Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:32, реферат
Қазақстан - бұрынғы одақтас республикалар арасында әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды әрі дағдарыстан қысқа мерзімде шығу шараларын жасаған бірден-бір ел. Дәл қазіргі уақытта республикамызда жоспарлаудың жаңа үлгісі жұмыс істеуде. Елді гүлдендіріп, көркейтуді мақсат еткен, халықтың әл-ауқатын арттыруды негіз еткен маңызды құжат «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағыты осы жаңа үлгінің арқауы.Осы құжат қабылданғаннан бергі он жылды қорытындылай отырып, біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы осындай стратегиялық өзектіліктің болуының маңыздылығын түсіндік.
КІРІСПЕ
1
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Коммерциялық банктер және олардың қызметін ұйымдастыру
1.2
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
1.3
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің даму жағдайы
2.
«АТФ БАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1
«АТФБанк» акционерлік қоғамының қызметі және оның негізгі қаржылық көрсеткіштері
2.2
«АТФБанк» акционерлік қоғамының депозиттік қызметін талдау
2.3
«АТФБанк» акционерлік қоғамының несие беру қызметін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қор бағалы қағаздарының өзін екі негізгі топқа бөледі:
1) мемлекеттің бағалы қағаздары;
2) мемлекеттік емес (кооперативтік) бағалы қағаздар.
Банктің қаржылық операциялары. Банктің қаржылық операциялары ретінде лизинг, факторинг және форфейтинг операцияларын айтуға болады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүлікті құнын толық өтемеуін сипаттайды.
Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толықұ амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеумен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг – бұл оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты.
Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.
Коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің бір түрі – факторинг. Факторинг тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтің мақсаты – кез-келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіру.
Факторинг – жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция. Факторингтік операциялар: несиелеу, ақшалай талаптарды төлеу, ішкі аядағы операциялар, клиентке қызмет көрсету, сыртқы сауда бойынша операциялар, несиелік тәуекелден сақтандыру, жабдықтаушының есебін ұйымдастыру, қарыз бойынша талаптарды алдын-ала төлеу, қарызды инкассациялау, ашық және жабық факторинг болып жіктеледі.
Форфейтинг пен факторинг операциялары өзара ұқсас болып келеді. Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы – форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдіреді.
Форфейтинг – бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.
Форфейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны - импортерді іздейді. Ал импортер болса, оған жәй немесе аударма векселін, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруге тиіс. Егер вексель берушінің беделі немесе қаржылық жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенмен де импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны (төлеуге кепіл беруші тұлғаны) табады. Осы жерде басты мән берілетін мыналар: банк несиесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттілігі, аваль берушінің қаржылық жағдайы.
Форфейтинг механизмін мынадай екі мәміле түрінде пайдаланады:
1. Қаржы мәмілесінде – орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арады іске асыру мақсатында.
2. Экспорттық мәміле бойынша – шетелдік сатып алушыға несиеге тауар бергені үшін экспортерге қолма-қол ақшамен түсім түсуге ықпал ету мақсатында.
Банктің комиссионды-делдалдық операциялары. Банктің бұл операцияларына траст операцияларын жатқызуға болады.
Траст операциясы – клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.
Коммерциялық банктің траст бөлімі атқаратын қызметі үлкен үш топқа бөлінеді:
1. Клиенттердің мұраға қалған мүлкін иемдену;
2. Сенімхат бойынша операцияларды жүзеге асыру;
3. Агенттік қызметтер.
Траст қызметі жеке тұлғаларға, сондай-ақ фирмаларға да көрсетіледі. Жеке тұлғаларға көрсетілетін траст қызметіне мұраға қалдырған мүлікті иемдену; келісімшарт негізінде клиенттің мүлкін басқару жатады.
Агенттік (делдалдық) қызметтер:
1. Активтерді сақтау: бағалық қағаздарды сақтауға қабылдау; бағалы қағаздар бойынша табыс алу; бағалық қағаздар бойынша шотына түскен қаражаты туралы сенім білдірушіге уақытылы хабарлап отыру; бағалы қағаздарға айырбастау; мерзімі өткен облигациялар бойынша қарызды қайтару; активтердің жалпы құнын сақтап қалу мақсатында бағалы қағаздарды сатып алу және сату; мүлік куәлігі бойынша сомаларды алу; клиенттерге бағалы қағаздар жеткізіп беру; сейфтерді жалға беру.
2. Агенті немесе өкілі ретінде клиенттің активтерін басқару: бағалы қағаздарды сатып алу-сату; бағалы қағаздар қоржынындағы сақталған бағалы қағаздардың бағамдарын бақылап отыру және бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру; клиенттің тапсырмасы бойынша барлық табыстарды алу; сенім білдірушінің шоттарын төлеу; сақтандыру полисін рәсімдеу.
Валюталық операциялар. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңына (24.12.1996 ж.) сәйкес «валюталық операцияларға» мынадай түсінік берілген:
1) меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде, төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер;
2) валюталық құндылықтарды кез-келген тәсілмен Қазақстан республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту.
Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операциялар болып бөлінеді.
1. Ағымдық операциялар:
Тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;
салымдар, инвестициялар, займ және өзге операциялар бойынша дивидендтерді, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және аудару;
қранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және бас сомаларды аудару;
капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.
2. Капитал қозғалысына байланысты операциялар:
Инвестицияларды жүзеге асыру;
Интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;
Мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік құқығына төлеуге арналған төлемдер;
Тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзарту бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банктерінде және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды жүзеге асыру;
Зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар;
Жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.
