Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:32, реферат
Қазақстан - бұрынғы одақтас республикалар арасында әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды әрі дағдарыстан қысқа мерзімде шығу шараларын жасаған бірден-бір ел. Дәл қазіргі уақытта республикамызда жоспарлаудың жаңа үлгісі жұмыс істеуде. Елді гүлдендіріп, көркейтуді мақсат еткен, халықтың әл-ауқатын арттыруды негіз еткен маңызды құжат «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағыты осы жаңа үлгінің арқауы.Осы құжат қабылданғаннан бергі он жылды қорытындылай отырып, біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы осындай стратегиялық өзектіліктің болуының маңыздылығын түсіндік.
КІРІСПЕ
1
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Коммерциялық банктер және олардың қызметін ұйымдастыру
1.2
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
1.3
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің даму жағдайы
2.
«АТФ БАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1
«АТФБанк» акционерлік қоғамының қызметі және оның негізгі қаржылық көрсеткіштері
2.2
«АТФБанк» акционерлік қоғамының депозиттік қызметін талдау
2.3
«АТФБанк» акционерлік қоғамының несие беру қызметін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Корпоративті несиелендіру. 01.01.2009 жылғы мәлімет бойынша, банктің бірлескен тобындағы (несие беру Департаменті, орта мерзімді несие беру Басқармасы, филиалдардың бірлескен несие беру бөлімшелері) қарыз берешегінің жалпы қалдығы 184 619 624 мың теңгені құрады. 01.01.2007 жылмен салыстырғанда (87 612 522 мың теңге) бірлескен несие беру қоржынының көлемінің айтарлықтай өскендігі байқалады. 2007 жылы бірлескен несиенің банктің жалпы несие қоржынындағы үлесі 2,1%-ға төмендеп, 73,8%-ды құрады. Банктің жалпы несие қоржынындағы филиалдардың бірлескен несие үлесі 45 008 800 мың теңгені немесе 25%-ды құрады.
Банк ең ірі және маңызды жобаларды қолайлы инвестициялық жағдай тән, несие мекемелері мен инвесторларға жергілікті әкімшіліктің назары аударылған аймақтарда жүзеге асырған.
Кесте 1.- 01.01.2009 ж. Аймақтардың қарыз қоржыны, мың теңге
Аймақ атауы | Қарыз қоржыны, мың теңге | Аймақ атауы | Қарыз қоржыны, мың теңге | Аймақ атауы | Қарыз қоржыны, мың теңге |
Рудный | 130 000 | Павлодар | 1 157 831 | ШҚО | 4 194 609 |
Ақсай | 166 523 | Қызылорда | 1 399 828 | Ақтөбе | 4 890 154 |
Семей | 446 455 | Қарағанды | 2 854 999 | Астана | 5 931 401 |
Ақтау | 694 324 | Атырау | 3 594 230 | Қостанай | 6 747 553 |
Орал | 1 006 787 | Тараз | 4 078 983 | ОҚО | 7 715 063 |
Осындай аймақтардың ішінен Оңтүстік Қазақстан облысы, Қостанай, Астана, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысы, Тараз, Атырау, Қарағанды қалаларын атауға болады. 1-кесте көрсеткіштерін диаграмма түрінде көрсетуге болады. (Сурет 10)
Сурет 10. - Аймақтардың қарыз қоржынының диаграммасы
Осы диаграммада көрсетілгендей, 6 аймақтың үлесіне филиалдардың бірлескен несие бойынша қарыз қоржынының 74,6%-ы тиесілі. Ең жоғарғы үлесті (1 кестеге сәйкес) ОҚО (17,14%), Қостанай (14,99%), Астана (13,18%), Ақтөбе (10,86%), ШҚО (9,32%), Тараз (9,06%) алып отыр.
Филиалдардың аймақтардың үлестері бойынша бірлескен қарыз қоржынындағы салыстырмалы көрсеткіштері кестеде көрсетілген (Кесте-2.).
