Халықаралық құқық және халықаралық-құқықтық ғылымның даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 11:16, лекция

Описание работы

. Халықаралық құқық әлемдік өркениеттің жетістгі болып табылады. Ол мемлекетердің және олардың функцияларының пайда болуымен пайда болды. Халықаралық құқық өзінің ерте даму кезеңінде аймақтық халықаралық – құқықтық жүйе ретінде қалыптаса бастады. Біртіндеп бұл жүйелер ұлғайып, ұштасып, бүкіл адамзаттың, әлемнің барлық мемлекеттерінің сұранысына қызмет ететін ерекше құқық жүйесі ретіндегі ортақ халықаралық құқық қалпыптасты.

Работа содержит 1 файл

6 лекций.doc

— 490.00 Кб (Скачать)

Заң тілімен  айтқанда, бүл қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеу болып табылады.

Қоршаған ортаны халықаралық қорғау қүқығы үғымы (бүдан  былай ҚОХҚҚ) Халықаралық  (бүдан  былай ХЭҚ) үғымына сәйкес келеді. Бұл жердегі бірінші ұғым ағылшынның International Environment Law сөзінен аударылған, ал екінші ұғым Кеңес әдебиеттерінде пайдаланылған және Ресей әдебиеттерінде, сондай-ақ бізде де жиі қодданылады. Сондықган бүл екі ұғым бірдей түсінік береді.

Қазіргі Халықаралық  құқық мемлекеттер арасындағы немесе халықаралық үйымдар арасындағы халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы әр түрлі қатынас-тарды реттейді. Қарастырылып отырған қоршаған ортаны халықаралық қүқықтық қорғау — қоршаған ортаны қорғау аясындағы қатынастарды реттейді (реттеу пәні). Егер нақты айтар болсақ, пәні болып халықаралық экологиялық қа-тынастар, яғни табиғи ортамен тікелей немесе жанама байланыстағы қатынастар. Халықаралық экологиялық қү-қықтың мақсаты — қоршаған табиғи орта мен қоғамның әрекет жасау аясындағы халықаралық қатынас субъек-тілерінің жөне мемлекеттердің кұқықтары мен міндеттерін екіжақты түрде қалыптастыру арқылы адамзаттың жүріс-түрысын занды күралмен реттеуге қызмет ету.

ҚОХҚҚ — бүл  қоршаған ортаны қорғау және экология саласындағы халықаралық жалпы  күқық субъектілерінің арасындағы қатынастарды реттеуші халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларынан түратын халықаралық көпшілік қүқықгың бір бөлігі.

Бүл анықтама қағидаттар мен нормалардың халық-аралық көпшілік қүқықтағы сияқгы, жеке күқықта да бар екендігін біддіреді, ал қоршаған ортаны қорғау және экология саласындағы реттеу, қоғам мен табиғаттың тү-ракды даму саясатын және халықаралық аспектідегі эколо-гиялық қауіпсіздік пікірі бойынша қорғаудың ескертуші сипатын білдіреді. ҚОҚХҚ объектісі — адамның материал-дық әлемге нақты өсер ету шегіңдегі ғарыштық кеңістік пен жер планетасының барлық табиғаты. Бірақ ішкі қоршаған орта ішкі қүрылыстық бөлімшелерді иеленетін болғандықтан, оның элементтері мен қорғаушы объектілері ерекшеленеді.

2. Дүниежүзілік  мүхит халықаралық-құқықтық  қорғаудың объектісі ретінде

Дүниежүзілік мұхит, жер шары бетінің 2/3 ауданын алады. Дүниежүзілік мүхит үғымы жердегі барлық 4 — Атлант, Үнді, Тынық, Солтүстік Мүзды мүхиты, сондай-ақ олармен байланысты барлық теңіздерді кдмтиды. Дүние-жүзілік мүхитқа материктер ішінде орналасқан, оқшау-ланған теңіздер жатпайды, мысалы, Каспий теңізі.

Құрлықтар адамзат дамуы үшін негізгі және тікелей өмірлік кеңістікті қүрайды. Осы түсінікпен дәстүрлі түрде, жердің құрлықтағы бетімен тығыз байланысты барлық табиғи комплекс, яғни топырақ, жер қойнауы, су ресурстары, өсімдіктер жене жануарлар әлемі қамтылады. Алайда, соңғы жылдары халықаралық-қүқьіқтық қорғау аясында табиғи объектілерді саралау пайда болды және бірте-бірте халықаралық көлдердің және басқа қүрлықтық суаттық, бір немесе бірнеше елге тиесілі табиғи байлықгың объектілерін қорғау ретінде жеке мойындалды.

