Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:32, реферат
Қазақстан - бұрынғы одақтас республикалар арасында әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды әрі дағдарыстан қысқа мерзімде шығу шараларын жасаған бірден-бір ел. Дәл қазіргі уақытта республикамызда жоспарлаудың жаңа үлгісі жұмыс істеуде. Елді гүлдендіріп, көркейтуді мақсат еткен, халықтың әл-ауқатын арттыруды негіз еткен маңызды құжат «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағыты осы жаңа үлгінің арқауы.Осы құжат қабылданғаннан бергі он жылды қорытындылай отырып, біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы осындай стратегиялық өзектіліктің болуының маңыздылығын түсіндік.
КІРІСПЕ
1
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Коммерциялық банктер және олардың қызметін ұйымдастыру
1.2
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
1.3
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің даму жағдайы
2.
«АТФ БАНК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1
«АТФБанк» акционерлік қоғамының қызметі және оның негізгі қаржылық көрсеткіштері
2.2
«АТФБанк» акционерлік қоғамының депозиттік қызметін талдау
2.3
«АТФБанк» акционерлік қоғамының несие беру қызметін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Банк өз қызметін ҚР Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі 2005 жылдың 2 қыркүйегінде берген бас лицензия негізінде шетел валютасы және бағалы металлдармен операцияларды жүзеге асыра алады.
Банктің ресми мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Фурманов к-сі 100.
Банк Қазақстандық Қор Биржасында негізгі листингке енгізілген, оның шығарылған бірнеше бағалы қағаздары Люксембургтік Қор Биржасында тіркелген. Қазақстан бойынша банктің 2007 жылдың 31 желтоқсанына 42 филиалы бар.
Банктің басқару органдары төмендегілер:
- «АТФБанк»-тың Басқармасы - Банктің стратегиялық жоспарларын және оперативті басқаруды жүзеге асырады. Басқарма мүшелері 5 жыл мерзімге сайланған 10 адамнан тұрады.
- директорлар Кеңесі Банктің жалпы қызметіне басшылық жасайды және 5 адамнан тұрады.
- бақылаушы орган – ревизиялық комиссия.
Қаржылық қызмет нарығында «АТФБанк» АҚ төмендегідей банктік операцияларды жүзеге асырады:
a) заңды және жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау;
б) кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың ағымдағы және есеп айырысу шоттарын ашу және оларға қызмет көрсету;
в) кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау,өткізу, майдалау, сорттау, буу және сақтау;
г) аударым операциялары: ақша аударымы бойынша заңды және жеке тұлғалардың тапсырыстарын орындау;
д) ссудалық операциялар: несиелерді ақша түрінде ұсыну;
е) сейфтік операциялар: клиенттердің бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызмет көрсету, сондай-ақ жалға сейф жәшіктерін, шкафтарын беру;
ж) шетел валютасындағы айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
з) теңге және шетел валютасында төлем құжаттарын инкассоға қабылдау;
и) пластикалық карточкаларды шығару және қызмет көрсету;
к) банкноттар, монеталар және құндылықтарды инкасссациялау және жөнелту және т.б. қызмет түрлері.
Қазақстанның көптеген банктерінде (ТұранӘлемБанк, Казкоммерцбанк және т.б.) сияқты «АТФБанк» -де банктің ішкі құрылымы шартты түрде екі негізгі бөлімдерге жіктелген:
1. Фронт-офис – оның қызметіне клиенттермен және банк серіктестерімен келісімдерді, мәліметтерді жасау жатады.
2. Бэк-офис – оның қызметі жүзеге асырылған операцияларды тіркеуден тұрады.
Фронт-офистің қызметіне кіретіндер:
- банктің клиенттерімен,серіктестерімен, жабдықтаушыларымен мәміле жасау;
- жасалған мәміле мәліметтерін өзгерту және тіркеу;
- келісім-шарттарды дайындау,ұзарту, бұзу;
- несиелер бойынша банктік қызмет үшін қаржыларды қамтамасыз ету;
- қаржыларды нарықта орналастыру;
- қаржыларды тарту мен орналастыру арасындағы арбитраж талдамалық есептілік және т.б.