Кесте 2.-Филиалдардың коропоративті қарыз қоржынындағы аймақтардың үлестері бойынша салыстырмалы көрсеткіштері
Активтер | 01.01.2007 | Үлесі, % | 01.01.2008 | Үлесі, % |
ОҚО | 6 391 305 | 21,34 | 7 715 063 | 17,14 |
Қостанай | 4 699 121 | 15,69 | 6 747 553 | 14,99 |
Астана | 5 826 887 | 19,45 | 5 931 401 | 13,18 |
Ақтөбе | 2 000 220 | 6,68 | 4 890 154 | 10,86 |
ШҚО | 3 141 363 | 10,49 | 4 194 609 | 9,32 |
Тараз | 2 011 601 | 6,72 | 4 078 983 | 9,06 |
Атырау | 2 905 331 | 9,70 | 3 594 230 | 7,99 |
Қарағанды | 1 457 363 | 4,87 | 2 854 999 | 6,34 |
Қызылорда | 115 000 | 0,38 | 1 399 888 | 3,11 |
Павлодар | 550464 | 1,84 | 1 157 831 | 2,57 |
Орал | 209 200 | 0,70 | 1 006 787 | 2,24 |
Ақтау |
|
| 694 324 | 1,54 |
Семей | 102 821 | 0,34 | 446 455 | 0,99 |
Ақсай | 480 090 | 1,60 | 166 523 | 0,37 |
Рудный | 65 000 | 0,22 | 130 000 | 0,29 |
Барлығы | 29 955 766 | 100,00 | 45 008 800 | 100,0 |
Экономика секторлары бойынша несиелік салымдар құрылымында айқын өзгерістер байқалады.
Кесте 3. - Экономика салалары бойынша Банктің Бірлескен тобының қарыз қоржынының құрылымы, 01.01.2009
№ | Экономика секторларының атауы | Үлесі, % |
1 | 2 | 3 |
1 | Мұнай және газ өндірісі | 1 |
2 | Тау-кен өндірісі | 1 |
3 | Металлургиялық өнеркәсіп | 1 |
4 | Жылжымайтын мүлік | 5 |
5 | Тоқыма өнеркәсібі | 2 |
6 | Көлік | 3 |
7 | Қонақ үй бизнесі | 4 |
8 | Бөлшек сауда | 5 |
9 | Ауыл шаруашылығы | 6 |
10 | Тамақ өнеркәсібі | 12 |
1 | 2 | 3 |
11 | Құрылыс | 14 |
12 | Химиялық өнеркәсіп | 1 |
13 | Басқа да қызмет түрлері | 9 |
14 | Көтерме сауда | 22 |
15 | Кәсіпорындарға қызмет көрсету | 14 |
Осылайша, 2009 жылғы несиелік салымдарды әртараптандыра отырып, Банктің Бірлескен Тобы жобаларды қаржыландыруды 01.01.2008 ж. экономика салалары бойынша Банктің Бірлескен тобының қарыз қоржынының құрылымына сәйкес келетін төмендегі салалар бойынша жүзеге асырған: Несиенің ең жоғарғы үлесі көтерме саудаға, кәсіпорындарға қызмет көрсету, құрылыс және тамақ өнеркәсібі салаларына тиесілі, бұл осы салалардың тиімділігінің жоғарылығының салыстырмалы түрдегі төмен шығындарына үйлесуімен түсіндіріледі.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарына несие беру. Банктің 2009 жылғы стратегиялық міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілеріне несие беруді одан әрі дамыту болып табылады.
