Жерге орналастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:46, курс лекций

Описание работы

Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.

Работа содержит 1 файл

УМК ЖОЖ 4кр.doc

— 508.00 Кб (Скачать)

 

г) участкелік жерге орналастыру

ЖҰМЫС ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮР ТАРМАҚТАРЫ

ШАРАЛАР ТҮРЛЕРІ

жаңа жерлерді игеру

Ауылшаруашылық алқаптарды жақсарту

Рекультива-циялау

Мәдени-техникалық шаралар

Эрозияға қарсы шаралар

Мелиора-

тивтік шаралар

Жұмыс жобаларының түрлері

Егістегі бұталар мен сирек ормандар-ды жотау және т.б.

Егістерді

жақсарту

Ауылшаруа-шылық алқаптарын жақсарту

Мал азықтық алқаптарды түбегейлі жақсарту

Жел эрозиясына қарсы

Лимандық суару

 

Мал азықтық алқаптарда төбешіктерді жою

Сортаң жерлерді мелиора-циялау

 

 

Жайылым-дарды

үстіртін жақсарту

 

 

 

Басқа-

лары

Су шаруашылықтық мақсат үшін

Бұталар мен сирек ормандарды жою

Су эрозия-сына қарсы

Кішігірім учаскелер-ді суару

Орман отырғызу үшін

Жыралардың еңістілігін азайту

Эрозия-лардың бірлесе әсерінен қорғау

 

 

Басқалары

Жобалау тапсырмасы және далалық зерттеу актісі мен сызбасы дайьшдық жұмыстарының қорытындысы болып табылады.

2) Дайьшдық жұмыстардан кейінгі кезең - жобалау. Бұл жерге орналастыру процесінің ең жауапты және күрделі құрамдас бөлігі. Оның нәтижесінде ғылыми тұрғыдан жан-жақты негізделген жоба жасалуға тиісті.

Соңгысыньң мазмұны мен құрамы шаруашылық аралық жерге орналастырудың типіне, алдына қойылған мақсат-міндеттеріне тікелей байланысты. Сондықтан жеке жобалардың арасындағы айырмашылықтар да елеулі. Дегенмен, жобалардың кайсысы болса да графикалық белгілі (жобалық план мен баска қажетті сызбалар) мен түсініктемеден тұрады. Соңғысы жобаны экономикалық және құқықтық тұрғыдан негіздеу материалдарын қамтиды. Жалпы алғанда, жобада қағида бойынша мынандай мәселелер қарастырылады: жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың аудандарын белгілеу, оларды орналастыру және межелерін жобалау, алаптардың аудандары мен құрамын қалыптастыру.

Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы экономикалық тұрғыдан жан-жақты негізделуге тиісті. Қабылданған жобалық шешімдер нақты есептермен дәлелденеді. Осы мақсатпен 6ip қатар экономикалық және техника-экономикалық көрсеткіштер есептеледі. Жасалған жобаның бірнеше нұсқаларынан бұл көрсеткіштер салыстырыла отырып ең тиімдісі тандалады.

3) Үшінші кезең шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын құқықтық турғыдан ресімдеуді оны қарап талқылау мен бекітуді қамтиды.

Алдынан жоба әрбір жерге орналастыруға тартылған шаруашылықтарда өндірістік кеңестс (немесе еөкілдер жиналысында) қаралады. Сонан соң ол аудандың әкімшілігіне бекітілуге жібершеді. Егерде бұл органның өкілеттілігі жеткіліксіз болса, жоба ауыл шаруашылық Министрлігінде қаралып Министрлер кабинетінде бекіледі.

4) Бекітілген жоба  нақты  мәніне  шығарылады. Бұл кезенің  мәні жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктердің жобалық мәндерін нақты мәндеріне шығарып, арнайы белгілермен бекіту. Соңғылары темірбетон, ағаш немесе басқа матсриалдардан жасалуы мүмкін. Белгілердің ара қашықтықтары 2000м аспауға тиісті. Ашық жерлерде меже жалпақтығы 20см аралықтармен көрсетіледі. Жобаны нақты мәніне шығару үшін жұмыс сызбасы жасалады. Жер иеленушілердің (жер пайдаланушылардың) межелері мемлекеттік геодезиялық торабымен байланыстырылады. Жобаны нақты мәніне шығару шаруашылық өкілдерінің қатысуымен жобалау институтының мамандары орындайды. Бұның нәтижесінде межелерді сипатгайтын хаттама мен сызба жасалады.

Соңында шаруашылыққа (кәсіпорынына) жерді иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін мемлекетік Акт тапсырылады.

Нег: 4.[39-51].

Қос: 11. [21-27], 12. [14-17]

       Бақылау сұрақтары:

       1. Жоба алды өңдеулер немен қорытындыланады?

