Халықаралық құқық және халықаралық-құқықтық ғылымның даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 11:16, лекция

Описание работы

. Халықаралық құқық әлемдік өркениеттің жетістгі болып табылады. Ол мемлекетердің және олардың функцияларының пайда болуымен пайда болды. Халықаралық құқық өзінің ерте даму кезеңінде аймақтық халықаралық – құқықтық жүйе ретінде қалыптаса бастады. Біртіндеп бұл жүйелер ұлғайып, ұштасып, бүкіл адамзаттың, әлемнің барлық мемлекеттерінің сұранысына қызмет ететін ерекше құқық жүйесі ретіндегі ортақ халықаралық құқық қалпыптасты.

Работа содержит 1 файл

6 лекций.doc

— 490.00 Кб (Скачать)

Халықаралық экономикалық қүқықтың пәні — халықара-лық қүқыктың субъектілері арасывдағы екіжақты және көпжакты халықаралық экономикалық қатынастар. Экономикалық сауда қатынастарына, сондай-ақ өнеркөсіп, ғылыми-техника, көлік, байланыс, энергетика аясындағы ком-мерциялық қатынастарды жатқызуға болады.

Бүгінгі ХЭҚ  тұжырымдамаларының негізі болып табы-латын  көптеген нормативтік актілердің дайындалуы мен бекітілуіне КСРО мол үлес қосты. КСРО. сонымен қатар Женевадағы халықаралық мекемеге дейін көтерілген БҮҮ сауда және даму бойынша 1964 ж. Конференция шақыру-шыларының бірі болды (ЮНКТАД),

ХЭҚ субъектілері. Егер ХЭҚ халықаралық жария қүқық-тың саласы деген ойды өрбітсек, онда ХЭҚ субьектілері нақ сол халықаралық құқық субьектілерінің өзі дегеніміз жөн болар еді. Осыған орай, сөз жоқ, мемлекет сыртқы экономикалық, азаматтық-құқықтық, коммерциялық қыз-метке тікелей араласуға кұқылы. "Саудаласушы мемлекет" халықаралық құқықтың субьектісі бола отырып, мемлекет-тің ұлттық қүқығының да субьектісі бола алады, мысалы, шетелдік контрагентті мемлекеттің ішкі юрисдикциясына бағындырып, онымен мөмілеге отыру.

Халықаралық функционалдық  құқық субьектілікке мем-лекетаралық  экономикалық және өзге де ұйымдар  ез құ-рылтай құжаттарының негізінде  ие бола алады.

3. Экономикалық ынтымақтастық сұрақтары бойынша жасалынған шарттардың заңды  табиғаты және ерекшеліктері

Халыкаралық экономикалық құқықтың кайнар көздері ретінде халыкаралық күқықтың кайнар көздері кабылданады.

Кайнар көздері  халықаралық үйымдардьщ шешімдері больш саналатын нүскамалық нормалардың көшігі халық-аральіқ экономикалық күқықкд тән сипат. Бүл нормалардың ерекшелігі — олар императивті емес. Олар нұскау беріп кана қоймайды, әсіресе осы нүскаулық нормалар болмаған кезде заңсыз болып саналатьш өрекеттердің завдылығьш жария-лайды. Мысалы, 1964 ж. БҰҰ-ның сауда және даму туралы конференциясы кейіннен жалпыга танымал болған Женева қағидаттарын кабылдады. Олардың ішінде дамушы елдерге ең көп жеңілдік беру кащцатына сөйкес кедеңцік преферен-циялық жеңілдік жасауға нұсқама бар. Егер осы қащцатгар болмаса, бұл жеңідцікгер заңсыз болған болар еді.

Халықаралық шарттар. Халықаралық экономикалық кұқық нормаларын дайындау тұрғысынаң келсек, көп-жақты халықаралық шарттар жасасу аса маңызды. Дөл осы көпжақгы шарттар халықаралық құқықтың өзегін қүрайды.

Әмбебап халықаралық  экономикалық шарттарға мысал ретінде, 1947 ж. Тарифтер мен сауда бойынша  бас келісімді (ГААТ) жөне ГААТ модификациясымен, сондай-ақ Бүкіл-әлемдік сауда үйымының қүрылуына байланысты 1994 ж. Маракештік келісімді, сонымен қатар кең таралған көп-жақты шикізат тауарлары бойынша келісімдерді, халықара-лық сауда құқығының бір ізге келтірілуі санаткерлік мен-шікті қорғау, көлік және байланыс бойынша конвен-цияларды алуға болады.

