Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:32, реферат
Қазақстан - бұрынғы одақтас республикалар арасында әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды әрі дағдарыстан қысқа мерзімде шығу шараларын жасаған бірден-бір ел. Дәл қазіргі уақытта республикамызда жоспарлаудың жаңа үлгісі жұмыс істеуде. Елді гүлдендіріп, көркейтуді мақсат еткен, халықтың әл-ауқатын арттыруды негіз еткен маңызды құжат «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағыты осы жаңа үлгінің арқауы.Осы құжат қабылданғаннан бергі он жылды қорытындылай отырып, біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы осындай стратегиялық өзектіліктің болуының маңыздылығын түсіндік.
КІРІСПЕ
1
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Коммерциялық банктер және олардың қызметін ұйымдастыру
1.2
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
1.3
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің даму жағдайы
2.
«АТФ БАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1
«АТФБанк» акционерлік қоғамының қызметі және оның негізгі қаржылық көрсеткіштері
2.2
«АТФБанк» акционерлік қоғамының депозиттік қызметін талдау
2.3
«АТФБанк» акционерлік қоғамының несие беру қызметін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ұлттық банк ашуға рұқсаталуға берілген өтініштердің есебін жүргізеді.
Екінші кезеңде жаңадан құрылатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
Ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
Жарияланған жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлеріән жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
- заемдіқ операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттыраны және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
- ломбардық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару; банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалық қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
брокерлік – мемлекеттің бағалы қағаздарымен;
дилерлік – мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;
кастодиандық;
клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлерін Ұлттық банктен жекелеген және кешенді лицензиялар беріледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Баанктің филиалы – филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілген банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Заеңға сәйкес банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:
филиал ашуға рұқсат алу өтініші;
банк операцияларының тізімі көресітлген банк филиалы туралы ереже;
бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.
Шетелдік банктердің Қазақстан Республикасы аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады.
Банктің өкілдігі – банктік операцияларды жүзеге асырмайцтын, банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналарсқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Банк өкілдігі Ұлттық банктің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін Ұлттық банкке мынадай құжаттарын тапсырады:
өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;
өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;
Қазақстан Республикасы аумағында өкілдік ашу туралы өтініші жасаушы банктің шешімі;
өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;
аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;
өтініш жасаушы банктің Қазақстан Республикасы аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;
өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мәліметтер.
Еншілес банк – жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.
Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) – Қазақстан Республикасы аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілдік мәртебесі жоқ, заңды тұлға болып табылмайтын, Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтық бөлімшесі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсатын мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:
- банк тарапынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралу туралы шешім қабылдау;
- банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;
- банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеу.
1.2 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез-келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде дәстүрлі қызметтерге салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан табады.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады.
Банк операцияларын төменде көрсетілгендей топтауға болады:
уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау;
экономиканы және халықты несиелендіру;
есеп айырысу-кассалық операциялар;
инвестициялық операциялар;
банктің қаржылық операциялары;
банктің комиссионды-делдалдық операциялары;
Уақытша боса ақшалай қаражаттарды жинақтау. Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялары негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Банк ресурстары – бұл банктің пассивтік операциылары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына, әмбебаптылығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1) Банктің меншікті капиталы.
2) Банктің заемдық және тарлыған қаражаттары.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдықтар, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі меншікті капиталсыз банктің қызметін бастауы мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер қалыптасады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталын мынадай баптар құрайды:
жарғылық капитал;
резервтік капитал;
қосымша капиталдар;
банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.
Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың құрылуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады.
Қосымша капиталдар – негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталған пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар – негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойыенша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:
банк пайдасы;
акциялар шығару;
құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
облигациялар шығару.
Банктің тартылған қаражаттары. Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.