Комерциялық банк АТЫ

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:32, реферат

Описание работы

Қазақстан - бұрынғы одақтас республикалар арасында әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды әрі дағдарыстан қысқа мерзімде шығу шараларын жасаған бірден-бір ел. Дәл қазіргі уақытта республикамызда жоспарлаудың жаңа үлгісі жұмыс істеуде. Елді гүлдендіріп, көркейтуді мақсат еткен, халықтың әл-ауқатын арттыруды негіз еткен маңызды құжат «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағыты осы жаңа үлгінің арқауы.Осы құжат қабылданғаннан бергі он жылды қорытындылай отырып, біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы осындай стратегиялық өзектіліктің болуының маңыздылығын түсіндік.

Содержание

КІРІСПЕ


1
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1
Коммерциялық банктер және олардың қызметін ұйымдастыру

1.2
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

1.3
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің даму жағдайы


2.
«АТФ БАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ

2.1
«АТФБанк» акционерлік қоғамының қызметі және оның негізгі қаржылық көрсеткіштері

2.2
«АТФБанк» акционерлік қоғамының депозиттік қызметін талдау

2.3
«АТФБанк» акционерлік қоғамының несие беру қызметін талдау





ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Комм банк АТФ (2).doc25.doc

— 603.00 Кб (Скачать)

Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

      депозиттік қаражаттар;

      депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағынан көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

-                      талап етуіне дейінгі депозиттер;

-                      мерзімді депозиттер;

-                      жинақ салымдары;

-                      бағалы қағаздар.

Сондай-ақ оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

-                      мерзімдеріне қарай;

-                      салым иелерінің категорияларына қарай;

-                      қаражаттарды салу және қайтарып алу шао\ртына қарай;

-                      пайыз төлеу тәсіліне қарай және т.б.

Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:

-                      жеке тұлғалардың шоттарына;

-                      кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;

-                      жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;

-                      қаржылық мекемлердің шоттарына;

-                      шетелдік азаматтардың шоттарына.

Талап етілуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әртүрлі төлем құжаттары арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әртүрлі шоттардағы қаражаттар.

Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Жинақ салымдары  - депозиттердің кең таралған түрі. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінеде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

Депозиттік және жинақ сертификаттары – бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк-эмитенттің жазбаша куәлігі.

Банктің депозиттік емес ресурстары. Банктің депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға банкаралық несиелер, Ұлттық банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстар жатады.

Банкаралық несие – бұл коммерциялақ банктердің бір-біріне беретін несиелері. Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық депозиттер – бұл банктердің бір-бірінде ашқан арнайы корреспонденттік шотындағы қаражат қалдықтары.

Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және күндізгі займдар.

Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

Күндізгі займ – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.

Экономиканы және халықты несиелендіру. Коммерциялық банктердің келесі дәстүрлі қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктің қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банктің актив операцияларын жатады.

Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы несие берушінің қарзы алушыға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар.

Несие түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.

Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әртүрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

І. Қарыз алушылар категорияларына қарай:

1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:

      мақсатты қорларға;

      банктерге;

      қаржы-несие мекемелеріне.

2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:

      өнеркәсіп салаларына;

      ауыл шаруашылығына;

      саудаға;

      дайындау ұйымдарына;

      жабдықтау-сату ұйымдарына;

      кооперативтерге;

      жеке кәсіпкерлерге.

3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.

ІІ. Мерзіміне қарай:

      қысқа мерзімді (1 жылға дейін);

      орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);

      ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

ІІІ. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:

      негізгі қорларға жұмсалатын;

      айналым қаражатына жұмсалатын.

ІҮ. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:

1.      Қамтамасыз етілген:

           кепілхатпен;

           кепілдемемен;

           кепілдікпен.

2.      Сақтандырылған.

3.      Қамтамасыз етілген:

      Сенім (бланктік) несиесі.

Ү. Қайтарылу дәрежесіне қарай:

1) Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;

2) Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәукел туғызатын несиелер.

3) Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен несиелер шотына жазылған несиелер.

ҮІ. Берілетін валютасына қарай:

      ұлттық валютамен;

      шетел валютасымен.

ҮІІ. Берілу шартына қарай:

1.           Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

2.           Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.

3.           Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.

4.           Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.

5.           Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.

6.           Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.

7.           Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.

8.           Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.

9.           Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдерпді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.

10.       Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.

11.       Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.