Қазіргі клиенттердің отандық және тіпті әлемдік банктер ұсынатын банктік қызмет көрсету саласынан жеткілікті хабардар екендігі белгілі. Осыған сәйкес оның толық, кәсіби және жан-жақты банктік қызмет алуға сұранысы өседі. Осыған байланысты 2009 жылы ШОБ Департаменті қаржыландырудың жаңа өнімін енгізді, сондай-ақ қаржыландыру өнімдері тізімдемесінің көбеюіне алып келген, клиенттiң өскелең сұранысына бағытталған несие берудің көптеген бағдарламалары мен тәртіптері қайта қарастырылды: коммерциялық жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын сатып алуға несие беру, табыстың расталуынсыз жеделдетілген несие беру, ақша қаражаттарын кепіл зат ретінде қою арқылы несие беру, франшиза сатып алуға несие беру, факторингтік операцияларына несие беру, банктік кепілдіктер мен аккредитивтерді және т.б. шығару бойынша қызметтер. Сондай-ақ төмендегі іс-әрекеттер бойынша маңызды қадамдар жасалды:
біліктілігін арттыру үшін қызметкерлерді үнемі оқытуға бағытталған тиімді кадрлық саясат жүргізудің арқасында мүмкін болған клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын жақсарту;
несиені қарастыру, бекіту және беру тәртібін жеңілдету;
несие беру мерзімін 7 жылға дейін ұзарту;
теңгеде және шетел валютасында сыйақы мөлшерлемесін төмендету;
әрбір клиентке жеке қызмет көрсету арқылы көрінетін несие берудің оңтайлы жүйесін енгізу.
2009 жылы ШОБ Департаментінде Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен бірігіп Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастырды.
Шағын және орта бизнеске несие беру бөлімшелері қызметкерлерінің қиын да адал еңбектерінің куәсі берілген несие санының айтарлықтай артуы болып табылады. 2009 жылы банк шағын және орта бизнес субъектілеріне барлығы 10 000-нан аса несие берген, бұл ШОБ Департаментінің қарыз қоржынының айтарлықтай өсуіне (еке еседен астам) алып келіп, 01.01.2008 ж. 34 435 419 мың теңгені құрады.
Сурет 11. - 2009 жылдағы ШОБ қаржы қоржынының өсу динамикасы, млн. теңге
01.01.2008 ж. банктің жалпы қарыз қоржынындағы ШОБ қарыз қоржынының үлесі 16% құрады. Экономика секторына жасалған талдау 2007 жылы берілген барлық несиенің 37,6%-ы сауда және қызмет көрсету саласына тиесілі екендігін көрсетті, бұл осы салалардың тиімділігінің жоғарылығының салыстырмалы түрдегі төмен шығындарға және ШОБ субъектілерінің өндірістік қуаттылықтарды сатып алуға қомақты капиталдарының жоқтығына үйлесуімен түсіндіріледі. Сондай-ақ төмендегi салаларға берілген несиелер саны артты:
құрылыс – 2008 жылмен салыстырғанда 125%-ға артық, бұл Алматы облысында Алматы қ. және Астана қ. құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізілуімен байланысты;
ауыл шаруашылық және өндірістің басқа да түрлері – 2006 жылмен салыстырғанда 35,4%-ға артық, бұл отандық өндірісті мемлекеттік қолдау саясатымен байланысты.
Жоғарыда айтылғандар негізінде ШОБ Департаментінің тек Клиенттер тобын кеңейту ғана емес, сондай-ақ олардың қажеттіліктерін сапалы, жылдам және оңтайлы қызмет көрсету жолымен қанағаттандыруға ұмтылып келеді деген қорытынды жасауға болады.
Банк үшін бірлескен клиенттермен өзара байланыстың негізгі ұстанымы ұзақ мерзімді өзара тиімді қатынастар орнату мен банктік қызмет көрсетуде қажеттілікті ең жоғарғы деңгейде қанағаттандыру болып табылады.
2008 ж. «АТФБанк» АҚ өз клиеттеріне – заңды тұлғаларға, резиденттер мен бейрезиденттерге әмбебап өнімдер мен қызметтердің барлық түрін ұсынды. Ұсынылатын банктік өнімдердің жиынтығы ұдайы кеңейтіліп және сапасы жағынан жетілдіріліп отырады. «АТФБанк» АҚ заңды тұлғаларға қарыз қаражаттарына сұранысын толығымен қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, төмендегі қаржылық қызмет түрлерін ұсынған:
несие;
несие желісі;
овердрафт;
бірлестірілген несие беру;
факторинг;
саудалық қаржыландыру;
аккредитив;
кепілдіктер;
вексельдік операциялар.
Несие өнімдері негізінен төмендегі мақсаттарға берілген:
қысқа мерзімді кассалық алшақтықтарды
қаржыландыру;
тауар айналымын ұлғайту;
айналым капиталын ұлғайту;