Бэк-офистің қызметіне кіретіндер:
- тіркелген мәмілелердің мәліметтерін тексеру және толықтыру;
- мәмілелердің расталуына бақылау жасау;
- төлемдерді дайындау және нұсқауға сәйкес жүргізу;
- бухгалтерлік жазбаларды жүргізу;
- есептемелерді растау;
- пайыздарды есептеу;
- пайыздарды капиталдандыру;
- түзетпе жасау;
- есептеме және ұсталымдар;
- шетел валютасын қайта бағалау;
- есептен шығару және т.б.;
- есептілікті дайындау, оперативті талдау жүргізу.
Қазақстанның барлық банк жүйесі сияқты банк соңғы жылдары қарқынды дамыды. Валюта балансы 2006 жылғы 173,9 млрд. теңгеден 2007 жылы 359,1 млрд.теңгеге дейін өсті. (Сурет 1.)
Сурет 1. - Жылдар бойынша валюта балансы, млн. теңге
Қазақстанның банктік қызметтер нарығында банктің төртінші сатысы нығайды – «АТФБанк» акционерлік қоғамының үлесі 6-дан 8%-ға дейін көтерілді. Коммерциялық қарыздардың өсім қарқыны артты (2005 жылы – 74,0%, 2006 жылы – 85,3% , 2007 жылы – 118,5%), бірақ олардың валюта балансындағы үлесі салыстырмалы түрде қалды және орналастыру құралдары арасында үлес салмағы бұрынғыдай жоғарғы орында (2005 жылы – 63,4%, 2006 жылы – 64,6%, 2007 жылы – 68,2%). (Сурет 2.)
Сурет 2. - Жылдар бойынша қарыз қоржынының динамикасы
Банктің клиенттерден тартылатын қаражаттарының көлемі артты. Олардың құрамында клиенттердің талап етілгенге дейінгi қаражаттары – 43%, клиенттердің мерзімді қаражаттары – 57%. Клиенттер алдындағы берешек заңды тұлғалар қаражаттарының 77%-ын, жеке тұлғалар қаражаттарының – 23 %-ын құрайды. (Сурет 3)
Сурет 3. - Жылдар бойынша клиент қаражаттарының динамикасы, млн. теңге
2009 жылы қаржы ұйымдарынан (Үкіметтің және ҚР ҰБ қаражаттарын қосқанда) тартылған қаражаттар 100%-дан аса өсті. 2008 жылы жалпы сомасы 125,0 млн. доллар бірлестірілген екі қарыз өтелді. Үкімет қаражаттарының құрамында – жергілікті муниципалды органдардың, Дүниежүзлік банктің ЕҚДБ, KFW бағдарламасы бойынша алынған қаражаттары бар. (Сурет 4.)
Сурет 4. - Жылдар бойынша қаржылық ұйымдардағы қаражаттардың динамикасы, млн. теңге
2007 жылы 2006 жылдың соңында тіркеуден өткен өтеу мерзімі 2014 жыл болатын бағынышты облигацияларды орналастыру толығымен жүзеге асырылды. Сондай-ақ 2008 жылы өтеу мерзімі 2012 жыл болатын атаулы бағынышты облигациялар шығарылды. Облигацияларды сатудан түскен қаражаттар меншік капиталын арттыруға, ел экономикасының нақты секторындағы инвестициялық жобаларды орта мерзімді және ұзақ мерзімді несие беру саласындағы банк пен оның филиалдарының қызметін жандандыруға бағытталады.
Сурет 5. - Жылдар бойынша табыс динамикасы, млн. теңге
Банк табысына сыйақыға байланысты таза пайда ең көп әсер етті. 2009 жылы ол банк табысының 59,6%-ын құрады немесе 8,2 млрд. теңге болды. Сыйақыға байланысты таза табыс көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 21,2%- ға артты. Банк 2009 жылы 2,7 млрд. теңге комиссиялық пайда тапты, өткен жыл ішінде ол банк пайдасының жалпы көлемінің 19,7%-ылы құрап, 41,9%-ға өсті, бұл клиент базасының өсу динамикасын көрсетеді.
Банктің пайыз алуға байланыссыз табысы 2,9 млрд. теңгені немесе банктің барлық табысының 20,8%-ын құрады, олардың құрамына құнды қағаздар, шетел валютасы, сақтандыру операцияларынан түскен табыстар кіреді. Банк қаржылық нәтижені ең жоғарғы көрсеткішке жеткізу үшін көрсетілетін қызметтің өзіндік құны мен пайда болатын шығындар деңгейіне ұдайы бақылауды жүзеге асырады.
