Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:46, курс лекций
Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.
- Халық шаруашылық салаларының келешектегі дамуына сәйкес жерлерді санаттар арасында бөліп тарату;
- Ауыл шаруашылық өнімін өндіруді жоғарлату жөніндегі ұсыныстар;
- Ауыл шаруашылық өндірісін орналастыру және мамандандыру бойынша ұсыныстар;
- Ауданда келешекте күтілетін жерге шаруашылық етудің көп түрлі формалары мен көп салалы экономиканы ескеріп тұрғындарды орналастыру және аумағын ұйымдастыру бойынша болжамдық белгілер;
- Жерді қорғау шаралары;
- Ауданда жерді тиімді пайдалану және қорғау бойынша белгіленген шараларды жүзеге асыру кезектілігі мен экономикалық тиімділігі.
Әсіресе, әкімшілік ауданның жерге орналастыру схемасы нақты өңделеді. Онда жерге орналастырудың көптеген түпкілікті мәселелері нақты шешімін табады, онда келешекте шаруашылық аралық, шаруашылық жерін және учаскелік жерге орналастырудың инженерлік жобаларын, сондай ақ мелиорация, ауыл елді мекенді жоспарлау, жол құрылысы және т.б. құру үшін негіз болады.
Жерге орналастыру схемасында жерді пайдалану мен елді мекендерді, өндірістік және басқа кешендерді орналастыру өзара байланысы ескеріледі.
Сонымен, кез келген жоба құрушы жоба жасамастан алдын шешетін мәселені түпкілікті салалық және кешендік схемаларда, жерге орналастыру схемасында, басқа болжамдау және жоспарлау жобалық өңдеулерде оған тікелей немесе жанама қатынасы бар болса үйренуі керек.
2.2 Жобаларды топтастыру (классификациялау)
Жерге орналастыру жобалардың көп түрлілігімен ерекшеленеді. Олардың мазмұны мен құру әдісі жерге орналастыру түрлерімен, әр түрлілігімен және формаларымен анықталады, жерді пайлалану қарқындылығына және ауыл шаруашылық өндірісінің интенсификациясы деңгейіне, аумағын орналастырудың кеңістік жағдайына, сала аралық масштабтағы қойылған мәселелеріне байланысты болады. Бәрінен бұрын жобалар үлкен үш топқа бөлінеді, жерге орналастыру түрлеріне сәйкес- шаруашылық аралық, шаруашылық жерін орналастыру және учаскелік.
Жерге орналастыру объектісіне қарай екі түр тармаққа ажыратылады. Олардың біреуі ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын құруға, қайта құруға, реттестіруге және жетілдіруге, екіншісі - әр түрлі мемлекеттік, қоғамдық және жеке шаруашылық мұқтаждықтарға (өнеркәсіптік, азаматтық, энергетикалық, гидротехникалық және басқа құрылыстарды жүргізуге, қорғаныс, транспорт, байланыс, ғылым, мәдениет және т.с.с.) жер бөліп беруге байланысты. Демек ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын құру.
Жерге орналастыру құрамында оның тек екі түрін белгілегенде жер категориялары мен жерге орналастыру іс-қимылдарының мазмұны толық қамтылмайды, өйткені олардың кейбіреулері халық шаруашылығы салалары мен әкімшілік-территориялық бірліктерге, ал кейбіреулері тек жеке кәсіпорындарға қатысты.
Қазіргі жерге орналастыру сала аралық сипаттағы, жалпы республика, сонымен бірге халық шаруашылығының жеке салаларының көлемінде, жердің пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған іс-қимылдарды қамтиды. Сондықтан қазіргі кезде жерге орналастыру құрамында сала аралық (САЖО) жерге орналастыру түріның белгіленіп отыр. Сала аралық жерге орналастыру арқылы жер қорының категорияларға бөлінуі, соңғыларының көлемінде арнайы мақсаттағы жер қорларының (осылардың қатарында аудандың әкімшілік жанындағылары мен оралмандарға арналғандары) құрылуы, елді мекендердің, басқаша айтқанда, ішінде жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтар орналасқан агромелиорация шептерінің жүргізілуі жүзеге асырылады. Елді мекеннің жер массиві мен межелері әкімшілік-территориялық бірлік немесе ауыл округінің бір бөлігі болып табылады. Сала аралық жерге орналастыруға облыстар мен аудандардың шекараларын белгілеу, тіпті мемлекеттік шекараны делимитациялау жөне демаркациялау жөніндегі іс-қимылдар жатады.
Жерге орналастырудың екінші түрі – шаруашылық аралық жерге орналастыру (ШАЖО) бір топ шаруашылықтың, ал кейбір кезде бүтін аудандардың территориясында жүргізіледі, бірақта тек жеке саланың (өнеркәсіп ауыл шарауашылығы және т.с.с.) шеңберінде. Нақтылы түрде ШАЖО әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес заң түлғалары мен жеке тұлғалардың мүдделерін, олардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтарын құру немесе қайта құру арқылы қанағаттандырып отырады. Оның түр тармақтары ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес жерлерде жүргізілуіне қарай ажыратылады.
Шаруашылық жерін орналастыру (ШЖО) тек ауылшаруашылық көсіпорындарының, серіктестіктердің, кооперативтердің және ШФҚ-ның шеңберінде ғана жүргізіледі. Оның негізгі масаты жерді өңдеудің жаңа технологияеын енгізуге, топырақты әр түрлі техногендік және табиғи теріс ықпалдардан қорғауға, мәдени ландшафттарды жойылудан сақтап қалуға және жаңаларын қалыптастыруға қолайлы территориялық реттілік жасау.