Көпжақты келісімдердің  маңыздылығына қарамастан, экономика аясындағы қызметтестіктің көп бөлігі екіжақты шарт негізінде жүзеге асырылады.

Екіжақгы экономикалық қатынастарды реттейтін халық-аралық шарттардың ішінен бас, шекті, саяси  сипатгағы шарттарды, әсіресе, достық, ісдуымдастық, өзара көмек ту-ралы шарттарды бөліп алуға тура келеді. Оларда тарап-тардың негізгі міндеттемелерімен қатар, экономикалық қауымдастықты кеңейту бойынша, коммерциялық мәміле-лердің жасалуына жәрдемдесу бойынша міндеттемелер бекітілген.

Халықаралық экономикалық құқық нормаларының қа-лыптасуында халықаралық шарттардың кейбір түрлерінің маңызы зор.

Оларға сауда  және теңізде жүзу туралы шартгар  деп аталатьш сауда шарггарын  жаіқьгзуға болады. Осы шарт-тардағы  басты нөрсе — мемлекеттер  мен олардың жеке жөне занды тұлғаларының езара кдтынастарыңцағы сауда-эконо-микалық режимінің бекітілуі. Бұл — ең қолайлы жағдай жасау режимі, ұлттық режим, екіжақты пайда режимі, т.б.

Сауда-экономикалық қызметтестік туралы ұзақ мерзімді келісімдер қызметтестіктің нақты аясы мен  нысанын анықгайды: өнеркәсіп обьектілерін салу және қайта кұру; құрал-жабдықгарды және өзге де тауарларды өндіру және жеткізу; пакеттерді жөне лицензияларды сату және сатып алу; бірлескен кәсіпкерлік т.б. Келісімдердің орындалуын бақылау жөне жөрдемдёсу мақсатында әдетте тараптардың өкілдерінен аралас комиссия құрылады.

Мұндай келісімдердің  негізі мен дамуында экономи-калық, өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық қызметтестіктің  ұзақ мерзімді бағдарламалары қабылданады. Бағдарламада қызметтёстіктің нақгы  обьектілері мен аяларыньщ тізімі көрсетіледі.

Өнеркәсіп обьектілерін салуда - техникалық жәрдем көрсету  туралы келісімдер ерекше санатты құрайды: мұндай келісімдер бас, шекті сипатқа  ие, сонымен қоса, тек нақты ірі  масштабты жобаларға таралуы  мүмкін. Өнімдердің жеткізілімі мен техникалық жәрдемдесудің ақысын төлеу туралы талаптар қарапайым болып танылады.

Экономикалық  қызметтестіктің сауда және басқа  түрлерімен олардың халықаралық  валюталық есеп және несие туралы келісім негізінде валюталық-төлемдік және қаржылық қамтамасыз етілуі тығыз байланысты.

Тәжірибеде  тауар айналымы туралы, әлде тауар  айна-лымы жөне төлемдер туралы келісімдерде саудалық және валюталық-қаржылық талаптарды біріктіру қарапайым бо-лып саналады. Алайда басқа валютаға еркін ауысатын, шектеулі ауысатын немесе ауыспайтын белгілі үлттық валютада есеп жүргізуді қамтамасызететін, арнайы төлем-дік келісімдер жасалуы мүмкін. Олардың қатарына төмен-дегілерді қоюға болады.

Клирингтік келісімдерде қарама-қарсы сауда, экономи-калық операциялардағы түсімдер мен шығындар екі жақ-тың есебінен жүретіні көрсетіледі. Клирингтік келісімдер әдетте басқа валютаға еркін ауыспайтын валюта қолда-натын мемлекеттерде қодданылады және ол қолма-қол емес түрде есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады.

Несиелік келісімдер бір мемлекеттің келесіге акдпалай, тауарлай немесе аралас нысанда қайтарымды негізде қарыз беруі сияқты таза күйде бола алады. Бірақ бүгінгі күні мақсатты немесе шартты несиелер кеңінен қолданысқа еніп жүр. Бұл несиелер несие беруші мемлекеттен белгілі бір тауарды сатып алу үшін беріледі, яғни шикізат, азық-түлік, индустриялық, сонымен бірге қару-жарақ т.б. Бұл жердегі несиелер борышқор мемлекеттің несие беруші мемлекетке белгілі жеңілдіктерді жасауымен, бақылау кұқығын беруі-мен қиыстырылып кетеді.