2.2 «АТФ Банк» акционерлік қоғамының депозиттік қызметін талдау
Дәстүр бойынша клиенттердің ақшалай қаражаттарын белгіленген мерзімге салымдарға тарту дамудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Банк қолданыстағы заңнамалардың нормаларын ескере отырып, депозит базасын қалыптастыруды депозит саясаты негізінде жүргізеді. Банк халықаралық тәжірибеде қабылданған стандарттар негізінде даму стратегиясын қалыптастырады, ол ішкі қорларды тарту саясатын жүргізуге мүмкіндік береді, өйткені банк міндеттемелерінің өсуі негізінен халықтың және кәсіпорындардың депозитке салған ақшаларының түсуі есебінен болады. Банктің депозиттер бойынша пайыздық саясаты депозиттер бойынша сыйақы (мүдделілік) мөлшерлемесін оңтайлы жолмен реттеумен және жинақ ақшаларды тарту әдістерімен, депозиттердің сақталу мерзімін оңтайландырумен, қызмет көрсету саласын кеңейтумен, маркетингтік жаңа енгізілімдермен, клиенттерге қызмет көрсетуде технологиялық процестерді өзгертумен анықталып, жүзеге асырылады. Банктің пассивтері барлығы 3 700 000 теңгені құрайды. Оның ішінде тартылған ресурстардың 84 пайызы теңгеде болса, 16 пайызы валютада тартылған. (Сурет 6.)
Сурет 6. - «АТФБанк» АҚ-тың валюта бойынша тартылған ресурстары (заңды тұлғалар бойынша)
Банктің депозит саясаты төмендегі мақсаттарға бағытталған:
ең аз қаржылық шығындармен заңды және жеке тұлғалардың бос ақшаларын тарту;
жобаларды қаржыландыру үшін ақшаның жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
қаражаттарды шоғырландыру үшін салымдардың жаңа түрлерін жасап, енгізу;
банк клиеттеріне қызмет көрсетудің сапасын және әдістерін жақсарту;
салымдар бойынша қызметтерді кеңейту (айырбастау, аудару операциялары, ақшасыз есеп айырысу және т.б.);
салымдарға қызмет көрсету бойынша банктің шығындарын қысқарту;
банктің қаржымен қамтамасыз етілуін нығайту үшін нарықпен өзара байланысты дамыту;
Тартылған қаражаттар қоржынын түзеу кезінде ұзақ мерзімді сақталатын қорларға көңіл бөлінеді. Сыйақы мөлшерлемесі ақшаны сақтаудың түріне, сомасына және мерзіміне байланысты белгіленеді. Салымның сомасы мен оның сақтау мерзімі өскен жағдайда сыйақы мөлшерлемесінің өсу ұстанымы сақталады.
Сурет 7. - 2009 жылы заңды тұлғалардан тартылған мерзімді салымдарының құрылымы, %
2009 жылы заңды тұлғалардың басы артық қорларын салымдарға орналастырудың белсенді кезеңі сәуір және желтоқсан айлары болды. Заңды тұлғалардың басы артық ақшаларының негізгі бөлігі мерзімі 1 жылға дейінгі мерзімді депозиттерге шоғырланған.
Талап етілгенге дейінгі салымдар бойынша сыйақының жоқтығы стандартты тәжірибе болып табылады, бірақ банктің ағымдағы шоттарындағы қалдық мол әрі тұрақты болса және корпоративті салымға жатқызылған банк клиенттері үшін ай сайын төмендегідей мөлшерлеме бойынша сыйақы қарастырылған: ұлттық валютадағы KZT шоттары бойынша отыз миллионнан асатын қалдықтарына – жылдық 1,5% және валюта шоттары бойынша баламасы отыз миллионнан асатын қалдықтарына – жылдық 1%.
Сурет 8. - 2007 жылғы аманат қоржынының құрылымы, %
Жеке тұлғалардың депозиттері. Банк үшін клиенттердің мүддесіне қамқорлық жасау бәрінен жоғары тұр. Клиентермен жұмыс істеудің негізі ұстанымына: «Жылдамдық, біліктілік, ұзақ мерзімді ынтымақтастық» жатады. Осы ұстаным әрбір клиентке жеке қызмет көрсету, сапалы, сенімді және ыңғайлы банктік қызмет көрсету құқығын жүзеге асыруды анықтайды. Мысал ретінде АТФБанктің оңтайлы депозит саясатын атауға болады. Осындай саясаттың негізі әрбір клиентке жеке қызмет көрсету, мерзімдердің әртүрлілігі мен қолайлы пайыз мөлшерлемелері болып табылады.
