Халықаралық құқық және халықаралық-құқықтық ғылымның даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 11:16, лекция

Описание работы

. Халықаралық құқық әлемдік өркениеттің жетістгі болып табылады. Ол мемлекетердің және олардың функцияларының пайда болуымен пайда болды. Халықаралық құқық өзінің ерте даму кезеңінде аймақтық халықаралық – құқықтық жүйе ретінде қалыптаса бастады. Біртіндеп бұл жүйелер ұлғайып, ұштасып, бүкіл адамзаттың, әлемнің барлық мемлекеттерінің сұранысына қызмет ететін ерекше құқық жүйесі ретіндегі ортақ халықаралық құқық қалпыптасты.

Работа содержит 1 файл

6 лекций.doc

— 490.00 Кб (Скачать)

Тақырып 6. Халықаралық ұйымдар және конференциялар құқығы. Біріккен ұлттар ұйымы

1. Халықаралық ұйымдар құқығы: түсінігі және қайнар көздері

2. Халыкаралық ұйымдардың құқық субъектілігі

3. Халықаралық ұйымдармен шешімдерді  қабылдау тәртібі

 

1. Халықаралық ұйымдар құқығы: түсінігі және қайнар көздері

Халықаралық құқықтың туынды субъектілерінің қатарына халыкаралық  ұйымдар жатады. Бұлар мемлекеттермен қатар, халықаралық қүқық субъектісі ретінде доктриналық та, конвенциялық та төртіпте мойындалады. Халықаралық  кұқықгық әдебиеттерде мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бір-біріне өзара өсерінің неғұрлым күрделі мәселелері үкіметаралық ұйымдардың кұдыретіндегі мемлекеттік егемендік пен ұлттык элементтердің арақатынасы арқылы көрінеді. Мемлекеттің егемендігі мөселесі мемлекет пен халықаралық ұйымның осы мемлекеттің халыкдралық ұйымға өз қүзыретінің бір бөлігін беруімен немесе ха-лықаралық үйымның белгілі бір функцияларды жүзеге асыруы барысындағы қүзыреттерінің арақатынасы тұрғысында анықталады. Халықаралық ұйымдар мемлекеттердің жан-жақты өзара карым-қатынастарының нысаны болып табылады, мемлекеттермен қажеттілік шегінде құрылады және халықаралық қатынастар қажеттіліктерінен объективті түрде туындайды. Ерекше атап өтетін жайт, халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі мүше мемлекеттердің ниет біддіруіне, осы ұйымның мақсаттарына, құдыреттеріне, органдар құрылымына қабылданған шешімдердің заң нә-тижелеріне тікелей байланысты, бағынышты болады.

 

2. Халыкаралық ұйымдардың құқық субъектілігі

Халықаралық ұйым — халықаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық кұқықтық жүйенің объективті қажетті көрінісі. Халықаралық тәжірибеде халықаралық ұйымдардың қызметіне әсер ететін жөне олардың көптеген бағыттарда дамуын белгілейтін факторлар мен жағдайлар жүйелері бар.

Оларға:

—  шаруашылық қызметтің интернационализациясын;

—  ғылыми-техникалық процесін;

— казіргі кездегі  маңызды мөселелердің ғаламдық си-патын  жатқызуға болады.

Халықаралық ұйымдар мемлекеттер мен халыкаралық құқықтың басқа да субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынасының бірден-бір маңызды қүқықтық нысаны болып табылады. Халықаралық ұйымдар қызметінде неғүрлым басым, актуалды сипаткы қазіргі кездегі ғаламдық мәселелер ие. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар егеменді мемлекеттермен қатар, халықаралық қатынастарды халықаралық кұқықтық реттеуде маңызды рөл атқаратыны жалпыға мәлім.

Халықаралық үйымдар  халықаралық құқықтың туынды субъектісі бола отырып, мемлекеттердің өр турлі  өлеумет-тік-экономикалық құрьшымдармен  қарым-қатынасын қамтамасыз етеді, қазіргі кездегі маңызды, ғаламдық мәселелерді шешеді.