Шаруашылық жерін орналастыру формаларының бөлінуі тәлімі және суармалы егіншілік аймақтарында жобалық міндеттердің әр түрлі әдіс-тәсілдері арқылы орындалуымен себептеледі.
Тәлімі егіншілік аймақтарында жер учаскелерінің пайдалануы топырақ қорғау жүйесін, эрозия (жел, су немесе олардың қосыла әсер етуі) қауіптілігін,жердің сортаңданғандығын және басқа да осы тәріздес теріс ықпалдарды ескере отырып ұйымдастырылады. Осымен қатар басқа территориялардың да (аридтік және маусымдық жайылымдар) ерекшеліктері ескерілуі мүмкін. Суармалы егіншілік дамыған аймақтарда ішкішаруашылық территорияны реттестіру суару жөне коллекторлық - дренаждық жүйенің, оның жеке элементтерінің орналасуымен, суды пайдалану мәселелерімен тығыз байланысты.
Учаскелік жерге орналастыру жеке учаскенің немесе алқап түрінің шеңберінде жүргізіледі. Жерге орналастырудың бұл түрінде жұмыс жобаларының типтеріне қарай мынадай түр тармақтарын белгілеуге болады:
1-ауылшаруашылық алаптарды жақсарту;
2-бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация);
3-жаңа жерлерді игеру;
4-культуртехникалық шараларды жүргізу;
5-эрозияга қарсы шараларды жобалау;
6-мелиоративтік шараларды жоспарлау.
2.3 Жерге орналастыруды жобалау кезеңдері
Жерге орналастыру процессі бірнеше кезеңдерден тұрады:
1) Жобаны жасаудың алдынан дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұған мынандай 6ip қатар ic-қимылдар өнеді:
- жерге орналастыру процесіне қатысатын жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құрамы анықталады;
- жерге орналастыруды жүргізуге қажетті құжат-материалдар (құқықтық, план- картографиялық, іздестіру, экономикалық т.б.) жиналады;
- кәсіпорындардың шаруааралық байланыстары;
- инфрақұрылымның орналасуы және даму деңгейі;
- жер мен табигатты коргау женшдеп талаптар;
- жобалық құжаттардың құрамы;
- жобаның ықтимал варианттары және жалпы көріністері.
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Кесте 1
а) салааралық жерге орналастыру (САЖО)
Түр тармақтары | |||||
Жерді жер қоры санаттары бойынша бөлу: 1)а.-ш жерлер; 2) елді мекен жерлері; 3)өндіріс,транс-порт, байланыс, қорғаныс және басқа а.ш. жат-пайтын жерлер; 4) ерекше қорғалатын табиғи территориялар; 5) орман қоры; 6) су қоры; 7) босалқы жерлер | Жерді тиімді пайдалану және қорғау республикалық аймақтық бағдарламаларын құру, аудандық жерге орналастыру схемаларын және болжамдарын құру | Елді мекендердің шегараларын белгілеу және жер-шаруашылықтық орналастыру: - қалаларды; - поселкелерді және аудан орталықтарын - ауылдарды және селолық елді мекендерді | Әкімшілік территориялардың шегараларын анықтау: - облыстар-дың; - аудандар-дың; - село округтері-нің | Ерекше қорғалатын табиғи территориялар-дың шегараларын анықтау: заповедниктер-дің; - ұлттық паркілердің; - ұлы қайраткерлердің мекендерінің; сауықтандыру территориялары-ның; рекреациондық территориялар-дың. | Мемлекет-тік шегаралар-ды делими- тациялау және демаркациялау |
б) Шаруашылық аралық жерге орналастыру (ШАЖО)
Түрлері | ||||||||
Ауылшаруашылық қажеттіліктерге | Ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге | Арна-йы қорлар-ға жер бөлу және оларды тара-ту | ||||||
Жаңа жер иеліктерін және жер пайдалануларды құру | жер иеліктерін және жер пайдалануларды қайтадан құру және реттестіру | Жер бөліп беру және жер иеліктері мен жер пайдалануларды құру | ||||||
Ф О Р М АЛАРЫ | Ф О Р М АЛАРЫ | |||||||
Жеке меншікке | Тұрақты пайдалану- ға | Жалға | Мемлекет-тік қажеттілік-ке | Мемлекеттік емес қажеттілікке | ||||
ШҚ (Ф)Ш | ЖҮ (ҮҚ)Ш | Еншілес мекемелер | Қызметтік жер үлесі | Заңды тұлғаларға | Жеке азаматтар-ға | |||
Ф О Р М АЛАРЫ | Ф О Р М АЛАРЫ | |||||||
Ауылшаруашылығы өндірісімен айналысатын әртүрлі мамандықтардағы шаруашылықтар | Тау кен қажетті-лігіне | Өндірістік қажеттілікке | Энергети-калық қажеттілікке |
в) Шаруашылық жерін орналастыру (ШЖО)
ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫҢ МАМАНДЫҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ Ф О Р М АЛАРЫ | |||||||||
Астық-мал өсіру шаруашы-лығы | Астық-қой өсіру шаруашы-лығы | Астық-шошқа өсіру шаруашы-лығы | Мақта өндіру шаруашы- лығы | Күріш өндіру шаруашы- лығы | Қызылша өндіру шаруашы лығы | Жеміс-жидек өндіру шаруашы- лығы | Бас-қала- ры | ||
ЖЕРДІ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ОНДА ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ФОРМАЛАРЫ | |||||||||
Шаруа қожалықтары (фермерлік шаруашылықтар) | Мемлекеттік заңдық тұлғалар | Мемлекеттік емес заңдық тұлғалар (ӨК, АҚ, ЖШҚ и др.) |
Жалға |