Комерциялық банк АТЫ

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:32, реферат

Описание работы

Қазақстан - бұрынғы одақтас республикалар арасында әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды әрі дағдарыстан қысқа мерзімде шығу шараларын жасаған бірден-бір ел. Дәл қазіргі уақытта республикамызда жоспарлаудың жаңа үлгісі жұмыс істеуде. Елді гүлдендіріп, көркейтуді мақсат еткен, халықтың әл-ауқатын арттыруды негіз еткен маңызды құжат «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағыты осы жаңа үлгінің арқауы.Осы құжат қабылданғаннан бергі он жылды қорытындылай отырып, біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы осындай стратегиялық өзектіліктің болуының маңыздылығын түсіндік.

Содержание

КІРІСПЕ


1
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1
Коммерциялық банктер және олардың қызметін ұйымдастыру

1.2
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

1.3
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің даму жағдайы


2.
«АТФ БАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ

2.1
«АТФБанк» акционерлік қоғамының қызметі және оның негізгі қаржылық көрсеткіштері

2.2
«АТФБанк» акционерлік қоғамының депозиттік қызметін талдау

2.3
«АТФБанк» акционерлік қоғамының несие беру қызметін талдау





ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Комм банк АТФ (2).doc25.doc

— 603.00 Кб (Скачать)

                       күрделі мазмұндағы шығындарды жүзеге асыру (қолданыстағы өндірістерді жетілдіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру);

                       басқа да мақсаттар.

2009 жылы несие беру саясаты қысқа мерзімді, сондай-ақ ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыруға бағытталды.

Қысқа мерзімді несиелер негізінен қарыз алушылардың ағымдағы қызметтерін, оның ішінде экспорттық және импорттық операцияларды жүргізуге, жанармай және шикізат сатып алуға және т.б. қаржыландыруға арналған.

Ұзақ мерзімді несиелер – кәсіпорынның негізгі қорларын сатып алу, қайта жөндеу және жетілдіруге арналған. Қарыз алушылармен ұзақ мерзімді және тұрақты өзара қатынастар орнату мақсатында бұрынғыдай несие беру лимитін орнату тәжірибесі қолданылды, бұл лимиттер арқылы қарыз алушылар барлық кезең бойы алдын ала келіскен шарттармен несие қорларын алуға мүмкіндіктері болады.

2009 жылы банк жеке тұлғалардың тұтыну мақсаттарына, оның ішінде жылжымайтын мүлікті, автомобильдерді, ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарларды сатып алуға, оқуға, емделуге, салтанаттар, демалыстар, жөндеу жұмыстарын өткізуге және т.б. мақсаттарға несие беру бағдарламасын жетілдіру жұмыстарын жалғастырды.

Банк тұрғын үй алуға арналған ипотекалық несие беру шарттарының мерзімін 20 жылға дейін ұлғайту бөліміне, алғашқы жарнаны 15%-дан      10%-ға дейін төмендетіп өзгерістер енгізді, сонымен қатар ипотекалық қарыз беру жүйесіне оңайлатылған жаңа бағдарламалар жасады. Банк банктің ипотекалық бағдарламасы шеңберінде және №715 28.06.2004 ж. ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде де «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ және «Қазақстандық ипотекалық несиелерді сақтандыру қоры» АҚ-пен тығыз байланысын жалғастыруда.

2009 жылы банк алдыңғы қатарлы құрылыс компанияларымен бірігіп, жеке тұлғаларға салынып жатқан тұрғын үйлерді сатып алуға несие беру саласында айтарлықтай сәттіліктерге қол жеткізді. Бүгінгі күні банк 26-дан астам құрылысшымен өзара тиімді ынтымақтастық шарттарын жасаған. «Альянсстройинвест», «Бахус Астана», «Серт», «Mega Center Building», «Сэт Жол», «MAG», «Анфилада», «Алуан-АС», «Ақтөбе центр», «Европолис» және т.б. компаниялар Банктің серіктестері болды. Банк пен «Альянсстройинвест» ірі құрылыс компаниясы бөлшектік сауда нарығында салынып жатқан жылжымайтын мүлікті қаржыландыру саласында банктің және құрылыс компаниясының клиенттеріне кепілдік беретін ерекше өнім жасады. Енді клиент жаңа қызметті пайдалана алады – сатып алушы жылжымайтын мүлік сатып алуға шарт жасау кезінде өзі салған ақша қаражаттарын «АТФ-АСИ-Құрылыс» депозит шотына аударуға мүмкіндігі бар. Ал банк ай сайын шарттың талаптарына сәйкес, құрылыс компаниясына жылжымайтын мүлік бағасының бір бөлігін аударып отырады.

01.01.2009 ж. ипотекалық қоржын тұтыну қарыздары қоржынының жалпы көлемінің 68%-ын құрады. 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы банктің ипотекалық несие беру көлемі 2,2 есе артты.

Сурет 12. - Тұрғындардың мерзімді салымдарының динамикасы,           млн. теңге

 

Халықтың қарыз алуға оңай қол жеткізуi үшін, банк жеке тұлғалардың қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету саясатын мақсатты түрде жүргізіп отыр. Осылайша, мысалы, 2007 жылы автомобильдерді сатып алу үшін банктің мына автосалондарда сыйақы мөлшерлемесі төмендетілген несие беру бағдарламалары жүргізілді: «Созвездие Авто», «Hyundai Center Kazakhstan», «United Motors Kazakhstan», «Автоцентр Бавария», «Арыстан Авто», «Меркур Авто», «MAuto», «Saitco», «Тurin Auto», «Алматы Авто», «Агес», «ABS Invest» және басқалар. Сонымен қатар, тұрғындар ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді несие беру «АТФ-Универсальный» жаңа бағдарламасына, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің студенттеріне оқуға, «Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаратын инвестициялық пай қорларын пайларды кепілзатқа қою арқылы тұтыну мақсатына қарыз алуға жоғарғы қызығушылық білдіріп отыр. 01.01.2008 ж. банктің қарыз қоржынындағы тұтыну несиелерінің үлесі 13%-ды құрады.

