілген. Қазіргі кезде, ауылшарушылық құрылымдарының мөлшерлерінің айырмашылықтары өте үлкен болғандықтан олардың оптимальды мөлшерлерін атау қиын.

2. Жер пайдаланудың кемістіктерінің бірі - жер пайдаланудағы ауыл шаруашылық пайдаланулардың тиімсіз құрамы мен үлесі. Яғни, ауылшаруашылық алқаптарының құрамы мен үлесінің а/ш кәсіпорнының мамандығына және оның құрамындағы салаларға сәкес келмеуі. Мысалы, мал шаруашылығымен айналысқан кәсіпорынның жер пайдалануының үлесінде шабындық пен жайылым көп болуы керек, ал егістік пен шошқа шаруашылықтарының үлесінде егістік алқаптары көбірек болу керек.

Информация о работе Жерге орналастыру