Бүгінгі күні банк клиенттің мақсаттарына қол жеткізуін барынша қамтамасыз етеді – ақша жинақтарын сақтау және көбейту, табысты арттыру. 2009 жылы банк төмендегідей депозит түрлерін ұсынған: «АТФ-Классик», «АТФ-Капитал», «АТФ-Престиж», «АТФ-Комфорт» және «АТФ-Перспектива» қосымша жеңілдіктер ұсынылған жылдық қызмет көрсетуге сыйақы ұсталмайтын төлем карточкаларын, дүниежүзіне әйгілі AIG ASSIST компаниясының ақысыз сақтандыруын алу, шарттың әрекет ету мерзімін бұзбай, депозитті бір валютадан екінші валютаға айырбастау мүмкіндігі.
Сурет 9. - Тұрғындардың мерзімді салымдарының динамикасы, млн. теңге
Атқарылған жұмыстар нәтижесі депозиттерді тарту өзгерісінің динамикасы бойынша диаграммада көрсетілген. Диаграммада көрсетілгендей, бір жылда мерзімді салымдар бойынша қалдықтар 1,5 есе өскен. Банк жеке тұлғалардың салымдары нарығында 7 орынды алып отыр.
2.3 «АТФ Банк» акционерлік қоғамының несие беру қызметін талдау
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банктің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.
Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншіге төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар.
Құрамына республиканың әртүрлі аймағында орналасқан ірі сауда және өнеркәсіп кәсіпорындары кіретін заңды тұлғаларға несие беру «АТФБанк» АҚ-ының дамуының басым бағыттарының біріне жатады. Экономиканың нақты секторына қаржылық көмек көрсету, өнеркәсіптік, құрылыс, сауда, ауылшаруашылық кәсіпорындарымен тығыз ынтымақтастық, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру несие беру саясатының басымдылығы болып табылады. Негізгі міндет банк ұсынатын барлық қызмет түрлерін ұдайы пайдаланатын сенімді әрі пайдалы қарыз алушылар клиенттердің тұрақты ортасын қалыптастыру болып табылады.
Қарыз капиталының қайтарылуына нық кепілдік беруден басқа, банктің несие стратегиясы есеп берілетін жылда несие берудің басты екі бағыты бойынша жүзеге асырылды: ірі бизнес кәсіпорындарына және тұтыну тауарлары мен қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған орта және шағын бизнес кәсіпорындарына несие беру.
Алайда 2009 жылғы несие беру жұмысының басты міндеттерінің бірі несие қатынастарының субъектілері, қарыз алушылардың қандай салаға жататындығы, несие беру мерзімі мен ұсынылған қамтамасыз ету түрлері бойынша әртараптандырылған несие қоржынының сапасын жақсарту болған. Бұл міндет несие өтінімдерін алдын ала мұқият іріктеу, несие мәмілелері мен қарыз алушыларды кешенді талдау, несие беру мерзімі бойы қарыз алушының қаржылық жағдайының өзгерісіне үзіліссіз мониторинг жасау, күмәнді несиелердің белгілерін алдын ала анықтау және оларды өтеу бойынша жұмыстар жүргізу жолымен, сонымен қатар несие берудің әр кезеңінде қауіп-қатерге бақылау жасаудың қолданыстағы жүйесі арқылы шешіліп отырды. Қор базасын кеңейту банктің көбіне экономиканың нақты секторына несие беруге бағытталуына мүмкіндік берді. Экономиканың нақты секторына несие берудің өсуі бірнеше факторларға байланысты. Бұл, бір жағынан, кәсіпорындардың өндірістік белсенділігін арттыру, ең алдымен айналым құралдарын қаржыландыру мақсатындағы несиеге сұранысының өсуі, сондай-ақ экономикадағы пайыздық мөлшерлеменің жалпы төмендеуіне байланысты банктік несие құнының төмендеуі. Екінші жағынан, бұл қаржы нарығының (мемлекеттік бағалы қағаздар, банкаралық несиелер) негізгі сегменттерінің табысының төмендеуіне, банктің қор базасы көлемінің кеңеюі мен артуына, тұрақты макроэкономикалық жағдайларда экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарға несие берудің жүйелі қауіп-қатерінің төмендеуіне байланысты несие ұсынысының өсуі.