12.       Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.

Есеп айырысу-кассалық операциялар. Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу-кассалық операциялары мынадай түрлерге бөлінеді:

      банктік шоттар ашу;

      ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;

      алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, ұлттық валютадағы аударым операциялары;

      төлемнің шотын өзгерту немесе қайтару;

      валюталық операцияларға бақлыау жасау;

      шоттың архивін беру;

      шоттан қолма-қол ақша беру;

      ұсақ ақшаларды ірілеп беру;

      банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды инкассациялау;

      құндылықтарды жеткізіп беру.

Есеп айырысу операциялары мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

Есеп айырысу субъектілеріне қарай: банктік емес секторлар арасындағы банктер арқылы есеп айырысулар; жеке сектор – үй шаруашылықтарының банктер арқылы есеп айырысулары; банктік сектор – банкаралық есеп айырысулар.

Есеп айырысу объектілеріне қарай: тауарлы операциялар бойынша есеп айырысулар; бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар; банк несиелері, вексельдері және басқа да міндеттемелері бойынша төлемдер.

Есеп айрысу аумағына қарай: мемлекет ішіндегі есеп айырысулар; мемлекет арасында (халықаралық) есеп айырысулар.

Есеп айырысу уақытына қарай: сауда операциясы басталғанға дейін төлемдер; мәміле жасалған соң мерзімді төлемдер; коммерциялық несие шартында, яғни мәміле жасалған соң белгілі бір уақыттан кейінгі төлемдер; ашық шот бойынша (жоспарлы), яғни тауарларды алған сайын үздіксіз төлемдер; мерзімі кейінге қалдырылған, яғни бастапқы белгіленген мерзімін ұзарту жолымен  төлемдер; мерзімі өтіп кеткен төлемдер, яғни төлем уақыты кешіктірілген.

Есеп айырысу жүәйелеріне қарай: пошта байланысы арқылы; телеграф-телетайп байланысы арқылы; телефон байланысы арқылы; СВИФТ (Дүниежүзілік банкаралық телекоммуникациялар қоғамы) жүйесі арқылы.

Есеп-айырысу формаларына қарай: қолма-қолсыз аударымдар (кредиттік, дебеттік, ашық шот арқылы, аккредетив, инкассо); қолма-қол ақшалар арқылы.

Есеп айырысу тәсіліне қарай: толық есеп айырысулар; жартылай есеп айырысу; өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу арқылы (клиринг) есеп-айырысулар. 

Есеп айырысу құралдарына  қарай: кредиттік аударымн,ың құралдарымен есеп айырысулар (төлем тапсырмасымен); дебеттік аударымдар құралдарымен есеп айырысулар (төлем-талап тапсырмасы, чек, вексель, инкассалық өкімдер); аралас құралдар арқылы есеп айырысулар, яғни бірде дебеттік, бірде кредиттік аударымдар түрінде болатын: аккредетив, пластикалық карточкалар, бакнтік аударымдар және т.б.

Есеп айырысу шамасына қарай: ірі төлемдер; ұсақ төлемдер.

Есеп айырысу кезектілігіне қарай: жалақы, бюджет, сақтандыру және т.с.с төлемдер; материалдық құндылықтар үшін төлемдер; несиелер үшін төлемдер; сот шешімі бойынша төлем құжаттарымен есеп айырысулар.

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер өздерінің кассалық операцияларын 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктің Басқармасының қаулысымен бекітілген «ҚР екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу» ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Осы ережеге сәйкес, кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сорттау, орау және сақтаумен байланысты операцияны білдіреді.

Банктің инвестициялық операциялары. Банк қызметіндегі инвестициялаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Кең мағынада, банктік инвестиция – пайда табу мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.

Ал тар мағынада, банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсау.

Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп негізгі капиталға жұмсаған қаражаттарды да түсінуге болады.

Банктердің инвестициялық қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат орналастыруға кепілдік беру (андеррайтинг), сондай-ақ клиенттерге қандай бағалы қағаз түрін, қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.

Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг – бұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түспейтіндігі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді. Мұндай жағдайда эмитент қор құндылықтарын орналастыру жоспарын құрады.

Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды. Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді: қор (акция, облигация) және коммерциялық бағалы қағаздар (коммерциялық вексель, чек, қоймалық, кепілдік куәліктері).

Информация о работе Комерциялық банк АТЫ