Комерциялық банк АТЫ

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:32, реферат

Описание работы

Қазақстан - бұрынғы одақтас республикалар арасында әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды әрі дағдарыстан қысқа мерзімде шығу шараларын жасаған бірден-бір ел. Дәл қазіргі уақытта республикамызда жоспарлаудың жаңа үлгісі жұмыс істеуде. Елді гүлдендіріп, көркейтуді мақсат еткен, халықтың әл-ауқатын арттыруды негіз еткен маңызды құжат «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағыты осы жаңа үлгінің арқауы.Осы құжат қабылданғаннан бергі он жылды қорытындылай отырып, біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы осындай стратегиялық өзектіліктің болуының маңыздылығын түсіндік.

Содержание

КІРІСПЕ


1
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1
Коммерциялық банктер және олардың қызметін ұйымдастыру

1.2
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

1.3
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің даму жағдайы


2.
«АТФ БАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ

2.1
«АТФБанк» акционерлік қоғамының қызметі және оның негізгі қаржылық көрсеткіштері

2.2
«АТФБанк» акционерлік қоғамының депозиттік қызметін талдау

2.3
«АТФБанк» акционерлік қоғамының несие беру қызметін талдау





ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Комм банк АТФ (2).doc25.doc

— 603.00 Кб (Скачать)


 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ

 

 

1

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1

Коммерциялық банктер және олардың қызметін ұйымдастыру

 

1.2

Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

 

1.3

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің даму жағдайы

 

 

2.

«АТФ БАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ

 

2.1

«АТФБанк» акционерлік қоғамының қызметі және оның негізгі қаржылық көрсеткіштері

 

2.2

«АТФБанк» акционерлік қоғамының депозиттік қызметін талдау

 

2.3

«АТФБанк» акционерлік қоғамының несие беру қызметін талдау

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан - бұрынғы одақтас республикалар арасында әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды әрі дағдарыстан қысқа мерзімде шығу шараларын жасаған бірден-бір ел. Дәл қазіргі уақытта республикамызда жоспарлаудың жаңа үлгісі жұмыс істеуде. Елді гүлдендіріп, көркейтуді мақсат еткен, халықтың әл-ауқатын арттыруды негіз еткен маңызды құжат «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағыты осы жаңа үлгінің арқауы.Осы құжат қабылданғаннан бергі он жылды қорытындылай отырып, біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы осындай стратегиялық өзектіліктің болуының маңыздылығын түсіндік.

Осы орайда, Қазақстан экономикасындағы банк саласында реформа өте жақсы жүріп, рейтингілік агенттіктер банктер беделін жоғары бағалап, әрі банк капиталдары нақты активтермен бекітіліп отырғанымен, олар да дағдарыстан шет қала алмады.

Біріншіден банктер Америкадағы «ипотекалық дағдарыс» әсерін болжамдай алмады. Жағдайдың тұрақты болатынына сеніп қалған олар, сырттан қаражаттарды қысқа мерзімге алып, оларды өз клиенттеріне ұзақ мерзімге беріп отырды. Екіншіден, банктер тұрғын үй саласында лаыпсатарлық бағаның қалыптасқанын ескермеді және басқа салаларға көңіл бөлген жоқ. Үшіншіден, банктер тапқан мол табыстарын өз қорларын өсіру үшін жұмсамай, оларды еліміздегі және шетелдердегі ғимараттар мен өндірістік нысандар түріндегі бағдарсыз активтерге айналдырып отырды. Сондықтан да еліміздің банк жүйесіндегі айтарлықтай қауіптердің бір мезгілде жинала бастағандағы заңдылық.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты 2008 жылдың ақпан айында Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында «Елдің қаржы жүйесінің, әсіресе, банк секторының бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуыға тиіс» делінген. Бұл курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып табылады.

Курстық жұмыстың тақырыбы – «Коммерциялық банктердің қызмет етуін оңтайлы ұйымдастырудың теориялық және практикалық мәселелері».

Курстық жұмыстың мақсаты – коммерциялық банктердің қызмет етуінің теориялық негіздерін зерттеу және «АТФБанк» акционерлік қоғамының мәліметтері негізінде коммерциялық банктің қызмет нәтижелерін талдау негізінде банк қызметін оңтайландыруға байланысты ұсыныстар беру.

Курстық жұмыстың қойылған мақсаты аясында келесі міндеттерді шешу қарастырылған:

      коммерциялық банктердің қызмет етуінің теориялық негіздерін қарастыру;

      Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің даму жағдайын зерттеу;

      «АТФБанк» акционерлік қоғамының қызметін зерттеу және қаржылық нәтижелерін талдау;

      «АТФБанк» акционерлік қоғамының негізгі қызмет түрлеріне талдау жасау;

      коммерциялық банктердің қызметін кеңейту мақсатындағы аймақтық даму мәселелерін қарастыру;

      коммерциялық банктердің қауіп-қатерлерін басқаруға байланысты ұсыныстар беру;

      коммерциялық банктердің несие қауіп-қатерлерін реттеу аясында ұсыныстар жасау.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыруға, коммерциялық банктердің жүзеге асыратын операцияларына байланысты теориялық мәселелерге және Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің даму жағдайына зерттеулер жасалынған.

Екінші тарауда «АТФБанк» акционерлік қоғамының қызметін ұйымдастыру негіздері қарастырылып, банктің қаржылық көрсеткіштеріне, депозиттік, несие беру және есеп айырысу-кассалық қызметіне талдау жасалынған.

Қорытындыда коммерциялық банктердің қызмет етуіне теориялық зерттеулер жасау және нақты банк қызметінің нәтижелерін талдау нәтижесінде банк қызметін оңтайландыруға байланысты ұсыныстар жасалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Коммерциялық банктер және олардың қызметін ұйымдастыру

 

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болды. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

Депозиттік-қаржылық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл көптеген клиенттердің аз ғана соманы банкке қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңдарын басшылыққа алады.

Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты.

90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктердің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктері Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.

Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетін лицензияның дамыған шетелдерден айырмашылығы әмбебаптылығы болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығына да тікелей қатысуға құқығы бар.

Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа Қазақстан Республикасы Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқық береді.

Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалық металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі лицензия береді.

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

1) Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;

2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;

3) Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.

Бірінші кезеңде, банк ашатын тұлға Ұлттық банкке банк ашу үшін рұқсат алуға өтініш береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

      Рұқсат алу үшін беретін өтініші;

      Құрылтайшылық шарт (түпнұсқа);

      Банктің жарғысы (түпнұсқа);

      Банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;

      Құрылтайшылар туралы мәліметтер (Ұлттық банктің белгілеген тізімі бойынша);

      Құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);

      Құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;

      Егер бір немесе одан көп құрылтайшылары Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім;

      Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;

      Банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәлімет;

      Жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы;

      Жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі;

      Жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі;

      Жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары;

      Тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;

      Нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзыретінің барлығын растайтын құжатты;

      Басқа банктің жарғылық капиталыфна қатысуы туралы мәліметтері.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай немесе алты ай мерзім ішінде Ұлттық банкте қаралады.

Информация о работе Комерциялық банк АТЫ