       2. Аудандық жерге орналастыру схемасының қысқаша мазмұны және оны жобалау

       барысында өңдеу.

       3. Жерге орналастыру жобаларын топтастыру, түрлі топтар мен топшалардың түрлі ерекшелігі.

       4. Жерге орналастыруды жобалау кезеңдерін атаңыз және сипаттама беріңіз.

       5. Жобалық мәселелерді шешу әдістері, оларды жеке қолдану жағдайы.

6. Жоба варианттарын талдау жәнебағалау үшін қандай технико-экономикалық және экономикалық көрсеткіштер қолданылады?

 

Дәріс №3. ШАРУАШЫЛЫҚ АРАЛЫҚ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕТІН МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жер кодексі бойынша республикалық жер қоры мақсатына қарай 7 санатқа бөлінеді. Жердің тікелей пайдалануын нақты жер пайдаланушылар мен жер иеленушілер жүзеге асырады. Басқаша айтқанда - мемлекетік, кооперативтік, қоғамдық, жеке меншік кәсіпорындары мен ұйымдары. Осы шаруашылық субъектілерге иеленуге берілген жер үлестерін жер иелігі, ал пайдалануға берілген жер үлестерін жер пайдаланулар деп аталады. Жер иелігі (жерпайдалану) - бұл шаруашылыққа, кәсіпорынына немесе басқа заңдық құқық иесіне нақты мақсатпен берілген орны, көлемі және нақты мәселелері белгіленген территория.

Жер иелігінің жер пайдалануға қарағанда бір өте маңызды ерекшілігі бар. Егерде, жер пайдаланылуы белгілі бір мерзімге және нақты мақсатпен берілсе, жер иеленілуі мерзімсіз, иеленушілік мақсатына сай беріледі.

Қазақстан Республикасында ауылшарушылық өндірісте пайдаланылатын жерлердің жалпы территориялық көлеміндегі үлес салмағы 75%-дай (бұрынғы одақ бойынша-47%), соның ішінде жыртылған жерлер-15%. ТМД-ның басқа аймақтарына қарағанда бұл өте төмен көрсеткіш. Мысалы, Россияның Орталық қаратопырақ аймағында оның деңғейі 80% жетеді.

Қазақстан Республикасының Жер кодексі бойынша жер пайдалануы (жер иелігі) қоғамдық немесе жеке меншік болуы мумкін. Біріншісіне көптеген ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жер пайдаланулары жатады. Жеке меншік жер иеленуі республикада жаңа бой алып келе жатқан жер пайдалану формаларының 6ipi. Бұларға алдымен шаруа қожалықтарының жер иеліктері жатады. Келешекте тағы да осы жер пайдалану формасында негізделген, көптеген жер иеленулердің түрлері пайда болуы мүмкін. Осымен қатар жер пайдаланулар мен жер иеліктері мақсатына қарай ауылшарушылық және ауылшаруашылық еместерге бөлінеді. Біріншілеріне ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың жер иеліктері мен жер пайдаланулары жатады. Ал, ауылшаруашылық еместері транспорт, өнеркісіп, елді мекендер, орман, су шаруашылықтары мен кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын қамтиды. Сонымен 6ipгe бip категорияға тарихи-мәдени және рекреация мақсатындағы жерлер жатады.

Уақыт аспектісінде жер пайдаланушылықтардың мерзімсіз және уақытша түрлері  болады. Соңғысы ұзақ мерзімді мен қысқа мерзімді болып бөлінеді.

Жер иеліктері мен жер пайдалануларды құру және өзгерту, халықшаруашылық салаларының мұқтаждықтарына сай жерді бөлу және қайта бөлу, шаруааралық жерге орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың осы ic-қимылдарына қарай жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері және осы арқылы жер пайдалану жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастары белгіленеді.

Сонымен қатар шаруашылық жүргізу жағдайлары өзгеріп отырады. Демек, шаруашылық аралық жерге орналастыру - техникалық және құқықтық ic-қимылдар арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және техникалық шаралар жүйесі.

Учаске мекемелерінің өзгеруі, оған иеленуге (пайдалануға) құқықтық тууы, қағида бойынша, шаруашылық аралық жерге орналастырудың нәтижесі болып табылады. Бұл құқық кеңістік аспектісіне шаруааралық жерге орналастыру арқылы белгіленген мекемелермен шектеледі. Бірақта, шаруашылық аралық жерге орналастырудың мәні тек мәселерді жүрізуге емес. Жалпы алғанда оның мағынасы кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жер иеленулерін (жер пайдалануларын) құруды, реттестіруді немесе өзгертуін, оларды экономикалық жағынан тиімді түрде орналастыруды, қолайлы құрылымдарын белгілеуді қамтиды.