 

3. Халықаралық ұйымдармен  шешімдерді қабылдау тәртібі

Халықаралық үйымдардың дамуы олардың халықаралық қүқықсубъектілік сипатына ие болуымен тіке-лей байланысты. Халықаралық ұйымдар заңшығарушылық, кодификациялық бақылау функцияларын жүзеге асырады. Жоғарыда айтылып өтілген функцияларды жүзеге асыруы халықаралық ұйымдардың, халықаралық құқықтық реттеу механизміне өсердің өсіп отыруын қамтамасыз етеді. Халықаралық ұйымдар заңшығарушылық процеске қатысады, халықаралық құқықтық санкцияларды пайдаланады. Бұл халықаралық қүқықтың туынды субъектілерінің заңшығару процесте ролінің артып отырғанының көрінісі. Халықаралық ұйымдардың даму процесі ұйымның ішкі мәселелерінің дамуы мен күрделене түсетіңдігінің дөлелі болып табылады.

 БҰҰ құру тарихы.Біз одан да маңызды шешімді ешашан қабылдамаймыз — деген сөздермен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Жарғысын жасау бойынша Сан-Франциско конференциясының төрағасы соңғы жиналысты жапты. Ол рас болды. Соғыстан кейінгі тарихта, 1945 ж. 26 маусымында қабылданған БҰҰ Жарғысы сияқты терең мағыналы, ерекше ұжымдық халықаралық ұйым болған жоқ. БҰҰ Жарғысын жасау бойынша конференция Сан-Франциско қаласында өтті. Онда фашистік Германия мен милитаристік Жапонияға соғыс жариялаған 50 мемлекет өкілдері жиналды және Біріккен Ұлттар Декларациясына қол қойды. Кейін оларға Польша қосылды. Бұл мемлекеттер — БҰҰ-ның алғашқы мүшелері.

Жалпы әлемдік  бейбітшілікті сақтауды мақсат етіп тұратын халықаралық ұйымның  Жарғысы төңірегінде 850-ден астам  делегаттар белсенді жрлыс істеді. Конферен-цияның түрлі комитеггері 400-ге жуық мәжіліс өткізіп, оларда Жарғының әр сөзі, әр сөйлемі бірнеше рет қарастырылып, талқыланып отырған. Әрине, кейбір мөсе-лелер бойынша үлкен келіспеушіліктер болды. Бейбітшілік орнату мақсатымен тиымді халықаралық ұйым құруға қүштарлық — түсініспеушілік пен келіспеушіліктерден бастартуга екелді.

1945 ж. 25 маусымында конференция делегаттары соңғы рет Сан-Франциско Опера театрынын залында пленарлық отырысқа жиналды. Конференция төрағасы делегаттарға БҰҰ Жарғысының жобасын ұсынды. Бұл әлемдік оқиғаның тарихи маңыздылығыка байланысты ол әдеттегі қол көтеру арқылы дауыс беру әдісінен шегінуді сұрады. Дауыс беру ерекше әдіспен жүргізілді. Төраға бұл жобамен келісетіндердің барлығын орнынан түруды сұрады. Оған жауап ретінде барлық делегаттар орындарынан тұрды: қызмет көрсетуші құрамда, радио, ақпарат өкіддеріде, 3 мыңға жуық қонақтар да.

Келесі күні Сан-Францискодағы соғыс ардагерлері  Үйінде Жарғыға қол қойылды. Барлығы 153 қол жиналды.

1945 ж. 24 қазанда  бекіткеннен кейін, ірі бес  держава — КСРО, АҚШ, Англия, Франция  және Қытайға сақтауға бекітілген  грамоталарды тапсырып, басқа мүше мемлекеттер парламенттерінің келісім беруінен кейін БҰҰ Жарғысы күшіне енді. БҰҰ құрылып, осыдан кейін оньщ бүл күрделі әлемдегі қиын жоды басталды. 24 қазан тарих бетінен орын алып, жыл сайын "БҰҰ күні" ретінде мерекеленіп отырады.

Сонымен, БҰҰ-ны күру туралы нақты ойлар мен шешімдер екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әлемде жаңа төртіпті орнату, гитлерлік Германия мен оның одақтастарының жеңілуі байқалған жағдайда пайда болды.