 

 

Тақырып 12. Халықаралық гуманитарлық құкық және адам құкықтарын қорғау 

1. Халықаралық гуманитарлык құқық: даму тарихы. мақсаттары, кағидалары, функциялары

2.  Халықаралық сипаттағы қарулы қақтығыстардың және халықаралық емес сипаттағы қарулы қактығыстардың түсінігі

3. Адам құқықтары мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық

 

1. Халықаралық гуманитарлык құқық: даму тарихы. мақсаттары, кағидалары, функциялары

Халықаралық гуманитарлық құқық — заңды ережелер мен  қағидаттар жүйесі, ол қарулы қақтығыс ' кезінде қолданылады, қарулы күрестің белгілі бір әдістері мен құралдарын қолдануды шектейді немесе тыйым салады, осы күрес барысында адам қүқығын қамтамасыз етеді және құқық бүзылудың халықаралық-құқықгық жауапкершілігін қалыптастырады.

Халықаралық гуманитарлық күқықты реттеудің пәні мемлекетаралық қатынастарды мынадай мәселелер төңіре-гінде жүйеге келтіруден қүралады:

—  соғыстың басталуы;

—  соғысқа қатыспайтын  мемлекеттердің бейтараптығы;

—  соғысушылардың соғыс  қүраддарын тандаудағы шек-теулері;

—  соғысушылардың соғыс  жүргізу тәсіддеріндегі шек-теулері;

—  соғыс қүрбандарын  қорғау;

—  соғыс кезінде  мәдени құндылықгарды қорғау;

—  соғыста жаулап алу ережелері;

Халықаралық жария құқықтың әр түрлі кэйнар көздерінде бүл сала әркелкі ат;шады: қарулы қақгығыс кезінде  қолданьшатын қуқық, халыкзралық гуманитарлык құқық, соғыс құқығы, қарулы какшғыс күқығы, соғыстың зандары мен салттары және т.б.

—   мемлекеттердің  құқық  ережелерін  бүзғаны  үщш  жауапкершілігі;

—   соғыс қимъілдарының  аяқталуы;

—   соғыстың аяқгалуы.

Қарулы қақтығыста қүқық ережелерін бүзғаны үшін жеке түлғалардың қылмыстық жауапкершіліктері және т.б.

Адамзат тарихында соғыс  көп болған, оны адамдар қарым-қатынасынан  алып тастау жолындағы нәтижесіз  өрекеттер де көп болған. Дегенмен соғыс, не басқа қарулы қақтығыстар  тоқталмай келеді, тіпті оның жақын арада мүлдем тоқтауы үшін шынайы үміт те байқалмайды.

XIX ғасырда күрт өзгеріс болды. Бұнда гуманизм өз рөлі мен таралымын кеңейтті, сонымен қатар, техникалық алға жылжу процесі басталды.

Бүкіл қоғам, оған қоса үкімет пен әскери орта да со-ғыста өскердің қырылуы тек жеңіліс табудан емес, соғыста жараланғандарды ешбір көмексіз қалдырып кетуден, ауру-дан жеке құрамдардың қырылатынын сезіне бастады. Сол кездегі үрыс алаңында қаза тапқандардың орташа мөлшері өлгендердің жалпы санының 1/4-і болды, қалғаны басқа себептермен қайтыс болған (жаралану, ауру, көмек беріл-меу т.б.)-

Осындай бір көріністі  француз-италия-австралия соғысы кезінде Швейцарияның іскер адамы А. Дюнан көреді, ол оған өте қатты әсер етеді. Уақиға 1859 жылы Сольфе-рино жерівдегі үрыста болған. Қанды соғыс аяғында түнгі аладда 6 мың өлген адам мен 36 мың жаралылар қалған. Жаралыларға дер кезінде көмек көрсетілгенде көбі аман қалған болар еді, ал оларды сол жерде қаддырып кете берген.

Бұл қатты қобалжытқан оқиға жайында А.Дюнан "Сольферино туралы естеліктер" атты кітап жазған, атап айтқанда, онда екі өте мәнді сөйлем бар еді: 1) жарақат-танғандарға көмек көрсету қоғамын қүру; 2) бұл мәселені талқылау үшін мемлекеттердің халықаралық конференциясын шақыру.

2.  Халықаралық сипаттағы қарулы қақтығыстардың және халықаралық емес сипаттағы қарулы қактығыстардың түсінігі

А. Дюнанның бүл кітабын  қауымның құшақ жая қарсы алғаньша таң қалмауға болатын еді. Атап айтқанда, Швей-цариядан тыс біраз елдерде  жараланғандарға көмек беру қоғамдары құрыла бастады, ал енді оған құқықтық негіз, база қажет болды.