Шаруашылық аралық жерге орналастыруды жүзеге асыра отырып 6ip қатар принциптерді нұсқау ретінде қолдану қажет. Соның ішінде:

-      республиканың жер туралы заңдарын қатал ескеру, жер пайдаланушылықтар, жер иеленушіліктердің мәселелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

-      жердің ысырапсыз және тиімді, ғылыми тұрғыдан негізделген пайдалуын, ауыл шаруашылығының жерге деген приоритетін қамтамасыз ету;

-      әрбір жер пайдаланушыға өзінің міндеттерін ойдағыдай атқаруға, өндірісінің тиімділігін арттыруға қолайлы кеңістік жағдайлар жасау;

-      жер мен басқа табиғи ресурстарды қорғауға жан-жақты мүмкіншілік жасау.

Жер пайдаланулар мен жер иеліктерінің жүйесі шаруашылық аралық жерге орналастырудың объектісі болып табылады. Бұл қағида бойынша әкімшілік аудан немесе бip топ қатар орналасқан жер пайдаланулар мен жер иеліктер.

Шаруашылық аралық жерге орналстырудың міндет-мақсаттары сан алуан. Дегенмен, оларды екі топқа түйістіруге болады:

-              жердің ысырапсыз пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыру; өндірісті территория жағынан ұйымдастыру.

Осылармен бipгe шаруашылық арлық жерге орналастыру арқылы жердің негізгі мақсаттық қызметі белгіленеді, халықшаруашылық салалары мен жеке пайдаланушыларға (иеленушілерге) жер үлестері бөлінеді және соңғылардың дұрыс орналасуы анықталады.

Сонымен қатар шаруаралық жерге орналастыруға жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктерді өндірістің талаптарына қарай үнемі жетілдіріп отыру міндеті жүктеледі.

Шаруашылық аралық жерге орналастыру екі түрлі тармаққа бөлінеді:

-         ауылшаруашылық кәсіпорындардың жер иеленушіліктерін құру;

-         ауылшаруашылық емес мақсаттағы жер пайдалануларды құру.

              Шаруашылық аралық жерге орналастыруды жобалау жолдары:

              - жер иеліктері мен жер пайдалануларының қaзіргі күні зерттеліп жерге орналастыру қажеттілігін тудырған себептер анықталады және сол себептерді жою жолдары белгіленеді;

-         мүдделі жер иелері мен жер пайдаланулардың талаптары айқындалады, оларды қанағаттандыру мүмкіншілктері қарастырылады;

-         жобалау тапсырмасы жасалып, қарастырылады және бектіледі.

Жалпы алғанда дайындық жұмыстар камералдық дайындау мен далалық зерттеуден тұрады. Камералдық жерге орналастырулық дайындалудың мақсаты жан-жақты негізделген жобаның жасалуын қамтамасыз ету. Бұл жұмыс жерге орналастыру процесіне қатысушыларды анықтаумен олардың тізімін жасаудан басталады. Содан кейін мынандай материалдар мен құжатар жиналып зерттеледі:

-         жерге орналастыру жөніндегі өтініштер, шешімдер, каулылар;

-         жерге орналастыру процесінде қатысатын шаруашылықтар мен кәсіпорындардың мақсат-міндеттері мен даму перспективалары жөніндегі мағлұматтар;

-         аудандық және облыстық жерге орналстыру схемалары;

-         жерді пайдалануға құқық беретін кұжаттар;

жерді есепке алу және бағалау жөніндегі қадастрлық мәліметтер;

-         жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың қолайлы масштабтағы жеке және жалпы пландары;

-         бұрыңғы жүргізілген жерге орналстыру материалдары;

-         топырақ, геоботаника, мелиорация, су шаруашылығы және басқалары жөніндегі зерттеу-іздестіру материалдары;

-         мелиорация, суландыру және сол тәріздес жобалар;

- жерге орналастыруға тартылған кесіпорындардың өндірістік нәтижелерін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер;

-              шаруашылық орталықтар,  соларда тұратын  жұрт және  өндірістік  құрылыстар тұралы мағлұматтар.

Әрине, бұл құжаттардан тізімі жобаның түрі мен міндет-мақстатарына қарай өзгеріп отыруы мүмкін.

Камералдык дайындаудың нәтижелеріне қарай далалық зерттеу жұмыстарының келемі белгшенеді. Олардың макеты жетіспейтін материалдардың орнын толықтыру. Зерттеу жұмыстарын жерге орналастыру женіндегі жобалау институттарының мамандары мен шаруашылық өкілдері жүргізеді. Керекті жағдайларда бұған басқа да мамандар қатысуы мүмкін.

Информация о работе Жерге орналастыру