БҰҰ-ның қүрылуы бейбітшіл күштердің соғысқа кар-сы, халықтар арасында достық. қарым-қатынастардың дамуы үшін күресте маңызды қоддау болды.

 

7-тақырып. Халықаралық  құқықтағы жауапкершілік

    1. Кеден бақылауының нысандары
    2. Кеден бақылауы нысандарының таңдамалылығы және жеткіліктігі

1. Халықаралық құқықтағы жауапкершілік –бұл халықаралық құқық бұзушылықты  және оны істеген субъектіні әлемдік қауымдастық тұрғысынан бағалау және құқық бұзушыға нақты шараларды  қолдану қажеттілігі.

Мемлекеттердің халықаралық-құқықтық жауапкершілігі туралы нормалар халықаралық  құқықтың салаларында “шашылған”, мысалы, халықаралық құқық субъектілік құқығы, халықаралық ұйымдар құқығы, халықаралық қауіпсіздік құқығы. Қазіргі уақытта БҰҰ халықаралық құқықтың Комиссиясы жауапкершілік институтын кодификациялау  бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Халықаралық жауапкершіліктің  негізі – бұл халықаралық  - құқықтық нормалармен қарастырылыған  объективті және субъективті белгілер  болып табылады.

Халықаралық –құқықтық  жауапкершіліктің  негіздерінің  3 түрі бар:

  • заңдық;
  • фактілі;
  • іс жүргізушілік.

 Халықаралық құқық бұзушылық – бұл  халықаралық құқық бұзушылық құрамының элементтері  (белгілері)  болатын  халықаралық –құқықтық қатынастардың субъектілерінің іс - әрекеті.

Халықаралық құқық  бұзушылықты мынадай негізгі  белгілермен сипатталады:

  1. халықаралық қоғамдық қауіптілік – бұл халықаралық құқықпен қорғалатын қатынастар мен объектілерге халықаралық құқық бұзушылықтың зиян келтіру қабілеттілігі;
  2. Халықаралық құқық бұзушылықтың  құқыққа қайшылығы – мемлекеттердің немесе халықаралық құқықтың басқа да субъектілерінің  халықаралық – құқықтық міндеттемелерінде белгіленген  мінез – құлық  ережелерінің болуымен байланыстырылған  және осы міндеттемелерді немесе басқа субъектілердің құқықтарын бұзуда көрінеді;
  3. Себеп – салдарлы байланыс – келтіріліген зиянның себебі халықаралық құқық бұзушулық болып табылатындығында көрінеді;
  4. Жазаланушылық – бұл халықаралық құқық бұзушылықтың құқықтық салдарлары болып табылады. Нақты іс – қимылдарды құқық бұзушылық деп танып, халықаралық құқықтың субъектілері құқық бұзушыны халықаралық – құқықтық жауапкершілікке тарту мүмкіндігін белгілейді.

Халықаралық құқық бұзушылықта  да  субъектіні жауапкершілікке  тартудың негізі болып табылатын  халықаралық құқық бұзушылық  құрамын құрайтын  объективті және субъективті  белгілердің  жиынтығын  бөліп айтуға болады. Халықаралық  құқық бұзушылық құрамының элементтері ІМҚ сияқты, бірақ әр уақытта   ІМҚ бірдей бола бермейді.

2. Халықаралық құқық бұзушылықтың 3 түрі бар:

  1. халықаралық  қылмыс;
  2. халықаралық сипаттағы қылмыстар;
  3. халықаралық деликттер (өзге де халықаралық құқық бұзушылықтар).

Халықаралық қылмыстар – бұл әлемдік қауымдастықтың негізін қалаушы, тіршілік үшін маңызды мүдделерін  бұзушы іс – әрекет.

Халықаралық қылмыстарға  мыналар жатады: агрессия (басқаның жерін басып алу үшін әскер  күшімен шабуыл жасау), апартеид, геноцид, құлдық жалшылық..

Халықаралық сипаттағы  қылмыстар – бұл екі немесе бірнеше мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне қол сұғатын жеке тұлғалардың іс - әрекеті.

Халықаралық сипаттағы қылмыстарға  мыналар жатады:

  • халықаралық қорғауды пайдаланатын тұлғаларға қол сұғу;
  • әуе және теңіз кемелерін  заңсыз басып алу;
  • ақша белгілерін  қолдан жасау;
  • адамдарды кепілдікке алу;
  • радиоактивті заттармен заңсыз операциялар жүргізу.