1.3 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің
даму жағдайы
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты. 1990 жылдың желтоқсанында Қапзақстан Республикасы егемендікке қол жеткізгеннен кейін бірден нарықтық экономиканың талаптарына жауап бере алатын өзінің банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтар айында «Қазақ ССР-інің банктері мен банк қызметі туралы» заң қабылданды. Мәні бойынша бұл заң елдегі банк реформасының бастамасы болды.
Республикалық Мемлекеттік банк Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі болып қайта құрылды. Облыстарда ҚР Ұлттық банктің бөлімшелері ашылды. Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкісі – акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Тұран банкке, Аграрлық өнеркәсіп банкісі – акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Қазақстан Республикасы Аграрлық өнеркәсіп банкісіне, Сыртқы сауда банкісі – акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Әлембанкке, Республика Жинақ банкісі – акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын Қазақстан Республикасы Жинақ банкісіне айналды. 1993 жылы бұл банктер акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал Жинақ банкісі Қазақстан Республикасының Халық банкісі атауына ие болды.
Қазіргі таңда республикада 34 екінші деңгейлі банк, оның ішінде 14 банк шетелдік қатысушылармен (Қазақстан Республикасының бейрезиденті 9 еншілес банкті қосқанда) және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ қызмет жасайды.
Екінші деңгейлі 26 банктің филиалдық жүйесі бар, банктердің филиалдарының жалпы саны – 418 (2005 жылы 10 банкке филиал ашуға келісім берілген, 2 банктің филиалын ашуға келісім банктердің өтініші бойынша қайтарып алынған). Ең көп филиалдар мына банктерде:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ – 147;
«Каспий Банкі» АҚ – 40;
«Қазкоммерцбанк» АҚ – 23.
2008 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, банктік сектордағы меншік капиталының есептелген жиынтығы бір жылда 240,1 млрд. теңгеге немесе 69,2%-ға артып, 586,9 млрд. теңгені құрады. Банктердің жиынтық активтері 68,0%-ға – 4 515,1 млрд. теңгеге дейін көбейді, жиынтық міндеттемелер 68,6%-ға артып, 4 073,4 млрд. теңгені құрады. Осымен бірге 2007 жылы сыртқы активтердің көлемі 140,6%-ға өсіп, 1 194,5 млрд. теңгені немесе жиынтық активтер 26,5 %-ды құрады. Бейрезиденттер алдындағы міндеттемелер көлемі 107,8%-ға – 2 046,4 млрд. теңгеге дейін өсті, олардың жалпы міндеттемелер көлеміндегі үлесі 50,2%-ды құрады. Есеп беру кезеңіндегі мәлімет бойынша, капиталдың баламалық көрсеткіштері k1 – 0,082; k2 – 0,149 (01.01.05 жылға: k1 – 0,083; k2 – 0,159) құрады.
Банктердің қарыз қоржыны (банкаралық қарызды есепке алғанда) бір жылда 1 249,1 млрд. теңгеден (68,9%) - 3 062,0 млрд. теңгеге дейін өсті.
2008 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, банктердің несие қоржындарының құрылымында несиелердің үлесі:
стандартты – 58,2%;
күмәнді – 39,5%;
қайтымсыз – 2,3%.
2007 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, несиелердің үлесі:
стандартты – 56,3%;
күмәнді – 40,8%;
қайтымсыз – 2,9%.
Банктердің заңды және жеке тұлғалардан (банктер мен халықаралық қаржы ұйымдарынан басқа) тартылған салымдарының жалпы сомасы 2 523,0 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 56,9%-ға артқан. Оның ішінде заңды тұлғалардың салым сомасы 1 926,2 млрд. теңгені құрап, 66,1%-ға арты. Жеке тұлғалардың салым сомасы 596,8 млрд. теңгені құрап, 33,2%-ға артты.
2009 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, екінші деңгейлі банктердің табыстарының жиынтық сомасы 494,6 млрд. теңгені құрады, ол өткен жылменсалыстырғанда 53,7%-ға артқан. Шығындар сомасы 421,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 45,1%-ға өскен.
Банктердің бөлінбеген таза пайдасы (жабылмаған залал) 73,3 млрд. теңгені құрап, есеп берілген жылда 41,8 млрд. теңгеге артқан, өткен жылға қарағанда бұл көрсеткіш 132,7%-ға жоғары.
2 «АТФ БАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1 «АТФ Банк» акционерлік қоғамының қызметі және оның негізгі қаржылық көрсетікштері
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын банктік мекемелер торабынан тұрады. Олар коммерциялық банктер болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу және талдау объектісі - «АТФБанк» акционерлік қоғамы.
“АТФБанк” акционерлік қоғамы 1995 жылы маусым айында «Алматинскиий торгово-финансовый банк» жабық акционерлік қоғамы ретінде ҚР Ұлттық Банкінде тіркеуден өтті. Осы жылы “АТФБанк” Қазақстанның банк заңнамаларымен қарастырылған, «Теңге және шетел валютасында банктік және басқа да операцияларды жүргізуге» ҚР Ұлттық Банкінің №59 бас лицензиясын алды. 2001 жылы «Алматинский торгово-финансовый банк» ашық акционерлік қоғамы, ал 2002 жылдың маусым айында «АТФБанк» ашық акционерлік қоғамы ретінде қайта тіркелді. 2003 жылдың қазан айында банк «АТФБанк» акционерлік қоғамы ретінде қайта тіркеуден өтті. «АТФБанк» АҚ және оның еншілес ұйымдары корпоративті және жеке клиенттерге банктік және сақтандыру қызметін көрсетеді.