1864 ж. Женевада соғыс  алаңындағы жарақаттанушылар халін  жақсарту жөніндегі Конвенцияға қол қойылды. Қүжат мазмұны жағынан да (10 баптан тұрды), қатысушыларының саны жағынан да (16 мемлекет қатысты) қарапайым еді. Конвенция бойынша арнаулы дайындалған топ жарақат-танығандарға соғыс алаңында-ақ көмек беріп, оларды госпитальдарға әкелу қажет деп бекітті. Көмек екі жақ әскерлеріне де (жау жағына да, өз жағына да) көрсетілуі тиіс болды. Жараланғандарға көмек көрсетуші арнайы топ - бейтарап және оларға ешкім тиіспеуі керек, олар түгқынға алынбайды. Оларды тану үшін ерекше белгі - ақ түске Қызыл бояумен Крест белгісі қойылатын болып бекітілді (Бұл - Швейцарияның жалауы қызыл алаңда ақ крест пен жазылып білдіретін белгі).

Женева конвенциясы  өз тиімділігін тез көрсетті. Ең бірінші оның заңын қолданғандар серб-болгар соғысы, бүл 1885 ж. бодды. Бұндағы  жарақат пен аурудан болған өлім-жітім 2 пайызды ғана құрады. Конвенция  тәртібін екі жақ та қатаң ұставды.

Женева конвенциясы  гуманитарлық қүқық бастауын қалыптастырды, ол бойынша соғыс және басқа қарулы қақтығыстардың құрбандары қорғалатын бодды. Бұған қарамастан, соғыс жүргізу  ережелерінің және кдру түр-лерінің  басқа да қайнар көздері барын  естен шығармаған жөн.

Соғыс жүргізу құқығының  қайнар көздерінің ең маңыздыларының қатарына 1868 ж. шыққан Петербург декларациясын  жатқызуға болады, ол бойынша қопарғыш және жанғыш оқ қолдануға тыйым салынды, 1899 және 1907 жылдардағы Қүрғақтағы соғыс  зандары мен салттары туралы, Соғыс кезіндегі теңіз күштерінің атқылауы туралы.

Бейтарап ірі мемлекеттердің қүқықтары мен міндеттері т.б. туралы Гаага конвенцияларын атап кету керек.

Гаага конвенциясының ережелерін одан өрі дамытқан 1949 ж. соғыс құрбандарын  қорғау жөніндегі төрт Женева конвенциясы болды (әрекет етуші әскердегі жаралылар мен аурулардың ауыртпалығын жеңілдету; теңіз қарулы күштері құрамынан кемелердің жойылуынан зардап шеккендерге көмек; әскери тұтқындарға зер салу; азаматтық түрғын-дарды қорғау).1 Олар (конвенциялар) "халықаралық сипат-ты иеленбейтін қарулы қақтығысты" соғысты жүргізетін әрекет ережелерін таратты, партизандардан кейінгі ком-батанттардың құқықтық мәртебесін мойындады, жеке түл-ғаларға, мемлекеттік және қоғамдық үйымдарға және т.б. тән мүліктерді әскери қажеттілікпен шарттастырмай қүрту-ға тыйым салды.

1977 ж. 1949 ж. Женева конвенциясына  қосымша екі хаттама қабылданды,. оларда халықаралық қарулы қақ-тығыстар  қүрбандарын қорғау (1-қосымша хаттамада)  және халықаралық сипаттағы қарулы  қақтығыстар (2-қосымша хаттамада) көзделді.2

Қазақстанның Женева конвенциясының соғыс заңдары мен  салттарының жүзеге асуына мүрындық болып жүргенін атап кету керек. Осылайша, республика Қылмыстық кодек-сінің 255-бабы соғыс түтқындарына жамандық істегендікті қылмыстық іс деп 'қарайды, ал 254-бап соғыс әрекеті бар аудандардағы халықты езіп-кднауға, зорлық-зомбылық көрсетуге тыйым салады.

Соғыс жүргізу қүралдары  мен тәсілдері жайындағы маңызды  Халықаралық келісімдерге мыналар  жатады: 1925 ж. Женева хаттамасы —  соғыста түншықтырғыш, улы және басқа да сол сияқгы газдарды және бактериологиялық қүралдарды қолдануға тыйым салу; 1954 ж. Гаага конвен-циясы бойынша карулы қақтығыс кезінде мәдени бай-лықгарды сақгап қалу т.б.

Информация о работе Халықаралық құқық және халықаралық-құқықтық ғылымның даму тарихы