Халықаралық деликттерге мыналар жатады (алдыңғы екі топқа кірмейтін халықаралық құқық бұзушылықтар):

  • негізін қалаушы мән – маңызы жоқ келісімшарттық міндеттемелерді  мемлекеттердің бұзуы;
  • заңды және жеке тұлғалардың халықаралық конвенциялардың жағдайларын (ережелерін) орындамауы, мысалы,  1980ж. тауарларды халықаралық сатып алу  - сату туралы Конвенцияның жағдайларын;
  • Халықаралық Соттар мен арбитраждардың шешімін орындамау;
  • Мемлекеттердің өздерінің біржақты халықаралық міндеттемелерін орындамау.

Мемлекеттердің халықаралық –  құқықтық жауапкершіліктерінің 2 түрі бар:

  1. материалды;
  2. материалды емес (саяси жауапкершілік);

Материалды жауапкершілік реституция мен репарация нысанында көрінеді.

Мемлекеттердің материалды емес жауапкершіліктері  мынадай нысандарда көрінуі мүмкін:

  • ресторация;
  • сатисфакция;
  • егемендікті шектеу;
  • декларативті шешімдер.

Әлемге және адамзатқа қарсы  қылмысы үшін жеке тұлғалардың халықаралық  қылмыстық жауапкершілігі

Қылмыс жасаған  субъектілердің екі тобын бөліп  көрсетуге болады:

  1. басты әскери қылмыскерлер (мемлекет басшылары, саясаткерлер, әскери қызметкерлер), олар өз қылмыстары ретінде де және қатардағы орындаушылардың  қылмыстары үшін жауаптылыққа тартылады;
  2. қылмыстық бұйрықтарды орындаушы тікелей орындаушылар немесе өз ұйтқысы бойынша қылмыс істеушілер;

Әскери қылмыскерлерді арнайы құрылған халықаралық соттар – халықаралық әскери трибунал немесе осы тұлғалар қай территорияда жасаса, сол мемлекеттің ұлттық соттары соттай алады.

Трибуналдың Жарғылары  және үкімдері мынадай халықаралық  қылмыстың түрлерін белгілейді:

  1. әлемге қарсы қылмыстар, атап айтқанда: агрессиялық соғысты немесе халықаралық келісімдерді, шарттарды бұзған соғыстарды жоспарлау, дайындалу, соғыс өртін тұтандыру, жүргізу, сонымен қатар осындай әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталған жалпы  жоспарға немесе қаскүнемдік іске қатысу;
  2. адамзатқа қарсы қылмыстар, атап айтқанда: соғысқа дейін  және соғыс уақытында азаматтық тұрғындарға қатысты жасалған қастандықпен өлтіру,, езіп –жаншу, қырып жою, жер аудару және басқа да  қатыгездіктер, трибуналдардың юрисдикциясына осы әрекеттер елдің ішкі құқығын бұзушы болып табылса, қайда істегеніне байланыссыз жатқызылатын болса, кез келген қылмыстарды жүзеге асыру мақсатында саяси, нәсілдік немесе діни себептер бойынша қудалау.

Халықаралық әскери  трибунадың Жарғысымен және үкімімен белгіленген қылмыстардың тізімі толық емес. Ол 1949ж. Женева Конвенциясымен, І Қосымша Хаттаманың нормаларымен, басқа да халықаралық құжаттардың Жағдайларымен толықтырылған.

Халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес әскери қылмыскерлерге баспана берілуі мүмкін.

1968ж. әскери  қылмыстарға және адамзатқа қарсы қылмыстарға  ескіру мерзімін қолданбау туралы  Конвенция әскери қылмыстарға оның  жасалған уақытына байланыссыз ескіру мерзімін қолданбау туралы ережені белгіледі, ол адамзатқа қарсы қылмыстарға  - олар соғыс немесе бейбіт уақытта жасалғандығына байланыссыз ескіру мерзімін қолданбау туралы ережені белгілейді.

Информация о работе Халықаралық құқық және халықаралық-құқықтық ғылымның даму тарихы