Атмосфералық  ауа — жер беті мен ғарыш кеңістігінің арасында жататын жер шарының газды қабығы. Атмос-фералық ауа қүрамы белгілі бір пропорцияда оттегінен, азоттан, көмір қышқыл газынан, сондай-ақ табиғи зат алмасу процестерінен қүралып, біршама түрақты болып табылады.

Ғарыш — жердің немесе оның атмосферасының шегінде жататын барлық материаддық кеңістік. Ғарыш кеңістігі шексіз. Бірақ адамдардың әсер ету аясы жерге жақын ау-дандарда шектеулі болып келеді. Сондықган қазіргі заман-ғы деңгейде адамның ғарышқа ену процесіне сүйенетін өндірістік күштердің дамуы ғарыш бөліктері, оның ішінде жер маңындағы ғарыш кеңістігі, табиғи жер серігі — Ай, Күн жүйесі планетасы халықаралық-құқықтық қорғауды қажет етеді.

Халықаралық жария  құқьіқта жаңа сала пайда болды және бөлініп шықгы — ол халықаралық  экологиялық құқық. Осы құқық  саласының пайда болуы мен  дамуы, адамзаттың қоршаған табиғатқа  орынды және ақылға қонымды өсер етуінің жалғасына айнадды. Әсер ету адам мен табиғаттың экологиялық түрмысында жаңа улгілер құратын халықаралық ұйымдарға, мемлекетке, адамның қызметіне ықпал етуге негізделеді.

Халыкдралық экологиялық  кұқық — қағңдаттары мен нормалары  ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуді іздеудегі халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасын-дағы халықаралық ынтымақтастықта өте маңызды рөлді иеленуші халықаралық құқықтың дамып келе жатқан саласы.

Халықаралық экологиялық  құқықтың объектісі өр түрлі, бірақ  тұтастай алғанда бұл барлық табиғи қоршаған орта ҚОХҚҚ объектісі әзірше таусылған жоқ. Жақын болашақта қоршаған ортаны қорғаудың жаңа объектілері пайда болуы мүмкін. Қазір өлем ғалымдары адамның денсаулық жағдайына электроқұрал сәулелерінің әсер етуін оқып үйре-нуде, оларға компьютердің мониторы, компьютердің өзі, ұялы телефон жатуы мүмкін.

Халықаралық экологиялық  қүқықгың қағидаттары мен нормаларының жиынтығы халықаралық жария құқық  саласын құрайды. Бұл халықаралық  жария күқьіқгың қайнар көздерінен көрінген тікелей материалдық құқық. Осылардың ең маңыздысы — әмбебап сипатта болатын халықаралық шарттар. Оларда халықаралық экологиялық құқықгың негізгі қағидаттары бекітілген.

Халықаралық экологиялық  қүқық қағидаттары — бұл халықаралық  экологиялық қатынастарда басшылыққа ала-тын ережелер немесе негізгі бастамалар. Қағидаттарда нақгы күштердің үлесі бар, олар саяси немесе моральдық, жоғары заңды күштер болуы мүмкін. Егер халықаралық экологиялық қатынасқа қатысушы бір мемлекет осыларды басшылыққа алмаса немесе оның әрекеті қағидатқа қайшы келсе, онда осы қатынасқа қатысушы баскд мемлекеттер одан ҚОХҚҚ қағидаттарына сәйкес келетін әрекеттерді орындауды талап етуге құқылы.

Халықаралық экологиялық  құқықтың қағидаттары ал-ғаш рет  адамды қоршаған орта проблемалары жөніндегі 1972 ж. БҰҰ Стокгольм конференциясының декларациясында тұжырымдалды.

Стокгольм декларациясының  ең маңызды кдғидаттары:

1. Мемлекет қоршаған  орта проблемаларына жақындау-дағы  өз ұлттық саясатына сейкес  келетін өз ресурстарын пайдалануға  құқылы. Оларға ұлттық юрисдикция  шегінен тыс қызметіне немесе басқа мемлекеттің не ауданның қоршаған ортасына залал келтірмеуді бақыламаса, жауап-кершілік жүктеледі (21-қағвдат);

2. Ауа, су, жер,  флора, фаунаны жөне өсіресе  табиғи экожүйелердің  сипатты  үлгілерін  қоса,  барлық табиғи  ресурстар келешек үрпақтың игілігі үшін адам қызметін үқыпты жоспарлау жөне оны қажеттігіне қарай баскдру жолымен сақталуы тиіс (21-қағидат);

3. Қалпына келейтін  ресурстар — келешекте таусылу-дан  қорғалуы қамтамасыз етілетіндей  және олардың пайда-сын бүкіл  адамзат керетіндей жасалуы тиіс (5-қағидат).

Бүл қағидаттар көптеген авторлардың пікірі бойынша, шындығында да маңызды болып табылады. Бірақ басқа-ларын да атап өту  керек.