2009 жылдың соңына тұтыну несиелері бойынша банктің несие қоржыны 30 819 994 мың теңгені, қарыздар саны – 16 329 теңгені құрады.

Сурет14. - Қарыз қоржынының құрылымы

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады. Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез-келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.Қазіргі кезде дәстүрлі қызметтерге салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан табады. Қазіргі уақытта коммерциялық банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады.

Дипломдық жұмыста коммерциялық банктердің жалпы түсінігі, олардың қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыратын операциялары төңірегінде зерттеу жұмыстары, сонымен қатар «АТФБанк» акционерлік қоғамының қызмет нәтижелеріне талдау жасалынды. «АТФБанк» акционерлік қоғамының негізгі қызмет түрлері депозиттік, несие беру, есеп айырысу-кассалық қызметіне жасалынған қаржылық талдау нәтижелері банктің еліміздің банк жүйесінде елеулі орын алатынын көрсетіп отыр. Жылдар бойынша жасалынған талдаулар әрбір қызмет түрлері бойынша көрсеткіштер динамикасының өсу тенденциясын көрсетеді.

Алайда, еліміздің жалпы банк жүйесінде реформалар өте жақсы жүріп, рейтингілік агенттіктер банктер беделін жоғары бағалап, әрі банк капиталдары нақты активтермен бекітіліп отырғанымен, олар дағдарыстан шет қала алмады.

Мемлекет коммерциялық банктердің жұмыстарына дүниежүзінде қабылданған белгілі нарықтық механизмдер арқылы ғана әсер ете алады. Банктердің шешіміне негізгі әсер етуші  - шағын тәукелге мойын ұсынып, аз шығынмен көп пайда табу. Негізі қазақстандық банктрег шетел қаржы құрылымдарымен бәсекелесу өте қиын. Өйткені олардың өз қаражаттары аз, елдің ішкі өнім өсімі тұрақтылығының рейтингісі жоғары болғанынің өзінде де, Қазақстан банктеріне ұзақ мерзімге қарыздар көп берілмейді. Біздің үлесімізге негізінен қысқа мерзімге берілетін несиелер ғана тиеді. Дүние жүзінде оларды «алыпсатарлық» несие деп босқа айтпайды. Енді қалыптасып жатқан біздің банк жүйесіне «инвестициялық» деп аталатын ұзақ мерзімді несиелер алуға мүмкіндік бола бермейді. Нәтижесінде, банктердің өндірістік жобаларды немесе сенімді шикізат көздерін ұзақ мерзімге қаржыландыруға мүмкіндігі болмағандықтан да, олар өздеріне ыңғайлы ипотекалық несиені немесе шағын бизнестің сауда операцияларын қаржыландыруға мәжбүр.

Бұл бағыттағы тағы бір қадам – қаржы салуға қолайлы тұстарды көбейту үшін жаңа нарық көздерін дамыту.

Сонымен қатар, елімізге шетелден қысқа мерзімді несиелерді тартып отырған екінші деңгейдегі банктер артық ақша проблемасын алып келді. Несиелер елдегі бөлшек саудада сатылатын барлық тауар, бұйымдар бағасының қымбаттауына сеп болып, тұрғындардың қолындағы қаржылар сәл де болса құнсыздана бастады. Осы орайда коммерциялық банктер тарапынан берілетін несиелер көлемін шектеу мақсатында  оларға қатаң талаптар қойылу қажет.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

 

1.      Ақша,несие,банктер. Ғ.С.Сейітқасымов. Алматы,2001жыл.

2.      Қаржы, ақша айналысы және несие. Р.О.Смағұлова. 2008жыл.

3.              Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен

4.              М.В Ивошин «Инвестиция. Организация управления и финонсирования.»//Москва 1999 жыл//

5.              Аналитическая  информация  о   состоянии рынка ценных бумаг Республмкиа Казахстан. // Рынок ценных бумаг Казахстана. N° 1. 2006 жыл

6.              Бочаров В.В. “Современный финансовый менеджмент”  Москва Санкт-Петербург, Нижний Новгород Воронеж Ростов-на-Дону Екатеринбург, Самара Новосибирск Киев-Харьков. Минск. 2006 жыл

7.              Журнал “Хабаршы” 2004-2006 жылдар

8.              Инвестициоиный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО 

9.              Косжанов.Т.Н. “Промышленная  и  инвестиционная политика в  долгосрочной стратегии экономики страны, //Транзитная экономика,№ 7.2005 жыл

10.              Қаржы-қаражат А. Қантарбаев //Инвестицияларды талдау// 2004-2006 жылдар

11              Методические рекомендации по оценке эффективности иевестиционных проектов: Официальное издание. - Москва Экономика 2000 жыл

12.              Нәдірбек Әпсәләмов, Қазиқан Исабеков, Өмірзақ Сұлтанов “Экономикалық теория негіздері” Алматы ғылым 1999 жыл. 479-492б

13.              Хес О. //Совмещение акцептов с количества иа качество иностранных инвестиции// Панорама. -24.08.2005 жыл

14.              Реформировамие экономики Казахстана: Про  их решения. Алматы, 2004, С. 343.

 

 

38

 



Информация о работе Комерциялық банк АТЫ