Қағидаттардың қалыптасуы БҰҰ Бас Ассамблеясы  ма-қүлдаған Бүкіләлемдік табиғат хартиясында  жалғасты және 1988 ж. 28 қазандағы қарарда жарияланды. Онда бірқатар қағидаттар анықталады:

1.  Биологиялық  ресурстар, олардың табиғи қабілет-тілігінің  қалпына келтірілу мүмкіндігі;

2. Топырақтың  өнімділігі — эрозияның жөне  кез келген өзін-өзі бүлдіретін  басқа нысандарды болдырмайтын орга-никалық заттардың үзақ уақытқа жемісті болуын және бүзылу процесін сақтап қалу шараларының нөтижесінде жақсарады;

3.   Суды  қоса есептегенде, дүркіы-дүркін  қолданылатын ресурстар қайыра  немесе циркуляция түрінде пайдала-нылады;

4.   Бір  рет қана қолданылатын, қалпына  келмейтін ре-сурстар олардың  қорларын, оларды түтыну үшін  қайта өндеудің үтымды мүмкіндіктерін  жөне табиғи жүйе қызме-тін  қодданудың біркелкілігін ескере  отырып, қажеттілікке байланыстьт  пайдаланылады;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

5. Радиоактивті  және улы қалдықтарды тастауға  жол бермеу мақсатында ерекше  шаралар қабылдануы тиіс;

6.  Табиғатқа  түзелмейтін залал келтіруге  икемді әрекет-терден алшақтау  қажет;

7.   Адам  қызметінің нетижесінде азып-тозған аудандар олардың табиғи қуатына және осы аудан тұрғындарының түрмыс жағдайы талаптарына сәйкес қалпына келтіруге жатады.

 

Әдебиеттер  тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Колосов, Ю.М., Кузнецов В.И. Международное право. учебник / Ю.М.Колосов, В.И.Кузнецов - М.: Международные отношения, 1999.
  2. Сарсембаев, М.А. Международное право: учеб. пособие / М.А.Сарсембаев. – А.:  Данекер, 1999.
  3. Бараташвили, Д.М. Принцип суверенного равенства государств в международном праве. - М.: Международные отношения, 1978.
  4. Васкин, К.А., Фельдман Д.И. История международного права. - М.: Международные отношения, 1990.
  5. Кулжабаева, Ж.О. Международное  публичное  право. учебник / Ж.О. Кулжабаева. - А.:  Данекер, 2002.  
  6. Лукашук, И.И. Современное право международных договоров. - М.: Волтерс Клувер, 2004.
  7. Сарсембаев, М.А. Международное право: Общая часть. учеб. пособие / М.А.Сарсембаев. – А.: Ғылым, 1999.
  8. Сарсембаев, М.А. Международное право: Особенная часть. учеб. пособие / М.А.Сарсембаев. – А.: Ғылым, 1999.
  9. Жоғарғы білім беру. Бакалавриат. Негізгі ережелер. ҚРМЖББС 504019-2011
  10. Типтік оқу бағдарламасы. Халықаралық көпшілік құқық /Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі. Астана, 2006/

 

Қосымша әдебиеттер

  1. Авраменко, И.М. Международное морское право: учеб. пособие / И.М.Авраменко. Ростов - на – Дону: Феникс, 2001.
  2. Кудайбергенов,   М.Б.   Международная   уголовная   ответственность физических лиц. – А.: Данекер, 2000.
  3. Демин, Ю.А.   Статус   дипломатических   представительств и их персонала: учеб. пособие /  Ю.А.  Демин.  - М.: Международные отношения, 1995.
  4. Лукашук, И.И. Право международной ответственности. - М.: Волтерс Клувер, 2004.
  5. Жуков, Г.П., Колосов Ю.М. Международное космическое право: учебник / Г.П.Жуков. Ю.М. Колосов. - М.: Международные отношения, 1999. 
  6. Овчинников, B.C. Интерпол (в вопросах и ответах). - М.: ИНФРА-М, 2001.
  7. Сарсембаев, М.А. Консульское право и консульская служба. – А.: Данекер, 2003.
  8. Сарсембаев, М.А., Масатбаев, А.О. Права человека  международных документах.  часть I, II /  М.А.Сарсембаев, А.О.Масатбаев – А.: Ғылым, 1998.
  9. Карташкин, В.А., Лукашева, Е.А. Международные акты о прах человека. сб.документов /   В.А.Карташкин, Е.А.Лукашева. – М.: Норма - Инфра, 1998.
  10. А.К. Бейсенбаева. Таможенный контроль. Учебник.-Алматы, 2006.-191 бет.
  11. Әлібеков С.Т. Қазақстан Республикасының кеден құқығы: Оқулық.-Алматы:-Нұр-пресс, 2007.-267бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Халықаралық құқық және халықаралық-құқықтық ғылымның даму тарихы